Қазақстан Республикасының Бiлiм және Ғылым Министрлiгi


Сынамаларға арналған заттанбалар



бет2/13
Дата28.01.2018
өлшемі2,41 Mb.
#34112
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Сынамаларға арналған заттанбалар


Егер сынамалар үшін қағаз заттаңбаларды пайдаланса, онда заттаңбаларға арналған қағаз жоғарғы сапалы болуы керек. Заттаңбадағы саңылау бекітілген болуы керек. Заттаңба ішіне сынама салынған сиымдылыққа бекітілген және әрбір сынама сұрыпштағыштың мөрімен бекітілген болуы керек. Мөрлер сынаманың қол сұғылмаушылығына кепілдік беру үшін бeкiтiлyi керек.

Заттаңбада бepiлeтiн ақпарат кeлiciмшapт шарттарымен талап еттілетін мемлекеттік және орыс тiілдepiндe мынадай деректерге ие болуы керек:

кеменің немесе вагонның және автокөліктің атауы;

жіберушінің атауы мен мекенжайы;

алушының атауы мен мекенжайы;

келу жене жіберілген күні

жүк салмағы;

ыдыска салынған және салыңбаған жүктің салмағы;

өнім атауы;

таңбалау (үйлесnipyuii номер) немесе партия номepi;

кeлiciмшapт нөмері және күні;

сынамаларды сұрыптау күні;

тиеу мен түсірудің аяқталған күні;



сынамаларды сұрыптау орны;

сынаманы сұрыптаушы тұлғаның тегі және аты.

Орташа сынамалар мүмкіндігінше жылдам жіберлуі және тек ерекше жағдайларда демалыс күндерден басқа сынамаларды сұрыптағаннан кейін 48 сағаттан кеш емес жіберлу рұқсат етіледі.
Талдауға орта сынама дайындау және шөкім бөлу
Ылғалдылықты анықтау үшін орташа үлгіден шөкім бөледі, орташа үлгіні өлшеп, ірі шөпшар қоспасынан тазартады.

Ірі қоспадан тазартылған орташа үлгіні бөлгіш аппараты арқылы бөліп, талдауға жіберіледі.



Бақылау сұрақтары:


  1. Автокөліктен және вагондардан нүктелік үлгі сұрыптау әдісі.

  2. Қоймада және алаңда сақталған нүктелік үлгіні сұрыптау әдісі.

  3. Астықты тиеу кезінде нүктелік үлгіні сұрыптау сұрыптау.

  4. Талдауға арналған орташа үлгіні дайындау және бөлу.

2 Астықтың органолептикалық сапа көрсеткіштері
Жұмыс мақсаты: Органолептикалық сапа методикасын анықтап оқу және осы белгілерді үйрену.
Әдебиет

МЕСТ 10840-64

МЕСТ10940-64

МЕСТ 10967-90


Құрал жабдықтар: Орташа үлгі, эталондар, лабораториялық диірмен; техникалық таразы өлшеуіш гирлерімен; электр шайнек, қалақша, сағат.
Жұмыс тәртібі
Астық сапасының методикасын анықтауды 2 топқа – органолептикалық және лабораториялық деп бөлуге болады.

Органолептикалыққа сезім мүшелері арқылы астық сапасын анықтау жатады. Негізгі көрсеткіштері түсі, иісі, астық дәмінен басқа әдіспен анықтауға келмейді.

Лабораториялық әдіске астық сапасын құралдармен анықтау жатады. Оның сапа көрсеткіштері (ылғалдылық, ластануы, астықтың қамба зиянкестерімен заладануы, т.б.) сандық түрде беріледі.

Астықтың балаусалығы оның түсімен, жылтырлығымен, иісімен және дәмімен сипатталады. Сонымен қоса органолептикалық бақылау бидайдың мықтылығымен оның қоймада тұруының және тазартудағы шыдамдылығын көрсетеді. Бұл әдіс басқа әдістерден өзгеше болып келеді.

Бұл органолептикалық әдіс астық өңдеудегі ең қажетті көрсеткіш. Сонымен бірге оның химиялық құрамын және азықтық жетістігін сипаттайды.

Астықтың түсіне суық та әсер етеді (ақшыл түсті және сыртқы қауызы торша); құрғақшылық (жылтыр болмайды, сыртқы беті қыртыс-қыртыс); қандала тасбақамен бүлінген астық (ашық түсті дақ); астықты кептіру, жылу тәртібін бұзу (қараю).

Ең кең таралған иістерге жатады:


  1. Қамбалық иіс

  2. Кермекті иіс

  3. Көгерген иіс

  4. Борсыған иіс

  5. Көгерген-борсығанның иісі

  6. Жусан исі

  7. Сарымсақ иісі

  8. Түтін иісі

  9. Қаракүйе исі



Астық дәмі:

  1. Тәтті

  2. Ащы

  3. Қышқыл


1 Бидайдың иісін анықтау

Балауса бидайдың өзіндік иісі болады. Ал бөгден иістің болуы астықтың сапасының нашарлауын көрсетеді. Бұған себеп ол әртүрлі газдармен басқа заттарды өзіне жұтуы немесе органикалық заттардың дұрыс болмауы, яғни бидайдың құрамындағы компоненттердің бүлінуі. Жалпы бидайдың иісін екі түрге бөледі. Ол: сорбциялық және ыдырау иістері. Ыдырау иістеріне - қойманың, ашытқының, шіріктің, борсығанның, көгергеннің, көгерген-борсығанның иістері жатады. Ашытқы, шірік иісті және басқа да ыдыраудың иісі бар астықты қабылдау кәсіпорындары қабылдамайды.

Иісті дәннің бүтін күйінде немесе ұнтақ күйінде анықтайды. Орташа үлгінің (бүтін немесе ұнтағын) алақанға 100 г салып, деммен жылтады. Сосын сезім мүшелермен бөтен иістің бар-жоғын анықтайды. Егер астықта жусан иісін анықтаса, онда астықтың ұнтақ күйін алып анықтайды, бірақ алдын ала жусан кәрзеңкелерін алып тастайды.

Астықтың иісінде бөгде иістер бар болса, онда оны екі тәсілмен жылытуға болады:

а) қайнап тұрған судың бетінде 2-3 мин. бойы торға салынған бидайды буға буландырады;

б) 100 мл колбаға тұтас немесе ұнтақ астықты салып, 35-40С температурада 30 мин бойы қыздырып ауызын қақпақпен тығыздап жабады. Қыздырғаннан кейін астықтың иісін анықтайды.


2 Астықтың түсін анықтау

Барлық ауылшаруашылық мәдениетінде астық сапасының бағасы ең негізгі болып есептелінеді. Астықтың түсі бойынша түрін, сортын және біртектілігін анықтай аламыз. Астықтың көпшілігінде өзіндік спецификалық түсі, ал кей кезде жылтырлығы да болады. Астық түсінің өзгеруі көбінесе микроорганизмдердің, насекомдар әрекетінің, астықты өңдеуді дұрыс атқармаудың нәтижесі болып саналады. Астықтың түсін арнаулы стандартпен немесе типтік нұсқаулармен салыстыру арқылы анықтайды. Астықтың түсін біз қарапайым түрде бақылай аламыз, күннің жарығына немесе арнаулы жасанды күн сәулесі арқылы бақылай аламыз.

Түстің анықтауында келіспеушіліктер болса, онда күннің жарығында анықтайды.
3 Астықтың дәмін анықтау

Қалыпты астықтың дәмі көбінесе тұщы немесе сәл тәттілеу болады. Астық дәмінің өзгеруі оған жусанның немесе басқа да боліктерінің түсуі (ащы жусан дәмі), астықтын өнуі (тәттілеу дәм) жэне микроорганизмдердің әрекеті себеп болады (жағымсыз көгерген дәм, қышқыл және басқалары).

Астықтың дәмін анықтау үшін мұкият аралыстырылған орташа үлгіден 100 г астық алып, шөпшар қоспасынан айырып лабораториялық диірменде тартылады. Содан кейін 50 г ұнтақ алынып оны 100 мл таза суымен араластырады. Пайда болған суспензияны 100 мл қайнап тұрған сумен ыдысқа құйып, мұқият араластырып, бетін шыны ыдыспен жабады, 30-40С дейін салқындатып дәмін анықтайды.

Бақылау сұрақтары:


  1. Астықтың балауса көрсеткіштерін атаңыз.

  2. Әрбір көрсеткіштің анықтама әдісі.

  3. Астық иісінің, дәмінің, түсінің өзгеру себептері.

  4. Иіс классификациясы.

  5. Астық кемшілігінің деңгейіне, белгісіне мінездеме беріңіз

  6. Астықтың технологиялық құрамын бағалау үшін түс ерекшеліктері.



3 Астық ылғалдылығын анықтау
3.1 Негізгі әдіспен астық ылғалдылығын анықтау.
Жұмыс мақсаты: Астық ылғалдылығын анықтау техникасы және әдістемесі, құрал жабдықтармен танысу.
Әдебиет

МЕСТ 13586.5-93


Құрал жабдықтар: Лабораториялық диірмен; өлшеуіш гирлерімен техникалық таразы; СЭШ-3М кептіргіш шкафы; бюксалар; эксикатор; шөкімге арналған тостаған; 0,8мм. металл торшалы елеуіш, белгі беру сағаты; тигельді қысқыштар, қалақша.
Жұмыс тәртібі
Астық ылғалдылығы деп – талдауға алынған шөкім массасына (қоспамен бірге) пайызбен есептелген астықтағы бейтарап немесе гигроскопиялық судың мөлшерін атайды.

Астықта ылғалдың (судың) болуы маңызды сапа көрсеткіші, өйткені оның мөлшері астықтың сақтауға төзімділігін анықтайды. Ылғалды астық қарқынды тыныстайды, нәтижесінде микроорганизмдердің және қамба зиянкестерінің дамуына жағдай жасалады. Ылғалды астық төменгі температурада өзінің қалпын жоғалтады және себуге жарамсыз болады.

Ылғалды бидайға бақылау және күтім керек. Шикі ылғалды бидайда барлық физиологиялық процесстер бидай массасының бұзылуына әкеп соғады.

Астықты өңдеуде 15,5-16% жоғары болса, бұндай астық жаман ұнтақталады, диірмен өндірісі бірден нашарлайды, жұмыс өнімділігі төмендейді.

Ылғалдылықты тікелей және жанама тәсілдермен анықтайды. Негізгі әдіспен астық ылғалдылығын анықтағанда ұнтақталған астық шөкімін кептіргіш шкафта тұрақты салмағына жеткізіп кептіреді.

Орташа үлгінің әртүрлі нүктесінен 100 г астық шөкімін сұрыптайды да, дәлдестіріп келтірілген тығыны бар банкіге (шыны сауыт) орналастырады. Осы шөкімнің 30 грамын лабораториялық диірменде ұнтақтайды. Ұнтақ мынадай ірілікте болуы керек:


4 кесте – Мәдени атаулы дақылдардың елеуштен өту пайызы %


Мәдени аталуы

0,8 мм сымды елеуіштен өткен

бидай

60% кем емес

Қарақұмық

50%

Сұлы

30%

Өлшенген бюксаларға 5 г-нан екі шөкім ұнтақ салынады да, жақсылап араластырылған астықты 0,1г дәлдікпен өлшейді.

СЭШ- ЗМ кептіргіш шкафтын алдын ала қыздырып, ұяшықтағы айналып тұрған столға қақпақтары ашылған бюксаларды салады. Сонымен шкафтағы температура төмендейді. 10-15 минуттен кейін температура 130С-қа дейін жетеді, бақылау шамы сөнеді. 40 минуттен кейін бюкстерді тигельді қысқыштармен алып салқындату үшін 15-20 минутке эксикаторға салады.

Салқындатылғаннан кейін бюкстер астық шөкімімен өлшеніп, кептіргенге дейігі және кептіргеннен кейінгі салмақ айырмасы бойынша ылғал мөлшерін анықтайды.

Астық ылғалдылығы пайызбен көрсетіледі де мына формула бойынша анықталады:
Х= буланған ылғал мөлшері *100 % / 5 =буланған ылғал мөлшері * 20 %

Екі анықтаманың орташа колемін қолданып, соңғы қорытынды шығарылады.


Талдау қорытындысы
5 кесте қорытынды: ылғалдылық жағдайын анықтау


Талдау күні

Дақыл

Бюкс нөмірі

Бос бюкс массасы, г.

Шөкіммен бірге бюкс массасы

Кептіргіш

Астық ылғалдылығы %

Орташа ылғалдылық, %

Кептіргенге дейін

Кептіргеннен кейін












































































































































3.2 Ылғалдылықты жанама тәсілмен анықтау
Жұмыс мақсаты: берілген әдіс бойынша астықтың техникасы мен әдісін анықтап үйрену.

Әдебиет


МЕСТ 13586.5- 93

МЕСТ 3040


Құрал жабдықтар: техникалық таразы; лабораториялық диірмен, СЭШ-3М кептіргіш шкафы; 0,8 мм сым торша елеуіш; 20-25 см эксикатор; металды бюксалар, тигельді қысқыштар; белгі беру сағаты; АУО-1 салқындатқыш.
Жұмыс тәртібі

Ылғалдылықты анықтаудың жанама тәсілдері барынша кең тараған: ұнтақталған астық шөкімін кептіру (құрғақ қалдық бойынша) жолымен; электр өткізгіштігі бойынша және диэлектрлік өткізгіштігі т.б. тәсілдермен.

Астықтағы ылғалдылық мөлшері астық өңдеуде үлкен роль атқарады. Диірмен өндірісінде ылғалдылық мол болса диірмен өндірісі бірден нашарлайды. Шикі астық ұнға және жармаға өнделуге жарамсыз. Бірақ та құрғақ астықтың өзінде де 15-15,5% ылғалдылық болу керек. 17% ылғалдылықта астықты ұнға тартуға болмайды, өйткені технологиялық процесс нашар жүргендіктен онда ұн аз шығып, кебек мөлшері көбейеді.

Астық қабылдау кәсіпорындары астық сатушылармен есеп айырысқанда ылғалдылықты негізғі тәсілмен (ұнтақталған астық шөкімін кептіргіш шкафта тұрақты салмағына жеткізіп кептіру аоқылы) анықтайды.

Ылғалдылық 18 % артық болса, оны жанама тәсілмен анықтайды.

Ылғалдылық мөлшеріне қарай астықтың стандарты бойынша 4 күйі бар: құрғақ, орташа құрғақ, ылғалды және дымқыл.


5 кесте - Астықтың ылғалдылығы бойынша классификациясы


Бидай күйі

Бидайдың нормасы

Жаздық %

Күздік %

Құрғақ

14,0 % артық емес

14,0 % артық емес

Орташа құрғақ

14,1-15,5 %

14,1-15,5 %

Ылғалды

15,6-17,0 %

15,6-17,0 %

Дымқыл

17,1 % және жоғары

17,1 % және жоғары

Ылғалдылық 18,0 % үлкен болса осы әдіс қолданылады. Техникалық таразыда 20 г ұнтақталмаған астық алынады да, d=8-10 см тостағанға салынып 30 мин 105С температурада кептіргіш шкафта кептіріледі. Кептірілгеннен кейін эксикаторға салмай өлшейміз де ұнтақтаймыз. Ұнтақталған астықтан бюксаларға 5 г-нан 2 шөкім алынып негізгі әдіспен анықталынады.

40 минут өткен соң, қақпақтарын жауып, эксикаторда салқындатылады да өлшенеді. Ылғалдылық пайызын мына формула бойынша анықтайды:
W = 100 ­– (G х q) = %,

мұнда:
G – кептірілгеннен кейінгі 20г ұнтақталмаған шөкім массасы, г.



q – кептіргеннен кейінгі 5г ұнтақталған шөкім массасы, г.

W – астық ылғалдылығы, %.

Әдістің екі анықтамасынын да 0,25%- тен, ал арбитраждық анықтамаларда +0,5 % аспауы керек. Сапалық куәліктерінде ылғалдылық 0,1% дәлдікпен қойылады.


Қорытынды: астықтың алдын-ала кептіру ылғалдылығын және қандай күйге жататынын анықтау.
3 Электрлі ылғал өлшегіш арқылы ылғалдылықты анықтау.
Жұмыстың мақсаты: электрлі ылғал-өлшегіш құралымен танысу және онымен техникалық жұмыс істеу барысы.
Әдебиет

МЕСТ 13586.5- 93

МЕСТ 3040
Құрал жабдықтар: ВП-4М ылғал-өлшегіш, орташа үлгі, өлшеуіш гирлерімен техникалық таразы, арнаулы таблица, қалақша.

Электрлі ылғал өлшеу тәсілдері астық массасының ылғалдылығына қарай оның әртүрлі электроөткізгіштік және диэлектірлік өткізгіштігіне негізделген. Электірлік тәсілдердің артықшылықтары - олардың шапшандығы: осы аспаптарды қолданудың нәтижесінде астық шөкімінің ылғалдылығын 1-3 минутта анықтауға болады.

ВП-4М ылғал-өлшегіш винтті престен қысқыштан; электродты қондырғыдан (байланыс винтті стақан), екі жұмыс істейтін және бір бақылау тәпісі (плашка), пуансон және өлшеу блогынан тұрады (меггерден).

Әр анықтаудың алдында өлшеуіш блоктың тілі меггерден«нөлге» және «жүздікке» қойылады. Қосылған тоқта, тілше нольде тұру керек. Егер тілше нолмен сәйкес келіп тұрмаса, оны корректордың көмегімен «нөлге» қояды.

«100» бөлігінде қондырғы тілшесі меггерді жүйеге қосу барысында болуы қажет, ал беткі жақтағы тумблерді «100» бөлігіне қою керек. Егер тіл «100» -ден алшақ болса, оны магниттік шунттың көмегімен сол көрсеткішке апару керек.

Астық ылғалдылығын өлшейтін құралды анықтау үшін, стақанға бақылау тәпісін, пуансонды орналастырады, оны винтті қысқашқа қояды. Қысқыштың винтін орнату сырғасының крест кертігіне дәл келгенше бұрап қысады. Егер крест кертіктер бір-бірінен өтіп кетсе, винтті кейін бұрауға рұқсат етілмейді.


Жұмыс тәртібі
Бұл тәсіл бидайдың ылғалдылығына қарай электр өткізгіштігін өлшеуге негізделген. Техникалық таразыда ұсақ тұқымды дақылдардан 5г, ірі тұқымды дақылдардан 8г шөкім өлшенеді.

Стақанның түбіне жұмыс істейтін тәпі орналастырылады ( кішісі ірі тұқымды дақылдар үшін, үлкені басқа дақылдар үшін). Үстіне шөкімді салады да, пуансонды орнатып жабады. Стақанды винтті қысқашқа орналастырады. Осындай жұмыстың нәтижесінде орнату сырғасының крест кертігі нысаналау рамасының крест кертігімен дәл келуі керек. Содан кейін кресті меггермен байланыстырады, ал тілдік көрсеткіш оңға бұрылады.

Құрғақ астықтың ылғалдылығын тумблер «құрғақ» жағдайында, ал ылғалды «дымқыл» жағдайында тұрғанда анықтайды. Содан кейін гальванометр (аспан көрсеткішінің) көрсеткіші дәптерге жазылады, ал стақан қысқаштан алынады. Құрал көрсеткішін құрғақ және дымқыл астық кестесі бойынша пайыздық өлшемге ауыстырады. Астық ылғалдылығының процентін аудару кестелерімен (6,7) анықтайды. Оның үстіне температурасына түзету жасайды: +20С-ден жоғары әрбір градусқа +20С температурадағы ылғалдылық процентінен 0,1% шегеріледі; ал төмен әрбір градусқа сондай мөлшерде қосылады.
6 кесте - ВП-4 ылғал өлшегіші көрсеткіштерін +200 С температурадағы ылғалдылық процентіне айналдыратын аудару кестесі

(ауыстырып қосқыш «дымқыл» жағдайына қойылған)


Бөлік


саны

Бидай

Бөлік саны

Бидай



Бөлік саны



Бидай





I тип

II тип




I тип

II тип




I тип

II тип

1

2

3

4

5

6

7

8

9

1

-

-

19

16,45

15,45

37

17,43

16,37

2

14,70

-

20

16,15

15,51

38

17,47

16,40

3

14,91

13,40

21

1 6,57

15,57

39

17,52

16,44

4

15,08

13,75

22

16,63

15,63

40

17,57

16,48

5

15,25

13,99

23

16,69

15,69

41

17,61

16,52

6

15,38

14,15

24

1 6,75

15,75

42

17,66

1 6,55

7

15,52

14,35

25

16,81

15,80

43

17,70

1 6,59'

8

15,63

14,43

26

16.87

15,85

44

17,75

16,63

9

15,73

14,60

27

16,9)2

15,90

45

17,80

16,57

10

15,82

14,70

28

16,97

15,96

46

17,85

16,71

11

15,90

14,80

29

17,03

16,01

47

17,90

1 6,75

12

15,98

14,80

30

17,08

16,10

48

17,94

16,79

13

16,05

15,00

31

17,31

16,10

49

17,97

1 6,83

14

16,12

15,09

32

17,18

16,15

50

18,02

16,87

15

16,19

15,17

33

17,23

16,21

51

18,06

16,9!

16

16,20

15,24

34

17,28

16,25

52

18,10

16,95

17

16,33

15,31

35

17,33

16,29

53

18,14

17,00

18

16,39

15,38

36

17,38

16,33

54

18,17

17,05

55

1822

17,10

71

19,09

18,08

86

21,25

19,65

56

57


18,26

18,31


17,15 17,20

72

73


19,17

19,23


18,06

18,24


87

88


21,45

21,71


19,80

19,95


58

18,35

17,25

74

19,30

18,32

89

21,99

20,15

59

60


18,40

18.45


17,31 17,37

75

76


19,47

19,50


18,40

18,49


90

91


22.00

22,65


20,40

20,65


61

18,49

17,43

77

19,72

18,57

92





62

18,54

17,49

78

19,82

18,68

93





63

18,59

17,55

79

20,00

18,78

94





64

18,65

17,60

80

20,17

18,89

95





65

18,70

17,66

81

20.34

19,00

96





66

18,76

17,73

82

20,50

19.10

97





67

18,85

17.81

83

20,60

19,22

98





68

18,87

17,87

84

20,80

19,35

99





69

18.95

17,91

85

21,06

19,50

100





70

19,02

18,00

71

19,09

18,08

86

21,25

19,65

55

1822

17,10

72

19,17

18,06

87

21,45

19,80



Каталог: files -> book
files -> Қазақстан тарихы 5 сынып. 2013-2014 оқу жылы
files -> Расул гамзатов
files -> Жамбыл атындағы республикалық жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> «№ мектеп-лицей» мемлекеттік мекемесі Күнтізбелік- тақырыптық жоспар
files -> Ермұхан Бекмахановқа Сыздайды жаным, мұздайды қаным, жан аға!
files -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы
book -> Макс Лукадо сенің Қолыңнан келеді
book -> Игілігіміз үшін болатын азаптар Құдай неге қиындыққа жол береді?


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет