Ќазаќстан Республикасыныѕ Білім жјне єылым министірлігі



бет56/89
Дата06.02.2022
өлшемі1,38 Mb.
#81616
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   89
Байланысты:
Isaeva.Etnoped-2012
24667 d96571e9f1c828f727ea0342bdd74d47 2, 24667 d96571e9f1c828f727ea0342bdd74d47 2, 24667 d96571e9f1c828f727ea0342bdd74d47 2, Геоэкономика негіздері Қазақстан аймақтарының экономикалық даму әлеуетін анықтау ҚГБ Презентация 2-сабақ, 1436446
Лекция мәтіні(қысқаша):
Қазақтың тәлім-тәрбиелік ой-пікір тарихының тамыры тереңде жатқаны сияқты осынау кең-байтақ өлкеде мектеп ісінің пайда болып, білім беру тарихы да өзінің ілкі бастауларын ерте замандардан алады. Қазақстан жерінде, әсіресе, оның отырықшы аудандарында орта ғасырлардың ерте дәуірінде-ақ (VII-VIII ғ.ғ.) көптеген мектептер ( мұсылманша бастауыш оқу орны) мен медреселер, діни білім беретін ортадан жоғары оқу орындары жұмыс істей бастағаны тарихтан мәлім. Ертедегі Исфиджаб, Тараз, Сайрам, Түркістан, Отырар, т.б. қалаларда көптеген медреселер болған, олардың жалпы саны 84-ке жеткен. Оларда 5 мыңға жуық шәкірт білім алған. Ауылдық мектептер кең-байтақ өлкенің түпкір-түпкірінде орналасқан. Онда молдалар ( татар, башқұрт, т.б.) ұзтаздық еткен. Оқыту ақысы халықтан жиналған. Балалар қыс, күз айларында ғана ( жыл тәулігіне 4, не 6 ай бойында) оқыған. Оқу мерзімі 4 жыл, оқуға жеті жастан бастап қабылдағам, кейбір ауылдық жерде 7-9 жастағы балалар бірге оқи берген.
Қазақ жеріндегі мұсылман мектептепрі оқушылар құрамы жағынан кішігірім мектептер болды. Олар қазақ ауылдарымен бірге киіз үймен көшіп-қонып жүретін еді. Бай саудагерлер қаржыларына салынған қала медреселері ғана арнаулы үйлерге орналасты.
Қазақстанның Ресей қоластына қараруына байланысты екі тілді білетін жергілікті әкімдер
даярлайтын орыс-қазақ және орыс-түзем мектептерін ашу қажетті туды. Қазақстандағы алғашқы мұндай оқу орны- Омскіде 1789 ж ашылған “Азиялық училище” аді. Аудармашы – тілмаштар даярлайтын бұл оқу орнына қазақ балалары да қабылданды.
1841ж. Бөкей хан ордасында Жәңгір хан өзінің жақын нөкерлерінің, туыстарының балалары үшін алғаш орыс мектеп- пансионатын ашты. 1825 ж. Орынбордағы татар мектебі негізінде Неплюев кадет училищесіц (ол 1844ж. кадет корпусы болып атанды), 1846 ж. Сібір қазақ-орыс әскери училищесі негізінде Омбы кадет корпусы ірге көтерді. Бұл оқу орындарын қазақтың тұңғыш зиялылары: Ш.Уалиханов, С.Бабаджанов, Х.Өскенбаев, т.б. оқып бітірді. 1850ж. Орынбордың Шекара комиссиясы жанынан қазақ балаларына арналып, жеті жылдық мектеп ашылды. Осы мектептің түлегі қазақтың демократ-ағартушы-педагогы Ы.Алтынсариннің басшылығымен 1864 ж. 8 қаңтарда Торғайда тұңғыш қазақ мектебі және оның жанынан интернат ашылды.
Алтынсарин өзінің ардақты борышы- халқының көзін ашу, қазақ балаларына өнер-білім беру деп түсінді.Сол жолда 30 жылдай аянбай еңбек етті.
Алтынсарин дүниежүзілік педагогика классиктері Я.А.Коменский, К.Д.Ушинский, Л.Н.Толстой, т.б. гуманистік идеяларын басшылыққа алды, оларды қазақ даласында өзі ашқан мектептердің оқу жүйесіне енгізді. Оның “Қазақ хрестоматиясы” (1879) мен “Қазақтарға орыс тілін үйретудің бастауыш құралы” (1880) атты оқулықтары осы идеяға негізделген шынайы демократиялық бағыттағы еңбектер еді. Ы. Алтынсарин жаттамалы, мағынасыз діни оқуға қарсы болды. Өзі ашқан қазақ-орыс мектептерінде дүнияуи ғылымдармен бірге дін тарихын да оқыта отырып, “Мұсылмандық шарттары” атты оқулығын жазды. Оқулықты жазуда діннің имандылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу шарттарын оқушылар түсініп игерсін деген мақсатты көздеді.
Ыбырайдың орыс-қазақ мектептерін ашып, дуниянуи пәндерді енгізуін көре алмаған ел ішіндегі қожа- молдалар оны “шоқынған кәпір” деп өсек таратса, енді біреулері Ресей Ішкі істер министрлігі мен Орынбор генерал-губернаторына “Үкіметке қарсы ойы бар, социалист” деп арыз жазып қаралауға дейін барды.
Татар зерттеушілері әрі ақын, әрі ғалым- ағартушылар Маржани мен Насыриді жадидизмның алғашқы легінің өкілдері деп бағалады. Халықты мәдениет пен береке-бірлікке, оқу-ағарту ісіне шақыруда Маржани мен Абай арасында идеялық үндестік бар. Қазақтың классик ақыны Абай да, татар ағартушысы Маржани сияқты, орыс, шығыс, батыс мәдениетінен үлгі-өнеге алуға шақырып, адамгершілік пен ізгілік қасиеттерді дәріптеді.
Абайдың “Дүниенің кілті өнер-білімде”, “Дүние де өзі, мал да өзі, ғалымға көңіл бөлсеңіз” деп жастарға жар салуы осы пікірді дәлелдейді. Абайдың мұсылман әлеміндегі жаңашыл ағымдардан мол хабары болғанына өзінің шәкірті Көкбайдың Міржақыпқа жолдаған өлең- хатындағы:
Абай марқұм ескіге ермеуші еді
Ескіні онша жақсы көрмеуші еді.
Мысырдан төте жолдан оқу шықты,
Сол қашан келеді деп шөлдеуші еді-
деген жолдары да айғақ болса керек.
Абайдың өз ауылында мектеп ашып, кішкене молда Мұхаметкерім, Мұрсейіт сияқты орысша да, арабша да оқыған сауатты адамдарға бала оқытуы, қыздарын оқытуды есекрмеген елдестеріне жаңадан жол көрсетіп, өз қызы Райхан, Күлбалдан, Ысқақтың қызы Рахима бастаған он шақты қыз баланы жинап беруі, оларға арнап, адамгершілік оқулығы “Ғақлияны” жазып ұсынуы, патша үкіметінің 1903 ж Абай ауылына тінту жасауы, оған “саяси сенімсіз адам” деп күдікпен қарауы да тектен- тек емес сияқты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   89




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет