Ќазаќстан республикасыныѕ білім жјне єылым министрлігі



бет3/424
Дата20.01.2022
өлшемі2,04 Mb.
#129558
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   424
Байланысты:
Педагогика лекция жинағы
Муз онер, Педагогикадагы статистика сурактары, Педагогикадагы статистика сурактары, Лекция ЦС каз , Жүрінов Ғ., AZhK3324 Ақпараттық жүйелер құрылымы, Аннотация, Ташимбаева Ұлбосын 5.3, Ташимбаева Ұлбосын 5.3, Таубай.Б 5.4, Ташимбаева Ұлбосын 5.3, Ташимбаева Ұлбосын 5.3, оқу бағдарлама, Дефектология силлабус, Силлабус Мінез-құлық психологиясы
Н.А.Добролюбов (1836-1861 ж.ж.),Н.Г.Чернышевский (1828-1889ж.ж.) т.б.еңбектерінің маңызы зор. Олар демократиялық прогресшіл педагогиканың негізін салды.

XIX ғасырдың 60 жылдары Россияда педагогикалық ой– пікірлердің дамып

қалыптасуы Н.И.Пирогов (1810–1881ж.ж.), К.Д.Ушинский (1824–1870ж.ж),

Л.Н.Толстой (1828– 1910ж.ж.) т.б.есімдерімен байланысты болып келеді.

Мәселен, Н.И.Пирогов «Өмір мәселелері»атты мақаласында: «Сословиелік мектепке және ерте мамандандыруға бағыттайтын жалаң мағыналық білім беруге қарсы болды. Ол мұндай білім беруге жалпы азаматтық тәрбие идеясын қарсы қойды. Ондай тәрбие мен білім беру балалардың ой – өрісінің де, адамгершілік жағынан дамуын да тарылтады» –деп түсіндірді.

Педагогика, оқыту және тәрбиелеу мәселелері Л.Н.Толстойдың теориялық және практикалық қызметінде үлкен орын алды. XIX ғасырдың 60 – шы жылдарында Россияда өріс алған қоғамдық педагогикалық қозғалыстың әсерімен Л.Н.Толтой халыққа білім беру саласында қоғамдық ағарту қызметімен шұғылданды. 1859 жылы шаруа балаларына (Ясная Полянада)мектеп ашып, мұғалімдер шақырып, өзі де сабақ берді және оның бастамасымен көптеген бастауыш мектептер ашылды. Оның «Азбука»(1872ж), «Жаңа азбука»(1875 ж) және т.б. еңбектері бар. Л.Н.Толстой халық мұғалімінде болатын негізгі қасиет–педагогикалық еңбек және балаларға сүйіспеншілік пен педагогикалық шеберліктің қалыптасуы қажет деп санады .

Педагогикалық ойлардың қалыптасуына орыстың ұлы педагогы, ойшылы, философы К.Д. Ушинский зор үлес қосты. Ол өз еңбектерінде тәрбиенің сипаты әлеуметтік экономикалық жағдайларға тәуелді екендігін, тәрбиенің халықтық тәрбие болуы керектігін, оқушы тұлғасын қалыптастыруда еңбектің ролі өте жоғары екендігін айтты, сондай –ақ, адамгершілік тәрбиесіне ерекше көңіл бөлді және адамгершілік тәрбиесінің негізі дінде деп есептеді.

К.Д.Ушинскийдің есімі XIX ғасырдын екінші жартысындағы орыс ағарту ісінің көрнекті қайраткерлерінің қатарынан бірінші орын алады. Ол Россиядағы педагогика ғылымының және орыс халық мектебінің іргетасын қалаушылардың бірі. Оның «Ана-тілі», «Балалар әлемі», «Педагогикалық антропология», «Швейцарияға педагогикалық саяхат», «Адам тәрбиесі» атты еңбектері бар.Ол өзінің еңбектерінде тәрбиені тарихи тұрғыдан қарастырды, тәрбиенің объектісі адам, сондықтан педагогика ғылымы адамды барлық жағынан қарастыруы керек, бұл адамның дене және психикалық ерекшеліктерін зерттеу дегенді білдіреді дей отыра, педагогика мақсатты тәрбие процесін ұйымдастыра отырып, адам туралы «антропологиялық» деп аталатын философия, тарих, әдебиет, психология, анатомия, физиология ғылымдарының жетістіктерін пайдалану керек деп білді. К.Д.Ушинскийдің пікірінше, тәрбиенің мақсаты – ой және дене еңбегіне дайын, белсенді әрі шығармашыл тұлға қалыптастыру.

Оның педагогикалық тұжырымының ең негізгі мәні – әрбір елде халықтың мақсат – мүддесіне, мұқтажына сай өзіндік ағарту жүйесі болуы керек деген халықтық идея.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   424




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет