Ќазаќстан республикасыныѕ білім жјне єылым министрлігі


Педагогика ғылымы туралы жалпы түсінік



бет5/424
Дата20.01.2022
өлшемі2,04 Mb.
#129558
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   424
Байланысты:
Педагогика лекция жинағы
Муз онер, Педагогикадагы статистика сурактары, Педагогикадагы статистика сурактары, Лекция ЦС каз , Жүрінов Ғ., AZhK3324 Ақпараттық жүйелер құрылымы, Аннотация, Ташимбаева Ұлбосын 5.3, Ташимбаева Ұлбосын 5.3, Таубай.Б 5.4, Ташимбаева Ұлбосын 5.3, Ташимбаева Ұлбосын 5.3, оқу бағдарлама, Дефектология силлабус, Силлабус Мінез-құлық психологиясы
1.2. Педагогика ғылымы туралы жалпы түсінік

Педагогика деген сөз гректiң «пайдос» балалар, «аго» жетелеу деген сөзiнен шыққан. Сондықтан «пайдагогос» дегенiмiздiң сөзбе–сөз аударма-баламасы «баланы жетелеп жүрушi» деген мағынаны бiлдiредi. Ертедегi Грецияда өз қожасының баласын қолынан ұстап, жетелеп мектепке алып барушы құлды педагог деп атаған, кейiнiрек «педагогика» сөзi «баланы өмiр ағынымен жетелеу» өнерi ретiнде, яғни баланы тәрбиелеу, оқыту, оның рухани дамуына және дене жағынан дамуына бағыт беру өнерi ретiнде түсiнiлетiн болды.

«Педагогика» термині ең алғашында неміс, француз тілдерінде, скандинавия және шығыс елдерінде қолданылды.

ХХ ғасырдың ортасына дейiн педагогика баланы оқыту және тәрбиелеу туралы ғылым ретiнде танылды. Бiрақ соңғы кезеңдерде қоғам талабына сай тұлға ретiнде қалыптасып, жетiлу үшiн, тек балалар ғана емес, сонымен қатар үлкендер де бiлiктi педагогикалық басшылықты қажет ететiндiгi мойындалуда. Сондықтан, қазiргi кезеңдегi педагогика тек балалар тәрбиесi туралы ғылым ғана емес, ол сонымен қатар жалпы адамзат баласының тәрбиесi туралы ғылым.

Мұнда «тәрбие» ұғымы адамзат баласына бiлiм берудi де, адамзат баласын оқытуды да, дамытуды да қамтып, мейлiнше кең мағынада қолданылып отыр. Демек, педагогика адамзат баласының кең мағынадағы тәрбиесi туралы ғылым.

Педагогика оқулықтарында, жекелеген ғалымдардың зерттеу жұмыстарында, сөздіктер мен анықтамаларда педагогика ғылымына берген анықтамалар көп және әртүрлі. Соларды жалпылай келе, қорытындылайтын болсақ, педагогика – тәрбие туралы ғылым болып табылады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   424




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет