Ќазаќстан республикасыныњ білім жєне ѓылым министрлігі


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ



бет3/36
Дата11.09.2020
өлшемі0,63 Mb.
#77770
түріСеминар
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   36
Байланысты:
Жаңартылған білім беру мазмұны бойынша оқытудағы жаңа әдіс, дене шыныктыру, Сынып жетекші портфолиосы, Сынып жетекшісінің түйіндемесі
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
«БОЛАШАҚ» УНИВЕРСИТЕТІ
«Бастауышта оқыту, өнер және спорт» кафедрасы

Бокаев О.Т

Спорттың таңдаған түрінен кәсіптік жаттықтырушылық қызметін жетілдіру пәні бойынша дәрістер тезисі

Қызылорда, 2018 ж.

1 – дәріс

Дене тәрбиесі мұғалімінің кәсіптік маңызды қасиеттері мен шеберлік негіздері

Лекция барысы

Дене тәрбиесі мұғалімінің барлық кәсіптік маңызды қасиеттерін мынандай алты топтарға бөлуге болады:



1.Саяси-идеялық қасиеті. Мұғалімнің дүниетануын, көзқарасын көрсетеді. Ол әрбір оқушының келешегіне жауапты қарауы, өз халқына адал қызмет етуі, өзінің ұстаздық қызметін жақсы көруі, отанына деген патриоттық сезімі жоғары болуы керек.

2Өнегелілік қасиеті. Мұғалім жан-жақты өнегелі қасиеттерге ие болуы керек. Олар: адамгершілік, адалдық, талап етушілік, табандылық, сенімділік және т.б.

3.Коммуникативтік қасиеті. Тәрбие жұмысында жетістікке жету үшін, әріптестермен, ата-аналармен тығыз қарым-қатынас жасау үшін мұғалімге көпшілдік, ізеттілік, тілеулестік т.б. осы сияқты көптеген қасиеттер көмектеседі.

4.Жіерлілік қасиеті. Оғант жаттаындар: шыдамдылық, табандылық, өжеттік, қайсарлық, батылдық, тез шешім қабылдағыштық, өзін-өзі ұстай білу және т.б.

5.Ақылдылық қасиеті. Айқындық және қисынды ойлау, жорамалдау, өнертапқыштық, тапқырлық, ықылас, сөз тапқыштық т.б. Бұл қасиеттер мұғалімге тәрбие жұмысында және кәсіптік қызметінде дұрыс шешім қабылдауға көмектеседі.

6.Психоқозғалыстық қасиеті. Мұғалім көрсететін көптеген жаттығулар күшті, икемділікті, жылдамдықты, ептілікті керек етеді. Жас ұлғайған сайын осы қасиеттердің бәрі жоғала бастайды, сондықтан дене тәрбиесі мұғалімі оларды өмір бойы керек деңгейде ұстап отыр

Дене тәрбиесі сабақтарын сапалы өткізуде мұғалімнің кәсіптік шебелік деңгейі шешуші рөл атқарады. Ол мұғалімнің білімі, шеберлігі мен кәсіптік маңызды қасиеттерімен құралдары.

Шеберлік дегеніміз –дене тәрбиесінің барлық қызметтері мен жеке әрекеттерін осы саланың ережелері мен мақсатына сәйкес меңгеру. Дене тәрбиесі мұғалімнің шеберлігі –жоспарлау, коммуникативтік, ұйымдастыру, гностикалық, қимыл ептілігі деп бөлінеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   36




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет