Қазақстан Республикасының ғылым және білім министрлігі Шымкент қаласы


Ұлттық киім заманауи стильге икемделді



бет5/5
Дата28.09.2022
өлшемі43,38 Kb.
#151033
1   2   3   4   5
Байланысты:
ғылыми жоба
Есеп 1.03.22, Реферат «М дениет ж не ркениет» (1), Тест сұрақтары
Ұлттық киім заманауи стильге икемделді
Тамара Құрманбаева соңғы отыз жылдан бері тек мерекелерде ғана емес, күнделікті өмірде де қазақи нақыштағы киімдерді киюді әдетке айналдырған. Қазір жасы 70-ке тақаған елордалық тұрғын атаулы мейрамдар қарсаңында ұлттық нақыштағы заманауи стильдегі киімдер тіктіріп тұрады екен.
Қазір жасым 70-те. Қазақи нақыштағы дүниелер жас кезімнен жаныма жақын. Бастысы – ниет. Тағы бір айта кетерлігі, кез келген көйлекті басыңа таққан орамалмен үйлестіруге болады. Мәселен, басқа тағатын орамалды анда-санда осындай әдемі тюрбанға неге ауыстырмасқа? Мұны үйде болмаса қонаққа барғанда тағып барсаңыз, сізге әдемілік әрі нәзіктік сыйлайды, - дейді Тамара Құрманбаева.
Гүлбағиран Кәрібжанова да жас кезінен бастап этно-стильдегі киімдерді киеді. Бастысы ұлттық нақышты қазіргі стильге икемдей білген.
Мен әрдайым заманауи стильде қазақтың ұлттық ою-өрнектерімен көмкерілген киімдерді кигенді ұнатамын. Жасым 70-те болса да, көңілім әрқашан жас. Үнемі өзгерісте, дамуда болғанды қалаймын. Сондықтан сән әлеміндегі соңғы жаңалықтар жайында этно-дизайнермен әңгімелесіп, ақылдасып, кезекті киімнің пішімі қандай болуы керегін талқылап, бірлесіп шешіп отырамыз. Көйлек те, қамзол да киемін. Бірақ орамал тақпаймын. Кез келген киімге мейлінше қазақтың ою-өрнектерін салғызып тұрамын. Өйткені олар маған ұнайды. Шамамен екі айда бір рет тойға, қуанышқа болмаса күнделікті тұрмыста киетін киім-кешек тіктіріп тұрамын, - дейді Гүлбағиран Қайдарқызы.

ІІІ. Қорытынды.


Мен “Қазақтың ұлттық киімдері” тақырыбында ғылыми жобамды қорғай отырып, ежелгі қолданыстан шығып қалған ұлттық киім үлгілерін жарыққа шығардым. Оның бүгінгі және келешек ұрпақ арасында қолдау табуы мақсатында халыққа үндеу-насихат жүргіздім.
Осы тақырыбымның қазіргі және келешек ұрпақ үшін де мәні аса жоғары деп есептеймін. Бұл ұлттық нақыштағы киімдерімізді насихаттаудың тиімді жолы. Көшелерде, түрлі қоғамдық орындарда әрі заманымызға сай, әрі қазақы, әрі мұсылмандық канондарға сай киінген қыз-келіншектер көбейсе, ұлттық мәдениетіміз де өркен жая бастайтыны даусыз. Әрине, бір ғана ұсыныспен бүкіл мәселе бірден шешіле қоймас. Бірақ осы тақырыптағы мәселелерді әрі қарай іліп әкетіп, қоғамдық шараларда, мектеп, балабақшаларда дәстүрлі түрде жиі тәрбие сағаттарын өткізудің жолдарын қарастырса құба-құп. Сөз соңында, елімізге тілерім ұлттық мәдениетіміз жаңғыра берсін, ұлдарымыз салмақты, қыздарымыз ибалы болсын! Ең бастысы, еліміз аман, жұртымыз тыныш болғай!

Ұсыныстар:


1. Бір жылдары ұзын юбка сәнге айналған кезінде барлығы киді, сол сияқты қазақи киімдерді сән етіп шығару, мысалы, қыздарға арналған көйлектер етек-жеңі жинақы, ұлдарға арналған костюм шалбарлар қазақи үлгіде тігілсе;
2. Шет елден "жын-жыпыр" бейнеленген кеудешелердің орнына өз елімізден ұлы адамдардың, домбыра сияқты иллюстрациялармен өрнектелген кеудешелер шықса;
3. ''Gucci'', ''Armani'', сияқты компанияларды алмастыратын әлде орнын басатын бренд жасап шығарса;
4. Шығарылған өнімдер қол жетімді бағада сатылса;
5. Жаңа өнімдерге жарнаманың барлық түрлері жасалса;
6. Ғаламтор арқылы тапсырыс беру мүмкіндігін іске қосса.

Пайдаланылған әдебиеттер:



  1. Қазақтың ұлттық киімдері, Алматы, «Жалын» баспасы, 1976 ж.(18-27бет), (32-38бет), (61-66бет).

  2. Интернет материалдары.www.google.kz

  3. Ауыл ақсақалдарымен, ақ жаулықты әжелермен сұхбат.

  4. Қазақ халқының тұрмысы мен мәдениеті. С. Кенжеахметұлы. Алматы. «Алматыкітап» баспасы, 2007 ж.(12-25бет), (51-59бет), (92-94бет)


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет