Қазақстан Республикасының ғылым және білім министрлігі Шымкент қаласы



бет2/5
Дата28.09.2022
өлшемі43,38 Kb.
#151033
1   2   3   4   5
Байланысты:
ғылыми жоба
Есеп 1.03.22, Реферат «М дениет ж не ркениет» (1), Тест сұрақтары
Зерттеудің теориялық мәнділігі: Ұлттық құндылықтарды ардақтау, құрметтеу, оларды үнемі есте сақтау қажеттілігінің нәтижелілігі айқындалды.
Зерттеудің практикалық мәнділігі: Зерттеу нәтижесінде жинақталған материалдар болашақта қазақтың ұлттық киіміне деген жастардың қызығушылықтарын арттырп, әрі қарай зерттеп, зерделеймін деушіге пайдалы нұсқа, сондай-ақ мектептің тарих, өнер пәндерінен эллективті курстардың бағдарламасына енгізуге де болады.
Зерттеудің дербестік нәтижесі:
- Қазақ ұлттық киім өнерінің тарихы терең таныстырылды;
- Қазақтың ұлттық киім үлгілерінің атауларына, жасалуына аса мән берілді;
- Оларды қазақ халқының тұрмыс-тіршілігімен салыстыра зерттеу жүргізілді;
- Қазақ халқының ұлттық киімдерінің өзіндік ерекшеліктері айқындалды.
Жұмыстың орындалу әдістері. Ұлттық киім үлгілерімен терең танысу, деректер жинау, ғылыми ізденіс, зерттеу

І. Кіріспе


Жұмыстың мақсаты: Ұлттық киімдердің түрлері мен ерекшеліктерін зерттей отырып, тарихи құнды мәліметтер жинақтау. Ұлтымыздың мұрасын сақтауға және оны насихаттауға, көбейтуге үлес қосу.
Зерттеудің өзектілігі: Қазақ халқының қол өнері көне заман тарихымен бірге дамып, біте қайнасып келе жатқан бай қазына. Оның бір ұшығы туысқан Орта Азия халықтарының және орыс халқының қол өнерімен де ұштасып жатыр. Қол өнерінің басты бір саласы — киім тігу. Ерте заманнан күні бүгінге дейін өзінің қадір-қасиетін жоймай, қол өнерінің озық үлгісі ретінде ғана емес, әрі әсем, әрі ыңғайлылығымен де пайдаланудан қалмай келе жатқан қазақтың ұлттық киімдері әлі де аз емес. Олардың кейбіреулерін ескінің көзі қарттар күнделікті киіп жүрсе, енді біреулерін қыз ұзату, келін түсіру тойларында ойын-сауыққа пайдаланады (қалындыққа сәукеле кигізу), сондай-ақ көпшілігі театрлардың арнаулы тапсырысы бойынша тігіліп жүр. Қазақы киімнің барша сымбаты мен ою-өрнегінде, әрбір әшекейінде халқымыздың тарихының, ой-дүниесінің қайталанбас көрінісі бар. Ол – біздің ұлттық мәдениетіміз.
Адам көркі – шүберек. Бұл талай жылғы тәжірибеден өтіп, әбден екшеліп айтылған тобықтай түйінді сөз. Халқымыз атам заманнан бері осы бір қағиданы берік ұстанып, мың бір сырлы әсем киім үлгілерін жасап киініп келген.
Киім жай ғана бір жапырақ мата емес. Ол белгілі бір ұлттың, мәдениеттің бет бейнесін көрсетіп тұратын ғажайып дүние. Оның эстетикалық, этно-мәдени, қоғамдық мәні де орасан. Сондықтан әр қазақ мақтан тұтатын мол мәдениетіміздің елеулі бір саласына киім кию ғұрыптарымызды жатқызсақ болады.
Шындығында да, әлемдегі озық өнер түрлерін сарапқа салар болсақ, қазақ өнері алдыңғы қатардан көрінері
даусыз. Себебі, қазақ дүниетанымы терең, мәдениеті бай, әрбір өнері көрнекті, көрген-түйгені мол үлгілі ұлт. Қазақ өнерінің әрбір туындысы өзгеге ұқсамайтын өзіндік ұлттық нақыштарға толы.
Қазақ ісмерлерінің қолынан шыққан киімдерден ұлтымыздың дүниетанымдық, философиялық көзқарасы мен дүниені қабылдауы көрінеді. Халқымыздың бүкіл ішкі жан дүниесі, ұстанған діні мен ділі киім үлгілерінен, олардың пішілуінен, тігілуінен, қолданылған әшекейлерден, таңдалған түр-түстен аңғарылады десек әсіре айтқандық емес. Өйткені кез келген киім оны жасап шығарған халықтың ішкі руханиятының материалданған көрінісі екені даусыз. Демек, киімдеріміз қандай сұлу болса, жан байлығымыз да соншалықты сұлу болғаны!
Қазақтың ұлттық киімдері – Еуразия даласын қоныс еткен көшпелі ел қазақтардың басқа халықтарға ұксамайтын киім үлгілері табиғи ерекшеліктер мен көшпелі тіршілікке сәйкес қалыптасы. Қазақы киімнің барша сымбаты мен ою-өрнегінде, әрбір әшекейінде халқымыздың тарихының, ой-дүниесінің қайталанбас көрінісі бар. Ол - біздің ұлттық мәдениетіміз! Бағзы заманда аттың жалы - түйенің қомында көшпенді тірлік кешкен қазақ халқы күнделікті тұрмыста киетін киімге айрықша назар аударған. Қазақ халқының киiмi басқа ұлттардан өзгеше өзiндiк қасиетке толы. Мұның басты себебi қазақ халқының табиғат төсiнде өсiп, еркiн ғұмыр кешуімен байланысты. Өткен ғасырлардың өзінде-ақ киіміне қарап адамның ұлтын ғана емес, сонымен қатар оның қандай дінді ұстанатындығын, қала адамын ауыл тұрғынынан, бойжеткенді жас келіншектен айыруға болатын еді.


Негізгі бөлім
2. 1 Қазақтың ұлттық киім тарихы және өзіндік ерекшеліктері
Халқымыздың ұлттық киімдері – заманауи тарихпен қатар дамып, біте қайнасып келе жатқан асыл қазынамыз. Сонау көшпелі кезеңдерден күні бүгінге дейін қол өнерінің озық үлгісі ретінде ғана емес, көз тартар әсемдігі мен ыңғайлылығының арқасында қолданыстан қалмай келе жатқан киімдеріміз де жетерлік.
Жер бетін мың түрлі әсем гүлдер қалай құлпыртса, сан түрлі киімдеріміз де қазақ даласына өзінше сән беріп келген. Кейін келе-келе, өкінішке орай социалистік қоғам құру үшін жұрттың бәрі бірдей киінсін, бірдей жұмыс істесін, бірдей өмір сүрсін деген саясатты бастан кешіп, орыс та, неміс те, қазақ та фабрикадан шыққан бірдей киім киюге көштік. Одан бөлек ұлттық киімдерді қасақана жоюға, халық санасынан өшіруге бағытталған арнайы үдерістердің болғаны да қазір жасырын емес. Мысалы, белгілі этнолог Нұрсан Әлімбайдың пікірінше, «1928 жылы «ескінің көзі» ретінде мәпелеп сақталынып келген нелер бір киімнің асыл түрлері «қазақ халқының тарихы мен мәдениетінің артта қалған, қараңғы кезеңінің» ескерткіштері мен символдары ретінде аяусыз жойылғаны» тарихи шындық. Осылайша даланың гүліндей құлпырған ұлттық киімдеріміз қолданыстан қала берді.
Сондай-ақ қазақ халқының қыз-келіншектерге арналған бүкіл киімдерінің бәріне ортақ бір ерекшелігі бар. Ол адамның дене бітімін қымтап жауып тұратындығында. Бұл жағынан алғанда, қазақ киімдерінің көпшілігі қасиетті дініміздің талаптарына сай келеді деуге толық негіз бар. Қолымыздағы материалдар дәл осындай қорытынды жасауға мүмкіндік береді.
Табиғат төсінде еркін ғұмыр кешкен ата-бабаларымыз күні кешеге дейін өзінің әдет-ғұрпымен, дүниетанымымен сабақтасқан төл киімдерін киіп келген. Тамыры тереңде жатқан ұлттық сән өнерімізде сәукеленің шариғатқа толық сай келетін небір түрлері болды. Кимешектің де жас ерекшеліктері мен аймақтық-өңірлік ерекшеліктерге қарай сан түрі тігіліп, әсем ою-өрнектермен безендіріліп киілген. Әсіресе, әйел затына арналған дәстүрлі бас киімнің әлем жаратылысындағы себеп-салдарлық жүйемен сабақтасып жатқан қырлары мен сырлары мол түрлері көп болған. Мәселен, сәукеле, бөрік, кимешек, қарқара, жаулық, күндік, желек, шәлі, қасаба, шылауыш, т.б. бас киімдерді атауға болады. Бұлардың өзі бүрмелі кимешек, орама кимешек, бұрама жаулық деген секілді түрлерге жіктелген. Оны дәлелдейтін этнографиялық дүниелер өте көп.
Демек, қазақ ғұрпында әйел кісі бас киімсіз, жалаңбас жүрмеген. Сондықтан болар, әйел затын ардақтаған кезде «ақ жаулықты ана ғой» деп әспеттеп, дәріптейміз. Қыздарымызды еркелеткенде, «үкілеп өсіріп отырған қызымыз» дейміз. Бұл кәмелетке толмаған балғын қыздардың
өзіне қазақ халқы үкілі тақия кигізгенінің тілдегі бір көрінісі. Киімнің ең
әдемісін халқымыз қызына кигізген, әшекейдің ең асылын қызына тағуға тырысқан. Жас қыздар бүрмелі ұзын етекті көйлек, жібек бешпент, барқыт камзол киген. Асыл тастармен моншақталған сәукелені де қыз бала өз үйінде киген. Сәукеле деген сөздің өзі «сау келді» деген екі сөздің бірігіп кірігуінен жасалған. Күйеуінің аулына жеткен соң, басына жаулық салған.[1]
Тұрмысқа шыққан қыздардың киіну үлгісі де ерекше. Олар алғашқы жылы сәукеле тақса, күнделікті өмірде желек киген. Ал бірнеше балалы болған кезде кимешек киіп, оның үстінен шылауыш тартқан. Қысқасын айтқанда, қазақта әйел киімдерін қыз киімдері, келіншек киімдері, орта жастағы әйелдер мен қарт бәйбішелердің киімдері деп төрт топқа жіктеп тіккенін көреміз. Бұл да қазақ қыз-келіншектерінің өз денелерін барынша қымтап киінгенін көрсетеді. Демек ата-бабаларымыз әйел затына арналған киімдерді жасауда дініміздің талаптарын басты негізге алған. Дене бітімді жауып тұратын киім адамның құнын арттыратынын ата-бабаларымыз жақсы білген. Қыз баланы сұғанақ көздердің сұғынан түрлі киімдер арқылы, әшекей бұйымдар арқылы сақтауға болатынын терең ұғынған.
Иә, шындығында да, қазақ киімдеріндегі сан түрлі асыл тастар адамның көзін тартып тұратыны рас. Адамның назарынан биоэнергия бөлінетінін бүгінгі ғылым ашып үлгерген. Егер киім жарасымды әшекей заттармен көмкеріліп тұрса, онда қараған сұқ көз қыз баланың өзіне емес, әлгі тастарға түседі. Ал киім дұрыс қымталмай, әр жерінен ағза мүшелері жалтырап көрініп тұрса, онда сұқ көз адамды ауруға шалдықтыруы әбден ықтимал. Сондай-ақ ашық-шашық, тым тар немесе тәні көрініп тұратындай жұқа киім киген қыздар ер адамдардың нәпсісін қоздырары да сөзсіз. Сондықтан ата-бабамыз еш нәрсені тектен тек жасамаған. Қазіргі заманауи ғылымның жетістіктері енді ғана ашып отырған осындай мәселелерді дана халқымыз ескеріп отырғаны ғажап емес пе?
Тарихы мен ерекшеліктері киім адамды қоршаған ортаның әртүрлі әсерінен қорғап, денесіне сән береді. Қазақтың ұлттық киімдері оның бай тарихы-мәдени мұрасы өзге халықтардың киімдерінен басқаша және ерекше қасиетке, сән-салтанатқа ие. Қазақтар киімді солға қарай қаусырады. Бұл сақ тайпаларының киімдеріне, орта ғасырлардағы түріктерде кездесетін ерекшелік.
Ғалымдардың зерттеулеріне қарасақ, ҮІ ғасырда Қазақстан территориясында көптеген түркі тайпаларын біріктірген қуатты мемлекет –Түркі қағанаты өмір сүрді. Ол Иран, Византия мемлекеттерінен сауда-саттық жасап, Ежелгі Русьтен қымбат бағалы аң терілерін, қымбат барқыт, алтындап тоқыған парша маталар сатып алып, көркем киім-кешектер тігіп дайындады.
Сол кезде қағанат жерінде адамдар жібектен тігілген киімдер киді.
6
Қаған ордасында болған Қытай монахы Сюань Цзянь бұл жөнінде былай деп жазды: «Қаған жасыл жібектен желбегей шапан киген, ал оның жанында жүрген нөкерлері қамқадан желбегей шапандар жамылған, қандай тамаша көрініс». Орта ғасырда қазақ жерінде өмір сүрген түркі тайпаларының бас және сыртқы киімдерінің үлгілері Орхон-Енесей ескерткіштері мен тас мүсіндерде сақталып қалған. ХІ ғасырда Түркі қағанатының жері ұлы даланың ұлы перзенттері – қыпшақтардың қолына көшіп, көшпенділердің киім үлгілері әрі қарай баи түсті.
Қазақтың бірнеше ұлттық киімдерінің түрлері мен атауы үл жүздің, оның руларының аттарымен де жеке бөлініп айтылды. Олар қыпшақ тымақ, адай бөрік.
Біздің ұлттық киімдеріміз географиялық аймағына қарай да ерекше үлгілер жасалған. Олардың кейбірін Жетісу үлгісі, Арқаның үлгісі деп бөліп жатады. Қазақтың ұлттық киім үлгілеріне көршілес орыс, тәжік, қырғыз, түркімен халықтарының киім тігу тәсілдерінің де тигізген ықпалы мол. Қыпшақтардың ішкі-сыртқы киімдері көшіп-қонуға еркін, жүріп-тұруға, ауа-райының барлық жағдайларына қолайлы етіп тігілген. Негізінен, Еуропаға шалбар киюді үйреткен – Қыпшақтар. Олардың киімдері төзімді, ыңғайлы, қарапайым да әсем болған, мұндай киім киген адамдарға қыстың қаһарлы аязы, жаздың аптап ыстығы, күздің қара суығы, жауын-шашын ешбір қауіп-қатер төндіре алмаған.
Қазақтың ұлттық киімдерінің жасалуы жөнінде Сәбит Мұқанов былай деп жазды: «Адамға ауа-райының қолайсыз жағдайынан қорғану үшін және көріктілік үшін киім қажет. Ертедегі адамдардың киім-кешектері мал терісінен жасалған. Әсіресе, тері сырт киім үшін пайдаланылады.»
Көшпелі қазақтар ішкі-сыртқы киімдердің бәрін жүріп-тұруға бөгет жасамайтындай етіп тіккен.
Қазақ халқының киiмi басқа ұлттардан өзгеше өзiндiк қасиетке толы. Мұның басты себебi қазақ халқының табиғат төсiнде өсiп, еркiн ғұмыр кешуімен байланысты. Өткен ғасырлардың өзінде-ақ киіміне қарап адамның ұлтын ғана емес, сонымен қатар оның қандай дінді ұстанатындығын, қала адамын ауыл тұрғынынан, бойжеткенді жас келіншектен айыруға болатын еді. Сонда біздің ата-бабаларымыз, соның ішінде әйел заты қалай киінген? Мұндайда тарихи деректер, саяхатшылар жазбалары, көне сызба-суреттер сыр шертеді.
Қазақтың ұлттық киімдерінде оның этникалық тарихы мен экономикалық, әлеуметтік және табиғи ортаның ерекшеліктерінен туындайтын көне дәстүрлері сақталған. Олар пайдалану, қолдану ерекшеліктеріне байланысты күнделікті және сәндік киімдерге, жыл мезгілдеріне қатысты қыстық, маусымдық және жаздық киімдер болып бөлінеді. Қазақтың ұлттық киімдерін жас пен жыныс ерекшелігіне қарай: сәби, бала кездегі киімдер, жігіт, қыз боз бала киімдері, орта жас киімдері
7
деген сияқты түрлерге жіктеуге болатындай. Сондай-ақ қандай кәсіби салаға қатыстылығына қарай - жұмыс киімдері, бір киер сәндік киімдер, үй киімдері, іш киімдер, сырт киімдер, аңшы, малшы, басшы, жауынгер киімдері деп те бөлінеді. Жыл мезгіліндегі тұтынысына қарай жаздық, қыстық, күз-жазғытұрымғы киім деп ажыратылады. Адамның дене мүшелеріне сәйкес бас киім, дене киім, аяқ киім деп жіктеледі.
Сондай-ақ қазақ халқында қалыптасқан дәстүр бойынша әр рудың, әр қоғамдық жiктiң, кәсiп иелерiнiң киiм киюiнiң өзiндiк ерекшелiктерi сан алуан. Мысалы: сал-серiлердiң, қожа-молдалардың, байлар мен билердiң, бақсы-балгерлердiң, кедей шаруалардың, аңшы-саятшылардың киiмдерi бiр-бiрiне мүлде ұқсамайды. Осындай ерекшелiктердi бас киiм кию дәстүрiнен де байқауға болады.
Әр ұлтты өзге ұлттан айыратын оның сыртқы сыйпатын анықтайтын белгілерінің бірі ұлттық киімі. Сондықтан ұлттық киім әр халықтың материалдық мәдениетінің бір бөлігі болп саналады. Ұлттық санамыз қайта жаңғырып түрлі мерекелерде қазақы киім киюді қайта салтқа айналдыруға тырысып жатқанмен ұлттық киім әлде болса қазіргі өмірге толық сіңісе қоған жоқ. Ұлттық киім бар да оны кию мәдениеті де бар. Біз сол мәдени дәстүрлі жоғалтып алмауымыз керек. Ал адамдар киіммен өзінің басқаға деген сыйластық сезімін, көңіліндегі қуаныш пен басқа түскен қайғысын да бідіре білген. Қазақтың ұлттық киімінің, жастар киімінің де өз ерекшеліктері бар. Жас деңгейіне қарай бөліну, ер адам киімінен гөрі, әйел адам киіміне тән. Ұлттық киімдерді дәстүрлі әдіспен әшекейлеп әзірлеу қолданбалы ою-өрнекті қолдану ғасырлар бойы сіңірген қазақ халқының өнері болып табылады. Қазақ халқының ұлттық киімдерінің ерекшеліктеріне тоқталсақ. Ондағы оюлардың өзі сонау ата-бабаларымыздың тарихымен астасып жатса керек және осы жылдарға жеткен ою-өрнек түрлерін 4-топқа бөліп қараймыз.
Олар:
1-ші: Зооморфты (аң пішіндес)
2-ші Өсімдік пішіндес
3-ші Геометриялық денелер пішіндес
4-ші Космонологиялық пішіндес түр (көк әлеміне байланысты)
Әсіресе осы оюлардың ішінде өсімдік пішіндес ою-өрнекті көбіне қыз балалардың камзолына, сәукелесіне сәйкестендіріп салып отырған. Ал қазақ халқының жолға шығарда киетін киімдерінің өзіне салынатын оюларды да ерекше болған. Оларға аң пішіндес ою-өрнектер салып отырған. Себебі: «Жортқанда жолың болсын» - деп құстың, аңның бейнесіндегі оюларды келтірген. Сонымен қатар геометриялық оюларды да ер адамдардың киімдеріне салған.
Қазақ шапандары алдыңғы екі өңірі, артқы бой, екі жең және жағасын ойып пішіледі. Артқы бойдың екі жақ шеті алдыңғы өңіргеқусырыларда оның екі жақ етегіне, бел мықынға жеткенше, екі үшкіл қойма қойылады. Оның етек жағы енді, бел жағы енсіз келеді (“шабу” деп атайды). Шапан жеңінің екі беті бір-ақ қиылады. Ұлы жүз қазақтарының шапандары көбінесе жолақты, сырмалы, етек-жеңдері ұзын, әшекейлі келсе, Орта жүз тұрғындарының шапандары көбінесе бір беткей матадан, сырусыз, сирек қабылып, етектері шалғайлы, жеңдері кең, жағалары шолақ оймалы немесе түймелі болған. Кіші жүздің шапандары да шалғайлы, жеңдері ұзын және кең, жүн тартқан, бидайлаған қалың, қайырма жағалы болып тігілген. Қазақтар шапанға шабу, жең түптеріне ойынды, қолтырмаш қояды.
Қазақ халқының ұлттық киімдерінде тұрғындардың ру-тайпалық ерекшеліктері де көрінеді және ол көбіне бас киім мен шапаннан байқалады. Мысалы, 8 сай уақ тымақ, 3 құлақты керей тымақ; қаракесек, адай бөрік, арғын тымақ, қыпшақ тымақ, сырмалаған 6 сай найман тымақ, 4 сай жатаған тобықты тымағы (М.Әуезовтың айтуынша) болған. Аймақ ерекшелігіне қарай Жетісу, Арқа, қоңырат үлгісіндегі тымақтар деген атауларға бөлінеді.
Қазақтар ұлттық киім кигені дұрыс. Ұлттық киімнің тәрбиелік мәні
зор. Рухты тәрбиелейді. Маңғыстау елінде ұлттық киімдердің қазіргі заманға сай үлгіде тігілген керемет киімдерін көруге болады. Менде осы ұлттық киімдеріміздің жандануына, ары қарай үлес қоссам деген ойдамын.
Киім үлгілерінің ұлттық көрінісінің нақыштары, өрнектері, айшықты, ырғақты, стильдерді өз ерекшеліктерімен құнды. Ұлттық киімді әшекейлеп әзірлеу, қолданбалы ою-өрнекті қолдану, ол ғасырлар бойы сіңірген қазақ халқының өнері болып табылады.
2. 2 Қазақ халқының ұлттық киім үлгілері
Қазақ халқының ұлттық киімдері этнологиялық, экономикалық және климаттық жағдайлар ескеріліп, ежелгі дәстүрлер бойынша тігіледі. Қазақтарда ішкі, сырттық, сулық, бір киер, сәндік және кейбірінде салтанат-ғұрып киімдері болады. Бір киер киім деп қымбат маталардан әшекейлеп тігілген, той-думандарға, жиындарға барғанда, жат елге сапарға шыққанда киетін сәнді киімдерді атаған. Қазақ салтында ер жігіт егеске түсерде, соғысқа барарда киімдердің ең жақсы, таңдаулысын киген.
Ішкі киімдері: көйлек, дамбал, желетке, кәзекей;
Сырт киімдерге: шапан, күпі, кеудеше, тон.
Бүгін де қазақтың көзқарасы, дүниетанымы көз алдымызда қатты өзгеріп барады. Мысалы, қазір бөксесі мен омырауын көрсетіп, қысқа етек-жең киіп, ашық-шашық жүргендерге біз реніш көзімен қарамайтын болғанбыз. Қоғамның еті оған әбден үйренген. Тіпті бұлай киінуді мәдениеттіліктің нышаны секілді көретін болдық. Алайда қыз балалардың шариғаттан шалыс, әдет-ғұрыптан қалыс кетуінен бүгін біздің қоғамымызда көптеген күрделі мәселелер туындап отырғанын бүгінде біреу білсе, біреу білмейді. Мәселен, жеңіл киінудің аяғы жеңіл жүріске ұласады. Тарихымызға үңілсек, қазақ қыз бала тәрбиесіне немқұрайлы қарамаған. Қазақ қашан да қыз баланы аялы алақанына салып, мәпелеп еркелетіп, көзінің ағы мен қарасындай қарап, тәнін сау, жанын таза етіп өсіруге тырысқан. Жақсы көрумен бірге өсіп келе жатқан нәзік жандардың тәрбие-тәліміне де немқұрайлы қарамай, қатаң талаптар қоя білген елміз. «Қыз өссе елдің көркі» деп бойжеткендерді тек бір отбасының ғана емес, бүкіл еліміздің мақтанышына, абыройына, тіпті ар-намысына балап келгенбіз. Қыз баланың жүріс-тұрысына, сөзіне, жиған жүгіне, киген киіміне, құйған шайына қарап, ата-бабамыз оның қандай отбасынан шыққанына, қандай ананың тәрбиесінен өткендігіне баға беретін болған. Ал ұятқа қалдырар оғаш қылық жасап қойған қыздарды бүкіл жұрт болып тыюға тырысқан. «Қызға қырық үйден тыю» деген дәстүріміз баршаға ортақ әлеуметтік қағида болған. Әжелер, аналар және жеңгелер жас өспірім қыз баламен оңаша сұхбаттасып, «ұмытшақ болма, ұрысқақ болма, әдепсіз болма» деп тал бойынан тарыдай мін табылмайтындай етіп, арнайы тәрбие беріп, үлкен өмірге даярлап келген. Қыз баланың иба-инабаты, өзгеге ілтипаты, сыртқы бітім-келбеті, киім-кешегі, мінезі, отырысы, жүрісі, тіпті әрбір аяқ басқаны– бәрі назардан тыс қалмаған. Қыз бала өзін дұрыс ұстамаса, қоғамда көптеген түйінді мәселелердің туындауына себеп болып қалатынын да қыздардың құлағына жастайынан сіңіріп отырған ел едік![1]
Еркек киімдерінің ең қымбаттысы — аң терісінен істелген ішіктер. Олар аң түрлерінің атына сәйкес бұлғын ішік, жанат ішік, түлкі ішік, қасқыр ішік, күзен ішік болып бірнеше түрге бөлінген. Аң терісінентігілген ішіктердің сыртын шұға, мауыт, үш топ барқыт, атлас, көк берен, манат, қырмызы торғын, ләмбек сияқты бағалы да ширақы маталармен тыстаған. Кейде осы маталарды бірнеше түсті жібек жіптермен кестелеп, сумоншақ, маржан тізген жіптер бастырып, етек-жеңіне алтын, күміс зер ұстап, кейде бөлек тігілген кестелермен сыртынан қаптап киген. Ішіктер кейде әдіпті, оқалы, шет-шеті жұрындалған қайырма жағалы болып келген. Ал жас қыздар бүрмелі етекті көйлек, бешпет, камзол, қынама бел киімдер киеді. Бастарына үкі кепеш, аяқтарына мәсі, оюлы кебістер киген. Бойжеткен қыздар кәмшат бөрік киеді, сәндеп өрнектеген ақ шыт тартады.[4]
Еркектер көбінесе сырт киімдерін түймесіз, тек белбеумен ғана киген. Белбеуді бірнеше метр матадан ораған. Белдік пен кісені қайыстан, былғарыдан қабаттап, күмісті мықтармен, білезіктермен, көзді күміс бұдырлармен сәндейтін. Бұлардан басқа құр, терме, шекпен белбеулер де болған. Оларды да өрнектеп, шашақтап, әдемілеп істеген.
Қазақ халқының қолынан міне, осындай сан түрлі киім үлгілері жасалып шыққан. Әсіресе, ұлт өмірінде әйел затына арналған киімдердің ерекше рөлі болғаны анық. Себебі, әйел затына ерекше құрметпен қарау дәстүрлі мәдениетіміздің ерекше көрінісі екені күмәнсіз. Халқымыз қыз баланың әсемдігін денесін жалаңаштау арқылы емес, мың құлпырған бояуы қанық, келісті де көрікті киімдері арқылы көрсетуді жөн көрген.
Қазақтың ұлттық киімдері - Еуразия даласын қоныс еткен көшпелі ел қазақтардың басқа халықтарға ұксамайтын киім үлілері табиғи ерекшеліктер мен көшпелі тіршілікке сәйкес қалыптасы. Қазақы киімнің барша сымбаты мен ою-өрнегінде, әрбір әшекейінде халқымыздың тарихының, ой-дүниесінің қайталанбас көрінісі бар. Ол – біздің ұлттық мәдениетіміз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет