Қазақстан Республикасының ғылым және білім министрлігі «Теміртау қаласы №2 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Секциясы : математика



бет7/9
Дата07.02.2022
өлшемі222,02 Kb.
#94029
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
киелі 40 саны

Қырық жамау.1.Сау тамтығы жоқ ескі дүние деген мағынада. Алақөздің үйі қырық жамау, шұрық тесік, ішінен сырттары көрінетін құрым үй болса керек (Билер сөзі, 20-б). Бұл сөйлемнің өзі қырық жамаудың мағынасын ашып тұр.
Сонда да өмірдің сынағына төтеп беріп, қиыншылықтарды жеңіп жатқан арулар көп. Осы себеппен де «Әйел қырық шырақты» саналады, бірі сөнсе, бірі жанады.
Қырық пышақ болғыр – таласып, араздасып, ала ауыз болу.
Қырық иттің құйрығын түйістірген қу – мұнда аса айлакер адам туралы айтылған.
Қырық саққа жүгірту. Сан түрлі құбылту. Әр жерге әр түрлі жеткізу. Бұл жерде қырық сан есімі көптік ұғым беріп тұр. Сақ – тайпа аты, Қырық сақ бізге тарихтан белгілі.
Қырық құбылусөзінде тұрмау, бәтуаздану, сан алуан күйге түсу деген мағынаны білдіреді. Нұржан осы кісінің қылтқып, қысқа күнде қырық рет өзгерген мінезіне таң (О.Бөкеев).
Жазалаудың бір түрі қамшымен дүре соғу. Қырық о баста өте көп деген мәнді береді. Соған байланысты қырық қамшы дүре өте көп дүре соғу десек, екінші жағынан, қасиетті сан қырықпен ұштасып жатыр. Есеней қыз алып
13
қашуға келгендерге қырық қамшы дүре соқтырыпты (Ғ.Мүсірепов). Ғылымымызға, тілімізге байланысты келіп қосылып жатқан жаңалықтарға, жаңа ағымдарға байланысты мақал-мәтелдер толықтырылып, өзінің қорын көбейте береді. 3.3. Сұхбат. Мен өзімнің әжеммен сұхбат алдым.
Сұрақ : Әже, 40 санына байланысты қандай шешендік, көркем, өсиет сөздерді білесіз.
Жауабы : Қырығына шыдаған қырық біріне де шыдайды деген тәуекелшіл, сабырлы қазақ қырық санына ерекше мән берген. Қырықтың бірі – Қыдыр деп ешбір қонағын жатсынбай, қорадағы жалғыз қойын сойып, пайғамбарлардың сүннеті болған қонақ күту салтын орындаған. Біз білетін, білмейтін қырық санының ерекшелігі көп. Толығын да, анығын да Алла біледі. Сіздерге соны ұсынбақпын. Егер алып-қосарларыңыз болса мархабат. 
2. Әулиелердің мешіт-медреселерінің кірер қабырғасында 40 кәрі жілік ілініп тұратын болған. Яғни Ғайып ерен 40 шілтен қорғап жүреді деген мағынада.
3. Нұх пайғамбар заманында жерді топан су басқанда 40 күн бойына су кетпей тұрыпты.
4. Жаңа туылған нәрестені 40 күннен кейін Қырқынан шығару рәсімі жасалады. Иттің мойнына ит көйлек, әр түрлі тәттілер байлап жүгіртеді.


14


Сосын Ит көйлекті біреуге ырымдап береді.
5. Алла Тағаланың ең соңғы пайғамбары Мұхамметке (с.ғ.с) 40 жасында Пайғамбарлық келеді. Содан бастап Ислам діні қанат жайып, өркендей бастайды. 
6. Ішімдік ішкен адамның 40 күнге шейін оқыған намазы мен ұстаған оразасы қабыл болмайды. 
7. Бір ғаріп (соқыр) адамды қолынан ұстап 40 қадам алып жүргенге жұмақ уәжіп болады
8.Сан құдіретіне қатысты мына жайды да айта кетуге тура келеді. Қазақтың жаңа жылы Наурыз айынан басталады. Наурыз көжеде 7 түрлі тағам бар. Сондай-ақ 13 жас бірінші мүшел, 25 жас екінші мүшел, 40 жасы кемел жас, - деп есептеледі. Ертегілерде «Қырық уәзір» айтылады, оның үстіне «Ханда қырық кісінің ақылы бар», «Қырық кісі бір жақ – қыңыр кісі бір жақ», «Қырқында – қыры кеткен» деген аталы сөздер бар-дейді әжем. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет