Қазақстан Республикасының жоғары білім және ғылым министрлігі


Күріш шаруашылығы өнімдерін өндірудің экономикалық тиімділігіне талдау жасау



бет7/9
Дата20.11.2023
өлшемі0,51 Mb.
#192274
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
ПРАКТИКА 3.doc а5ай
Сарсенбай Х ЖТ-С-99, титулка[1но, 8 Ғылыми[1], 8 Ғылыми[1]
8 Күріш шаруашылығы өнімдерін өндірудің экономикалық тиімділігіне талдау жасау

Экономикалық бағалаудың негізгі көрсеткіштері өнімнің көлемі және өнімнің сапасын ескере отырып, аудан бірлігіне шаққандағы көлем мен құндық өлшемдердің артуы болып табылады. Сонымен бірге, ауылшаруашылық дақылдарын өсіруді экономикалық бағалаудың негізгі әдісі - оның өзіндік құнының айырмашылығы мен оны алуға кеткен қосымша шығындарды ескере отырып, оның көрсеткіштерін салыстыру. Далалық тәжірибелерде жаздық жұмсақ бидайды өсірудің экономикалық тиімділігін талдау оның көбінесе тұқымды себу мөлшерімен, өсу реттегіштерін қолданумен және микроэлементтердің нормаларымен анықталатындығын көрсетеді.


Өндірісте тыңайтқыштарды, биологиялық өнімдерді, өсімдіктердің сорттарын пайдалану, ауылшаруашылық дақылдарының өнімін, алынған өнімнің сапасын арттыруды қамтамасыз ететін басқа да агротехникалық шараларды жүзеге асыру көп жағдайда қосымша еңбек шығындарын, материалдық және ақша қаражаттарын қажет етеді, сонымен қатар, сериялық өндіріс технологиялық құралдарының көп мөлшерін пайдалану немесе оларды жаңасына ауыстыру, мамандардың, орындаушылардың кәсіби штатын жетілдіру және т.б. қосымша шығындарды туындатады. Бұл шараларды экономикалық тұрғыдан бағалауды және оларды ұйымдастырушылық негіздеуді қажет етеді.
Күрішті өсірудің экономикалық тиімділігі, басқа дәнді дақылдар сияқты, келесі көрсеткіштер жүйесімен сипатталады.
Ауылшаруашылығы мамандарының алдына қойылған негізгі міндет- ауылшаруашылық дақылдарының өнімділігін көтеру, оны өндіркге кететін шығынын төмендетіп, шаруашылықтың әртүрлі саласының рентабельділігін көтеру.Бұл дегеніміз, шаруашылықтың келешегін, айта берсе оның саяси да, экономикалық болмысын анықтайтын категория.
Шараушылықта дақылдарды өсірудің басты көрсеткіші олардың шараушылыққа келтіретін экономикалық тиімділігі. Егерде шарауашылықта өсірілетін негізгі дақылдың тиімділігі төмен болса, ол жалпы шаруашылықтың дамуын тежейді.
Дақылдың экономикалық тиімділігі өсіру технологиясын толықтай қолданғанда ғана жоғарылайтынын білеміз. Мысалы: аймақта немесе шаруашылықта ұсынылған өсіру технологисы дақылдың өнім потенциялын ашып тиімділігін жоғарылатады.
Күріш дақылын өсіруге экономикалық баға бергенде алдымен мына көрсеткіштер белгілі болуы керек.
Күріш дәнінің өнімділігі, ц/га;

  • Күріш өсіруге 1 гектарға кететін шығын, тг;

  • Күріш дәнінің 1 центнерінің өзіндік құны, тг;

  • 1 ц күріш дәнінің сатылу бағасы, тг;

  • 1 гектардан түсетін шартты таза пайда, тг;

  • Рентабельдік деңгейі, % .

Күріш дақылын өндірудің экономикалық тиімділігін арттыру үшін бұл дақылдың қаншаға түскенін зерттей, өнімнің өзіндік құнының құрамы мен құрылымын анықтай отырып, шығынның қай түрінен жоспардағыдан артық немесе кем жұмсалғанын салыстыру шаруашылықтағы шығындардың дұрыс жұмсалуына бақылау жасау болып табылады.
Ауыл шаруашылығындағы таза табыстың мөлшері (ТТ) өндірілген өнімнің сатылуына, олардың бағаларына және материалдық шығындардың мөлшеріне байланысты. Таза табыс (ТТ) - бұл жалпы өнім (ЖӨ) мәні мен өндірістік шығындар (ӨШ) арасындағы айырмашылық (2):



Ө= ЖӨ - ӨШ.
Рентабельділікті анықтау үшін қолданылатын формула
R=(П /ӨШ)*100%

(2)

4-кесте- Лидер сорты мен Сыр Сұлуы сорттарының экономикалық өнімдігі.





Сорт

Өнімділік ц/га

Өнімнің бағасы, тг/ц

Жалпы өнімнің өзіндік құны, теңге

Өндірістік шығындар, тг

Пайда, тг

Рентабельділік деңгейі,%

Лидер

Бақылау

43

10 000

430000

202000

228000

112

Сыр Сұлуы




21

10
000

220000

100200

119800

119





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет