Қазақстан Республикасының жоғары білім және ғылым министрлігі


Ғылыми-зерттеу жұмысының нәтижелері



бет8/9
Дата20.11.2023
өлшемі0,51 Mb.
#192274
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
ПРАКТИКА 3.doc а5ай
Сарсенбай Х ЖТ-С-99, титулка[1но, 8 Ғылыми[1], 8 Ғылыми[1]
9 Ғылыми-зерттеу жұмысының нәтижелері

Осы жыл әрине егін жинаумен оны бастырумен, тазалау содай-ақ кептіру сынды жұмыстармен басталғаны мәлім. Осы орайда күріш шаруашылығының жай күйінде көңіл толарлықтай көрсеткішке ие болдық. Осы өндірістік тәжірибеде күріштің орылуын, жиналуын, бастырылуын, кептірілуі мен сақталуын және экономикалық өнімділігі мен тиімділігін зерттеп өткен жылдың көрсеткіштерімен салыстыра білдім. “Жаңатұрмыс и К” шаруақожалығында осы аталған жұмыстардың барлығы дерлік атқарылды. Зерттеу жұмысым 2022 ж мен биылғы 2023 ж күзгі науқан кезеңіндегі Лидер сорты мен Сыр Сұлуы сорты болды. Төмендегі кестеде 2022-2023 жж егілген өнім көрсеткіштері көрсетілген.


5-кесте- 2023 ж Лидер сорты мен Сыр Сұлуы сортының көрсеткіші.





Егіс көлемі

Сорты

Тыңайтқыш беру мөлшері







Азот

Аммафоз







1га-ға

барлығы

1га-ға

барлығы

140 га

Лидер

700

98 т

120

16 т 800 кг

10 га

Сыр Сұлуы

700

7 т

120

1 т 200 кг

6-кесте- 2023 ж Лидер сортының көрсеткіші.



Егіс көлмі

Сорты

Тыңайтқыш беру мөлшері







Азот

Аммафоз







1га-ға

барлығы

1га-ға

барлығы

150

Лидер

700

105 т

120

18 000 кг

Лидер сортынан 140 га жерден 1 га-ға шаққанда 43 ц өнім алынды. Және Сыр Сұлуы сортынан 10 га жерден 1 га-ға шаққанда 21 ц өнім алынды. Аталған екі сорттың өзіндік ерекшелігі мен қатар өнімділік деңгейі де белгілі болды. Лидер сортының өнімділігі 112 ал Сыр Сұлуы сортының өнімділігі 119 екені анықталды.
Қорытынды

Биыл алғаш рет «Сыр сұлуы» күріш сорты 10 гектар алқапқа егілді. Оның әр гектарынан 21 центнер өнім алдық. Бұл сортты Қазақстанның күріш өсіретін барлық аймағында егуге болады. Ауа райының қолайсыз жағдайы мен топырақ ерекшелігінен қауіптенудің қажеті жоқ. Себебі, сапалы әрі мол өнім алуға толық мүмкіндік бар. Егіс алқабында бұған дейін күріштің «Лидер» деп аталатын сорты егіліп келеді. «Сыр сұлуы» сорты «Лидер» сортынан ерте мерзімде піседі.


Қазір бәсекелестік орнаған заман. Тұтынушының талабына сай өнім шығару – бүгінгі күннің басты қажеттілігі. Қазір күрішке сұраныс көп. Тұтынушы жергілікті базарға келгенде алдымен оның түріне, содан соң тауардың белгісі мен жылтырлығына аса мән береді. Көпшілік өнімнің ұзынша әрі ірі болғанын қалайды. Қала тұрғындары күріштің сапасына қатысты былай дейді:
– Қазір дүкенге барсақ, күріштің сан түрі самсап тұр. Көбіне «Элита» сортын тұтынамыз. Бірақ, қазір оның сапасы да әртүрлі. Сыртқы қабы мен қағазы бірдей болғанымен, кей жағдайда күріштің құрамы көңіл көншіте бермейді. Сол себепті ең алдымен оның ірі әрі бүтін болғанын қалаймыз.
Тұтынушының талабын ескерсек ғылыми-зерттеу орталығының ғалымдары да осындай сұрыптар дайындауға жұмыс жасап келеді. Соңғы шығарылған «Сыр сұлуы» сорты аталған талаптарға сай келеді. Ал егу технологиясына келетін болсақ, Сыр өңірінде суға бастырып егу әдісі кеңінен қолданылады. Оның үстіне қазір күрішке тек астық ретінде қарайтын заман емес. Оның басқа да қасиеттерін ашып, өндірістің басқа да саласына пайдалану мүмкіндігі туып отыр. Мәселен, шет елде оның сыртқы майын алу үшін озық технология ойлап тапқан. Алынған майды машина жөндеу саласына қолданып жүр. Сонымен бірге сабақтарын нығыздап, отын ретінде қолдану арқылы түрлі бұйымдар жасау жолға қойылған. Ал біздің ел әлі мұндай жетістікке жеткен жоқ.
Қосымша айта кететін жағдай, яғни ұсыныс ретінде Лидер мен Янтарь сортын будандастыру арқылы «Сыр сұлуы» сортын алған. Бұл сорт тек қана Қызылорда облысынан басқа ешқандай облыс болсын, қала немесе ауыл болсын егістік алқаптарында өсірілмейтіндіктен Сыр сұлуы атауы берілген болатын. Бірден бір ерекшелігі осында. Лидер сортымен салыстырар болсам, Лидер 120 күн ішінде пісіп шықса, Сыр сұлуы 90 күнде пісе бастайды. Көлеміде басқа сорттарға қарағанда қомақты, және ерте пісетіннде. Келешекте осы Сыр сұлуы сортын өсіру арқылы мол өнім алуға болады деп үміттенемін.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет