Қазақстан Республикасының жоғары білім және ғылым министрлігі


Практикадан өту орнының сипаттамасы



бет2/2
Дата20.11.2023
өлшемі49,56 Kb.
#192277
1   2
Байланысты:
титулка[1но
Сарсенбай Х ЖТ-С-99, ПРАКТИКА 3.doc а5ай, 8 Ғылыми[1], 8 Ғылыми[1]
1.Практикадан өту орнының сипаттамасы


Агробиологиялық станция


Құрылған жылы: 1959 ж.


Орналасқан жері: Петропавл қаласы шегінде 8 км жерде.


Сол уақыттан бастап осы күнге дейін бұл жерде өсімдік шаруашылығы, ботаника, өсімдіктер физиологиясы, көкөніс шаруашылығы, жеміс шаруашылығы бойынша оқу практикалары өткізілуде.
Агробиологиялық станцияның мақсаты – студенттер ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеу бойынша теориялық білімдерін бекітетін, ауыл шаруашылығы техникасымен танысатын оқу және өндірістік практикалар өткізу.


АБС-да барлығы 7 аймақ бар:


1. аймақ
Жеміс-жидек питомнигіне (тәлімбағына) жоспарланған


2.аймақ
"Ауыл шаруашылығы" кафедрасының пәндері бойынша оқу – практикалық сабақтарды өткізуге арналған жинақтық – тәжірибелік аймақ.
Аймақ бөлінген:
- гүлбақ (н/е гүлбақша)
- жеміс дақылдары;
- жидек дақылдары;
- көкөніс дақылдары


3.аймақ
Дендрарий. Мұнда дендрологиялық зерттеулер жүргізіледі


4.аймақ
Гүлді-сәндік аймақ.(н/е Гүлді-декоротиваті аймақ)


5.аймақ
Студенттермен ғылыми зерттеулер жүргізуге, студент – дипломшылардың эксперименттік жұмыстарына, "XXI ғасырдың агрономы" үйірмесінің жұмысына, магистрлік жұмыстарды белгілеуге арналған тәжірибелік бөлім.


2. Агробиологиялық станцияның топырақ-климаттық сипаттамасы

Солтүстік Қазақстан үлкен материктің ойпат жерінде орналасқан, климаты шұғыл континенталды. Соған сәйкес, аймақтың қысы үзақ, әрі суық, қатты желмен және боранмен болса, қысы қысқа және ыстық болады.


2012 жылғы вегетация үшін тиімді температура 1275 0С норма көлемінде 862,5 0С құрады.Тиімді температуралардың жиналуы жылы мамыр есебінен жүргізілді. Көпжылдық көрсеткіштерге қарағанда мамыр 0,9 0С (108 %) жылырақ болды. Маусым айында ауа температурасы 1,1 0С (107 %) жоғары болды. Шілде айында жылу жетіспеушілігі 0,9 0С-қа (95 %) байқалды. Тамыз және қыркүйек айларында ауа температурасы көпжылдық орташа нормаға қарағанда 108 % және 122 %-ды құрады.
2012 жылғы вегетационды кезеңде 153,2 мм жауын-шашын болды, бұл көпжылдық орташа нормаға қарағанда 65,4 % құрайды – 234 мм. Ең көп жауын -шашын мөлшері 66,7 мм (79,4 %) тамыз айына сай келгенін ескеру керек. Тамыз айында жауын шашын мөлшері нормаға (58 мм) және тіпті 108 % (62,6 мм) асып отырды, ал басқа айларда көпжылдық орташа мәліметтерге қарағанда төмен болды. Нормаға (63 мм) қарағанда ең аз жауын шашын маусым айында 27 % (17 мм) болды – дәнді дақылдар дамуының критикалық кезеңі. Бұл топырақтың тамырлық қабатының ылғалдылығына айтарлықтай әсер етеді. Маусым-тамыз айларындағы орташа ауа температурасы 16,9 0С құрады, бұл көпжылдық орташа көрсеткіштерден 0,5 0С көп.
2013 жылғы климаттық жағдай мамыр-маусым айларында суық ауа температураларымен және жауын-шашынның аз түсуімен, шілде айындағы жауын-шашынның аздығымен қоса суық температурамен, тамыз және қыркүйек айлары ыстық және қуаңшылықпен сипатталады. Жаздың үш айында жауын шашын 146 мм құрады, бұл көпжылдық орташа норманың 71 % -на сай.

1 сурет – 2012-2014 жылғы тәуліктік орта ауа температурасы, 0С



2 сурет – 2012-2014 жылдарындағы жауын-шашын мөлшері, мм

2014 жылғы ауа райы жағдайы орташа нормаларынан жауын-шашынның жеткіліксіз болуымен және вегетационды кезіндегі ауа райы температурасының жоғары болуымен ерекшеленді. Бұл арамшөпті өсімдіктердің сандық және түрлік құрамына тікелей әсер етті.


Зерттеулер СҚО орманды дала зонасында орналасқан «Наурыз 2030» ЖШС тәжірибе учаскесінде жүргізілді. Бұл аймақтың жері негізінен кәдімгі орташа күшті қара топырақ болып табылады.
Жер пішінінде келесі горизонттарды бөледі:
А0 – қуаттылығы 5 см дейін болатын далалы киіз, жыртылатын жерлерде болмайды.
А(Ажыр1) – қарашірікті, біркелкі қара немесе қар сұр түсті, құрылымы түйіршікті немесе ұсақ кесекті, су ұстағыштығы жоғары, борпылдақ, қуаттылығы 30-60 см.
В1қарашірікті горизонт жалғасады, А горизонтымен салыстырғанда біршама ашық, негізінен қоңыр түске ие, құрылымы дәнді-түйіршікті немесе кесекті. Құрылымдық агрегаттары А горизонтына қарағанда ірі. Қуаттылығы 40-60см.
Вк – аналық тау жынысына ауысатын балшықты-карбонатты горизонт, немесе қарашірік құйылымды горизонт, қоңыр-қара тілімдер түріндегі қарашірік ағындардың арқасында біртекті емес,құрылымы ірі кесекті немесе жаңғақты-призмалы, карбонаттардың жиынтығы ала түстер, әкті зең немесе ақ көзшелер түрінде.
С(Ск) - аналық (карбонатты) тау жынысы, қуаң немесе ашық қоңыр түсті, бүркенішті мицелий, тырнашалар, ақ көзшелер түріндегі кальций карбонатының жиынтықтары HCl дан күшті көбіктенеді. 1,5-2,0 м тереңдікте гипстың жинақтары байқалады.


3. АБС-та бар ағаш тұқымдарын жинау


Емен тұқымдарын жинау, егуге дайындау, егу. Емен негізінен тұқымы арқылы көбейеді. Сəуір-мамыр айларында гүлдеп, қыркүйек-қазан айларында жеміс береді. Тұқымы жаңғақ, оны қыркүйек айында, жауын-шашын аз болып, ауа, топырақ құрғақ болған кезде жинаған дұрыс. Емен жаңғағын жинағанда оның қабығының шытынамағаны дұрыс. Шытынаған жағдайда ол жерлерге микробтар түсіп, ылғал болған жағдайда тұқымдарды шірітеді. Жиналған жаңғақ тұқымы 10-15 күн “жатып сақталуы” керек, сосын егуге болады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет