Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі


-бап. Дара кәсіпкерлерді мемлекеттiк тiркеу тәртібі



бет10/160
Дата06.02.2022
өлшемі294,1 Kb.
#76498
түріКодекс
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   160
36-бап. Дара кәсіпкерлерді мемлекеттiк тiркеу тәртібі
РҚАО-ның ескертпесі!
1-тармақтың бірінші абзацының қолданысқа енгізілу тәртібін ҚР 29.10.2015 N 375-V Кодексінің 324-бабының 4-тармағынан қараңыз.
1. Дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу үшін жеке тұлға мемлекеттік кірістер органына тікелей немесе «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы:
1) салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілеті орган бекіткен нысан бойынша салықтық өтінішті;
2) дара кәсіпкердің орналасқан жерін растайтын құжатты ұсынады.
Мекенжай анықтамасы не жылжымайтын мүлiкке меншік немесе оны пайдалану құқығын растайтын құжат дара кәсiпкердiң орналасқан жерiн растайтын құжат болып табылады.
Осы тармақта көрсетілген құжаттарды өз бетімен ұсынған кезде жеке тұлға жеке басын куәландыратын құжатты көрсетеді.
Салықтық өтінішті «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы электрондық нысанда берген кезде осы тармақтың бірінші бөлігінің 2) тармақшасында көрсетілген құжатты ұсыну талап етілмейді.
Егер өтiнiш берушi кәмелет жасына толмаған жағдайда, жоғарыда тізбеленген құжаттарға заңды өкілдердің келiсiмi, ал мұндай келiсім болмаған кезде – неке қию (ерлі-зайыпты болу) туралы куәліктің көшірмесі не қорғаншылық және қамқоршылық органның шешімі немесе кәмелет жасына толмаған адамды толығымен әрекетке қабiлеттi деп жариялау туралы сот шешiмi қоса берiледi.
Өзге құжаттарды талап етуге тыйым салынады.
2. Жеке тұлға осы баптың 1-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынған кезден бастап мемлекеттік кіріс органы бір жұмыс күні ішінде дара кәсіпкерді (бірлескен дара кәсіпкерлікті) мемлекеттік тіркеуді жүргізеді не мұндай тіркеуден бас тартады.
Мемлекеттік кіріс органы, егер:
1) өтініш беруші әрекетсіз заңды тұлғалардың жалғыз құрылтайшысы (қатысушысы) және (немесе) басшысы болып табылған және (немесе) әрекетке қабілетсіз немесе әрекетке қабілеті шектеулі деп танылған және (немесе) хабарсыз кеткен деп танылған және (немесе) қайтыс болды деп жарияланған және (немесе) оның Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 215, 238 және 240-баптары бойынша қылмыстары үшін жойылмаған немесе алынбаған сотталғандығы болған;
РҚАО-ның ескертпесі!
2) тармақша 06.02.2016 бастап қолданысқа енгізіледі - ҚР 29.10.2015 N 375-V Кодексімен.
2) өтініш беруші Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес терроризмді және экстремизмді қаржыландыруға байланысты ұйымдар мен тұлғалар тізбесіне енгізілген тұлға болып табылған;
3) салықтық өтініште көрсетілген, жеке басты куәландыратын құжаттың деректері сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдеріндегі мәліметтерге сәйкес келмеген;
4) салықтық өтініште көрсетілген орналасқан жері «Мекенжай тіркелімі» ақпараттық жүйесінде болмаған жағдайда, дара кәсіпкерді (бірлескен дара кәсіпкерлікті) мемлекеттік тіркеуден бас тартуды жүргізеді.
3. Мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiк беруге арналған өтiнiште, сондай-ақ бiрлескен қызмет туралы шартта (жай серiктестiк шартында) көрсетiлген деректер өзгерген кезде, дара кәсiпкер (бiрлескен дара кәсiпкерлiктiң уәкiлеттi адамы) өзгерiстер туралы мемлекеттік кіріс органына осы орган белгiлеген нысан бойынша хабарлауға мiндеттi.
4. Дара кәсіпкер ретінде тіркеу үшін өтініш беруші салықтық өтінішті мемлекеттік кіріс органына өз бетімен қағаз жеткізгіште не «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы электрондық нысанда ұсынуға құқылы.
Кәмелет жасына толмаған жеке тұлға дара кәсіпкер ретінде тіркелген жағдайда, салықтық өтінішті өз бетімен қағаз жеткізгіште ұсынады.
5. Бiрлескен дара кәсiпкерлiктi тiркеу кезiнде өтiнiштi үшiншi тұлғалармен және мемлекеттiк органдармен қатынастарда мүдделерiн бiлдiруге уәкiлеттiк берілген адам бередi.
РҚАО-ның ескертпесі!
37-бапты алып тастау көзделген - ҚР 29.03.2016 № 479-V Заңымен (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі).

Каталог: sites -> atyrau.gov.kz -> uploads
uploads -> 2011-2015 жылдарға арналған Атырау қаласының Аумақтық даму бағдарламасын іске асырылуы туралы есеп
uploads -> Атырау облысы бойынша тіркелген бұҚаралық АҚпарат қҰралдары 2017 жылдың ақпан айы жағдайымен
uploads -> Атырау облысы бойынша тіркелген БҰҚаралық АҚпарат қҰралдары 2016 жылдың 31 тамыз жағдайымен
uploads -> Отчет о ходе исполнении государственной программы развития и функционирования языков в Республике Казахстан на 2011 2020 годы
uploads -> Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының орындалу барысы туралы есеп
uploads -> Аумақтың негізі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері
uploads -> Товарищество с ограниченной ответственностью «Structural Engineering» Номер государственной лицензии: 15007055 от


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   160




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет