Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі


ІС-ҚИМЫЛЫНЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ НЕГІЗДЕРІ



бет2/160
Дата06.02.2022
өлшемі294,1 Kb.
#76498
түріКодекс
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   160
ІС-ҚИМЫЛЫНЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1-бап. Қазақстан Республикасының кәсіпкерлік саласындағы
заңнамасы
1. Қазақстан Республикасының кәсіпкерлік саласындағы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және осы Кодекс пен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.
2. Қатысушылардың теңдігіне негізделген тауар-ақша және өзге де мүліктік қатынастар, сондай-ақ мүліктік қатынастарға байланысты жеке мүліктік емес қатынастар Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасымен реттеледі.
3. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Кодексте көзделгеннен өзгеше қағидалар белгіленсе, онда халықаралық шарттың қағидалары қолданылады.
4. Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде қамтылған Қазақстан Республикасының кәсіпкерлік саласындағы заңнамасы нормаларының олқылықтары немесе осы Кодекстің ережелеріне қайшылықтары анықталған жағдайда, осы Кодекстің ережелері қолданылады.
5. Кәсіпкерліктің жекелеген түрлерін жүзеге асырудың ерекшеліктері Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленеді.
2-бап. Кәсіпкерлік ұғымы және оны құқықтық реттеудің
шектері
1. Азаматтардың, оралмандардың және заңды тұлғалардың мүлікті пайдалану, тауарларды өндіру, сату, жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету арқылы таза кіріс алуға бағытталған, жеке меншік құқығына (жеке кәсіпкерлікке) не шаруашылық жүргізу немесе мемлекеттік кәсіпорынды жедел басқару құқығына (мемлекеттік кәсіпкерлікке) негізделген дербес, бастамашыл қызметі кәсіпкерлік болып табылады. Кәсіпкерлік қызмет кәсіпкер атынан, оның тәуекел етуімен және мүліктік жауапкершілігімен жүзеге асырылады.
2. Кәсіпкерлік қызмет тек Қазақстан Республикасының заңдарымен ғана шектелуі мүмкін.
3. Мемлекеттік органдардың жекелеген кәсіпкерлік субъектілерінің артықшылықты жағдайын белгілейтін нормативтік құқықтық актілер қабылдауына тыйым салынады.
3-бап. Кәсіпкерлік субъектілері мен мемлекеттің өзара

Каталог: sites -> atyrau.gov.kz -> uploads
uploads -> 2011-2015 жылдарға арналған Атырау қаласының Аумақтық даму бағдарламасын іске асырылуы туралы есеп
uploads -> Атырау облысы бойынша тіркелген бұҚаралық АҚпарат қҰралдары 2017 жылдың ақпан айы жағдайымен
uploads -> Атырау облысы бойынша тіркелген БҰҚаралық АҚпарат қҰралдары 2016 жылдың 31 тамыз жағдайымен
uploads -> Отчет о ходе исполнении государственной программы развития и функционирования языков в Республике Казахстан на 2011 2020 годы
uploads -> Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының орындалу барысы туралы есеп
uploads -> Аумақтың негізі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері
uploads -> Товарищество с ограниченной ответственностью «Structural Engineering» Номер государственной лицензии: 15007055 от


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   160




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет