Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі


мүшелерінің құқықтары және міндеттері



бет13/160
Дата06.02.2022
өлшемі294,1 Kb.
#76498
түріКодекс
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   160
мүшелерінің құқықтары және міндеттері
1. Шаруа немесе фермер қожалығының басшысы:
1) жеке және заңды тұлғалармен қатынастарда шаруа немесе фермер қожалығының мүдделерін білдіруге;
2) Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынбаған азаматтық-құқықтық мәмілелерді жүзеге асыруға;
3) ұзақ уақыт болмаған жағдайда қожалық мүшелерінің біреуіне өзінің функцияларын орындауға уәкілеттік беруге;
4) шаруа немесе фермер қожалығы қызметінің негізгі бағыттарын айқындауға;
5) ішкі қағидаларды, оларды қабылдау рәсімдерін және шаруа немесе фермер қожалығының ішкі қызметін реттейтін басқа да құжаттарды бекітуге;
6) шаруа немесе фермер қожалығының заңды тұлғаларды құруға және олардың қызметіне қатысуы туралы мәселені шаруа немесе фермер қожалығы мүшелері жалпы жиналысының қарауына шығаруға;
7) осы Кодексте және Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.
2. Шаруа немесе фермер қожалығының басшысы:
1) шаруа немесе фермер қожалығының есебі мен есептілігін жүргізуді ұйымдастыруға;
2) шаруа немесе фермер қожалығының мүшелері жалпы жиналысының Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін шешімдерін өз құзыреті шегінде орындауға;
3) шаруа немесе фермер қожалығының мүшелері үшін еңбек жағдайларын жасауға;
4) жалдамалы жұмыскерлерді жұмысқа қабылдаған кезде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес еңбек шарттарын жасасуға, жұмыс беруші актілерін шығаруға;
5) осы Кодексте және Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де міндеттерді жүзеге асыруға міндетті.
3. Шаруа немесе фермер қожалығының мүшелері:
1) шаруа немесе фермер қожалығы мүшелерінің жалпы жиналысында айқындалатын тәртіппен шаруа немесе фермер қожалығынан өз еркімен шығуға;
2) шаруа немесе фермер қожалығының қызметі туралы ақпарат алуға, оның ішінде осы қожалықтың бухгалтерлік есебінің, қаржылық есептілігінің деректерімен және басқа да құжаттамасымен танысуға;
3) шаруа немесе фермер қожалығы мүшелерінің жалпы жиналысына және (немесе) мемлекеттік органдарға басшының және басқа да мүшелердің құқыққа сыйымсыз әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағыммен жүгінуге;
4) өздерінің құқықтары мен заңды мүдделері бұзылған жағдайда, шаруа немесе фермер қожалығы басшысының және мүшелері жалпы жиналысының шешімдеріне сот тәртібімен шағым жасауға;
5) осы Кодексте және Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.
4. Шаруа немесе фермер қожалығының мүшелері:
1) шаруа немесе фермер қожалығы мүшелері жалпы жиналысының шешімдерін орындауға;
2) шаруа немесе фермер қожалығының ішкі құжаттарының талаптарын сақтауға;
3) шаруа немесе фермер қожалығының басшысы ауысқан жағдайда, қожалықты тіркеген органдарға бұл туралы ортақ өтінішпен хабарлауға;
4) осы Кодексте және Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де міндеттерді жүзеге асыруға міндетті.
44-бап. Шаруа немесе фермер қожалығын құру ерекшеліктері
1. Шаруа немесе фермер қожалығы ерікті негізде құрылады және жер учаскесіне құқық мемлекеттік тіркелген кезден бастап, ал Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларда, дара кәсіпкер ретінде тіркелгеннен кейін құрылды деп есептеледі.
2. Бірлескен кәсіпкерлікке негізделген шаруа немесе фермер қожалығын тіркеген кезде мемлекеттік тіркеу туралы куәлік шаруа немесе фермер қожалығының басшысына беріледі. Куәлікке мемлекеттік кіріс органы куәландырған шаруа немесе фермер қожалығы мүшелерінің тізімі қоса беріледі.
45-бап. Шаруашылық жүргiзу нысаны ретiндегi шаруа немесе

Каталог: sites -> atyrau.gov.kz -> uploads
uploads -> 2011-2015 жылдарға арналған Атырау қаласының Аумақтық даму бағдарламасын іске асырылуы туралы есеп
uploads -> Атырау облысы бойынша тіркелген бұҚаралық АҚпарат қҰралдары 2017 жылдың ақпан айы жағдайымен
uploads -> Атырау облысы бойынша тіркелген БҰҚаралық АҚпарат қҰралдары 2016 жылдың 31 тамыз жағдайымен
uploads -> Отчет о ходе исполнении государственной программы развития и функционирования языков в Республике Казахстан на 2011 2020 годы
uploads -> Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының орындалу барысы туралы есеп
uploads -> Аумақтың негізі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері
uploads -> Товарищество с ограниченной ответственностью «Structural Engineering» Номер государственной лицензии: 15007055 от


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   160




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет