Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі


іс-қимылының мақсаттары мен қағидаттары



бет3/160
Дата06.02.2022
өлшемі294,1 Kb.
#76498
түріКодекс
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   160
іс-қимылының мақсаттары мен қағидаттары
1. Кәсіпкерлік субъектілері мен мемлекеттің өзара іс-қимылы Қазақстан Республикасында кәсіпкерлікті дамыту және қоғам үшін қолайлы жағдайлар жасауға, кәсіпкерлік бастаманы ынталандыруға бағытталады.
2. Кәсіпкерлік субъектілері мен мемлекеттің өзара іс-қимылының қағидаттары мыналар болып табылады:
1) заңдылық;
2) кәсіпкерлік еркіндігі;
3) кәсіпкерлік субъектілерінің теңдігі;
4) меншікке қол сұғылмаушылық;
5) адал бәсекелестік;
6) тұтынушылар, кәсіпкерлік субъектілері және мемлекет мүдделерінің теңгерімі;
7) мемлекеттік органдар қызметінің ашықтығы және ақпаратқа қолжетімділік;
8) кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеудің тиімділігі;
9) кәсіпкерлік субъектілерінің өз құқықтары мен заңды мүдделерін өз бетінше қорғау қабілеттілігін арттыру;
10) құқық бұзушылықтың алдын алу басымдығы;
11) кәсіпкерлік субъектілері мен мемлекеттің өзара жауапкершілігі;
12) сыбайлас жемқорлықтан азат болу;
13) кәсіпкерлік қызметті ынталандыру және оны қорғау мен қолдауды қамтамасыз ету;
14) отандық тауарлар өндірушілерді, жұмыс орындаушыларды, қызмет көрсетушілерді қолдау;
15) мемлекеттің кәсіпкерлік субъектілерінің ісіне заңсыз араласуына жол бермеу;
16) жеке кәсіпкерлік субъектілерінің норма шығарушылыққа қатысуы;
17) кәсіпкерліктің әлеуметтік жауапкершілігін ынталандыру;
18) мемлекеттің кәсіпкерлік қызметке шектеулі қатысуы;
РҚАО-ның ескертпесі!
19) тармақша өзін-өзі реттеу туралы заңнамалық акт қолданысқа енгізілгеннен кейін қолданысқа енгізіледі - ҚР 29.10.2015 N 375-V Кодексімен.
19) өзін-өзі реттеу.
4-бап. Заңдылық
1. Кәсіпкерлік субъектілері кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру кезінде, мемлекеттік органдар, мемлекеттік органдардың лауазымды адамдары кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеуді жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасы Конституциясының, осы Кодекстің және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінің талаптарын сақтауға міндетті.
2. Мемлекеттік органдардың Қазақстан Республикасының Конституциясына және оған сәйкес келетін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне мазмұны, ресімделуі және (немесе) оларды қабылдау рәсімдері бойынша қайшы келетін актілері мен шешімдері қабылданған кезінен бастап заңсыз әрі жарамсыз деп танылады және күші жойылуға жатады.
5-бап. Кәсіпкерлік еркіндігі
1. Әркімнің кәсіпкерлік қызмет еркіндігіне, өз мүлкін кез келген заңды кәсіпкерлік қызмет үшін еркін пайдалануға құқығы бар.
2. Кәсіпкерлік субъектілері Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынбаған кез келген кәсіпкерлік қызмет түрлерін жүзеге асыруға құқылы.
6-бап. Кәсіпкерлік субъектілерінің теңдігі
1. Кәсіпкерлік субъектілері өздерінің меншік нысанына және кез келген өзге де мән-жайларға қарамастан, заң мен сот алдында тең.
2. Кәсіпкерлік субъектілері кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру кезінде тең мүмкіндіктерге ие болады.
7-бап. Меншікке қол сұғылмаушылық
1. Кәсіпкерлік субъектілерінің меншігіне қол сұғылмаушылыққа заңмен кепілдік беріледі.
2. Кәсіпкерлік субъектілері заңды түрде сатып алған кез келген мүлікті меншігінде иелене алады.
3. Сот шешімінсіз кәсіпкерлік субъектілерін өз мүлкінен айыруға болмайды. Заңда көзделген айырықша жағдайларда мүлікті мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару тең бағамен өтелген жағдайда жүргізілуі мүмкін.
8-бап. Адал бәсекелестік
1. Бәсекелестікті шектеуге немесе жоюға, тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделеріне қысым көрсетуге бағытталған қызметке, жосықсыз бәсекелестікке тыйым салынады.
Монополистік қызмет заңмен реттеледі және шектеледі.
2. Монополияға қарсы реттеу бәсекелестікті қорғау, тауар нарықтарының тиімді жұмыс істеуі үшін жағдайлар жасау, экономикалық кеңістіктің біртұтастығын, Қазақстан Республикасында тауарлардың еркін өткізілуін және экономикалық қызметтің еркіндігін қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылады.
9-бап. Тұтынушылар, кәсіпкерлік субъектілері және

Каталог: sites -> atyrau.gov.kz -> uploads
uploads -> 2011-2015 жылдарға арналған Атырау қаласының Аумақтық даму бағдарламасын іске асырылуы туралы есеп
uploads -> Атырау облысы бойынша тіркелген бұҚаралық АҚпарат қҰралдары 2017 жылдың ақпан айы жағдайымен
uploads -> Атырау облысы бойынша тіркелген БҰҚаралық АҚпарат қҰралдары 2016 жылдың 31 тамыз жағдайымен
uploads -> Отчет о ходе исполнении государственной программы развития и функционирования языков в Республике Казахстан на 2011 2020 годы
uploads -> Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының орындалу барысы туралы есеп
uploads -> Аумақтың негізі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері
uploads -> Товарищество с ограниченной ответственностью «Structural Engineering» Номер государственной лицензии: 15007055 от


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   160




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет