Қазақстан республикасының орта білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың


Қазақстанда оқу жылының мерзімі екі аптаға ұзартылды. Мектеп оқушыларының демалысы қысқартылды, деп хабарлайды Zakon.kz



бет2/3
Дата01.09.2022
өлшемі246,43 Kb.
#148532
1   2   3
Байланысты:
джомартовабиохимимп2022

Қазақстанда оқу жылының мерзімі екі аптаға ұзартылды. Мектеп оқушыларының демалысы қысқартылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жаңа 2022-2023 оқу жылы дәстүрлі түрде 1 қыркүйекте басталады.
1-сыныптарда оқу жылының ұзақтығы 35 оқу аптасын, 2-11 (12) сыныптарда 36 оқу аптасын құрайды.
Оқу жылындағы демалыс күндері:
1-11 (12) сыныптарда:
күз – 7 күн (2022 жылдың 31 қазанынан 6 қарашасын қоса алғанда);
қыс – 9 күн (2022 жылғы 31 желтоқсаннан 2023 жылғы 8 қаңтарды қоса алғанда);
көктемгі – 9 күн (2023 жылғы 18 наурыздан 26 наурызды қоса алғанда).
1-сыныпта қосымша демалыстар белгіленеді – 7 күн (2023 жылғы 6 ақпаннан 12 ақпанды қоса алғанда).
Бұрын 1-сыныптарда оқу жылының ұзақтығы 33 оқу аптасын, 2-11 (12) сыныптарда 34 оқу аптасын құраған.
https://kaz.zakon.kz/6011747-2022-2023-zhana-oku-zhylynda-balalar-kalai-demalady.html
«ХИМИЯ» ПӘНІН ОҚЫТУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ, 7-11 – СЫНЫПТАР
1. Жалпыға міндетті білім беру стандартындағы оқу пәніне байланысты енгізілген өзгерістер мен толықтырулар
Қазақстан Республикасы Ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығымен бекітілген жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының 34-тармағына сәйкес 10-11 сыныптарда "Химия" оқу пәні бойынша оқытудың екі бағыты бойынша сабақтар өткізу кезінде білім алушылар санына қарамастан қалалық, ауылдық білім беру ұйымдарында, шағын жинақталған мектептерде сабақ өткізу кезінде сыныпты топтарға бөлуге жол беріледі
2. Үлгілік оқу жоспарындағы оқу пәніне байланысты енгізілген өзгерістер мен толықтырулар Республиканың жалпы білім беретін мектептеріндегі оқу процесі ҚР Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығымен бекітілген Үлгілік оқу жоспарларымен (2022 жылғы 26 қаңтардағы №25 бұйрығымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген) жүзеге асырылады. «Тиісті үлгідегі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» ҚР БҒМ 2018 жылғы 30 қазандағы № 595 бұйрығына сәйкес білім беру ұйымдары меншік түрі мен нысанына қарамастан, үлгілік оқу жоспарын, оның ішінде оқу процесі жүзеге асырылатын оқу жүктемесі төмендетілген үлгілік оқу жоспарларын дербес таңдап алады. Сондықтан, Үлгілік оқу жоспарының түріне байланысты негізгі орта және жалпы орта білім беру деңгейінде «Химия» пәнін оқытуға бөлінген оқу жүктемесінің көлемі әртүрлі болуы мүмкін.
Үлгілік оқу жоспарының түрлеріне қарай негізгі орта және жалпы орта білім беру деңгейлерінде «Химия» пәнін оқытуға бөлінген оқу жүктемесінің көлемі 15.1-кестеде көрсетілген.
15.1-кесте. 7-11-cыныптарда «Химия» пәнін оқытуға бөлінген оқу жүктемесінің көлемі
Оқу жылының ұзартылуына байланысты пайда болған қосымша сағаттарды қайталау, өткен материалды бекіту және күрделі тақырыптарды зерттеу үшін пайдалану ұсынылады.
Оқу жүктемесі төмендетілген Үлгілік оқу жоспарына сәйкес (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 26 қаңтардағы № 25 бұйрығымен толықтырулар енгізілген)
7-9-сыныптарда 1 сағат көлемінде оқытылатын «Химия» пәні бойынша вариативті компоненттен 2 сағат алуға мүмкіндік берілген:- оқу пәндері: «Биология», «Химия» және инвариантты компоненттен таңдалатын бір пән;
- оқу пәндері: «Химия», «Физика» және инвариантты компоненттен таңдалатын бір пән; алушылардың қажеттілігіне қарай «Қазақстан тарихы» оқу пәнін таңдай алады.
Жалпы орта білім беру деңгейінің 10-11-сыныптарына арналған
жаратылыстану-математикалық бағыттағы «Химия» пәнінен үлгілік оқу
бағдарламасында (2 сағат) оқыту мақсаттары қысқартылды.
Жалпы орта білім беру деңгейінің қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы
10-11-сыныптары үшін «Химия» пәнінен оқу бағдарламасында (1 сағат) оқу мақсаттары қысқартылды.
10-11-сыныптарда «Химия» оқу пәнінің Үлгілік оқу бағдарламасында
өзгерістер енгізілген. Жаратылыстану-математика бағытында бөлімдер
сақталған, органикалық химияның бөлімшесі «Көміртегі және оның
қосылыстары» 11-сыныпқа ауыстырылған.
Оқытудың қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы сыныптарға арналған оқу бағдарламасының мазмұнынан «Химиялық реакциялардың энергетикасы» бөлімі алынып тасталды.
Білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың нормативтік талаптарына сәйкес бөлім бойынша жиынтық бағалаудың саны ҚР БҒМ 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығымен бекітілген «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарындағы білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылаудың, оларды аралық және қорытынды аттестаттау жүргізудің
үлгі қағидалары» (өзгерістер ҚР БҒМ 2022 жылғы 12 мамырдағы № 193
бұйрығымен енгізілген) 12-тармағына сәйкес бөлім бойынша жиынтық бағалау (БЖБ) тоқсанына үш реттен артық өткізілмейді. Бөлімдер тоқсанына төрт және одан да көп бөлімдерді оқып-зерделеген жағдайда тақырыптардың ерекшеліктерін және оқыту мақсаттарының санын ескере отырып біріктіріледі. Оны екі кезеңде өткізуге болады.
Әр тоқсанның ұзақтығын, оқу жүктемесінің көлемін ескере отырып, жаңа оқу жылында 15.2-кестеде көрсетілгендей бөлімдер бойынша жиынтық бағалау (БЖБ) келесі саны ұсынылады.
15.2-кесте 7-9 сыныптардағы бөлім бойынша жиынтық бағалау саны
Бөлім үшін жиынтық бағалауды жүргізу кезінде қағаз түрінде де, компьютерлік форматта да бағалау жүргізу ұсынылады. Аптасына 1 сағат оқу жүктемесі кезінде БЖБ қажет болған жағдайда бөлімдерді біріктіре отырып тоқсанына екі реттен артық жүргізілмейді,
қорытынды баға жартыжылдыққа қойылады
Үлгілік оқу бағдарламаларына сәйкес жаратылыстану-математика бағыты және қоғамдық-гуманитарлық бағытта оқытылатын «Химия» оқу пәнінен әр тоқсан сайын өткізілетін бөлім бойынша жиынтық бағалаудың нақты саны 15.3 -кестеде көрсетілген.
Үлгілік оқу бағдарламаларына (төмендетілген оқу жүктемесімен) сәйкес жаратылыстану-математикалық бағытта және қоғамдық-гуманитарлық бағытта оқытылатын «Химия» оқу пәнінен әр тоқсан сайын өткізілетін бөлім бойынша жиынтық бағалау рәсімінің нақты саны 15.4-кестеде көрсетілген.
15.4-кесте. «Химия» оқу пәні бойынша жиынтық бағалау саны (төмендетілген оқу жүктемесі)
Вариативтік компонент сағаттарының есебінен бөлім бойынша жиынтық бағалау жүргізілмейді, оқу жылының соңында «есептелінді» («есептелінген жоқ») қойылады.
5. Оқу пәнінің мазмұнына енгізілген өзгерістер мен толықтыруларына сәйкес зертханалық, практикалық және модельдеу жұмыстарының саны. Оқу жүктемесінің көлемі аптасына 1 сағаттан 10-11 сыныптар үшін оқу бағдарламасын енгізуге байланысты 15.5-кестеде көрсетілгендей зертханалық және практикалық жұмыстардың саны ұсынылады: 15.5-кесте Зертханалық және практикалық жұмыстардың саны



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет