Қазақстан республикасының орта білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың


-2022 оқу жылындағы мерейтойлық күнтізбелік күндерге назар аудару



бет13/31
Дата08.11.2022
өлшемі268,14 Kb.
#156935
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   31
Байланысты:
ӘНХ МАТ
03 03
2021-2022 оқу жылындағы мерейтойлық күнтізбелік күндерге назар аудару ұсынылады.

  • Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне – 30 жыл;

  • Семей ядролық полигонының жабылуына – 30 жыл;

  • Қазақтың аса көрнекті ағартушы-педагогі Ыбырай Алтынсариннің туғанына – 180 жыл;

  • Қазақ халық поэзиясының әйгілі тұлғасы, өлең сөздің дүлдүлі, жырау, жыршы Жамбыл Жабаевтың туғанына – 175 жыл;

  • Қазақтың әйгілі күйші-композиторы, Қазақстанның халық әртісі Дина Нұрпейісованың туғанына – 160 жыл;

  • Көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, Алаш қозғалысының жетекшісі, публицист, ғалым, аудармашы Әлихан Бөкейханның туғанына – 155 жыл;

  • Қазақ ақыны, әдебиеттанушы ғалым, түркітанушы, публицист, педагог, аудармашы, қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсынұлының туғанына – 150 жыл;

  • Қазақтың лирик ақыны Мұқағали Мақатаевтың туғанына – 90 жыл;


  • Этнограф, өнертанушы, әдебиетші, журналист, қоғам қайраткері Ақселеу Сейдімбектің туғанына – 80 жыл.

1 қыркүйекте дәстүрлі форматта білім беру ұйымдарын ашу үшін келесі санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтау ұсынылады:

    • күнделікті санитарлық-залалсыздандыру шараларын жүргізу;

    • дезинфекциялау және жуу құралдарымен ылғалды тазалау;

    • ғимаратты желдету және кварцтау;

    • термометрмен өлшеу;

    • сыныпқа кабинет бекіту;

    • үзілістерді әртүрлі уақыттарға қою;

    • мектеп педагогтері мен техникалық қызметкерлерді вакцинациялау;

    • қосымша ауысымдар мен кіші ауысымдарды ұйымдастыру;

    • ауысымдар бойынша оқу процесін ұйымдастыру;

    • ауқымды іс-шараларды өткізбеу;

    • асханалар жұмысын кесте бойынша ұйымдастыру;

    • медициналық кабинеттер мен оқшаулағыштардың қызметі.

Ата-аналармен және білім алушылармен жеке гигиена мен санитарлық қауіпсіздік шараларын сақтау бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізуге (медицина қызметкерлерін шақыра отырып) ерекше назар аудару керек.
Профилактикалық екпелер жүргізу қажеттілігіне ерекше назар аудара отырып, қызметкерлер арасында санитарлық қауіпсіздік шараларын сақтау бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейту қажет.
Мектепке кіреберісте мұғалімдер мен техникалық қызметкерлерге, балаларды мектепке жеткізетін ата-аналарға Ashyq қосымшасын қолдану, білім беру ұйымдарын жеке қорғаныс және залалсыздандыру құралдарымен толық қамтамасыз ету ұсынылады. Қауіпті аурулар тобындағы балалар, ата-аналары COVID-19-бен ауырған балалар және науқаспен байланыста болған балалар қашықтан оқыту форматына ауыстырылады.


«МАТЕМАТИКА ЖӘНЕ ИНФОРМАТИКА» БІЛІМ САЛАСЫ

«Математика және информатика» білім саласы бойынша келесі пәндер оқытылады: «Математика» – 5, 6-сыныптар; «Алгебра» – 7-9-сыныптар;


«Геометрия» – 7-9-сыныптар; «Информатика» – 5-9-сыныптар.
Республиканың жалпы білім беретін мектептеріндегі оқу процесі ҚР Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығымен бекітілген Үлгілік оқу жоспарларымен (2021 жылғы 26 наурыздағы
№125 бұйрығымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген) жүргізіледі. Атап айтқанда, жаңартылған мазмұнның Үлгілік оқу жоспарлары және төмендетілген оқу жүктемесімен Үлгілік оқу жоспарлары.
«Тиісті үлгідегі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» ҚР БҒМ 2018 жылғы 30 қазандағы
№ 595 бұйрығына сәйкес білім беру ұйымдары меншік түрі мен нысанына қарамастан, үлгілік оқу жоспарын, оның ішінде оқу процесі жүзеге асырылатын қысқартылған оқу жүктемесі бар үлгілік оқу жоспарларын дербес таңдап алады. Сондықтан, Үлгілік оқу жоспарының түріне байланысты негізгі орта білім беру деңгейінде «Математика және информатика» білім саласы пәндерін оқытуға бөлінген оқу жүктемесінің көлемі әртүрлі болуы мүмкін.
Негізгі орта білім беру деңгейінде оқытылатын «Математика»,
«Алгебра», «Геометрия» пәндері бойынша оқу жүктемесі 41-кестеде көрсетілген.



  1. кесте. Оқу жүктемесінің көлемі

Сынып

Оқу пәнінің атауы



Жалпы жүктеме, сағат

Үлгілік оқу жоспары (жаңартылған мазмұн)

Үлгілік оқу жоспары
(төмендетілген оқу жүктемесімен)

Апталық

Жылдық

Апталық

Жылдық

5

Математика

5

170

-

-

6

Математика

5

170

-

-

7

Алгебра

3

102

2

68

7

Геометрия

2

68

1

34

8

Алгебра

3

102

2

68

8

Геометрия

2

68

1

34

9

Алгебра

3

102

2

68

9

Геометрия

2

68

1

34



Төмендетілген оқу жүктемесімен Үлгілік оқу бағдарламалары пәннің базалық білім мазмұнынан, оқыту мақсаттары жүйесінен, ұзақ мерзімді жоспардан тұрады. Бұл оқу бағдарламаларында да, ұзақ мерзімді жоспарда да тақырыптар мен бөлімшелерді меңгеруге қажетті сағат сандары көрсетілмеген. Бөлімшелердің арасында сағат сандарын бөлу құқығы практик-мұғалімге берілген, бірақ материал кестеде көрсетілгендей, сол тоқсанда игерілуі тиіс.
Үлгілік оқу бағдарламаларына сәйкес негізгі орта білім беру деңгейінде
«Математика», «Алгебра», «Геометрия» пәндерін оқытудың мақсаты – пән
мазмұнын сапалы игеруді қамтамасыз ету, білім алушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру, сыни тұрғыдан ойлауды дамыту, ғылыми- жаратылыстану пәндерін игеруге қажетті математикалық білім мен дағдылардың негіздерін игеру, оқу пәні материалдары негізінде білім алушылардың интеллектуалдық деңгейін дамыту.
«Алгебра», «Геометрия» пәндерін оқыту барысында математикалық сауаттылықты қалыптастыру мақсатында білім алушыларға анықтамалықтарды қолдану, оқу, әдістемелік және анықтамалық әдебиеттерден анықтамаларды, формулалар және басқа да тұжырымдарды іздеу; математикалық формулаларды қолдану, дербес жағдайларды жалпылау негізінде шамалар арасындағы тәуелділіктің формулаларын өздігінен құрастыру; игерілген математикалық білім, білік, есептеу, өлшеу және графиктік дағдыларды пайдаланып практикаға бағытталған тапсырмаларды шешу; дәлелдемелі пайымдау жүргізу, талқылауға қатысу және логикалық негізделген қорытындылар жасау; математикалық мәтінмен жұмыс жасау (талдау, қажетті ақпаратты алу), математикалық терминология мен символдарды қолдана отырып, өз ойын ауызша және жазбаша түрде анық, нақты түсіндіру іскерліктерін үйрету ұсынылады.
Білім алушылардың оқу-ақпараттық құзыреттілігін дамыту мақсатында жобалық жұмыс арқылы ғылыми-зерттеу қызметін жүргізуге ерекше назар аударылуы тиіс. Жобамен жұмыс істейтін оқушылар жеке немесе топта жұмысты жоспарлау, мақсат қою, қажетті ақпаратты іздеу, гипотезаны ұсыну және дәлелдеу, эксперимент жүргізу, атқарылған жұмыс туралы нәтижелерді ұсыну, талдау және бағалау жұмыстарын орындау, сондай-ақ өз жобасын шебер қорғау керек.
Білім алушыларда когнитивті қызығушылықты, интеллектуалдық және шығармашылық қабілеттілікті, бағдарлама компоненттерін өз бетінше қолдану және оқу курсының мазмұны арқылы өз білімдерін толықтыру қабілетін дамытуға, проблемалы-бағытталған оқыту технологиясын пайдалануға, өнертапқыштық, тапқырлық біліктерін дамытуға назар аудару қажет.
Пәнге деген қызығушылықты арттыру мақсаттарының бірі білім алушылардың жобалық іс-әрекеттерін дамыту жұмыстарын жүргізу. Жобалау технологияларын қолдану пән бойынша оқу сапасын көтеріп қана қоймайды, пәнаралық байланысты жүзеге асырады және оқу пәнін игерудің тиімділігін арттырады. Жобамен жұмыс істеу барысында білім алушылар топтасып немесе жеке жұмыстарын жоспарлауды, мақсат қоюды, қажетті ақпаратты іздеуді, гипотезаны ұсынуды және дәлелдеуді, тәжірибелер жүргізуді, орындалған жұмыстың нәтижелерін көрсетуді, талдау мен бағалауды, сонымен қатар өз жобаларын қорғауды үйренеді.
Пәндерді оқыту процесінде білім сапасын жетілдіру мақсатында жеке тұлғаға бағытталған проблемалық оқыту, саралап оқыту тәсілдерін, сонымен қатар іс-әрекет түрлері мен тапсырмаларды ұқыпты іріктеу арқылы дамыта оқыту тәсілдерін қолдану ұсынылады.
Үлгілік оқу бағдарламаларының түрлеріне қарай негізгі орта білім беру деңгейінде «Математика», «Алгебра», «Геометрия» пәндерінің базалық білім мазмұны мен оқыту мақсаттарының жүйелеріне тоқталайық.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   31




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет