Қазақстан Республикасының Заңы



бет12/31
Дата26.08.2017
өлшемі4,55 Mb.
#28652
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   31

Декларант мынадай жағдайларда:

1) тауарлар шығарылғанға дейін кеден органы лауазымды адамының тауарларды дұрыс сыныптамауы фактісі анықталған жағдайда, тауарлар шығарылғаннан кейін оларды сыныптау жөніндегі шешімдерді қайта қарау кезінде тауарлардың коды өзгертілген;

2) камералдық кедендік тексеру нәтижелері бойынша бұзушылықтарды жою туралы хабарлама тексерілетін тұлғаға тапсырылған күннен кейінгі күннен бастап он жұмыс күні ішінде камералдық кедендік тексеру нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды өз бетінше жойған;

3) тауарлар шығарылғаннан кейін бұзушылықтарды өз бетінше анықтаған және көшпелі кедендік тексерудің жүргізілуі басталғанға дейін бір жыл ішінде өз еркімен жойған кезде Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде көзделген жауаптылыққа тартылмайды.»;

48) 294-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:



«1. Мынадай:

1) тауарлар Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы құбыржол көлігімен өткізілген;

2) тауарларға қатысты саны және (немесе) кедендік құны туралы дәл мәліметтерді ұсыну мүмкін болмайтын жағдайларда, тауарларға уақытша декларация беру арқылы уақытша кедендік декларациялауға жол беріледі.»;

49) 296-баптың 3-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:



«3. Тауарлар шығаруды кеден органының лауазымды адамы осы Кодексте көзделген тәртіппен, егер Комиссияның шешімімен өзгеше тәртіп белгіленбесе, кедендік декларацияға, шот-фактураға (инвойсқа), олар болмаған кезде сыртқы экономикалық мәміленің жасалғанын растайтын құжатқа, пайдаланылатын көлік түріне қарай көлік (тасымалдау) құжатына тиісті белгілер енгізу (қою), сондай-ақ кеден органының ақпараттық жүйесіне тиісті мәліметтер енгізу арқылы жүргізеді.»;

50) 297-бап мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:



«5. Кеден ісі саласындағы уәкілетті орган жекелеген кедендік рәсімдерге қатысты, сондай-ақ кедендік декларациялаудың ерекшеліктерін қолдануға және тәуекелдерді басқару жүйесінде айқындалған кедендік бақылау нысандарына қарай тауарлар шығарудың осы баптың 1 және 2-тармақтарында белгіленген мерзімдерден ұзақтығы қысқа мерзімдер белгілейді.»;

51) 298-бапта:



1-тармақта:

3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«3) тыйым салулар мен шектеулердің сақталғанын растайтын құжаттар мен мәліметтерді табыс еткен жағдайда кедендік декларацияны берген кезге дейін жүзеге асырылуы мүмкін.»;

мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

«Кедендік декларациялау және кедендік декларация берілгенге дейін тауарларды шығару кезінде кедендік операцияларды жасау қағидаларын кеден ісі саласындағы уәкілетті орган айқындайды.»;

3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«3. Осы Кодекстің 276-бабында көрсетілген тауарларға қатысты, дүлей зілзалалар, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар салдарларын жою үшін қажетті тауарларды, бейбітшілікті сақтау не оқу-жаттығулар өткізу жөніндегі акцияларды орындау үшін қажетті әскери мақсаттағы өнімді, Қазақстан РеспубликасыныңҰлттық Банкі мен оның филиалдары әкелетін валюта (оның ішінде шетел валютасы) және тазартылған алтын түріндегі құндылықтарды, сондай-ақ гуманитарлық және техникалық көмекті қоспағанда, оларды кедендік декларацияны бергенге дейін шығару кезінде кедендік баждарды, салықтарды төлеуді қамтамасыз ету ұсынылады.»;

52) 317-баптың 1-тармағының 2) тармақшасындағы «сақтау;» деген сөз «сақтау шарттары сақталған кезде экспорт кедендік рәсімімен орналастырылады.» деген сөздермен ауыстырылып, 3) тармақшасы алып тасталсын;

53) 319-баптың 3-тармағының төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«Теңiз көлiгiмен өткiзiлетiн тауарларға қатысты, сондай-ақ осы баптың 2-тармағының 2) және 4) тармақшаларына сәйкес Кеден одағына мүше бiр ғана мемлекеттiң аумағы арқылы өткiзiлетiн тауарларды тасымалдау кезiнде кедендiк транзиттiң ерекшеліктерін кеден ісі саласындағы уәкілетті орган айқындайды.»;

54) 419-бап мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:



«Егер Кеден одағының кеден заңнамасында өзгеше белгіленбесе, арнайы кедендік рәсімді қолдану қағидалары, оны қолдану ерекшеліктері, тауарларды арнайы кедендік рәсіммен орналастыру шарттары, тауарларды пайдалану және оларға билік ету жөніндегі шектеулер, арнайы кедендік рәсімнің қолданылуының аяқталу тәсілдері мен тәртібі, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін тауарларды осындай кедендік рәсіммен орналастыруға құқылы тұлғалардың тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.»;

55) 464-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:



«Кеден одағына мүше мемлекеттердің халықаралық шартында реттелмеген бөлігінде жеке тұлғалар Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізетін тауарларды жеке пайдалануға арналған тауарларға жатқызу критерийлерінкеден ісі саласындағы уәкілетті орган тауарлардың сипаты мен санын, жеке тұлғаның Кеден одағының кедендік шекарасын кесіп өту және (немесе) оның осы шекара арқылы тауарларды өткізу жиілігін негізге ала отырып айқындайды.»;

56) 467-баптың 2-тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:



«3) кез келген тәсілмен өткізілетін, оның ішінде құны және (немесе) саны Кеден одағына мүше мемлекеттердің халықаралық шартында белгіленген, сондай-ақ кеден ісі саласындағы уәкілетті орган белгілеген кедендік төлемдер мен салықтарды төлеуден босатыла отырып мұндай тауарларды өткізу нормаларынан асатын, уақытша әкелінетін жеке пайдалануға арналған тауарлар;».

12. 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 18-I, 18-II, 92-құжат; 2014 жылғы 8 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 7 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы):



1) мазмұнында:

246-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«246-бап. Аудитордың және аудиторлық ұйымның анық емес аудиторлық есеп, сондай-ақ салықтар бойынша анық емес аудиторлық қорытынды жасауы»;

мынадай мазмұндағы 246-1-баптың тақырыбымен толықтырылсын:

«246-1-бап. Аудиторлық ұйымның салықтар бойынша аудит жүргізу тәртібін бұзуы»;

318-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«318-бап. Объектілер мен кешендерді қабылдаудың және пайдалануға берудің белгіленген тәртібін бұзу»;

мынадай мазмұндағы 410-1 және 720-баптардың тақырыптарымен толықтырылсын:

«410-1-бап. Өрт қауіпсіздігі саласында аудит жүргізу кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзу»;

«720-бап. Мемлекеттік кіріс органдары»

2) 246-бапта:



тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

«246-бап. Аудитордың және аудиторлық ұйымның анық емес аудиторлық есеп, сондай-ақ анық емес аудиторлық қорытынды жасауы»;

мынадай мазмұндағы бесінші және алтыншы бөліктермен толықтырылсын:

«5. Аудиторлық ұйымның салықтар бойынша анық емес аудиторлық қорытынды жасауы -

аудиторлық қызметті жүзеге асыруға лицензияның қолданысын тоқтата тұрып не онсыз, аудиторлық ұйымға екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

6. Осы баптың бесінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет -

аудиторлық қызметті жүзеге асыруға лицензиядан айыра отырып, аудиторлық ұйымға екі жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;

3) мынадай мазмұндағы 246-1-баппен толықтырылсын:



«246-1-бап. Аудиторлық ұйымның салықтар бойынша аудит жүргізу тәртібін бұзуы

Салықтар бойынша аудиторлық қорытынды анық емес деп тануға әкеп соғатын бұзушылықтарды қоспағанда, аудиторлық ұйымның салықтар бойынша аудит жүргізу тәртібін бұзуы -

аудиторлық ұйымға бір жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

Ескертпе. Осы бапта салықтар бойынша аудит жүргізу тәртібін бұзу деп аудиторлық ұйымның аудиторлық қызмет саласында реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган айқындайтын, аудиторлық ұйымның салықтар бойынша аудит жүргізу тәртібінде белгіленген міндеттерді сақтамауы түсініледі.»;

4) 317 және 318-баптар мынадай редакцияда жазылсын:



«317-бап. Сараптама жұмыстарын және инжинирингтік қызметтер көрсетуді жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзу

1. Авторлық қадағалауды жүзеге асыратын тұлғалардың орындалған (орындалатын) құрылыс-монтаждау жұмыстарының бекітілген жобалық шешімдерге сәйкес келмеуіне жол беруі -

авторлық қадағалау жүргізу құқығына сарапшы аттестатының қолданысын алты ай мерзімге тоқтата тұрып, жеке тұлғаларға екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Жобаларға сараптаманы жүзеге асыратын тұлғалардың Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келмейтін және тұрғызылып жатқан не тұрғызылған объектілердің орнықтылығын, сенімділігін және беріктігін қамтамасыз етпейтін жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасына сараптаманың (сараптамалық бағалаудың) оң қорытындысын беруі -

жобаларға сараптаманы жүзеге асыру құқығына сарапшы аттестатының қолданылуын алты ай мерзімге тоқтата тұрып, жеке тұлғаларға екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

3. Техникалық қадағалауды жүзеге асыратын тұлғалардың орындалған жұмыстардың сапасын, мерзiмдерiн, қабылдануын және объектiнiң пайдалануға тапсырылуын қоса алғанда, жобаны iске асыру сатысында бұзушылықтарға жол беруі -

техникалық қадағалау жүргізу құқығына сарапшы аттестатының қолданысын алты ай мерзімге тоқтата тұрып, жеке тұлғаларға екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

4. Осы баптың бірінші, екінші және үшінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер (әрекетсіздік) -

көрсетілетін қызметтің және маманданудың тиісті түріне сарапшы аттестатынан айыра отырып және сараптама жұмыстары мен инжинирингтік қызметтер көрсетуді жүзеге асыру құқығына қызметке үш жыл мерзімге тыйым сала отырып, жеке тұлғаларға төрт жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

318-бап. Объектілер мен кешендерді қабылдаудың және пайдалануға берудің белгіленген тәртібін бұзу

Сәулет-құрылыс қызметі саласындағы мемлекеттік нормативтердің талаптарын бұза отырып, объектілер мен кешендерді қабылдаудың және пайдалануға берудің белгіленген тәртібін бұзу -

жеке тұлғаларға, лауазымды адамдарға - елу, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - бір жүз жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - екі жүз жиырма, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне - алты жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.»;

5) мынадай мазмұндағы 410-1-баппен толықтырылсын:



«410-1-бап. Өрт қауіпсіздігі саласында аудит жүргізу кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзу

1. Сараптама ұйымының азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесіне өрт қауіпсіздігі саласында жүргізілген аудит нәтижелері бойынша қорытындының көшірмесін ұсынбауы не уақтылы ұсынбауы -

сараптама ұйымына отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Сараптама ұйымының өрт қауіпсіздігі саласында аудит

жүргізу нәтижелері бойынша объектінің өрт қауіпсіздігі талаптарына

сәйкес келуі (сәйкес келмеуі) туралы анық емес ақпараты бар қорытынды ұсынуы -

сараптама ұйымына елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

3. Осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер (әрекетсіздік), сондай-ақ сараптама ұйымының өрт қауіпсіздігі саласында аудит жүргізу нәтижелері бойынша көрінеу жалған қорытынды ұсынуы -

аккредиттеу аттестатынан айыра отырып, сараптама ұйымына бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;

6) 535-бап мынадай мазмұндағы ескертпемен толықтырылсын:



«Ескертпе. Тұлға мынадай жағдайларда:

1) тауарлар шығарылғанға дейін кеден органы лауазымды адамының тауарларды дұрыс сыныптамауы фактісі анықталған жағдайда, тауарлар шығарылғаннан кейін оларды сыныптау жөніндегі шешімдерді қайта қарау кезінде тауарлардың коды өзгертілген;

2) камералдық кедендік тексеру нәтижелері бойынша бұзушылықтарды жою туралы хабарлама тексерілетін тұлғаға тапсырылған күннен кейінгі күннен бастап он жұмыс күні ішінде камералдық кедендік тексеру нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды өз бетінше жойған;

3) тауарлар шығарылғаннан кейін бұзушылықтарды өз бетінше анықтаған және көшпелі кедендік тексерудің жүргізілуі басталғанға дейін бір жыл ішінде өз еркімен жойған кезде осы бапта көзделген әкiмшiлiк жауаптылыққа тартылуға жатпайды;»;

7) 551-бап мынадай мазмұндағы ескертпемен толықтырылсын:



«Ескертпе. Тұлға мынадай жағдайларда:

1) тауарлар шығарылғанға дейін кеден органы лауазымды адамының тауарларды дұрыс сыныптамауы фактісі анықталған жағдайда, тауарлар шығарылғаннан кейін оларды сыныптау жөніндегі шешімдерді қайта қарау кезінде тауарлардың коды өзгертілген;

2) камералдық кедендік тексеру нәтижелері бойынша бұзушылықтарды жою туралы хабарлама тексерілетін тұлғаға тапсырылған күннен кейінгі күннен бастап он жұмыс күні ішінде камералдық кедендік тексеру нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды өз бетінше жойған;

3) тауарлар шығарылғаннан кейін бұзушылықтарды өз бетінше анықтаған және көшпелі кедендік тексерудің жүргізілуі басталғанға дейін бір жыл ішінде өз еркімен жойған кезде осы бапта көзделген әкiмшiлiк жауаптылыққа тартылуға жатпайды;»;

8) 684-баптың бірінші бөлігінде:



«409 (жетінші бөлігінде),» деген сөздерден кейін «410-1,» деген цифрлармен толықтырылсын;

«282 (үшіншi, төртінші, алтыншы, жетінші және сегізінші бөлiктерiнде)» деген сөздер «282 (үшіншi, төртінші, алтыншы, жетінші, тоғызыншы, он бірінші және он үшінші бөлiктерiнде)» деген сөздермен ауыстырылсын;»;

9) 693-баптың екінші бөлігі және үшінші бөлігінің 2) тармақшасы алып тасталып, 1) тармақшасы «инспекторлары» деген сөзден кейін «құқылы» деген сөзбен толықтырылсын;



10) 720-бап мынадай редакцияда жазылсын:

«720-бап. Мемлекеттік кіріс органдары

1. Мемлекеттік кіріс органдары осы Кодекстiң 91 (алтыншы, жетінші және сегізінші бөліктерінде), 92 (екінші, үшінші және төртінші бөліктерінде), 151 (бірінші бөлігінде), 152, 155, 157, 177, 178, 179, 180, 181, 194, 195, 196, 203, 205, 221, 233 (бірінші бөлігінде), 239 (бірінші және екінші бөліктерінде), 246-1, 266, 269, 270, 271, 272, 273, 274, 275, 276, 277, 278, 279, 280, 281 (бірінші, екінші және үшінші бөліктерінде), 282 (бірінші, екінші, бесінші, сегізінші, оныншы және он екінші бөліктерінде), 284, 285, 286, 287, 288, 464 (бірінші бөлігінде), 471, 472, 474, 521, 522, 523, 524, 525, 526, 527, 528 (екінші және үшінші бөліктерінде), 529, 530, 531, 533, 534, 535, 536, 537, 538, 539, 540, 542, 543 (екінші бөлігінде), 546, 547, 548 (бірінші бөлігінде), 551 (бірінші және үшінші бөліктерінде), 552 (бірінші бөлігінде), 553, 554, 555, 556, 557 және 558-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.

2. Мемлекеттік кіріс органдары осы бөлікте санамаланған әкімшілік құқық бұзушылықтар Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы автомобиль өткізу пункттерінде жасалған кезде, осы Кодекстің 230 (екінші бөлігінде), 297, 324 (бірінші бөлігінде), 334, 377 (бірінші бөлігінде), 400 (бірінші бөлігінде), 406 (бірінші және екінші бөліктерінде), 425 (бірінші бөлігінде), 571 (екінші және үшінші бөліктерінде), 572 (бірінші бөлігінде), 573, 574, 589 (автомобиль көлігіндегі әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша), 590 (бірінші, екінші, бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші және оныншы бөліктерінде), 593 (екінші, үшінші, төртінші және бесінші бөліктерінде), 609, 612 (үшінші бөлігінде) және 621 (төртінші бөлігінде)-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi деқарайды.

3. Мемлекеттік кіріс органдарының атынан әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға:

мемлекеттік кіріс органдарының ведомстволық бағыныстылығына жатқызылған, осы Кодекстің барлық баптары бойынша - мемлекеттік кіріс органдарының басшылары мен олардың орынбасарлары;

осы Кодекстің 91 (алтыншы бөлігінде), 92 (екінші бөлігінде), 195 (бірінші бөлігінде), 269 (бірінші бөлігінде), 270 (бірінші және үшінші бөліктерінде), 271 (бірінші бөлігінде), 272 (бірінші бөлігінде), 276 (бірінші бөлігінде), 284 (бірінші, үшінші, бесінші, жетінші, тоғызыншы, он бірінші, он үшінші, он бесінші және он жетінші бөліктерінде)-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша ескерту түрінде, сондай-ақ 897-бабында көзделген тәртіппен айыппұл түрінде әкімшілік жаза - мемлекеттік кіріс органдарының басшысы уәкілеттік берген лауазымды адамдары құқылы.»;

11) 804-бапта:



бірінші бөліктің 2) және 31) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

«2) азаматтық қорғау саласындағы уәкiлеттi органның (299-бап (екiншi бөлiгi) (бөгеттердің қауіпсіздігін қоспағанда), 312-бап (екінші бөлігі), 314,410-1, 416 (өрт және жарылу қаупi бөлiгiнде машиналар мен жабдыққа, химиялық өнiмге қойылатын қауiпсiздiк талаптарын бұзушылықтар бойынша), 462-баптар);»;

«31) мемлекеттік кіріс органдарының (150, 151 (екінші бөлігі), 153, 154, 158, 174 (екінші бөлігі), 176, 182, 183, 190 (үшінші және төртінші бөліктері), 246 (бесінші және алтыншы бөліктері), 281 (төртінші, бесінші және алтыншы бөліктері), 282 (үшінші, төртінші, алтыншы, жетінші, тоғызыншы, он бірінші және он үшінші бөліктері), 283, 357, 398, 462, 463, 464 (екінші бөлігі), 467, 489 (бесінші, алтыншы, жетінші және сегізінші бөліктері), 528 (бірінші бөлігі), 532, 541, 543 (бірінші және үшінші бөліктері), 544, 545, 548 (екінші бөлігі), 549, 550, 551 (екінші бөлігі), 552 (екінші бөлігі), 590 (төртінші бөлігі), 654, 658, 659, 660, 661, 662, 665, 667-баптар), сондай-ақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы автомобиль өткізу пункттерінде жасалған, 400 (екінші бөлігі) және 425 (екінші бөлігі)-баптарда көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша)».

13. «Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы» 1992 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғары Кеңесінің Жаршысы, 1992 ж., № 15, 363-құжат; 1995 ж., № 20, 120-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 17, 139-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 10, 52-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат):


Каталог: files
files -> Бастауыш білім беру деңгейінің ОҚу пәндері бойынша үлгілік тақырыптық жоспарлары
files -> Астрономия Мазмұны
files -> 1 фантастика жанрыныњ типологиясы
files -> Қазақстан тарихы 5 сынып. 2013-2014 оқу жылы
files -> Расул гамзатов
files -> Жамбыл атындағы республикалық жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> «№ мектеп-лицей» мемлекеттік мекемесі Күнтізбелік- тақырыптық жоспар
files -> Ермұхан Бекмахановқа Сыздайды жаным, мұздайды қаным, жан аға!
files -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   31




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет