Қазақстан Республикасының Заңы



бет14/31
Дата26.08.2017
өлшемі4,55 Mb.
#28652
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   31


«Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығына қатысушы заңды тұлғаларды және акционерлік қоғамдарды, олардың филиалдарын (өкілдіктерін) қоспағанда, орта және шағын кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлғаларды «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы мемлекеттік тіркеу өтініш берілген кезден бастап жұмыс күнінің бір сағаты ішінде жүзеге асырылуға тиіс.»;

6) 14-баптың екінші бөлігінің 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:



«2) заңды тұлғаның мөрімен (ол болған кезде) бекемделген, заңды тұлғаның құрылтай құжаттарына, филиал (өкілдік) туралы ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізу көзделетін, мемлекеттік (есептік) қайта тіркеу туралы заңды тұлғаның уәкілетті органының шешімі не шешімінен үзінді көшірме;»;

7) 14-1-бапта:



екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

«Хабарламаға заңды тұлғаның мөрімен (ол болған кезде) бекемделген, құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заңды тұлғаның уәкiлеттi органының шешімі не шешімінен үзінді көшірме, сондай-ақ жеке кәсіпкерлік субъектісіне жатпайтын заңды тұлғаның, сондай-ақ акционерлік қоғамның құрылтай құжаттарына, олардың филиалдары (өкілдіктері) туралы ережелерге енгізілген өзгерістер мен толықтырулардың мәтіні қоса беріледі.»;

төртінші бөліктің 2) және 3) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

«2) заңды тұлғаның мөрімен (ол болған кезде) бекемделген, заңды тұлғаның құрылтай құжаттарына, филиал (өкілдік) туралы ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заңды тұлғаның уәкiлеттi органының шешімі не шешімінен үзінді көшірме;

3) заңды тұлғаның мөрімен (ол болған кезде) бекемделген, заңды тұлғаның құрылтай құжаттарына, филиал (өкілдік) туралы ережеге енгізілген өзгерістер мен толықтырулар мәтінінің үш данасы немесе жаңа редакцияда ресімделген, заңды тұлға құрылтай құжаттарының, филиал (өкілдік) туралы ереженің үш данасы;»;

8) 15-баптың екінші бөлігінің 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:



«2) заңды тұлғаның мөрiмен (ол болған кезде) бекемделген, жарғының (ереженiң) телнұсқасын алу туралы заңды тұлғаның уәкiлеттi органының шешiмi не шешімінен үзiндi көшірме;»;

9) 16-баптың бірінші бөлігінің 2), 6) және 7) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:



«2) заңды тұлға мүлкiнің меншiк иесiнiң немесе меншiк иесi уәкiлеттiк берген органның не құрылтай құжаттарымен уәкiлеттiк берiлген заңды тұлға органының заңды тұлға мөрiмен (ол болған кезде) бекемделген шешiмi;»;

«6) заңды тұлғаның мөрiн (ол болған кезде) жою туралы құжат;

7) шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларды қоспағанда, заңды тұлға қызметінің тоқтатылуын мемлекеттік тіркегені үшін бюджетке тіркеу алымы төленгенін растайтын түбіртек немесе өзге де құжат;».

16. «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 15-16, 106-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 2, 184-құжат; № 15, 281-құжат; № 19, 370-құжат; 1997 ж., № 5, 58-құжат; № 13-14, 205-құжат; № 22, 333-құжат; 1998 ж., № 11-12, 176-құжат; № 17-18, 224-құжат; 1999 ж., № 20, 727-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 8, 52-құжат; № 9, 86-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 5, 31-құжат; № 10, 51-құжат; № 11, 56, 67-құжаттар; № 15, 138, 139-құжаттар; 2004 ж., № 11-12, 66-құжат; № 15, 86-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 140-құжат; 2005 ж., № 7-8, 24-құжат; № 14, 55, 58-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат; № 11, 55-құжат; № 16, 99-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 4, 28, 33-құжаттар; 2008 ж., № 17-18, 72-құжат; № 20, 88-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18, 21-құжаттар; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; № 17-18, 111-құжат; 2011 ж., № 3, 32-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 116-құжат; № 14, 117-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 15-құжат; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 13, 91-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат; № 15, 76-құжат; 2014 г. № 1, 9-құжат; № 4-5, 24-құжат; № 6, 27-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 61-құжат; № 12, 82-құжат; № 19-I, 19-II, 94, 96-құжаттар; 2014 жылғы 8 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 7 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2014 жылғы 3 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 28 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы):

50-баптың 6-тармағының д) тармақшасы мынадай мазмұндағы жетінші абзацпен толықтырылсын:

«пайда болған күнінен бастап төрт ай ішінде республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 10000 еселенген мөлшерінен асатын мөлшерде өтелмеген салық берешегі бар заңды тұлғаға, заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесіне, дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебінде тұрған жеке тұлғаға қатысты;».

17. «Тұрғын үй қатынастары туралы» 1997 жылғы 16 сәуiрдегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 8, 84-құжат; 1999 ж., № 13, 431-құжат; № 23, 921-құжат; 2001 ж., № 15-16, 228-құжат; 2002 ж., № 6, 71-құжат; 2003 ж., № 11, 67-құжат; 2004 ж., 14, 82-құжат; № 17, 101-құжат; № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 16, 103-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 15, 106, 108-құжаттар; № 18, 143-құжат; 2009 ж., № 11-12, 54-құжат; № 18, 84-құжат; № 24, 122-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 10, 52-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 10, 86-құжат; № 11, 102-құжат; № 16, 128, 129-құжаттар; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 21-құжат; № 4, 32-құжат; № 5, 41-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 15, 77-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 14, 84, 86-құжаттар; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат):

10-2-баптың 10) тармақшасы алып тасталсын.

18. «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» 1997 жылғы 11 шiлдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 13-14, 202-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 10, 52-құжат; 2007 ж., № 19, 147-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 20, 89-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 3, 25-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 2, 11-құжат; № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 2, 13-құжат):

25-баптың 7) тармақшасы алып тасталсын.

19. «Нотариат туралы» 1997 жылғы 14 шiлдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 13-14, 206-құжат; 1998 ж., № 22, 307-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; 2001 ж., № 15-16, 236-құжат; № 24, 338-құжат; 2003 ж., № 10, 48-құжат; № 12, 86-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 11, 55-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; 2009 ж., № 8, 44-құжат; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 23, 100-құжат; 2010 ж., № 17-18, 111-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; № 21, 172-құжат; 2012 ж., № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 12, 84-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 14, 72-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 61-құжат; № 14, 84-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; 2014 жылғы 8 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 7 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы):

18-баптың 1-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«1) осы Заңның, «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының және Қазақстан Республикасының нотариат қызметiн реттейтiн басқа данормативтiкқұқықтықактiлерiнiң талаптарына сәйкес нотариаттық әрекеттер, сондай-ақ электрондық тіркеуге байланысты әрекеттер жасауға;».

20. «Нормативтiк құқықтық актiлер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., № 2-3, 25-құжат; 2001 ж., № 20, 258-құжат; 2002 ж., № 5, 50-құжат; 2004 ж., № 5, 29-құжат; № 13, 74-құжат; 2005 ж., № 17-18, 73-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 12, 86-құжат; № 13, 100-құжат; № 19, 147-құжат; 2008 ж., № 13-14, 55-құжат; № 21, 97-құжат; 2009 ж., № 15-16, 74-құжат; № 18, 84-құжат; № 22, 94-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 29-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 7-құжат; № 7, 54-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 8, 64-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 5-6, 30-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 81-құжат; 2014 ж., № 10, 52-құжат; № 19-I, 19-II, 94, 96-құжаттар):



1) 15-бап мынадай мазмұндағы 2-1, 8 және 9-тармақтармен толықтырылсын:

«2-1. Сараптама қорытындыларын мемлекеттiк органдар белгiлеген мерзiмдерде:

1) республикалық деңгейде - жеке кәсiпкерлiк субъектiлерi бiрлестiктерiнiң одағы (қауымдастығы), республикалық салааралық, салалық қауымдастықтар (одақтар), сондай-ақ шағын, орта және (немесе) ірі кәсiпкерлiк субъектілерінің республикалық бiрлестiктері;

2) облыстық деңгейде - жеке кәсіпкерлік субъектілерінің республикалық бірлестіктерінің филиалдары, жеке кәсіпкерлік субъектілерінің облыстық бірлестіктері, шағын, орта және (немесе) ірі кәсіпкерлік субъектілерінің облыстық бірлестіктері;

3) қалалық, аудандық деңгейлерде - жеке кәсіпкерлік субъектілерінің республикалық бірлестіктерінің филиалдары, жеке кәсіпкерлік субъектілерінің облыстық, қалалық, аудандық бірлестіктері, шағын, орта және (немесе) ірі кәсіпкерлік субъектілерінің облыстық, қалалық, аудандық бірлестіктері ұсынады.»;

«8. «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 2 және 3-тармақтарында, 14-бабының 1-тармағында, 15-бабының 1-тармағында көзделген, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің тәуекелдерді бағалау жүйесін қалыптастыру мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерді қоспағанда, мемлекеттiк органдарға жеке кәсіпкерлік субъектiлеріне тексерулер жүргiзу тәртiбi мәселелерi бойынша заңға тәуелдi нормативтiк құқықтық актiлер қабылдауға тыйым салынады.

9. «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 3-тармағында көрсетілген нормативтік құқықтық актілердің жобаларына қатысты «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен реттеушілік әсерге талдау жүргізіледі.»;

2) 38-бапта:



тақырып «органдардың,» деген сөзден кейін «олардың ведомстволарының,» деген сөздермен толықтырылсын;

2-тармақтың 6) тармақшасы «және» деген сөзден кейін «Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен» деген сөздермен толықтырылсын.

21. «Жауапкершiлiгi шектеулi және қосымша жауапкершiлiгi бар серiктестiктер туралы» 1998 жылғы 22 сәуiрдегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1998 ж., № 5-6, 49-құжат; 1999 ж., № 20, 727-құжат; 2002 ж., № 10, 102-құжат; 2003 ж., № 11, 56-құжат; № 24, 178-құжат; 2004 ж., № 5, 30-құжат; 2005 ж., № 14, 58-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 4, 24, 25-құжаттар; № 8, 45-құжат; 2007 ж., № 4, 28-құжат; № 20, 153-құжат; 2008 ж., № 13-14, 56-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16-құжат; 2010 ж., № 1-2, 2-құжат; 2011 ж., № 1, 9-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 15-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2014 ж., № 4-5, 24-құжат):



1) 15-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«5. Шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектісіболып табылатын жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің құрылтай шартын қоспағанда, құрылтай шартын нотариат куәландыруға тиіс.»;

2) 23-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:



«2. Жарғылық капиталының ең төмен мөлшері нөлдік деңгеймен айқындалатын, шағын кәсіпкерлік субъектісі болып табылатын жауапкершілігі шектеулі серіктестікті қоспағанда, жарғылық капиталдың бастапқы мөлшері құрылтайшылар салымдарының сомасына тең болады және серіктестікті мемлекеттік тіркеу үшін құжаттар табыс етілген күнге бір жүз айлық есептік көрсеткіштің мөлшеріне баламалы сомадан кем болмауға тиіс.».

22. «Жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу туралы» 1998 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., № 13, 196-құжат; 2003 ж., № 11, 67-құжат; 2004 ж., № 23, 140-құжат; 2006 ж., № 23, 141-құжат; 2009 ж., № 19, 88-құжат; № 24, 134-құжат; 2011 ж., № 3, 32-құжат; 2012 ж., № 8, 64-құжат; № 14, 95-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; 2014 ж., № 11, 61-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат):

9-баптың 2-тармағы бірінші бөлігінің 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«7) өтiнiш берушiнiң немесе оның өкiлiнiң қолтаңбасы және заңды тұлға үшiн мөрi (ол болған кезде);».

23. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» 1998 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1998 ж., № 15, 209-құжат; 1999 ж., № 21, 774-құжат; 2000 ж., № 5, 116-құжат; 2001 ж., № 13-14, 172-құжат; № 17-18, 241-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 18, 142-құжат; 2004 ж., № 10, 56-құжат; 2007 ж., № 17, 140-құжат; № 19, 147-құжат; 2008 ж., № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 19, 88-құжат; № 24, 122, 126-құжаттар; 2010 ж., № 24, 148-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 7, 54-құжат; 2012 ж., № 4, 30, 32-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 2, 10-құжат; № 14, 72-құжат; 2014 ж., № 11, 61-құжат; № 14, 84-құжат; № 16, 90-құжат; 2014 жылғы 8 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 7 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2014 жылғы 3 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 28 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы):

12-бапта:

1-тармақ мынадай мазмұндағы 12-1) тармақшамен толықтырылсын:

«12-1) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 23-бабының 1), 2), 3), 4) және 7) тармақшаларында, 28-бабы 2-тармағының 2), 6) және 8) тармақшаларында белгіленген, жеке кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты тексерулерді ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын талаптарды өрескел бұзу;»;

2-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкiлеттiк берiлген адамдардың немесе оларға теңестiрiлген адамдардың осы баптың 1-тармағының 1), 6), 7), 8), 10), 11), 12), 12-1) және 14) тармақшаларында көрсетілген қандай да бір құқық бұзушылықтарды жасауы, егер онда қылмыстық жазаланатын іс-әрекеттiң белгiлерi болмаса, қызметiнен төмендетуге, ал төмен тұрған бос лауазым болмаған жағдайда - заңда белгiленген тәртiппен қызметіне толық сәйкес еместігі туралы ескерту түрiнде тәртiптiк жаза қолдануға әкеп соғады.».

24. «Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламенінің Жаршысы, 1998 ж., № 16, 214-құжат; 1999 ж., № 19, 646-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; 2001 ж., № 23, 309-құжат; 2002 ж., № 23-24, 193-құжат; 2004 ж., № 14, 82-құжат; № 23, 138, 142-құжаттар; 2006 ж., № 2, 17-құжат; № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат; № 13, 87-құжат; 2007 ж., № 3, 20-құжат; № 19, 148-құжат; 2008 ж., № 15-16, 64-құжат; № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 11-12, 54-құжат; № 13-14, 62-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 20, 23-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 112-құжат; № 16, 129-құжат; 2012 ж., № 2, 9, 15-құжаттар; № 3, 21-құжат; № 4, 30-құжат; № 11, 80-құжат; № 12, 85-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 4, 21-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 15, 79, 82-құжаттар; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 4-5, 24-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 64-құжат; № 14, 87-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат):



1) 7-баптың бірінші бөлігінің 22) тармақшасындағы «табыс етуге міндетті.» деген сөздер «табыс етуге;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 23), 24) және 25) тармақшалармен толықтырылсын:

«23) мемлекет қатысатын кредиттік бюроға кредиттік ақпаратты табыс етуге;

24) бос және қолжетімді қуаттылықтардың, сыйымдылықтың, орындардың, сондай-ақ инженерлік коммуникациялар схемасының бар-жоғы туралы электрондық дерекқор жүргізуге;

25) сауалдар бойынша, оның ішінде өзінің интернет-ресурсында инженерлік коммуникациялар туралы мәліметтерді «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген мерзімдерде «Мемлекеттік құпиялар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес беруді қамтамасыз етуге міндетті.»;

2) 13-баптың 1-тармағының 3-1) тармақшасы алып тасталсын;

3) 18-4-баптың 2-1-тармағының бесінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«Қазақстан Республикасының газ және газбен жабдықтау туралы заңнамасына сәйкес газ таратушы ұйымнан газ сатып алу;»;

4) 23-бап мынадай мазмұндағы жетінші бөлікпен толықтырылсын:



«Тоқтата тұру кезеңінде тарифтердің бұрын бекітілген деңгейлері қолданылады деп белгілей отырып, осы Заңның 7-бабы бірінші бөлігі 2-3) тармақшасының қолданылуы 2015 жылғы 1 сәуірге дейін тоқтатыла тұрсын.».

25. «Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы» 1998 жылғы 9 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламенінің Жаршысы, 1998 ж., № 16, 220-құжат; 2001 ж., № 23, 318-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; 2008 ж., № 15-16, 60-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 2, 16-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 2, 10-құжат; № 10, 52-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат):

13-баптың 29) тармақшасы алып тасталсын.

26. «Есірткі, психотроптық заттар, прекурсорлар және олардың заңсыз айналымы мен теріс пайдаланылуына қарсы іс-қимыл шаралары туралы» 1998 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., № 17-18, 221-құжат; 2000 ж., № 6, 141-құжат; 2002 ж., № 10, 106-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 5-6, 30-құжат; № 24, 148-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 9, 81-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 4, 32-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 12, 57-құжат; № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 14, 84-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат):

6-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:

«Бақылаудың өзге нысандары алдын алу-профилактикалық іс-шаралар болып табылады, олардың нәтижелері бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалмай, тексерілетін субъектіге оны жою тәртібі түсіндіріле отырып, нұсқама жасалады. Бақылаудың өзге нысандары тексерілетін объектілерге бармастан, есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымы саласындағы есептілікті байқау, мониторингілеу, есепке алу және бақылау нысанында жүзеге асырылады.».

27. «Аудиторлық қызмет туралы» 1998 жылғы 20 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1998 ж., № 22, 309-құжат; 2000 ж., № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 1, 5-құжат; № 8, 52-құжат; 2002 ж., № 23-24, 193-құжат; 2003 ж., № 11, 56-құжат; № 12, 86-құжат; № 15, 139-құжат; 2004 ж., № 23, 138-құжат; 2005 ж., № 14, 58-құжат; 2006 ж., № 8, 45-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 4, 28-құжат; 2009 ж., № 2-3, 21-құжат; № 17, 79-құжат; № 18, 84-құжат; № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 17-18, 112-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 15-құжат; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 13, 91-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат; № 15, 79-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 61-құжат; № 19-I, 19-II, 94, 96-құжаттар):


Каталог: files
files -> Бастауыш білім беру деңгейінің ОҚу пәндері бойынша үлгілік тақырыптық жоспарлары
files -> Астрономия Мазмұны
files -> 1 фантастика жанрыныњ типологиясы
files -> Қазақстан тарихы 5 сынып. 2013-2014 оқу жылы
files -> Расул гамзатов
files -> Жамбыл атындағы республикалық жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> «№ мектеп-лицей» мемлекеттік мекемесі Күнтізбелік- тақырыптық жоспар
files -> Ермұхан Бекмахановқа Сыздайды жаным, мұздайды қаным, жан аға!
files -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   31




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет