Қазақстан Республикасының Заңы



бет8/31
Дата26.08.2017
өлшемі4,55 Mb.
#28652
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   31

3) Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органдары мен ұйымдарының басшыларына тәртіптік жаза қолдану туралы қаулысы;

4) бас мемлекеттік санитариялық дәрігерлердің:

санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды жүргізу;

жеке тұлғаларды жұмыстан уақытша шеттету;

халықтың пайдалануы мен қолдануына, сондай-ақ кәсіпкерлік және (немесе) өзге де қызметте пайдалану мен қолдануға арналған өнімді әкелуге, өндіруге, қолдануға және өткізуге тыйым салу;

адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіпті деп танылған жағдайда шикізаттың, өнімнің, химиялық заттардың, технологиялық жабдықтардың, тетіктердің, процестердің, құрал-саймандардың жаңа түрлерін өндіруге, қолдануға және өткізуге тыйым салу;

Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес дара кәсіпкердің немесе заңды тұлғаның қызметін немесе жекелеген қызмет түрлерін тоқтата тұру туралы қаулылары.

14. Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органдары мен ұйымдарының басшылары лауазымына санитариялық-эпидемиологиялық бейіндегі жоғары медициналық білімі бар Қазақстан Республикасының азаматтары тағайындалады.»;

6) мынадай мазмұндағы 21-1-баппен толықтырылсын:



«21-1-бап. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы рұқсаттар және хабарламалар

Халықтың санитариялық-эпидемиологиялықсаламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мынадай рұқсат беру құжаттарын беруді жүзеге асырады:

1) мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық бақылауға және қадағалауға жататын, эпидемиялық маңыздылығы жоғары объектілерді салу, реконструкциялау және кеңейту жобаларына, қалалық және ауылдық елді мекендердің құрылыс салу бас жоспарларының, курорттық аймақтар жобаларына және егжей-тегжейлі жоспарлау жоспарларына санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды;

2) эпидемиялық маңыздылығы жоғары объектінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге және гигиеналық нормативтерге сәйкестігі (сәйкес еместігі) туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды;

3) тамақ өнімінің жарамдылық мерзімдерін және оны сақтау шарттарын келісу туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды;

4) балалар тағамы өнімдерін, тамаққа тағамдық және биологиялық активті қоспаларды, генетикалық түрлендірілген объектілерді, бояғыштарды, дезинфекциялау, дезинсекциялау және дератизациялау құралдарын, сумен және тамақ өнімдерімен жанасатын материалдар мен бұйымдарды, химиялық заттарды, адам денсаулығына зиянды әсер ететін өнім мен заттың жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеу немесе қайта тіркеу туралы куәлік;

5) тамақ өнімін өндіру (дайындау) объектісіне есептік нөмір беру;

6) патогендіктің I-IV тобындағы микроорганизмдермен және гельминттермен жұмыс істеуге рұқсат;

7) тиісті біліктілік санатын бере отырып, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы маман сертификаты.

2. Объектінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге және гигиеналық нормативтерге сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытындысыз эпидемиялық маңыздылығы жоғары объектілерді пайдалануға тыйым салынады.

3. Эпидемиялық маңыздылығы болмашы объектілердің қызметі (пайдаланылуы) объектіге санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды алынбай жүзеге асырылады.

Жеке және заңды тұлғалар «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен эпидемиялық маңыздылығы болмашы объект қызметі (пайдаланылуы) басталғаны және тоқтатылғаны туралы халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органды хабардар етуге міндетті.

Бұл ретте жеке және заңды тұлғалар эпидемиялық маңыздылығы болмашы объектілердің қызметі (пайдаланылуы) басталғанға дейін объектіні халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің және гигиеналық нормативтердің талаптарына сәйкес келтіруге міндетті.»;

7) 62-бапта:



2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Санитариялық-эпидемиологиялық сараптаманы мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органдары мен ұйымдары өз құзыреттері шегінде санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің, кеден органдарының лауазымды адамдарының қаулылары немесе нұсқамалары мен жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган айқындайтын тәртіппен жүргізеді.

Эпидемиялық маңызы бар объектілерді салу жобалары бойынша санитариялық-эпидемиологиялық сараптама Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен ведомстводан тыс кешенді сараптама құрамында жүргізіледі.»;

5-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

«Эпидемиялық маңызы бар объектілерді салуға арналған техникалық-экономикалық негіздемелердің немесе жобалау-сметалық құжаттаманың материалдарын қабылдау тәртібі, олардың толымдылығы, сондай-ақ объектілер салудың көрсетілген жобалары бойынша санитариялық-эпидемиологиялық сараптаманы қаржыландыру тәртібі Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен қамтамасыз етіледі.»;

8 және 9-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«8. Мемлекеттiк санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органдары тексерулер және (немесе) бақылаудың өзге де нысандары және (немесе) санитариялық-эпидемиологиялық сараптама нәтижелерiнiң негiзiнде:

1) пайдаланылып отырған өнеркәсіптік және азаматтық мақсаттағы объектілерге;

2) эпидемиялық маңызы бар объектілерді орналастыруға, эпидемиялық маңызы бар жаңа объектілерді салуға немесе бұрыннан барын реконструкциялауға (кеңейтуге, техникалық қайта жарақтандыруға, жаңғыртуға) және күрделі жөндеуге арналған жобалау-сметалық құжаттамаға, аумақтарды дамытудың және оларға құрылыс салудың қала құрылысын жоспарлау жобаларына;

3) қоршаған ортаға, санитариялық қорғау аймақтарына және санитариялық-қорғаныш аймақтарға, шикізатқа және өнімге зиянды заттардың және физикалық факторлардың рұқсат етілетін шекті шығарындылары мен рұқсат етілетін шекті төгінділері жөніндегі нормативтік құжаттама жобаларына;

4) мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауға жататын өнімге, оның ішінде тамақ өнімінің жарамдылық мерзімдерін және оны сақтау шарттарын келісуге;

5) топыраққа, су қоймаларына және атмосфералық ауаға химиялық, биологиялық, токсикологиялық, радиологиялық жүктеме жөніндегі материалдарға санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды береді.

9. Санитариялық-эпидемиологиялық сараптаманың негізінде санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беріледі.

Ведомстводан тыс кешенді сараптама барысында эпидемиялық маңызы бар объектілерді салу жобалары бойынша жүргізілген санитариялық-эпидемиологиялық сараптама нәтижелері бойынша салалық санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беріледі, оның түйіндері объектілерді салу жобаларының ведомстводан тыс кешенді сараптамасының жиынтық қорытындысына енгізіледі.»;

8) мынадай мазмұндағы 62-1-баппен толықтырылсын:



«62-1-бап. Санитариялық-эпидемиологиялық аудит

1. Санитариялық-эпидемиологиялық аудитті аудитор жүргізеді.

2. Санитариялық-эпидемиологиялық аудит мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауға жататын объектілер иелерінің (бұдан әрі - өтініш беруші) өтініштері бойынша, өтініш беруші мен аудитордың арасында Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес жасалатын санитариялық-эпидемиологиялық аудит жүргізуге арналған шартта көзделген санитариялық-эпидемиологиялық аудиттің нақты міндеттері, мерзімдері мен көлемдері ескеріле отырып жүргізіледі.

3. Санитариялық-эпидемиологиялық аудит нәтижелері мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауға жататын эпидемиялық маңызы бар объектілердің тәуекел дәрежесін айқындауға ықпал етеді.

Санитариялық-эпидемиологиялық аудиттің оң нәтижелері эпидемиялық маңызы бар объектілерді ерекше тәртіп бойынша жүргізілетін тексерулерден босату үшін негіз болып табылады.

4. Санитариялық-эпидемиологиялық аудит жүргізу үшін жеке және заңды тұлғалар мынадай біліктілік талаптарына сай келуге тиіс:

1) жеке тұлғалар үшін:

санитариялық-гигиеналық бейіндегі жоғары медициналық білімінің болуы;

тиісті мамандық бойынша немесе жалпы гигиена дәрігері мамандығы бойынша санитариялық-гигиеналық бейіндегі дәрігердің жоғары біліктілік санатының болуы;

2) заңды тұлғалар үшін штатында осы тармақтың 1) тармақшасында белгіленген талаптарға сай келетін білікті персоналдың болуы.

5. Жеке және заңды тұлғалар санитариялық-эпидемиологиялық аудит жүргізу жөніндегі қызмет басталғанға дейін «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен халықтың санитариялық-эпидемиологиялықсаламаттылығы саласындағы мемлекеттік органды бұл жөнінде хабардар етуге міндетті.

6. Санитариялық-эпидемиологиялық аудит рәсімі бірнеше кезеңнен тұрады және мыналарды:

1) санитариялық-эпидемиологиялық аудит жүргізу туралы өтінішті тіркеуді;

2) өтініш беруші табыс еткен құжаттарды алдын ала талдауды;

3) санитариялық-эпидемиологиялық аудит жүргізуге шарт жасасуды;

4) санитариялық-эпидемиологиялық аудиттің мақсаттарын белгілеуді;

5) санитариялық-эпидемиологиялық аудит жүргізу жоспарын жасауды;

6) санитариялық-эпидемиологиялық аудит жүргізуді (объектіні тексеру, материалдарды талдамалық өңдеу, салыстырмалы талдау және жоспарланып отырған не жүзеге асырылып жатқан қызметтің санитариялық-эпидемиологиялық қауіптілік дәрежесіне, объектіні іске асыру негіздемелерінің жеткіліктілігі мен анықтығына бағалау жүргізу);

7) аудиторлық есепті жасауды және оны өтініш берушіге табыс етуді қамтиды.

7. Санитариялық-эпидемиологиялық аудит жүргізу үшін өтініш беруші қаржыландыруды қамтамасыз етеді және осы баптың 8-тармағында белгіленген тәртіппен қажетті құжаттаманы табыс етеді.

8. Объектіге санитариялық-эпидемиологиялық аудит жүргізу үшін өтініш беруші аудиторға мынадай құжаттарды табыс етеді:

1) санитариялық-эпидемиологиялық аудит жүргізуге өтініш;

2) санитариялық-эпидемиологиялық аудитке жататын объектіге қатысты материалдар (мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органдарының соңғы жылдағы зерттеп-қарау актілері (олар болмаған кезде соңғылары), халықтың санитариялық-эпидемиологиялықсаламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның басшысы бекіткен, эпидемиялық маңызы бар объектінің тәуекел дәрежесін айқындау нысаны, объектінің санитариялық қағидалардың талаптарына сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды);

3) болған кезде, шаруашылық жүргізуші субъектінің менеджмент жүйесі жөніндегі құжаттама және санитариялық-эпидемиологиялық аудит бойынша алдыңғы қорытындылар;

4) объектіні бағалау үшін қажетті өзге де материалдар.

9. Рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізіліміне енгізілген аудиторлар жыл сайын есепті жылдың он бесінші қазанына қарай халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органға жүргізілген санитариялық-эпидемиологиялық аудит туралы ақпаратты халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган бекіткен нысан бойынша табыс етуге міндетті.

10. Жоспарға сәйкес жүргізілген санитариялық-эпидемиологиялық аудит нәтижелері бойынша объектінің санитариялық қағидаларға сәйкестігі (сәйкес еместігі) туралы аудиторлық есеп санитариялық-эпидемиологиялық аудит жүргізу тәртібімен белгіленген нысан бойынша жасалады.

11. Эпидемиялық маңызы бар объектілердің тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері және санитариялық-эпидемиялық тәуекелдер критерийлерін есептеу санитариялық-эпидемиологиялық аудит жүргізу тәртібімен айқындалады.

Санитариялық-эпидемиологиялық аудит жүргізу тәртібін халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган бекітеді.

12. Санитариялық-эпидемиологиялық аудит нәтижелері аудиторлық есепті дайындау кезінде мынадай жағдайларға жол берілген:

1) санитариялық-эпидемиологиялық аудит жүргізу рәсімдері бұзылған;

2) Қазақстан Республикасы заңнамасының санитариялық қағидалар мен гигиеналық нормативтердің талаптары орындалмаған немесе бұрмаланған;

3) азаматтардың өмірі мен денсаулығы үшін қолайлы қоршаған ортаға құқықтары, халықтың басқа да санитариялық-эпидемиологиялық құқықтары мен мүдделері, санитариялық-эпидемиологиялық процеске қатысушылардың құқықтары бұзылған;

4) санитариялық-эпидемиологиялық аудитке қатысатын тараптардың құқықтарын бұзатын өзге де жағдайларда жарамсыз деп танылады.

13. Санитариялық-эпидемиологиялық аудит жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын аудиторлар:

1) аудитті кешенді, объективті, сапалы жүргізуді қамтамасыз етуге;

2) Қазақстан Республикасының халықтың санитариялық-

эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнамасының, өзге де нормативтік құқықтық актілердің талаптарын сақтауға;

3) санитариялық-эпидемиологиялық аудитті мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық нормалау құжаттарының, нормативтік техникалық құжаттардың негізінде жүргізуге;

4) санитариялық-эпидемиологиялық аудитті жүргізудің шарт талаптарында көзделгендей белгіленген мерзімдері мен тәртібін сақтауға міндетті.»;

9) 145-бап мынадай редакцияда жазылсын:



«145-бап. Санитариялық-эпидемиологиялық талаптар

1. Санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың негізін мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауға жататын объектілер мен өнімдерге белгіленетін санитариялық қағидалар мен гигиеналық нормативтер құрайды.

2. Санитариялық қағидалар мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауға жататын объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды белгілейді және мыналарға:

1) объект салынатын жер учаскесін таңдауға;

2) объектілерді жобалауға, салуға, реконструкциялауға, жөндеуге және пайдалануға беруге;

3) өндірістік, қоғамдық, тұрғын үй және басқа да үй-жайларды, ғимараттарды, құрылыстарды, жабдықтарды, көлік құралдарын күтіп-ұстау мен пайдалануға;

4) объектілерді сумен жабдықтауға, су бұруға, жылумен жабдықтауға, жарықтандыруға, желдетуге, кондиционерлеуге;

5) шикізатты қабылдауға, сақтауға, қайта өңдеуге (өңдеуге);

6) тамақ өнімін өндіру, өлшеп-орау, тасымалдау, сақтау, өткізу, кәдеге жарату және жою шарттарына;

7) тағамдық ас тұзын йодтауға және тамақ өнімдерін байытуға (фортификациялауға);

8) медициналық иммундық-биологиялық препараттарды өндіру, өлшеп-орау, тасымалдау, сақтау, өткізу, кәдеге жарату және жою шарттарына;

9) ықтимал қауіпті химиялық және биологиялық заттарды (оның ішінде уытты, радиоактивті, биологиялық және химиялық заттарды, улар мен улы заттарды, биологиялық және микробиологиялық организмдер мен олардың уыттарын, биологиялық заттар мен материалдарды) қолдану мен пайдалануға, кәдеге жаратуға, тасымалдауға, сақтауға, көмуге және олармен жұмыс істеу шарттарына;

10) адамға әсер ететін физикалық факторлардың көздерімен жұмыс істеу шарттарына;

11) дәрілік заттарды өнеркәсіптік өндіру шарттарына;

12) өндірістік-техникалық мақсаттағы өнімдерге;

13) шаруашылық-тұрмыстық және гигиеналық мақсаттағы тауарларға және оларды өндіру технологияларына;

14) халықтың әртүрлі топтарын тәрбиелеу, оқыту, олардың өмір сүруі және өндірістік практикасы, дене бітімінің дамуы, еңбек етуі, демалуы, тамақтануы, сумен жабдықталуы мен медициналық қызмет көрсетілуі шарттарына;

15) білім беру ұйымдарындағы оқу-еңбек жүктемесіне және сабақ режиміне;

16) медициналық мақсаттағы бұйымдарды стерилизациялау мен дезинфекциялауды жүргізу шарттарына;

17) халықтың бейімделген (балалар тағамы, диеталық емдік және диеталық профилактикалық), емдеу-профилактикалық, қоғамдық тамақтануын ұйымдастыруға;

18) су көздеріне (шаруашылық-ауызсу мақсаттары үшін су жинау орындарына), шаруашылық-ауызсумен жабдықтауға және мәдени-тұрмыстық су пайдалану орындарына және су объектілерінің қауіпсіздігіне;

19) өндіріс пен тұтыну қалдықтарын жинауға, пайдалануға, қолдануға, залалсыздандыруға, тасымалдауға, сақтауға және көмуге;

20) дезинфекциялау, дезинсекциялау және дератизациялау құралдарын, жабдықтарды, материалдарды әзірлеуді, сынауды, дайындауды, өндіруді, сақтауды, тасымалдауды, өткізуді, қолдануды, дезинфекция қызметі объектілерін күтіп-ұстау мен пайдалануды, сондай-ақ жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің тиімділігін және қауіпсіздігін бақылауды қамтитын жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді ұйымдастыруға және жүзеге асыруға;

21) жолаушыларды тасымалдау шарттарына;

22) объектілерді жоюға, консервациялауға, қайта бейіндеуге;

23) өндірістік бақылауды жүзеге асыруға;

24) еңбек, тұрмыстық қызмет көрсету, медициналық қамтамасыз ету, бейімделген диеталық емдік және диеталық профилактикалық тамақтану шарттарына;

25) халықты гигиеналық тәрбиелеуге және оқытуға;

26) санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге, оның ішінде Қазақстан Республикасының аумағын санитариялық қорғауды жүзеге асыруға, шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантин енгізуге, инфекциялық және паразиттік аурулармен ауыратын науқастарға қатысты халықты медициналық қарап-тексеруді, профилактикалық егулерді жүргізуге;

27) санитариялық қорғау аймақтары мен санитариялық-қорғаныш аймақтарына қойылатын талаптардан тұрады.

3. Гигиеналық нормативтер зиянды (химиялық, биологиялық) заттардың рұқсат етілетін шекті концентрацияларының, физикалық әсер етулердің; радиациялық әсер етудің рұқсат етілетін деңгейлерінің нормативтерін белгілейді, оларды сақтау адамға өмірі үшін қолайлы және денсаулығы үшін қауіпсіз тыныс-тіршілігі жағдайларын қамтамасыз етеді.

Гигиеналық нормативтер:

1) жұмыс аймағының микроклиматына, ауа алмасуына, ауасына, өндірістік, тұрғын үй және басқа да үй-жайлардың физикалық факторларына, тұрғын үй құрылысын салу аумағына;

2) өнімнің (тауарлардың) және қоршаған ортаның радиациялық, химиялық, микробиологиялық, токсикологиялық, паразитологиялық қауіпсіздігіне;

3) қалалық және ауылдық елді мекендердегі, өнеркәсіп ұйымдары аумақтарындағы атмосфералық ауаға;

4) қоршаған ортаға зиянды заттардың физикалық факторларына рұқсат етілетін шекті шығарындылары мен рұқсат етілетін шекті төгінділеріне;

5) өнімнің, технологиялық жабдықтың, процестің жаңа түрлеріне белгіленеді.».

11. 2010 жылғы 30 маусымдағы «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2010 ж., № 14, 70-құжат; № 24, 145-құжат; 2011 ж., № 1, 3-құжат; № 11, 102-құжат; № 19, 145-құжат; 2012 ж., № 2, 15-құжат; № 13, 91-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 2, 13-құжат; № 7, 36-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 81-құжат; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 4-5, 24-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 61-құжат; № 12, 82-құжат; № 14, 84-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 94, 96-құжаттар; 2014 жылғы 8 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 7 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2014 жылғы 13 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы автомобиль өткізу пункттерінде ветеринариялық-санитариялық бақылау және өсімдіктер карантині бойынша бақылау функцияларын мемлекеттік кіріс органдарына беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 10 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы):


Каталог: files
files -> Бастауыш білім беру деңгейінің ОҚу пәндері бойынша үлгілік тақырыптық жоспарлары
files -> Астрономия Мазмұны
files -> 1 фантастика жанрыныњ типологиясы
files -> Қазақстан тарихы 5 сынып. 2013-2014 оқу жылы
files -> Расул гамзатов
files -> Жамбыл атындағы республикалық жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> «№ мектеп-лицей» мемлекеттік мекемесі Күнтізбелік- тақырыптық жоспар
files -> Ермұхан Бекмахановқа Сыздайды жаным, мұздайды қаным, жан аға!
files -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   31




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет