Қазақстан Республикасының Заңы



бет4/31
Дата26.08.2017
өлшемі4,55 Mb.
#28652
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31
1. Табиғат пайдаланушы қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат алу үшiн қажеттi құжаттар топтамасын рұқсат беретін органға ұсынады.

2. I, II және III санаттардағы объектiлерi бар табиғат пайдаланушылар үшiн қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат алуға арналған құжаттар топтамасы:

1) рұқсат алуға өтiнiмдi;

2) эмиссиялар нормативтерінің жобаларына мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын;

3) қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi iс-шаралар жоспарын қамтиды.

3. Жаңадан енгізілетін IV санаттағы объектiлерi бар табиғат пайдаланушылар үшiн қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат алуға арналған құжаттар топтамасы:

1) рұқсат алуға өтінімді;

2) қоршаған ортаға эмиссиялардың есептік немесе аспаптық жолмен белгіленген және негізделген нормативтерін қамтиды.

4. Қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат алуға арналған өтiнiмнің нысанын қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган бекітеді.»;

«74-бап. Қоршаған ортаға эмиссияларға өтiнiмдер беру, қарау және рұқсат беру мерзiмдерi

1. Өтiнiмдер беру:

1) I санаттағы объектілер үшін - қолданыстағы рұқсат мерзiмi аяқталғанға дейiн не жаңа объект пайдалануға берiлгенге дейiн екі айдан кешіктірілмей;

2) IІ санаттағы объектілер үшін - қолданыстағы рұқсат мерзiмi аяқталғанға дейiн не жаңа объект пайдалануға берiлгенге дейiн бір айдан кешіктірілмей;

3) ІIІ санаттағы объектілер үшін - қолданыстағы рұқсат мерзiмi аяқталғанға дейiн не жаңа объект пайдалануға берiлгенге дейiн он жұмыс күнінен кешіктірілмей;

4) ІV санаттағы объектілер үшін жаңа объект пайдалануға берiлгенге дейiн он жұмыс күнінен кешіктірілмей жүзеге асырылады.

2. Рұқсат беретін орган өтінім тіркелген күннен бастап І және

ІІ санаттардағы объектілер үшін - күнтізбелік он бес күннен аспайтын мерзімде, ІІІ санаттағы объектілер үшін күнтізбелік бес күннен аспайтын мерзімде өтінімді оның толықтығы және осы Кодекстің талаптарына сәйкестігі тұрғысынан қарайды.

Белгіленген мерзім өткеннен кейін өтінім қарауға қабылданады не ұсынылған материалдардың жеткіліксіздігі салдарынан және (немесе) оның осы Кодекстің талаптарына сәйкес келмеуіне байланысты қабылданбайды.

Өтінім қабылданбаған кезде табиғат пайдаланушыға қабылданбау себептері уәжді түрде негізделіп, бас тарту жіберіледі.

3. Рұқсат беретін орган қабылданған өтінімдерді:

1) I санаттағы объектілер үшін - өтінім тіркелген күннен бастап екі айдан аспайтын мерзімде;

2) ІІ санаттағы объектілер үшін - өтінім тіркелген күннен бастап бір айдан аспайтын мерзімде;

3) ІІI санаттағы объектілер үшін - өтінім тіркелген күннен бастап он жұмыс күнінен аспайтын мерзімде;

4) IV санаттағы объектілер үшін өтінім тіркелген күннен бастап бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімде қарайды.

4. Қарау қорытындылары бойынша қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат беріледі.

75-бап. Қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат беру үшiн негiздер

1. Табиғат пайдаланушыға I, II және III санаттардағы объектiлерге мынадай шарттар сақталған кезде:

1) осы Кодекстiң 72-бабына сәйкес қажеттi құжаттар мен материалдар ұсынылған;

2) қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi iс-шаралар жоспары Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасында белгiленген экологиялық талаптар мен нормаларға сәйкес келген және қоршаған ортаға эмиссиялар нормативтерiне қол жеткiзудi қамтамасыз еткен кезде қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат берiледі.

2. Егер табиғат пайдаланушы қажетті өтінімді және қоршаған ортаға эмиссиялар нормативтерін ұсынса, оған IV санаттағы объектіге қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат берілуге тиіс.

76-бап. Қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсаттардың қолданылу мерзiмдерi

1. Қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсаттар қолданыстағы рұқсатта көрсетiлген табиғат пайдаланудың қолданылатын технологиялары мен шарттары өзгергенге дейiнгі, бiрақ I, II және III санаттардағы объектілер үшін он жылдан аспайтын мерзiмге берiледi.

2. IV санаттағы объектілер үшін қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат, қолданыстағы рұқсатта көрсетiлген табиғат пайдаланудың қолданылатын технологиялары мен шарттары өзгерген жағдайларды қоспағанда, мерзімсіз негізде беріледі.»;

14) 94-12-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:



«1. Парниктік газдар шығарындыларының жалпы көлемінің бір бөлігінен белгіленген мөлшердегі бірліктер резерві құралады, оны қалыптастыру тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.»;

15) 195-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:



«Келісу тәртібі Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасына сәйкес бекітілген құрылыс салудың үлгілік қағидаларында айқындалады.»;

16) 198-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:



«2. Мыналар:

1) мемлекеттiк экологиялық сараптаманың;

2) эпидемиялық маңыздылығы жоғары объект жобаланған жағдайда санитариялық-эпидемиологиялық сараптаманың оң қорытындылары жоқ жобаларды қаржыландыруға және iске асыруға тыйым салынады.»;

17) 202-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:



«1. Кәсiпорындарды, құрылыстар мен өзге де объектiлердi салу және реконструкциялау мемлекеттiк экологиялық сараптаманың, санитариялық-эпидемиологиялық сараптаманың (эпидемиялық маңыздылығы жоғары объектілерді салған және реконструкциялаған жағдайда) оң қорытындылары болған кезде және қоршаған орта сапасының нормативтерiне сәйкес жүзеге асырылады. Бекiтiлген жобаны немесе жұмыстардың құнын қоршаған ортаға залал келтiре отырып өзгертуге жол берiлмейдi.»;

18) 224-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:



«4. Су объектiлерiнiң жай-күйiне әсер ететiн кәсiпорындар мен басқа да құрылыстарды салу, реконструкциялау, пайдалану, консервациялау, жою, қоршаған ортаны қорғау, су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органдардың және санитариялық-эпидемиологиялық қызмет мемлекеттiк органының (эпидемиялық маңыздылығы жоғары объектілерге жатқызылған объектілерге) оң қорытындылары болған кезде жүзеге асырылады.»;

19) 267-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:



«1. Каспий теңізіне өсімдіктер мен жануарлар дүниесі объектілерінің кездейсоқ кіруін болғызбау үшін бұрын өзге су бассейндерінде жұмыс істеген жабдық пен аппаратураны, сондай-ақ кемелерді экологиялық тексеруден өткізбей пайдалануға тыйым салынады.»;

20) 277-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:



«2. Өндірістік радиациялық бақылау жүргізу әдістемесі санитариялық қағидаларда айқындалады.»;

21) 287-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:



«4. Қалдықтардың қауіптілік деңгейін айқындау және оларға код белгілеу қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган бекітетін қалдықтар сыныптауышының негізінде жүргізіледі. Сыныптауышта қалдықтардың осы түрі болмаған жағдайда, қауіптілік деңгейі және оларға код белгілеу қалдықтың қауіптілік деңгейін айқындау және оған код белгілеу жөніндегі әдістемеге сәйкес айқындалады.»;

22) 288-1-баптың 8-тармағы алып тасталсын;

23) 291-баптың 2 және 4-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Қалдықтарды орналастыру объектісі салынатын жерді айқындау мемлекеттiк экологиялық сараптаманың, санитариялық-эпидемиологиялық сараптаманың (эпидемиялық маңыздылығы жоғары объектілерді салу кезінде) және Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес жүргізілетін сараптаманың оң қорытындылары болған кезде арнайы (инженерлік-геологиялық, гидрогеологиялық және өзге де) зерттеулер негізінде жүзеге асырылады.»;

«4. Қалалық және басқа да қоныстардың, орман саябақтарының, курорттық, емдеу-сауықтыру, рекреациялық аймақтардың аумақтарында, тарихи-мәдени мұра объектілеріне жатқызылған аумақтарда, сондай-ақ су қорғау аймақтарында, ауызсумен және шаруашылық-тұрмыстық сумен жабдықтау мақсаттарында пайдаланылатын жерасты су объектілерінің су жинау алаңдарында қалдықтарды көмуге тыйым салынады.»;

24) 292-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:



«2. Коммуналдық қалдықтармен жұмыс істеу кезінде экологиялық талаптардың сақталуын бақылауды жергілікті атқарушы органдар, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган қамтамасыз етеді.»;

25) 298-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:



«4. Қалдықтар полигондарын орналастыру мен салу жобалары:

1) мемлекеттік экологиялық сараптамадан;

2) эпидемиялық маңыздылығы жоғары объектілерді салу кезінде осы Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген тәртіппен мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық сараптамадан өткізілуге жатады.»;

26) 306-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:



«4. Полигонның иесі жобаның шарттарына сәйкес полигонды (полигонның бір бөлігін) рекультивациялауды орындағаннан кейін және орындалған жұмыстар қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның қатысуымен қабылдау комиссиясының актісімен қабылданғаннан кейін полигон иесі қоршаған ортаға мониторинг жүргізуді тоқтатады.».

7. 2007 жылғы 15 мамырдағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 9, 65-құжат; № 19, 147-құжат; № 20, 152-құжат; № 24, 178-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 8, 44-құжат; № 9-10, 50-құжат; № 17, 82-құжат; № 18, 84-құжат; № 24, 122, 134-құжаттар; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 10, 48-құжат; № 24, 146, 148-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 11, 102-құжат; № 16, 128-құжат; 2012 ж., № 3, 26-құжат; № 4, 32-құжат; № 5, 41-құжат; № 6, 45-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 92-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 123-құжат; 2013 ж., № 2, 13-құжат; № 3, 15-құжат; № 7, 36-құжат; № 9, 51-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 15, 78, 81-құжаттар; № 16, 83-құжат; № 23-24, 116-құжат; 2014 ж., № 2, 10-құжат; № 7, 37-құжат; № 8, 44, 49-құжаттар; № 11, 67-құжат; № 14, 84-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; 2014 жылғы 8 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 7 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы):



1) 16-баптың 23) тармақшасы алып тасталсын;

2) 17-баптың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:



«5) жұмыс берушілерде еңбек қауіпсіздігін және еңбекті қорғауды қамтамасыз етуге жауапты адамдардың білімін тексеруді жүргізеді;»;

3) 145-баптың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:



«3) кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесуге;»;

4) 313-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:



«4. Өндірістік қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың еңбек қауіпсіздігін және еңбекті қорғауды қамтамасыз етуге жауапты адамдары мерзімділікпен, үш жылда бір реттен сиретпей кадрларды кәсіптік даярлауды, қайта даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды жүзеге асыратын ұйымдарда еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша оқудан және білімін тексеруден өтуге міндетті.

Оқудан және білімін тексеруден өтуге тиіс адамдардың тізімі жұмыс берушінің актісімен бекітіледі.»;

5) 317-баптың 1-тармағының 5) және 7) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:



«5) еңбек қауіпсіздігін және еңбекті қорғауды қамтамасыз етуге жауапты адамдардың және қызметкерлердің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша білімдерін тексеруді ұйымдастыруға;»;

«7) еңбек жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органға және еңбек инспекциясы жөнiндегi жергілікті органға, қызметкерлердiң өкiлдерiне олардың жазбаша сауалы бойынша, өндiрiстiк объектiлердi ұйымдардағы еңбек жағдайлары бойынша аттестаттау туралы ақпаратты қоса алғанда, еңбек жағдайларының, қауiпсiздiгiнің және еңбектi қорғаудың жай-күйi туралы қажеттi ақпаратты тоқсанына бір рет беруге;»;

6) 328-баптың 5-тармағы және 328-2-баптың 1-тармағы алып тасталсын.

8. 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 21, 93-құжат; 2009 ж., № 23, 112-құжат; № 24, 129-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 29, 32-құжаттар; № 15, 71-құжат; № 24, 146, 149, 150-құжаттар; 2011 ж., № 2, 21, 25-құжаттар; № 4, 37-құжат; № 6, 50-құжат; № 7, 54-құжат; № 11, 102-құжат; № 13, 115-құжат; № 15, 125-құжат; № 16, 129-құжат; № 20, 151-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 16-құжат; № 3, 21-құжат; № 4, 30, 32-құжаттар; № 5, 36, 41-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 94-құжат; № 18-19, 119-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 2, 13-құжат; № 5-6, 30-құжат; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 13, 63-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 81, 82-құжаттар; № 16, 83-құжат; № 20, 113-құжат; № 21-22, 114-құжат; 2014 ж., № 1, 6-құжат; № 2, 10, 12-құжаттар; № 4-5, 24-құжат; № 7, 37-құжат; № 8, 44-құжат; № 11, 63, 69-құжаттар;№ 12, 82-құжат; № 14, 84, 86-құжаттар; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; 2014 жылғы 8 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 7 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2014 жылғы 19 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сот төрелігін іске асыруды одан әрі жеңілдету, төрешілдік рәсімдерді азайту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 17 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2014 жылғы 3 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 28 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы):

1) 41-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Мемлекеттік тапсырманы жоспарлау бюджетті әзірлеу кезінде мемлекеттік тапсырманы әзірлеу мен орындау тәртібіне сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының қорытындысы ескеріле отырып, осы Кодексте белгіленген талаптар сақтала отырып жүзеге асырылады.»;

2) 96-баптың 5-тармағының төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:



«Жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын дайындау құны шарт құнына енгізілген объектілерден басқа, ғимараттарды, құрылыстарды, жолдарды салуға не реконструкциялауға, үй-жайларды, ғимараттарды, құрылыстарды, жолдарды және басқа да объектілерді күрделі жөндеуге байланысты азаматтық-құқықтық мәмілелерді тіркеу жобалау-сметалық құжаттама бойынша ведомстводан тыс кешенді сараптаманың оң қорытындысы міндетті түрде болған кезде жүргізіледі.»;

3) 97-баптың 5-тармағының үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:



«Жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын дайындау құны шарт құнына енгізілген ғимараттарды, құрылыстарды, жолдарды салуға не реконструкциялауға, үй-жайларды, ғимараттарды, құрылыстарды, жолдарды және басқа да объектілерді күрделі жөндеуге байланысты шығыстар бойынша бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі аванстық төлемнен кейінгі төлем жүргізу кезінде құрылысқа арналған жобалардың (техникалық-экономикалық негіздемелер немесе жобалау-сметалық құжаттама) ведомстводан тыс кешенді сараптамасының оң қорытындысының бар-жоғын қосымша тексереді.».

9. 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 22-I, 22-II, 112-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18-құжаттар; № 13-14, 63-құжат; № 15-16, 74-құжат; № 17, 82-құжат; № 18, 84-құжат; № 23, 100-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 28, 29-құжаттар; № 11, 58-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; № 22, 130, 132-құжаттар; № 24, 145, 146, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 2, 21, 25-құжаттар; № 4, 37-құжат; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 116-құжат; № 14, 117-құжат; № 15, 120-құжат; № 16, 128-құжат; № 20, 151-құжат; № 21, 161-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 11, 15-құжаттар; № 3, 21, 22, 25, 27-құжаттар; № 4, 32-құжат; № 5, 35-құжат; № 6, 43, 44-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 11, 80-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 92-құжат; № 15, 97-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 2, 7, 10-құжаттар; № 3, 15-құжат; № 4, 21-құжат; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 12, 57-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 76, 81, 82-құжаттар; № 16, 83-құжат; № 21-22, 114, 115-құжаттар; № 23-24, 116-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 4-5, 24-құжат; № 7, 37-құжат; № 8, 44, 49-құжаттар; № 10, 52-құжат; № 11, 63, 64, 65, 69-құжаттар; № 12, 82-құжат; № 14, 84-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; 2014 жылғы 8 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 7 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2014 жылғы 19 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сот төрелігін іске асыруды одан әрі жеңілдету, төрешілдік рәсімдерді азайту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 17 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2014 жылғы 3 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 28 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы):



1) мазмұнында:

мынадай мазмұндағы 37-2 және 47-1-баптардың тақырыптарымен толықтырылсын:

«37-2-бап. Салықтар бойынша аудиторлық қорытындының нәтижелері бойынша таратылатын резидент заңды тұлғалардың және қызметін тоқтататын дара кәсіпкерлердің жекелеген санаттарының салық міндеттемесін орындау ерекшеліктері»;

«47-1-бап. Салықтарды және (немесе) өсiмпұлдарды төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мерзімдерін салық төлеушінің өтініші негізінде өзгерту»;

48-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«48-бап. Салықтарды және (немесе) өсімпұлдарды төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мерзімін салық төлеушінің өтініші негізінде өзгерту туралы шешім қабылдауға уәкілеттік берілген орган»;

мынадай мазмұндағы 51-3-баптың тақырыбымен толықтырылсын:

«51-3-бап. Импортталатын тауарлар бойынша жанама салықтарды төлеу мерзімін өзгерту тәртібі»;

2) 12-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 24-1) тармақшамен толықтырылсын:



«24-1) жеке тұлғаны әлеуметтік қолдау - салық агентінің Қазақстан Республиикасының заңнамасына сәйкес әлеуметтік қолдауға құқығы бар жеке тұлғаға республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және тиiстi қаржы жылының басында қолданыста болатын ең төмен жалақының 55 еселенген мөлшерi шегiнде мүлікті бiр жыл өтеусіз беруі.

Каталог: files
files -> Бастауыш білім беру деңгейінің ОҚу пәндері бойынша үлгілік тақырыптық жоспарлары
files -> Астрономия Мазмұны
files -> 1 фантастика жанрыныњ типологиясы
files -> Қазақстан тарихы 5 сынып. 2013-2014 оқу жылы
files -> Расул гамзатов
files -> Жамбыл атындағы республикалық жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> «№ мектеп-лицей» мемлекеттік мекемесі Күнтізбелік- тақырыптық жоспар
files -> Ермұхан Бекмахановқа Сыздайды жаным, мұздайды қаным, жан аға!
files -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет