Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі, профессор



бет3/9
Дата10.02.2020
өлшемі363,66 Kb.
#57536
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
абаййй


Абайдың «Жидебай-Бөрілі»

қорық-музейінің баспасөз қызметі

ҚР ПРЕЗИДЕНТІ АБАЙДЫҢ 175 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫ ТУРАЛЫ ЖАРЛЫҚҚА ҚОЛ ҚОЙДЫ

   Абайдың 175 жылдық мерейтойын мерекелеу туралы 2020 жылы қазақ халқының ұлы ақыны, ағартушысы Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойын жоғары ұйымдастырушылық және мазмұндық деңгейде мерекелеуді қамтамасыз ету мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

    1. Қазақстан Республикасының Үкіметі:

   1) 2019 жылғы 1 шілдеге дейін 2020 жылы қазақ халқының ұлы ақыны, ағартушысы Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойын (бұдан әрі - Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойы) дайындау және өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссия құрсын;

2) 2019 жылғы 1 қазанға дейін Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойын дайындау және өткізу жөніндегі жалпыреспубликалық жоспарды бекітсін;

3) Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-музейін кешенді жаңғырту жөнінде қажетті шаралар қабылдасын;

4) 2020 жылы Нұр-Сұлтан қаласында Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына арналған халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізсін;

5) Абай Құнанбайұлының еңбектерін кең таралған негізгі шет тілдеріне сапалы аударуды жүзеге асыру, басып шығару және халықаралық ілгерілету жөнінде қажетті шаралар қабылдасын;

6) Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойын Біріккен Ұлттардың Білім, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі ұйымы (ЮНЕСКО) мен Халықаралық түркі мәдениеті ұйымы (ТҮРКСОЙ) аясында мерекелеуді ұйымдастыру жөніндегі мәселені пысықтасын;

7) Осы Жарлықты іске асыру жөнінде өзге де шаралар қабылдасын. 

2. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.

3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.    

Қазақстан Республикасының   Президенті   Қ.Тоқаев  

Нұр Сұлтан, Ақорда, 2019 жылғы 30 мамыр  

АБАЙ  ШЫРАҚШЫСЫНЫҢ  АЛҒЫСӨЗІ

                Ұлы ақын шаңырағына бұрын жолы түспеген замандасқа                                    

     Ардақты замандас, Сіз бен біз Абай (Ибраһим) Құнанбайұлының барша адам баласының өмірінен алар орнын, яғни тірлікті мейлінше мәнді ете түсер игі әсерін тап басып сезіне алдық па, осы!? Бес күндік бұ дүниенің ғажайып сыны мен ғаламат сыны маңдайына жазылған барша жұрт білетін шындық әзірге мынау: Абай ұлы даланың ұлы ақыны. Елбасының «Бүгін ұлы мереке. Халқымыз ең аяулы перзенті мен ең дана ұстазына мәңгі өшпес махаббатын білдіруге жиылып отыр,- деп  ұлы ақынның 150 жылдық салтанатында Хәкім Абайды ерекше ардақ тұтқаны мәлім. – Өз халқын «жұрт болсын, өссін, өнсін» дейтін әрбір азамат әуелі Абайды оқысын, Абайға құлақ ассын».

Демек, әрқайсымыз әуелі Абайды оқып, Абайға құлақ асайық...



Сіз енді аңдаған шығарсыз, замандас, жалпақ жұрттың бар білетіні ақын өмірі мен асыл мұрасының бір қыры ғана екен... Ал, шындығында Ибраһим Құнанбайұлы ұлы ақын болуымен қатар туған қазағына ғана емес, барша «адамның баласы – бауырына» қараңғыда жол сілтер Жарық сәуле – Ұлы даланың Ұлы қайраткері. Халықтың «көзін ғана емес, көкірегін ашу» үшін Жаратушы тұтатқан ақиқат ұшқыны.

Абай (Ибраһим) Құнанбаев!



Ақиқат ұшқыны.

Сіз білсеңіз керек, көкірегіне осы ақиқат ұшқынын қондырғысы, Абай сәулесімен жүрегін нұрландырғысы келіп, Жарыққа талпынған жан бұрын да, қазір де көп, ертең де оның қарасы қалың болары анық. Олардың бәрі халқымыздың рухани меккесі –  Абай елін, ұлы ақынның туған жерін көруді, поэзия патшасына мінәжат етуді өздеріне адамдық зор парыз санайды. Тіпті, Жидебайда бұрын болып жүрсе де, киелі мекенге жылына ат басын тым құрыса бір бұрғысы кеп тұратын ағайын баршылық. Елбасы өзінің «Ұлы даланың жеті қыры» тарихи- танымдық еңбегінде ерекше ардақ тұтатын ұлы тұлғалардың бірі де тағы Абай!

Ерекше ықылас.

Алты алашпен бірге ғасырдан ғасырға асып, ұрпақтан ұрпаққа жалғасар құдіретті сезім! Туған жердің төрт қиырынан, іргедегі Ресей мен Қытайды былай қойғанда, алыс-жақын шетелден арнайы іздеп келетін адам легі мұнда үзілмейді. Олар ұлылардың мәңгілік мекені – киелі топыраққа жүректері толқи отырып, тебірене қадам басады. Ұлы даланың данышпан ұлдарының әруағына тағзым жасайды, өмір сапарындағы өздерінің бір парыздарын өтегендей мерейлері өсіп, ақын шырақшыларына разы көңілмен аттанады.

Жүрегін тыңдағандар.



Қайрат пен ақылды Жүрекке жүгінткендер (Абай).

Сіз түсінесіз ғой, олардың іздегені Абай... ұлы ақынның рухынан тірлік талқысында таяныш тапқысы, тіпті рухани жалғыздықтан жандарына араша сұрағысы келеді. Жидебайға жолы түскендер, Абайдан басқа ештеңеге алаңдамайды, жоқ пен барды түгендеп, тінткілемейді. Қайта керісінше, киелі мекенде аса терең ілтипатпен тебіренеді. Сосын, әрине біздің  қызметте қалт кеткен тұстарымызды да көрмейді немесе көргілері де келмейді. Олар, ұлы ақынның табанының ізі қалған қасиетті топыраққа қадам басқандарына жандары желбіреп, жүректері шаттанады.

Абайға асыққандар.



Сіз байқайсыз ба, бізді келушілердің қатал сынынан арашалап алатын да ұлы тұлғаларымызға деген терең сүйіспеншілік сезімі. Сұқ көз бен сұғанақ сөзден аталарымыздың асыл қасиеті әрқашан қалқан болуда. Рас, ұлылар мекенінде, тіпті, кейбір кірпі мінезділер де инелерін іштеріне бүгіп, қасиетті мекеннің киесінен қорқады. Әйтпесе, рух мәртебесі – Жидебайда әлі де ажарын аша түсіп, оның ішкі мол қуатына сыртқы сән-сәулетін жарастыра атқарар шаруа жетерлік. Алайда, Жаратушының назары түскен құтты қонысты жайлаған ақын шырақшыларының өз міндеттеріне сергек қарайтынын көрмеу де әділетке қиянат болар еді.

Шыңғыстау – ақындық пен адамдық төрі!



Ал, Абайға қызмет ету – алты алашқа қызмет жасау. Осыдан артық ардақты міндет бар ма?! Абайдың музей-үйі, «Шәкәрімнің саят қорасы» музейі, Абай-Шәкірім кесенелер кешені, Би ата (Кеңгірбай би) кешені және Зере-Ұлжан мазары мен басқа да жиырмаға жуық тарихи орындар мен ескерткіштер сыр шертетін 6.400 гектар қорық аумағы да осындағы шырақшы жиырма азаматтың жауапкершілігінде. Бұған Абай қыстауынан елу шақырым жердегі Көкбай Жанатайұлының мазары мен музейінің де жаңағы Абай шырақшыларының мойнында екенін қоссақ, жауапкершілік жүгі одан бетер салмақтала түседі.

Аса жауапты да абыройлы міндет.



Сіз білесіз бе, сырт көз, былайғы жұрт бұдан, әрине бейхабар. Бұрын болмаған соң, келіп көрмегеннен кейін кінә жоқ, әлбетте. Бірақ, өкінішке қарай, Абайды жалғыз өзі ғана ардақ тұтатын секілді күпініп, барды белінен басып, көз алдындағыны көрмей, Жидебайдан «жүдеп» қайтатындар да бар. Олар Абайды жекеменшіктеп, шаруаның мәнісіне бармай жатып-ақ, алдын ала кесіп-пішіп, жеке бастың өкпесімен сын семсерін сілтеуге білек сыбанып келеді.

Тәкаппарлық.



         Өзінен басқаның еңбегін ескеріп, барын бағаламайтын өзімшілдік. Олар Абайға табынып қана қоймай, ұлы ақын мұрасын жанын сала қорғайтындардың көп екенін көрмейтін мұнафықтар. Тіпті, «Абай жолын» егемен заманда еркін санамен тым құрыса бір қайтара оқып шықпай-ақ, ғұлама Әуезовтің мұрасынан мін іздеп, бесенеден белгілі «тап күресінің көлеңкесімен» алысатындар да солар.       Сіз ондайлардың «сыбағамызды» сұратпай-ақ үйіп, төге салуға тым жомарт екенін білсеңіз керек. Демек, біздің бұл әңгімеміз оларға емес, Абай еліне асыққан ардақты замандас, Сізге арналады. Біз бүгінгі әңгіме тиегін ақын шаңырағына бұрын жолы түсе қоймаған замандасқа, әсіресе жас өскін-келешекке арнап ағытып отырмыз.

  Абай сөзіне, шіркін ертерек зейін қойсақ, қандай!? Жалпы, біз қазір қолға алып жатқан көп бастаманың дәйектемесін басқа жақтан іздеудің қажеті жоқ. Бәрін де Абайдан табасың (Н. Назарбаев), Абай – телегей теңіз ғой, содан қасықтап пайдалансақ та сарқылмас қазына (М. Әуезов). Олай болса, Абай еліне сапар шегуге жиналған замандасқа ұлы ақын туралы, оның ақындық және өнер айналасы мен өскен ортасы жайында аз-маз мағлұмат берген ләзім.



         Асыл мұра.

         Сізді сапарға шақырған Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-музейі ұлы Абай, кемеңгер Шәкәрім мен ғұлама Әуезовтің өлмейтұғын қазынасы терең де тағылымды сыр бүккен киелі мекен.

         Абай үйі.



   Сізге, Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік қорық-музейінің қанатының астындағы сегіз отаудың әрқайсысының-ақ ұлы даланың ұлы тұлғасының өмірі мен шығармашылығы және Абайдың ақындық мектебі өкілдерінің бай мұрасы жайында айтар сөзі мен аманат етер қазынасы мол. Олай болса, Абай шаңырағына бұған дейін жолы түспеген замандасқа айтар Алғысөзді неден бастағанымыз жөн, асыл мұрамен алғаш жүздескен жанға әуелі қалайша дұрыс жол сілтеп, оның қандай мағлұматқа алғаш қаныққаны абзал?   

         Алғысөз.



         Тегінде, ұлы Абайды бұл іргелі әңгімеден аулақ адамға егжей-тегжейлі түсіндіріп, оның терең сырына қанықтырмақ болу, Сіз дұрыс түсінесіз ғой, бос әурешілік. Бұл, басқаша айтқанда, асығыс жолаушыны жолдан бөгеп, шырайлы әңгімеге тартқандай әбес әрекет. Ол тек ұялғанынан ғана басын шұлғығаны болмаса, ештеңе ұға қоймайды... «қайран сөзім қор болған». Ал, кейбіреу жол-жөнекей сөзді арқаланып, барған жерінде аз-маз естігенін «өзімбілемге» салып, Абайдың жарларының есімдерін аналарының есімдерімен шатыстырып-ақ ұятқа қалады.

         Олай болса, Алғысөздің алтын жүлгесі қайсы?!

         Әңгіме желісі...

         Абай және ақын мұрасы туралы сөзіміздің шумағын қалай тарқатсақ қонымды?..



         Сізге, сіз секілді жаңа танысқан барша замандасқа алғысөзді неден бастап, қалай өрістетсек жұғымды болады?.. Көңілдегі осы қиын сауалдың жауабы оңай табылды. Ол – Абай музейінің Семейдегі бас шаңырағындағы  «ізетті, бірақ асығыс», «асығыс, бірақ Семейге келе тұра Абай шаңырағына бас сұқпады» деген секілді көз бен сөзден ығатын  ресми қонаққа арналған экскурсиялық таныстырылым орамы.

         Бұл жүздесу – «Абай дәуірінен» бастау алып, Хәкімнің ақындық айналасымен жалғасып, Абайтанумен өріліп, Шәкәрім мен Әуезов мұрасымен сабақтаса келе «Абай арманымен» түйінделеді. Яғни, бұл экскурсия орамын қолда бар асыл мұраның ең бір жинақты жері, Абай өмірі мен шығармашылығының өзіндік бір беташары десе артық емес. 

         Сонымен...

         Сіз байқаған боларсыз, әсілі, біз өз әңгімемізді «Ақиқат» деп ауызымызды ашқанда-ақ бастап жібергенбіз. Олай болса, әлхисса сөзімізді одан әрі нақтылай түссек, 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет