Қазақстан тарихы және қоғамдық пәндер кафедрасы «Мәдениеттану» пәні бойынша оқу әдістемелік нұсқау



бет3/4
Дата25.01.2022
өлшемі268,74 Kb.
#114473
1   2   3   4
Байланысты:
аза стан тарихы ж не о амды п ндер кафедрасы «М дениеттану» п
-14923880-1, -14923880-1, -14923880-1, « леуметтану» п нінен 300 тест с ра тары, Сынып оқушылары туралы мәлімет, 26 сабақ. Салыстырмалы атомдық және молекулалық масса
Махмуд Қашқари бойынша Түркі ӘлеміКөне замандағы хьон, немесе хиониттер, соңынан тарихта “Ұлы иозылар”, кидариттер немесе ақ ғұндар (ғұнэфталиттер) – олардың ұрпақтары қазіргі қазақ пен қарақалпақ құрамындағы кердері және мойтұн рулары. Жалпы, сол кездегі адамдардың ұғымында екі дүние (немесе екі әлем) болған. Ол - Тұран мен Иран. Қалғандарының барлығы маңызы төмен шеткері аймақтар немесе кейбір тарихшылар анықтағандай “жабайылар” болған. Осы уақытқа дейінгі тарихи деректерде Иранды үндіеуропалық отырықшы, ал Тұранды үндіеуропалық көшпенді тайпалар немесе арийлер деп шатастырып келді. Дұрысы Ирандықтар - ол үндіеуропалық тайпалар және олардың көшпенді бөлігі - арийлер, ал Тұрандықтар Авестада және басқа да деректерде кездесетін хьон (хион) және турлар, яғни көне түркілер.Соғыс өнері Ер Тоңға Сол замандағы ирандықтармен соғысқан түркілердің ұлы қолбасшысы Алып Ер Тоңға туралы б.д.д. VII ғасырда шыққан сол аттас дастанда: Алып Ер Тоңға келеді, Жүз мың әскер ереді, Жүз мың жебе кереді, Жер қайысқан қол еді. Тәңір сүйіп жаратқан, Әлемді өзіне қаратқан, Қаһарын жауға таратқан, Көк Тәңірінің ұлы еді, – деп Алып Ер Тоңғаның түркі екенін атап көрсетеді. Әбілқасым Фирдоусидің “Шахнаме“ дастанының негізгі кейіпкері Афрасиаб түркінің батыры Алып Ер Тоңға екені белгілі. Фирдоуси өз шығармасында Алып Ер Тоңғаның түркі дастанындағы барлық келбетін көп өзгертпей, сол күйінде сомдап берген. “Шахнаме” дастанының мазмұны мен сюжетіне және стиліне тереңірек үңілсек, онда ұлы шайыр Ә.Фирдоуси түркінің батырлық эпостарын “терісін кері айналдырып” өңдегені көрініп тұрады. Ол әдебиетте кеңінен қолданылатын әдіс және ол дастанның батырлық желісін күшейтіп, көркемдік мәнін тереңдете түседі. Көлемі Гомердің “Одиссеиінен” бірнеше есе үлкен ұлы дастан – “Шахнаменің” шоқтығының биіктігі - онда көне түркінің ерлік дастандарын жақсы өңдеп келістіре жырлай білуінде болса керек. Түркілердің соғыс өнерін сиқырлыққа теңеген Фирдоуси, “Сиқыршылар парсыларға садақ оғын жаудыратын жел мен қара дауылды шақырды” дейді. Жүсіп Баласағұн атақты Алып Ер Тоңғаның есімін кезінде тәжіктер \парсылар\ өзгертіп, оны Афрасиаб деп атап кеткенін оқырманға ескертеді: Тәжіктер оны Афрасиаб атаған, Елдерге ол көп ізгілік жасаған.Қажет білсең білім, ақыл, даналық, Қолға алуға дүниені қаратып.Тәжіктер де хатқа мұны түсірген, Кітапта жоқ болса кімдер түсінген! “Алып Ер Тоңға“ дастанының негізгі идеясы - Тұран елін сыртқы жаудан қорғау, түркі жұртын ішкі ынтымақ-бірлікке үндеу, туған жердің абырой-даңқын арттыра түсу. Өзінің идеялық мазмұны мен көркемдік дәрежесі жағынан біздің дәуірімізге дейінгі көне түркі дастандарының ішінде “Алып Ер Тоңғадан“ кейінгі аса маңызды туынды “Шу батыр“ дастаны. Махмұд Қашқари “Диуани лұғат ат-түрікте“ Шу батыр біздің заманымыздан бұрынғы V-IV ғасырларда өмір сүрген сақ билеушілерінің бірі екенін айтады. Дастанда ерте замандағы Шу өзені өңіріндегі мемлекеттің тарихы мен жер аттары туралы көптеген мағлұматтармен қатар Ескендір Зұлқарнайынның (Александр Македонский) түркі еліне жасаған әскери жорығы кезінде оның қырық әскері Шу батырдың таңдаулы қырық нөкерінен жеңілгеннен кейін бейбіт келісім жасағаны туралы баяндалады. “Авестада” арийлер өздерінің батырлары мен әскерлерін қанша мақтағанымен олар тұрандықтарды жеңді дегенді кездестірмейміз. Керісінше ирандықтар аттары жүйрік тұрандықтардан жеңілгені туралы бірнеше рет жазады. Осы қасиетті кітаптан тұрандықтар мен хиондықтардың ержүрек, жаугер тайпалар болғанын көреміз. Алып Ер Тоңға бастаған көне түркілердің ирандықтармен соғыстары негізінен Арал теңізі мен Сырдарияның бойында, яғни Орта Азия аймағында болғаны белгілі. Біз одан көне түркі тайпаларының бір бөлігінің б.д.д. VIII-VII ғасырларда және сол уақытқа дейін осы аймақта тұрғанын көреміз. Тұрандықтар мен ирандықтардың қайта-қайта соғысуына Ұлы даладағы адам мен мал санының өсіп, жайылымның тарылуы негізгі себеп болды. Тұрандықтардан жеңілген ирандықтар (арий тайпалары) Иранға, Үндістанға және Еуропаға көшуге мәжбүрленді. Барлық түркі халықтары мен угро-финдерді, жапон мен корей, манчжурлар мен т.б. палеоазиат халықтарын тұрандықтардың бүгінгі ұрпақтары деуге болады.
Түркі өркениеті.Осындай жолмен Магдалениан мәдениеті Сібірдегі Енисейдің жоғары жағында Манжуриядағы Толунге, Маньчоулиге, Хайларғда және Хоппеге тараған. Пекиннің жанындағы Чоукоутиен ойпатынан табылған адам қаңқасында сүйек инелер, құлақ жарғағындағы тесіктер, жануарлардың сойдақ тістері, қажалған алқалар, маржан тастардың бөлшектері сияқты әшекейлер кездеседі.Б.д.д. үшмыңжылдықтың ортасында Орталық Ресей жерінде пайда болып Азиядағы Сібірге, одан Ганьсудегі проқытай Чи-жиа-пинь керамикасына әсер еткен ирек сызықты \“соmbed”\ әшекейленген құмыралардың тарауы неолит дәуірінің соңғы кезінде сібірдегі көшпенді жол арқылы жүрген.Одан кейінгі кезеңде б.д.д. II мыңжылдықтың басында Бессарабия, Молдавия және Киев маңында пайда болып, Украинадан Қытайға дейін тарап, б.д.д. 1700 жылдар шамасында Хонандағы Ян-шао-тзунде дамып, сонан соң Ганьсудегі Паншанда дамыған керамика, спираль тәрізді өрнектелген әшекейлер Сібір арқылы тараған болу керек. А.М.Таллгреннің дәлелдеуі бойынша б.д.д. 1500 жылдары басталған Батыс Сібірдегі қола дәуірі сол кездегі Дунайдың қола өркениетімен байланысты. Орталық Сібірдегі Минусинскіде қола дәуірі одан үш жүз жыл кейін, яғни 1200 жылдары басталды. Қытайдың үлгілеріне ұқсас Батыс Сібірдегі балталар мен найза ұштарының негізінде М.Лоер Қытайдағы қола техникасы б.д.д. 1400 жылдары Сібірден келді деп қорытындылайды. Бұл жерде біз Қытай өркениеті пайда болуы мен дамуының негізін көшпенді түркі тайпаларынан алатынын көреміз.Көне түркі тілі, жазуы — бүгінгі өзбек, қазақ, ұйғыр, түрікмен, қырғыз, қарақалпақ халықтарына ортак мұра. Түркі тілі, жазуы негізінде осы аталған қазіргі түркі тілдес халықтардың әдеби тілдері қалыптасты.
Көне түркі әліпбиі
Көне түркі әліпбиі
Қолданылуы
Орхон — Енисей таңбалары
Дыбыстық мағына
Дауысты дыбыстар
A
/a/, /e/
I
/ɯ/, /i/, /j/
O
/o/, /ø/
U
/u/, /y/, /w/
Дауыссыз дыбыстар
Дыбыс үйлесімі
with:
(¹) — back,
(²) — front
vowels
/b/
/b/
/d/
/d/
/ɡ/
/ɡ/
/l/
/l/
/n/
/n/
/r/
/r/
/s/
/s/
/t/
/t/
/j/
/j/
only (¹) — Q
only (²) — K
Q
/q/
K
/k/
with all
vowels
-CH
/tʃ/
-M
/m/
-P
/p/
-SH
/ʃ/
-Z
/z/
-NG
/ŋ/
clusters
+ vowel
ICH, CHI, CH
/itʃ/, /tʃi/, /tʃ/
IQ, QI, Q
/ɯq/, /qɯ/, /q/
OQ, UQ,
QO, QU, Q
/oq/, /uq/,
/qo/, /qu/, /q/
ÖK, ÜK,
KÖ, KÜ, K
/øk/, /yk/,
/kø/, /ky/, /k/
+ consonant
-NCH
/ntʃ/
-NY
/ɲ/
-LT
/lt/, /ld/
-NT
/nt/, /nd/
word-divide symbol
none
(-) — word endings only

Орта ғасырлардағы жазу-сызу.Ерте орта ғасырларда түркі халықтары өздерінің төл жазуымен бірге соғды жазуын да пайдаланған. Соғды жазуы дегеніміз — орта ғасылардағы парсы жазуы. Соғды жазуының өз тілдеріне икемделген нұсқасын түркілер алғашында "ұйғыр жазуы", кейінірек "найман жазуы" деп атаған.Түркі халықтары ислам діні енген кезден бастап (VIIIXII ғасырлар) араб әліпбиін де қолдана бастайды.Қарахан мемлекетінен бастап іс қағаздары араб әліпбиімен жүреді. Араб әліпбиімен хатқа түскен сол заманғы еңбектер мыналар:Махмұд Қашқари "Диуани лұғат ат-түрік", Жүсіп Баласағүни "Құтты білік", Қожа Ахмет Йасауи "Диуани хикмет", Сүлеймен Бақырғани "Хикмет", Рабғузи "Қиссауыл әнбия" ("Әулиелер дастаны", "Оғызнама" (IXX ғасырлар),Әбілғазы Баһадүр "Түрік шежіресі", т.б.
9.Жаңа тақырыпты бекіту.20 мин (22%)
Бақылау сұрақтары:
1. Мәдениеттанулық ой- пікірлердің дамуы,
2. Мәдениеттанудың әлемдегі алатын орны,
3. Мәдениеттанудың маңыздылығына тоқталу;
4. Ежелгі түркілер, түркі тайпаларының тұрмысы,
салты, дәстүрі және діні туралы;
Қазіргі Қазақстан және Орта Азияны мекенден халықтардың көне тарихы негізінде ортағасырларда пайда болған түркі мәдениетінің ерекшеліктеріне, әлемдік мәдениеттегі орнына назар аударту;
1. Жаңа материал бойынша негізгі түсініктерге тоқталу.
2. Негізгі терминдер мен тезистерді жұмыс дәптерлеріне жаздыру.
Өркениет, жазу, шежіре, әліпби;
10.Сабақты қорытындылау.5 мин (6%)
1. Оқушыларды бағалау.
2. Келесі сабақ тақырыбын қысқаша хабарлау.
11.Үйге тапсырма беру.5 мин (6%)
Сабақтың тақырыбы: Көшпелі өркениет құндылықтары.
Жоспар бойынша ұсынылатын әдебиеттер:
1.Ө.С.Төкенов. Мәдениеттану. А. 2006.
2.Т.Х.Ғабитов, Ж.М.Мүтәліпов, А.Т.Құлсариева. Мәдениеттану. А.2004.
3.Т.Х.Ғабитов. Мәдениеттану. А. 2000.

№10- сабақ.
1. Сабақтың тақырыбы: Көшпелі өркениет құндылықтары.
2. Сағат саны: 90 мин (100%)
3. Сабақ түрі: теория
4. Сабақтың мақсаты: Қазақ мәдениетінің архетипіне көптеген зерттеушілердің пікірі бойынша орта ғасырларда қалыптасқан еуразиялық мәдени кеңістікті қамтыған түріктік халықтар мен тайпалардың негізінен көшпенді мәдениеті жатады.
*оқыту: Пән бойынша білім білік дағдыларын қалыптастыру;
*тәрбиелік: Еңбек тәрбиесі(еңбекке баулу, мамандыққа бағдарлау);
*дамыту: Жеке тұлғаны дамыту;
5. Материалды техникалық жабдықталуы:
а) техникалық құралдар:компьютер, интерактивті тақта, мультимедиялық құрылғы.
ә) көрнекі және дидактикалық құралдар:өзіндік жұмыстарға арналған кеспелер,тест тапсырмалары,сөзжұмбақтар.
б) оқыту орны: дәріс аудиториясы
6. Әдебиеттер:
1.Ө.С.Төкенов. Мәдениеттану. А. 2006.
2.Т.Х.Ғабитов, Ж.М.Мүтәліпов, А.Т.Құлсариева. Мәдениеттану. А.2004.
3.Т.Х.Ғабитов. Мәдениеттану. А. 2000.
1) Ұйымдастыру кезеңі – 5 мин. - (6%)
а) Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.
ә) Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
б) Сабақтың мақсаты мен міндеті.
7.Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру. 15 мин (16%)
1.Қазақ жеріндегі алғашқы қауымдық мәдениеттерді ата?
2.Еуразия кеңістігіндегі номадалар мәдениетінің басты ерекшеліктері неде?
3.Ежелгі түркі өркениеті және оның ерекшеліктері қандай?
8.Жаңа сабақты түсіндіру:40 мин (44%)
Тақырыбы: Көшпелі өркениет құндылықтары.
Мақсаты:жаңа тақырып бойынша түсінік беру.
1.1. Дәріс түсіндірме түрінде жүргізіледі.
1.2. Мұғалімнің кіріспе сөзі.
1.3. Оқулықпен жұмыс істеу.
1.4. Қорытынды.
Ақпаратты – дидактикалық бөлім.
1. Көшпелі өркениет әлемдік өркениеттің құрамдас бөлігі.
2. Көшпелілер дүниетанымы.Көшпелі өркениеттің ерекшелігі.
3. Дәстүрлі қазақ мәдениетінің табиғи ғарыштық негіздері.
4. Көшпелілер өміріндегі мал шаруашылығының ролі.
5. Көшпелілердің әдет ғұрыптары.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет