Қазақстан тарихы кафедрасы



бет3/6
Дата07.02.2022
өлшемі19,63 Kb.
#87927
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Әбдімомынова Несібелі ЕП-20-3К4 глоссарий тарих
Әбдімомынова Несібелі ЕП-20-3К4 глоссарий тарих, Әбдімомынова Несібелі ЕП-20-3к4 дене шынықтыру, соч 3 чет 11 кл, license kz ru
8.Батыр (парсыша баһадүр – ержүрек, батыл) – әскери өнерді жақсы меңгерген, жау түсірер ерлігімен аты шыққан адамға берілетін атақ.


9.Би – әділдігімен, шешендігімен төрелік айту құқығына ие болған беделді адам.

10.Бодандық – 1) монархиялық елдің басқа елді өзіне бағынуға мәжбүр етуі; 2) еркі жоқтық, тәуелділік.

11.Даруға – ортағасырлық қалада алым-салық жинау мен тәртіпті қадағалау істерін басқарған адам.

12.Демография – халық, халықтың саны, өзгерісі туралы ғылым.

13.Демократия – халық билігісаяси құрылыс, онда халық билігінің тәсілдері мен түрлері бекітіліп, тәжірибе жүзінде іске асырылады.

14.Депортация – жеке адамдарды, халықтарды (олардың бір бөлігін) еріксіз, күшпен жер аудару.


15. Албан – қазақ халқын құраған ірі тайпалардың бірі. Шежіре бойынша, Ұлы жүздің құрамына енеді. Албанның ұраны – Райымбек, Бәйдібек, таңбасы – дөңгелек.


16.Егемендік – абсолют саяси билікке өкіметтің қандай да бір жоғарғы органдарының қысымынсыз саяси шешім қабылдап, іске асыруға құқықты болу талабы. Мемлекеттің, халықтың, ұлттың, адамның саяси тәуелсіздігі.


17.Жарғы – дәстүрлі қазақ қоғамындағы заңдар жинағының атауы. Ежелгі түркі тіліндегі «иар» – әмір беру, билік айту мағынасындағы сөзден шыққан.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет