«Қазақстан тарихы» ПӘнінен 9 -сыныптың (өтпелі кезең) КҮнтізбелік-тақырыптық жоспары



Дата27.02.2020
өлшемі23,26 Kb.
#59152
Байланысты:
15. КТЖ Қазақстан тарихы 9 сынып (өтпелі кезең)
2 тоқсан талдау тжб бжб, Қазақстан тарихы 6 сынып XIII – XV ғасырдың І жартысындағы Қазақстан Ақ Орда Дидактикалық материал 4-сабақ


«ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ» ПӘНІНЕН 9 -СЫНЫПТЫҢ (өтпелі кезең) КҮНТІЗБЕЛІК-ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРЫ жылына 68 с, аптасына 2 c.

Бөлім

Тақырыптар, мазмұны

Оқу мақсаттары

Cағат саны

Мерзімі

Ескерту

1- тоқсан (16 c.)







ХХ ғасырдың басындағы Қазақстан

Қазақстанның ХХ ғасырдың басындағы әлеуметтік-экономикалық жағдайы

Зерттеу сұрағы: Не себепті Ахмет Байтұрсынов: «Қазақ ұлтының өмір сүруінің өзі проблемаға айналды», - деп санады?



8.3.1.1 қазақ зиялыларының Ресей империясының Мемлекеттік Думасындағы қызметіне баға беру;

8.3.1.2 XX ғасыр басындағы Қазақстандағы қоғамдық-саяси процестерге баға беру



2







Қазақстандағы 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс

Зерттеу сұрағы: 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс неліктен бүкілхалықтық сипат алды?



8.3.1.2 XX ғасырдың басындағы Қазақстандағы қоғамдық-саяси процестерге баға беру;

8.3.1.3 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілістің тарихи маңызын анықтау және тұлғалардың рөліне баға беру



2







1917 жылғы ақпан буржуазиялық-демократиялық революциясы және оның Қазақстанға әсері

Зерттеу сұрағы: Қазақстанда 1917 жылы саяси белсенділіктің артуы қандай оқиғалардан көрініс тапты?



8.3.1.2 XX ғасыр басындағы Қазақстандағы қоғамдық-саяси процестерге баға беру


2







«Алаш» қозғалысы және қазақ ұлттық идеясы

Зерттеу сұрағы: Неліктен «Алаш» партиясы халық қолдауына ие болды?



8.1.2.1 қазақ зиялыларының қоғамдағы рөлі мен қызметін талдау;

8.3.1.4 «Алаш» партиясының ұлттық мемлекеттілікті жаңғыртудағы саясатын талдау;

8.2.3.1 ұлттық баспасөздің қоғамдық-саяси сананы оятудағы рөліне баға беру


2










XX ғасырдың басындағы қазақ зиялыларының көрнекті өкілдері

Зерттеу сұрағы: Қазақ зиялылары ұлттық мүдделерді қалайша қорғады?



БЖБ 1

8.1.2.1 қазақ зиялыларының қоғамдағы рөлі мен қызметін талдау;

8.2.2.1 қазақ зиялыларының шығармашылық мұрасын талдау және қоғамдық санаға тигізген әсеріне баға беру;

8.3.1.5 Әлихан Бөкейханның саяси көшбасшылық қызметіне баға беру


2







Қазақстанда кеңестік биліктің орнығуы



Қазақстан азаматтық қарсыластық жылдарында (1917-1920 жылдар)

Зерттеу сұрағы: Қазан революциясының ұрандары халық арасында қандай үміт тудырды?



8.3.1.2 XX ғасырдың басындағы Қазақстандағы қоғамдық-саяси процестерге баға беру

1







Қазақстандағы ұлттық автономиялар

Зерттеу сұрағы: Алаш Орда үкіметі мен Түркістан (Қоқан) автономиясының идеялары неліктен жүзеге аспады?



8.3.1.6 Қазақстанда құрылған ұлттық автономиялардың маңыздылығына баға беру;

8.1.2.1 қазақ зиялыларының қоғамдағы рөлі мен қызметін талдау



2







Қырғыз (Қазақ) АКСР-нің құрылуы

Зерттеу сұрағы: Қазақ Автономиялық Кеңестік Республикасы құрылуының тарихи маңызы неде? БЖБ 2



8.3.1.6 Қазақстанда құрылған ұлттық автономиялардың маңыздылығына баға беру;

8.1.2.1 қазақ зиялыларының қоғамдағы рөлі мен қызметін талдау



2







Тоқсандық жиынтық бағалау (ТЖБ)

I тоқсан бойынша оқу мақсаттары

1







2-тоқсан (16 с.)







Қазақстан тоталитар

лық жүйе кезеңінде




Әскери коммунизм саясатынан Жаңа экономикалық саясатқа көшу

Зерттеу сұрағы: : Қазақстан үшін жаңа экономикалық саясаттың артықшылықтары қандай болды?



8.3.1.7 ХХ ғасырдың 20-30 жылдардағы әміршіл-әкімшіл жүйе саясатының зардаптарын талдау;

8.4.1.1 деректер мен дәйектерді салыстыру арқылы жаңа экономикалық саясаттың нәтижесінде орын алған өзгерістерді талдау



2







Қазақстандағы 1920-1930 жылдардағы индустрияландыру

Зерттеу сұрағы: Қазақстандағы индустрияландыру саясатының қарама-қайшылығы неде?



8.4.2.1 Қазақстандағы индустриялан дырудың жетістіктері мен кемшіліктерін талдау

1







Қазақстандағы ұжымдастыру

Зерттеу сұрағы: Неліктен ұжымдастыру саясаты «ұлы нәубетке» әкеліп соқтырды



8.4.1.2 күштеп ұжымдастыру саясатының ауыл шаруашылығына тигізген зардаптарын талдау;

8.1.1.1 демографиялық өзгерістердің себептері мен салдарын анықтау



2







1920-1930 жылдардағы саяси репрессиялар

Зерттеу сұрағы: Сталиндік режим не себепті зиялыларға «халық жауы» деген айып тақты?



БЖБ№3

8.3.1.7 ХХ ғасырдың 20-30 жылдардағы әміршіл-әкімшіл жүйе саясатының зардаптарын талдау;

8.1.2.1 қазақ зиялыларының қоғамдағы рөлі мен қызметін талдау



2







Кеңестік Қазақстан

ның мәдениеті: білім мен ғылым





Ахмет Байтұрсынов – «ұлт ұстазы»

Зерттеу сұрағы: Ахмет Байтұрсыновтың ғылыми мұрасы қандай?



8.2.2.2 Ахмет Байтұрсыновты қазақ тіл білімінің негізін салушы, қоғам қайраткері ретінде бағалау

2







XX ғ. 20-30 жылдарындағы білім беру жүйесі мен ғылым

Зерттеу сұрағы: Білім мен ғылым саласының қандай жетістіктері мен кемшіліктері болды?



8.2.3.2 кеңес дәуіріндегі қазақ тілінің ахуалын анықтау;

8.2.3.3 XX ғасырдың бірінші жартысындағы білім мен ғылым саласындағы өзгерістерді талдау




2







Қ.Сатбаев – жан-жақты ғалым

Зерттеу сұрағы: Қаныш Сәтбаевтың феномені неде?БЖБ№4



8.2.3.4 Қаныш Сәтбаевтың Қазақстан өнеркәсібі мен ғылымын дамытудағы рөліне баға беру

2







Кеңестік Қазақстан

ның мәдениеті: әдебиет пен өнер





XX ғасырдың 20-30 жылдарындағы қазақ әдебиеті мен өнерінің дамуы

Зерттеу сұрағы: Қазақ өнерінің жаңа белеске көтерілуі неден байқалды?



БЖБ№5

8.2.2.4 Әміре Қашаубаев пен Қажымұқан Мұңайтпасұлының қазақ халқын әлемге танытудағы рөліне баға беру;

8.2.2.1 қазақ зиялыларының шығармашылық мұрасын талдау және қоғамдық санаға тигізген әсеріне баға беру;

8.2.2.3 өнер мен әдебиеттегі өзгерістерді анықтау


2







Тоқсандық жиынтық бағалау (ТЖБ)

ІІ тоқсан бойынша оқу мақсаттары

1







3- тоқсан (20 с.)







Қазақстан Ұлы Отан соғысы жылдарында


Қазақстандықтардың Ұлы Отан соғысы шайқастарына қатысуы

Зерттеу сұрағы: Ұлы Отан соғысының қандай батырлары халық есінде сақталды?



8.3.2.1 қазақстандықтардың Екінші дүниежүзілік соғысының жеңісіне қосқан үлесін бағалау;

8.3.2.2 Бауыржан Момышұлының батырлық, тұлғалық қасиетін айқындау



1







Қазақстан – майдан арсеналы

Зерттеу сұрағы: «Бәрі майдан үшін, бәрі Жеңіс үшін!» ұраны қалай жүзеге асты?



8.4.2.2 Қазақстан экономикасының соғыс жағдайларына бейімделгендігін дәлелдеу;

8.1.2.2 соғыс жылдарындағы халықтың әлеуметтік жағдайын анықтау

1







Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қазақ КСР мәдениеті

Зерттеу сұрағы: Соғыс жылдарындағы Қазақстанның мәдени жетістіктері қандай болды?



8.2.2.5 соғыс жылдарындағы өнер мен әдебиеттің халық рухын көтерудегі маңызын бағалау

1







Қазақстанға КСРО халықтарының депортациясы

Зерттеу сұрағы: Қазақстан қалайша депортацияланған халықтардың өлкесіне айналды?



8.1.1.1 демографиялық өзгерістердің себептері мен салдарын анықтау

1







Қазақстан Ұлы Отан соғысынан кейінгі жылдарда (1946-1953 жылдар)


Соғыстан кейінгі Қазақ КСР-нің әлеуметтік-экономикалық дамуы

Зерттеу сұрағы: Соғыстан кейін қазақстандықтардың өмірі қалай өзгерді?



9.1.1.1 демографиялық өзгерістердің себеп-салдарлық байланысын талдау арқылы дәйекті қорытынды жасау;

9.4.1.1 Кеңес үкіметі кезіндегі ауыл шаруашылығында орын алған өзгерістерге

баға беру;

9.4.2.1 өнеркәсіптің ахуалын анықтап, қорытынды жасау



2







Қазақстандағы әскери-өнеркәсіп кешені

Зерттеу сұрағы: Неліктен Қазақстан ядролық сынақтар алаңына айналды?



9.3.1.1 қоғамдық-саяси өмірдің ерекшеліктерін түсіндіру және өзіндік интерпретация жасау;

9.3.2.1 XX ғасырдың екінші жартысындағы әскери-өнеркәсіп кешендерінің Қазақстанға тигізген зардаптарын талдау



2







Сталиндік идеологияның Қазақстандағы қоғамдық-саяси өмірге әсері

Зерттеу сұрағы: Неліктен тарихшы Ермұхан Бекмаханов 25 жылға бас бостандығынан айырылды? БЖБ№6



9.2.3.1 Ермұхан Бекмахановтың Қазақстан тарихы ғылымына қосқан үлесін бағалау;

9.3.1.1 қоғамдық-саяси өмірдің ерекшеліктерін түсіндіру және өзіндік интерпретация жасау



2







Қазақстан Хрущевтық «жылымық» кезеңінде (1954-1964 жылдар)



«Жылымық» кезеңіндегі Қазақстанның қоғамдық-саяси дамуы

Зерттеу сұрағы: «Жылымық кезеңі» қоғамға қандай өзгеріс әкелді?



9.3.1.1 қоғамдық-саяси өмірдің ерекшеліктерін түсіндіру және өзіндік интерпретация жасау

1







Тың игеру жылдарындағы Қазақстан

Зерттеу сұрағы: Тың және тыңайған жерлерді игеру саясаты Қазақстанға қалай әсер етті?



9.1.1.1 демографиялық өзгерістердің себеп-салдарлық байланысын талдау арқылы дәйекті қорытынды жасау;

9.4.1.1 Кеңес үкіметі кезіндегі ауыл шаруашылығында орын алған өзгерістерге баға беру




1







Қазақ КСР экономикасының шикізатқа бағытталуы

Зерттеу сұрағы: Қазақстанның табиғи ресурстарын игеруде ұлттық мүдде қаншалықты ескерілді? БЖБ№7



9.3.2.1 XX ғасырдың екінші жартысындағы әскери-өнеркәсіп кешендерінің Қазақстанға тигізген зардаптарын талдау;

9.3.1.1 қоғамдық-саяси өмірдің ерекшеліктерін түсіндіру және өзіндік интерпретация жасау



2







Қазақстан «Тоқырау» кезеңінде (1965-1985 жылдар)


1965-1985 жылдардағы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуы

Зерттеу сұрағы: Не себепті 1965-1985 жылдар «тоқырау» кезеңі деп аталды?



9.4.2.1 өнеркәсіптің ахуалын анықтап, қорытынды жасау;

9.4.1.1 Кеңес үкіметі кезіндегі ауыл шаруашылығында орын алған өзгерістерге баға беру




1







XX ғасырдың. 60-80 жылдарындағы Қазақстанның қоғамдық-саяси дамуындағы қарама-қайшылықтар

Зерттеу сұрағы: XX ғасырдың. екінші жартысында ұлттық мүдделерді қорғау қалай жүзеге асырылды?



9.3.1.4 әміршіл-әкімшіл саясатқа қарсы халық наразылықтарын салыстырып, талдау;

9.3.1.2 қоғамдық-саяси қайраткерлердің ұлттық мүддені қорғаудағы рөліне баға беру;

9.1.1.1 демографиялық өзгерістердің себеп-салдарлық байланысын талдау арқылы дәйекті қорытынды жасау


2







Кеңестік Қазақстан

ның мәдениеті (1946-1985 жылдар)




XX ғасырдың екінші жартысындағы білім беру жүйесі мен ғылымның дамуы

Зерттеу сұрағы: Білім мен ғылым саласының қандай жетістіктері мен кемшіліктері болды?



9.2.3.2 білім мен ғылым саласындағы мемлекеттік саясатқа баға беру


1







XX ғасырдың 40-80 жылдарындағы әдебиет пен өнердің дамуы

Зерттеу сұрағы: Кеңестік идеология қазақ мәдениетінің дамуына қалай әсер етті?БЖБ№8



9.2.2.1 кеңестік әдебиет пен өнер туындыларында қоғамдық өмірдің бейнеленуін талдау;

9.2.2.2 Мұхтар Әуезов шығармаларының әлем әдебиетіндегі орнын бағалау



1







Тоқсандық жиынтық бағалау (ТЖБ)

IІІ тоқсан бойынша оқу мақсаттары

1







4-тоқсан (16 с.)







Қазақстан қайта құру кезеңінде (1986-1991 жылдар)



Қазақстан «Қайта құрудың» бастапқы кезеңінде

Зерттеу сұрағы: КСРО-ның ыдырауы: заңдылық па әлде кездейсоқтық па?



9.3.1.1 қоғамдық-саяси өмірдің ерекшеліктерін түсіндіру және өзіндік интерпретация жасау;

9.4.1.2 Кеңес үкіметі кезіндегі орын алған әлеуметтік-экономикалық проблемаларды талдау



1







Қазақстандағы 1986 жылғы Желтоқсан оқиғалары

Зерттеу сұрағы: Демократиялық процестер қоғамдық сананы қалай өзгертті?



9.3.1.5 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасының тарихи маңыздылығына баға беру;

9.3.1.4 әміршіл-әкімшіл саясатқа қарсы халық наразылықтарын салыстырып, талдау



1







Қазақстан мемлекет

тілігінің қайта жаңғыруы (1991 – 1996 жылдар)



Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің жариялануы
Зерттеу сұрағы: Саяси көшбасшының мемлекет тарихының бетбұрысты кезеңдеріндегі рөлі қандай болды?

9.3.1.6 Қазақстанның тәуелсіздік жолындағы алғашқы қадамдарын анықтап, қорытындылау;

9.3.1.7 өткен оқиғалармен сабақтастықты орнатып, Қазақстан тәуелсіздігінің жариялануының тарихи маңызын түсіндіру;

9.3.1.10 Тәуелсіз мемлекеттің қалыптасуындағы Елбасы Н. Назарбаевтың рөліне баға беру;

9.3.1.3 Қазақстан Республикасы Конституциясын мемлекеттің тұрақты дамуның кепілі ретінде бағалау



2







Қазақстан – халықаралық құқық субеъектісі

Зерттеу сұрағы: Қазақстанның әлемдік қауымдастыққа кірігуі қалай жүзеге асты?



9.3.2.2 Қазақстан Республикасының халықаралық аренада танылуына баға беру;

9.3.2.3 Қазақстанның аймақтық және халықаралық ұйымдарымен байланыстарын талдау



1







Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы Қазақстанның экономикалық дамуы

Зерттеу сұрағы: Неліктен нарықтық экономикаға көшу барысында қиыншылықтар орын алды?



9.4.1.3 Қазақстан Республикасындағы жекешелендіру процесінің экономикаға ықпалын талдау;

9.4.2.2 нарықтық экономиканың өндірістік қатынастарға әсерін талдау;

9.4.2.3 Қазақстанның әлемдік экономикаға кірігуін талдау


1










Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы әлеуметтік-демографиялық процестер

Зерттеу сұрағы: Қазақстандағы әлеуметтік-демографиялық процестердің ерекшеліктері неде? БЖБ№9



9.1.1.3 Қазақстанның даму стратегиясындағы демографиялық саясаттың бағыттарын талдау;

9.1.1.2 өткен тарихи кезеңдермен сабақтастықты орнату арқылы қазіргі кезеңдегі демографиялық процестерге баға беру;

9.3.2.4 қазақ диаспораларының тарихи Отанымен байланысының маңыздылығын айқындау


1







Қазақстан Республика

сының дамуы (1997 ж. –бүгінгі күнге дейін)



Қазақстанның 1997 жылдан бастап әлеуметтік- экономикалық дамуы

Зерттеу сұрағы: Қазақстан халқының әлеуметтік,экономикалық жағдайы қалай өзгерді?




9.4.2.2 нарықтық экономиканың өндірістік қатынастарға әсерін талдау;

9.4.1.4 аграрлық секторды модернизациялау бағыттарын талдау;

9.4.2.4 сыртқы сауданың экономикаға әсерін зерттеу;

9.1.2.1 қазіргі кездегі Қазақстан халқының әлеуметтік жағдайын статистикалық мәліметтер негізінде талдау;

9.3.1.11 Астананы жаңа Қазақстанның өркендеуінің нышаны ретінде айқындау


2







Халықаралық қатынастар жүйесіндегі Қазақстан

Зерттеу сұрағы: Қазақстанның жаңа әлемдегі орны қандай?



9.3.2.3 Қазақстанның аймақтық және халықаралық ұйымдарымен байланыстарын талдау;

9.3.2.2 Қазақстан Республикасының халықаралық аренада танылуына баға беру



1







«Қазақстан – 2030, 2050» стратегиялары

Зерттеу сұрағы: «Қазақстан - 2030» және «Қазақстан – 2050» стратегияларын қабылдау қажеттілігі неден туындады? БЖБ№10



9.3.1.9 ұзақ мерзімді мемлекеттік стратегияларды талдау

1







Қазіргі заманғы Қазақстан мәдениеті (1991 жылдан бүгінге күнге дейін)


Тәуелсіздік жылдарындағы білім мен ғылымның және мәдениеттің дамуы

Зерттеу сұрағы: Жаһандану жағдайындағы қазақстандық білім мен ғылымның және мәдениеттің даму тенденциялары қандай?



9.2.3.2 білім мен ғылым саласындағы мемлекеттік саясатқа баға беру;

9.2.2.3 қазіргі кездегі өнер мен әдебиеттің даму тенденцияларын айқындау;

9.2.2.4 ұлттық құндылықтарды жаңғыртуға бағытталған мемлекеттік бағдарламалардың қажеттілігін негіздеу («Мәдени мұра», «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» бағдарламасы)


1







Діннің қазіргі Қазақстан қоғамындағы рөлі

Зерттеу сұрағы: Қазақстан қоғамында зайырлы мемлекет және діни сенім бостандығы ұстанымдары қалай үйлесім табуда?



9.2.1.1 дәстүрлі және деструктивті діни ағымдар мен ұйымдардың іс-әрекетін талдау;

9.2.1.2 Қазақстан халқы Ассамблеясының дінаралық, этносаралық келісім және ішкі тұрақтылықты нығайтудағы ықпалын бағалау



1






«Мәңгілік Ел» ұлттық идеясы

Зерттеу сұрағы: «Мәңгілік Ел»: идеясының біріктірушілік рөлі неде?


БЖБ№11

9.2.1.3 «Мәңгілік Ел» Жалпыұлттық идеясының маңыздылығын бағалау;

9.2.1.2 Қазақстан халқы Ассамблеясының дінаралық, этносаралық келісім және ішкі тұрақтылықты нығайтудағы ықпалын бағалау



9.2.2.4 ұлттық құндылықтарды жаңғыртуға бағытталған мемлекеттік бағдарламалардың қажеттілігін негіздеу («Мәдени мұра», «Болашаққа бағдар: «Рухани жаңғыру» бағдарламасы)

2







Тоқсандық жиынтық бағалау (ТЖБ)

IV тоқсан бойынша оқу мақсаттары

1







Барлығы жылына




68 c.








Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет