Қазақстан тарихы Сессия жауаптары(Админ-11) 1)Қазақстан аумағындағы тас ғасырының археологиялық ескерткіштері


)Дала аймағы – көне дөңгелекті көлікті даму орталықтарының бірі



Pdf көрінісі
бет3/66
Дата14.12.2023
өлшемі1,02 Mb.
#197057
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   66
Байланысты:
àçà ñòàí òàðèõû Ñåññèÿ æàóàïòàðû(Àäìèí-11) 1) àçà ñòàí àóìà ûíä

5)Дала аймағы – көне дөңгелекті көлікті даму орталықтарының бірі. 
Қазіргі уақытта Еуразия даласының азиялық бөлігінде көптеген қорымдар мен арба қалдықтары 
бар қорғандар тобы белгілі. Біздің еліміз бойынша: Солтүстік Қазақстанда – Кеңес, Ұлыбай, Берлік-
II, Новоникольское, Батыс Қазақстанда – Танаберген-2, Орталық Қазақстанда – Сатан, Ащысу, 
Нұртай, Аяпберген, Бозінген және т.б. 
Синташ (сынтас. Башқұрстан) ¬деген жерде дүниежүзіндегі ең ескі дөңгелекті арба табылған. 
Археологтар мен тарихшылардың пікірінше, негізінен әскери мақсатта қолданылатын көліктің бұл 


түрін жасаушылар ¬Андронов мәдениетінің өкілдері болған. Бұл ежелгі көлік өндірісінде 
технологиялық төңкеріс жасаған жаңалық. 
Қазақстан аумағындағы зираттан табылған арбаларды зерттеушілер, көлікке жегілген дөңгелекті 
арбалардың негізінен көші-қонда тасымалдау құралы болып табылатынын, оны әскери істерде де 
кеңінен пайдаланғанын дәлелдеді. Дәлірек айтқанда, ежелгі тұрғындар Орталық және Солтүстік 
Қазақстанның жазық далаларында ұрыс жүргізу үшін қолданған. Арба кешендері негізінен қола 
дәуірінде әскери техниканың дамығанын және оны жобалаудағы кәсіби шеберлікті айғақтайды. 
Дөңгелектер шикі былғарымен қапталған – заманауи доңғалақтар соның жетілдірілген түрі немесе 
жалғасы деуге негіз бар. Былғары кеуіп құрғаған кезде дөңгелекті қатайтады, ішіндегі шығырдың 
қорғаныс қызметін атқарады. 
Барлық арба қорымдарында сүйек немесе шақпақ жебе ұштары түріндегі қашықтан ұрыс қаруы 
бар (Г.К.Омаров, С.Т.Сағындықова). Демек, қашықтан ұрыс қаруының болуы, арбалардың 
жауынгерлік мақсатта пайдаланылғанын көрсетеді. Тас қоймада жерленген 6 жауынгердің біреуі 
құрама садақпен қаруланғаны (қарапайымнан гөрі дәлірек және ұзақ қашықтыққа ұшатын) оны 
арбалы жауынгердің қаруы ретінде қарастыруға мүмкіндік береді. 
Қазақстан территориясынан табыл¬ған жартастағы суреттер арбалардың ежелде пайда болғанын 
және қолда¬нылғанын айғақтайды. Біздің ата-бабаларымыздың арбаларды пайдаланғанын, 
олардың Мұғалжардағы (Ақтөбе обл.) жартастағы бейнелері дәлелдейді. ХХ ғасырдың соңғы 
онжылдығында табылған қола және ерте темір дәуіріндегі Қаратау петроглифтеріндегі әскери 
күйме мен жүк арбаларының елуге жуық бейнесі ерекше құнды дүние. 
Екі-төрт осьті арбаларды пайдалану дәстүрлерінің сабақтастығы -туралы ауызша және жазбаша 
дәлелдер көп. В.Бартольд 1930 жылы 10 мамырдағы «Орталық Азиядағы ат жегілген дөңгелекті 
арба туралы» баяндамасында оңтүстік-шығыс Еуропада көшпелілер көшіп-қонып, тіпті арбада 
өмір сүргенін грек әдебиетінде Страбон айтқан деп жазады. Қытай деректерінде Орта Азиядағы 
арбалар туралы жазылған. Орталық Азия арбасы туралы сөз алғаш рет «Соdex Comanicus» және 
Ибн ¬Баттутада кездеседі. Махмуд Қашқари «бұл – жүк тасымалдауға арналған арба» десе; Рашид 
ад-Диннің айтуы бойынша, ол олжаны жинау үшін қолданылған; Әбілғазыда кангла сөзі арбаның 
ономатопеясы ретінде түсіндіріледі (қаңқыл – қазақта сықырлау). Арбалар көбінесе, Юань-чао би-
шиде, Рашид ад-Динде, Чанчунде, Плано Карпиниде, Рубрукта және Марко Полода жиі айтылады. 
Ибн Баттута төрт дөңгелекті арбалар туралы жазған. Шыңғыс ханның екі дөңгелекті арбалар 
туралы сөздері бар. 
Дала өлкесінің зерттеушілері ХVII ғасырда қазақ көшпелілерінің тұрмыс ерекшелігі – отбасын, 
тұрғылықты үйін және мүлкін жылқылармен немесе түйелермен жегілген арбалармен 
тасымалдағанын атап өтті. Сол дәуірдегі қазақтардың негізгі баспанасы олар «жіңішке талдан» 
жасаған кутарме (көтерме – сөзбе-сөз көтерілетін мағынасында) деп аталатын жеңіл шатырлар 
немесе киіз үйлер болды. Арба жасау, оларды орын ауыстыру, көшу үшін пайдалану дәстүрлері 
дала халқында ғасырлар бойы сақталып келген. 
Осылайша, арба технологиясын біздің ата-бабаларымыз игеріп, бірнеше мыңжылдықтар бойы 
пайдаланған. Сонымен қатар үңгірлердегі суреттер көрсеткендей, арбаларды жауынгерлік көлік 
ретінде пайдалану қола ¬дәуірінде-ақ басталған. Сызбаларда арбаның дизайны анық 
бейнеленген: екі доңғалақты, екі атқа жегілген, садақпен қаруланған жауынгерге арналған тұғыры 
(шағын платформа) бар. Олар «Авестадағы» ¬сипаттамаларына сәйкес келеді. 
Қазақстан аумағындағы соғыс арбаларының жерлеу орындарынан табылуы «Авестада» 
сипатталған оқиғалардың біздің даламызда болғанын растайды. Мәселен, Хамаспамаздайдың 


дәстүрлерін сипаттауда берік арба туралы айтылатын жолдар бар: «Осы жерде, үйде болсын. 
Жануарлар табыны және адамдар. Жүйрік ат болсын. Және мықты дөңгелекше». 
«Авестаның» басқа бір тұсында: «Ұлы патшалықтар, онда олар мол ас әзірлейді, оларға үлкен 
кесектерді береді. Жылқылар мұрны, дөңгелектері дірілдейді» деп көрсетілген. 
Жалпы «Авестада» соғысатын арбалар туралы бірнеше рет айтылады. Оларды басқару үшін 
ерекше шеберлік қажет делінген: 
«Және арбаны, Епті жауынгер басқарады....». 
Алтын және күміспен қапталған тұяқтары бар, жылқыларға жегілген алтын жалатылған 
арбалардың ерекше түрі каянидтердің билеушілерінің сән-салтанатынан көрінеді: «Олардың 
аттары күшті, Шапқанда жылдам. Олар дөңгелекшелерді зымыратып әкетеді, Қайыс тізгінін 
тартады. Олар батыл мадақтаушыны алып жүр, Жүйрік аттар мен арбалардың (жүргізушісі), Ұзын 
сапты өткір найзамен қаруланған...». «Құрметтейміз Митраны... Басқаратын күймені, ең үлкен 
доңғалақты, «қуатты Митраны шығарады... Өзінің әдемі, тамаша, жеңіл алтын дөңгелекшелерін, 
Төрт ақ түсті, жүйрік аттар тартуда, Тұяқтарының алды, Алтынмен көмкерілген, Арты күміспен. 
Төртеуінің де әбзелдері бар, Баулары бар бір қамытта, Оқ ағаштары Ілмекпен бекітілген». 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   66




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет