Қазақстан тарихы Сессия жауаптары(Админ-11) 1)Қазақстан аумағындағы тас ғасырының археологиялық ескерткіштері


) Қыпшақтардың саяси гегемониясының Қазақстан аумағына таралуы



Pdf көрінісі
бет14/66
Дата14.12.2023
өлшемі1,02 Mb.
#197057
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   66
Байланысты:
àçà ñòàí òàðèõû Ñåññèÿ æàóàïòàðû(Àäìèí-11) 1) àçà ñòàí àóìà ûíä

21) Қыпшақтардың саяси гегемониясының Қазақстан аумағына таралуы. 
Қыпшақ-қазақ халқының,басқада бір қатар түркі халықтарының негізін құраған ежелгі тайпа, орта 
ғасырларда Орта Азиямен Шығыс Еуропаны мекендегена саірі ұлыстардың бірі. Қыпшақтар ең әуелі 
Алтай, Саян тауларының баурайларын мекендеген. VII ғасырда олар Қазақстан жеріне Алтайдағы 
тайпаларының құрамында қоныс аударып келген. VII-X ғасырларда Қазақстан аумағында қыпшақ 
этникалық қауымдастығының ұзаққа созылған қалыптасу процесі жүрді. Қазақстан жерінде қыпшақ 
этникалық қауымдасуын үш кезеңге бөліп қарауға болады. Бірінші кезең, қыпшақтардың қимақ 
тайпалық одағын да болуы: VII ғасырдың екінші жартысы – VIII ғасырдың соңына дейін. Екінші 
кезең: VII Iғасырдың аяғы – XI ғасырдың басы. Бұл кезде қыпшақтар Алтай және Ертістен Орал 
таулары мен Еділге дейін қоныс тепті. Қыпшақ тайпалық Одағына Мұғалжар жеріндегі құмандар 
және қимақ тайпалары кірді. Қыпшақтар Сырдария, Қаратау бойындағы қалаларды өздеріне 
бағындырды. XI ғасырдың орта кезінен бастап қыпшақтар қазіргі Волгадан (Еділден) батысқа қарай 
жылжыды, сөйтіп шығыс Еуропа елдерімен, орыс княздіктерімен, Византиямен, Венгрия мен 
шектесті. Ұлан – байтақ қыпшақтар мекендеген жерлер "Дештіқыпшақ” , яғни қыпшақ даласы деп 
аталды. Ал қыпшақтардың өзі Батыс Еуропа деректерінде құмандар, орыс жылнамаларында 
половцылар деп көрсетілді. XI ғасырдың екінші жартысынан бастап 1219 жылға дейін қыпшақ 
тайпалық одағы дамуының үшінші кезеңі жүрді. 
22) Түркілер өркениеті және Ұлы жібек жолы. 
Түркі мәдениеті - ежелгі заманнан өмір сүріп келе жаткан түркі тайпалары негізінде қалыптасқан 
мәдениеттің жалпы атауы. Түркілердің алғашқы ата қонысы Шығыс Тянь-Шань мен өңірі болған. 
"Халықтардың ұлы қоныс аударуының" нәтижесінде қазіргі Қазақстан, Орта және Алдыңғы Азия, 
Шығыс Еуропа]] территорияларына кең таралып орналасқан түркілер қазіргі түркі тілдес 
халықтардың барлықтарының субстраты болып табылады. "Түркі" деген термин тұңғыш рет 542 
жылы аталады. "Түркі" этонимі алғашқы кезде белгілі бір ақсүйектерден шыққанын білдірген 
(ғылымда этносқа қатысты "түркі" терминін қолдану қалыптасқан, біз соған арқа сүйейміз). Орталық 
Азияны мекендеген көптеген тайпалық одақтардан біріккен феодалдық мемлекет Түркі қағандығы 
өмір сүрген. Түркі қағандығының әлеуметтік-саяси және қоғамдық өмірінде әскери істер аса 
маңызды орын алған. Түркілердің алғашқы көсемдерінің бірі Бумын қаған болған. Түркі қағандағы 
тұсында түркі тілінің өрісі барынша кеңіп, ұланғайыр өлкедеғі негізгі тілге айналған. Түркілердің 
жазуы да болған. Сол көне түркі жазбаларынан түркілердің дүниетанымдық көзқарастары, наным-
сенімдері туралы көп мағлүмат алуға болады. Олар металды, түрлі минералдарды еріту әдістерін, 
шөптердің емдік қасиеттерін білген. Ұлы Жібек жолы ежелгі және орта ғасырлардағы континент 
аралық жол, ол Еуропа мен Азияны байланыстырған. Еуразияны бөліп Қазақстан аумағын басып 
өтетін Ұлы Жібек жолының тарихы өте ертеден басталды. Ұлы Жібек жолы - Жерорта те- ңізі 
маңындағы батыстық мәдениеті дамыған өркениетті елдер- ден Қытайға дейін баратын сауда- 
керуен жолы. Жібек жолымен ең алғашқы сауда байланысы б.з.д. ІІІ-ІІ ғасырларда жасалған. Бұл 


сауда жолының Жібек жолы атануында үлкен мән бар. Себебі алғашқы негізгі тауары жібек (Қытай) 
болған. Б.з.д. ІІ ғасырда Ұлы Жібек жолының басты сауда дипломатиятық жолы ретінде аты 
шығады. Ұлы Жібек жолы Алтай, Памир, Тянь-Шань, Сырдария, Әмудария жерімен өткен. Ұлы Жібек 
жолының VІ-VІІ ғасырлардағы ең гүлденген бағыты Қытайдан Жетісу жіне Оңтүстік Қазақстан 
арқылы өтетін батыс бағыты. Орта ғасыр саудасындағы ең құнды тауар жібек болған, оның құны 
алтынмен бағаланған. Жібек жолында Византиялық алтын солид үлкен сұраныста болып, ол 
халықаралық валюта ретінде кеңінен пайдаланылды. Жібек жолының бойында Тараз, Баласағұн, 
Бұхара, Самарқан, Сайрам, Сауран, Отырар, Сы- ғанақ, Мерв, Талхиз, Үргеніш, Испиджаб, Шаш, 
Весидж, Шау- ғар тағы басқа ірі ортағасырлық қалалар орналасқан. Кейін ХІІІ- ХІV ғасырларда Жібек 
жолының саяси-экономикалық маңызы одан сайын артқан. Жібек жолының маңызы. 
Ортағасырлық Жібек жолының маңызы мынандай: бірінші, отырықшы және көшпелі мәденет бірін-
бірі байытты, екінші, қала саны артты, үшінші, сыртқы байланыс дамыды, төртінші, сауда-саттық 
кеңейді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   66




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет