Қазақстан тарихы Сессия жауаптары(Админ-11) 1)Қазақстан аумағындағы тас ғасырының археологиялық ескерткіштері


)Қазақстан аумағындағы ежелгі темір өңдеу техникасы



Pdf көрінісі
бет2/66
Дата14.12.2023
өлшемі1,02 Mb.
#197057
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   66
Байланысты:
àçà ñòàí òàðèõû Ñåññèÿ æàóàïòàðû(Àäìèí-11) 1) àçà ñòàí àóìà ûíä

3)Қазақстан аумағындағы ежелгі темір өңдеу техникасы. 
Қазақстанда б.з.д 1 мың дылдықтың бас кезінде күрделі өзгерістер орыналды. Бұл кезең 
адамдардың темірді қолдануы мен ерешеленеді. Адамдар темірді 
Алғаш өндіріп, шаруашылықта қолдана бастаған кезеңді тарихта темір дәуірі деп атайды.Темір – 
өте төзімді, мықты металл. Темір табиғатта таза күйінде 
Кездеседі Алғаш рет адамдар кен тасын отқа тастаған да, оның балқып ерігенін байқаған. 
Адамдар темірді балқыту үшін пеш – көріктерді пайдаланған. Пештің Ішіне отын салып, үстіне 
қайтадан отын үйіп, оны кен тасы мен қайта жапқан. 


Осыдан кейін төменгі қабаттан от тұтатып, көрікпен ауа үрлеген. Оттаналынған 
Қып – қызыл темірді төске қойып,балға мен соққан. 
4)Солтүстік Қазақстандағы Ботай мәдениеті. 
Ботай мәдениеті - энеолит дәуірінде Солтүстік Қазақстанды мекендеген тайпалар мәдениеті. 
Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы Никольское ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 1,5 
шақырым жерде Ботай қоныстарына байланысты аталған. 
Қазба жұмыстарын жүргізгенде ботайлықтардың тұрғын-жайлары бір-бірімен тығыз жалғасып 
жатты. Тұрғын-жайдың ішкі жобасы туралы біраз нәрсе айтуға болады. Ортада еденде ошақ 
орнатылған. Қабырға маңайында ұсақ шаруашылық шұңқырлар болды. Қазан ошақтарының 
қабырғасында көптеген шаруашылық және діни қажеттіліктер тізіліп тұрған. Ботайлықтар қабырға 
айналасында шыға беріске қарсы сәкілерді орнатып, терілерді төсеген. «Шұңқыр-консервілерде» 
ұзақ уақыт бойы сақтаған. Ол былай жасалған: 1 метрге дейін шұңқыр қазып, оның ішіне жылқы 
етін тұтастай салып, терісімен және сазбен жапқан. Үстінен от жағып, оттегінің толғымен жанып 
болғанын күтеді. Дайын болған ет ауасыз да, сол шұңқырда бұзылмай сақталады. 
Өзен жағасы маңындағы өндірістік құрылыстарда ежелгі адамдар тас, ағаш, аңдардың сүйегі мен 
терісін өңдеп, киім тіккен, қыш ыдыстар дайындаған. Тастан жасалған жебе, садақ, қанжар, 
пышақ, найза ұштықтарының көптеп табылуы қоғам өмірінде аңшылықтың рөлін айқын көрсетеді. 
Сонымен қатар жылқының сүйегінен ағашты өңдейтін қашауғыш, құс сүйегінен киім тігуге 
арналған инелер, жуалдыз, тескіштер, тұмар мен әшекей бұйымдарының кездесуі 
шаруашылықтың әр саласынан хабар береді. 
Ғалымдарды табылған ат сүйектерінің көптігі таң қалдырған. Жұмысқа аңдар сүйегін зерттейтін 
ғалым-остеологтар шақырылды. Олар ауқымды істер атқарды. 133 мыңдай жылқы сүйектері 
зерттелді. Нәтижесінде анықталғаны, Ботай аттары бұрынғыда белгілі жылқылар түріне жатпайтын 
боп шықты. Ботай аттарының сүйегі өзге де ежелгі аттар сүйегінен ерекшеленіп тұрды. Ғалымдар 
бірауыздан ботай аттарының қолға үйретілген деген пікірді ұстанды. Олар далада жүрген жабайы 
жануар еместігін айтады. Жылқылар үй шаруасында, аң аулауда қолданылған. Күні бүгінге дейін 
жылқылар қолға кеш үйретілген деген пікірлер айтылды. Қоныстың материалдарымен әлемнің 
барлық ғылымдары қызыға бастады. Ботай жылқысын зерттеп білуге Солтүстік Қазақстан 
облысына Новосібір, Мәскеу, Англия, Германия ғалымдары келді. Көптеген ғалымдар ортақ 
пікірге сүйенді, яғни Ботай қонысы Еуразия даласында мал шаруашылығы орталығы болған. 
Алайда, Ботай жері сақтаған жұмбақтар әлі де бар. Әлі де ежелгі адамдардың тайпалас 
адамдарды қалай жерлегені анықталмаған. Бірнеше ежелгі адамдардың қалдықтары табылып, 
археологтарға жаңа жұмбақтарға кенелтті. Олар бұзылған тұрғын-жайлардан табылды. Әсіресе, 
адамның бас қаңқасы қызығушылық туғызды. Ол қазірде облыстық тарихи-өлкетану 
мұражайында сақтаулы тұр. Ботай жеріндегі қазбалар жалғасуда. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   66




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет