Қазақстан тарихы



бет12/12
Дата20.11.2016
өлшемі1,37 Mb.
#2143
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12

Талғат Мұсабаев

1. Сипаттама: Ғарышкер, Реседің батыры, Қазақ халық қаһарман.

2. Хр кезеңі: 7 қаңтар 1951 ж.

3. Туған жері: Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Қарғалы ауд.

4. Білімі: 1968 ж Алматыдағы №58 мектепті бітірді.

4.1. 1974 ж Рига азаматтық авиация институтын бітірген.

4.2. 1984 ж Алматы әуе клубында оқу бітірген.

4.3. 1989 ж Уляновск қ-да ұшқыштар орталығын бітірді.

4.4. 1993 ж Ақтөбедегі жоғарғы ұшу училищесін бітірді.

5. Қызметі: 1974 ж инженер

5.1. 1975-84 жж әуе кәсіпорындарында саяси-тәрбие қызметкері.

5.2. 1987-1990 жж азаматтық авиация ұшқыш командирі.

5.3. 2005 ж «Бәйтерек» акционерлік қоғамының бас директоры.

5.4. 2007 ж Қазақстанның әуе-ғарыш агенттігінің директоры

5.5. 2007 ж 11 сәуір Қазақстанның ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы.

6. Ғарышқа ұшуы: 1994 ж 1-ші рет 126 күн болды (Союз ТМ-19).

6.1. 1998 ж 2-ші рет 208 күн өткізді (Союз ТМ-27).

6.2. 2001 ж 3-ші рет 8 күн болды (Союз ТМ-32).

7. Марапаттары: 1995 ж «Халық қаһарманы» атағы.

7.1. 1995 ж «Қазақстанның ғарышкер-ұшқышы» атағы.

7.2. 1998 ж «Отан» ордені.

7.3. 1998 ж «Барыс» 1 дәрежелі ордені.

7.4. 1999 ж «Астана» медалі.

7.5. 1991 ж «Дружба народов» ордені.

7.6. 1994 ж «Герой Российской Федерации» атағы.

7.7. 1994 ж «Летчик-космонавт РФ» атағы.

7.8. 1998 ж «За заслуги перед Отечеством» 3 дәрежелі ордені.

7.9. 1998 ж «За заслуги перед Отечеством» 2 дәрежелі ордені.

7.10. 1998 ж «Аустралия Республикасы» ордені.

7.11. 1998 ж «Ғарышқа ұшған үшін» НАСА медалі.

8. Талғат Мұсабаевті: Қазақстандық маркаға муретін қойды.

9. Қорытынды: Талғат Мұсабаев біздің елімізде мәңгі қалады.



54. Қазақстанда ғылым мен өнердің дамуы

1. Қ.И Сәтпаев – тұңғыш қазақ академигі.

2. Білім жолы:

2.1. Семейдегі мұғалімдер семинариясын бітірді.

2.2. Томск технология институтын аяқтады.

3. Ғылыми еңбек жолдары:

3.1. Жезқазғанның Ұлттық ауданында кен байлығын ашады.

3.2. Жездіде марганец рудасын ашып, соғыс жылдарында қорғамыс саласына үлес қосты.

3.3. 1996 жылы Алматыда Қазақ Ғылым академиясын құрып, тұңгыш президенті болып сайланды.

3.4. Сегіз томдық ғылыми еңбектер жинағы орыс және қазақ тілінде басылып шықты.

4. Мәдениет пен өнер:

4.1. Қазақстанның ұлттық музыкасы, сөз өнері, айтыс, жыраулар поэзиясы дамыды.

4.2. Қазақ операсы саңлақтары- К.Байсейітов, И. Ержанов, Ғ.Құрманғалев, Е. Серкебаев, Ә.Дінішев.

4.3. Қазақ спортшылары- Ольга Шишигина, Ермахан Ибрагимов, Бекзат Саттарханов, Бахтияр Артаев.

5. Драма театры:

5.1. Мысырда “Абылайдың ақырғы күндері ” спектаклін көрсетті.

5.2. Суретші көрмесінде –“Жігер-2001” көрмесі 122 жас суретшінің 150 Шығармасы қойылды.

6. Сәулет өнері:

6.1.”Тәуелсіздік монументы”, “Анкара”, “Рахат-Палас”,“Астана” қонақүйлері,ірі сауда кешендері, супермаркеттер.

6.2. Есілдің сол жағында-Ақ Орда “Астана Бәйтерек”, Президенттің мәдени орталығы, Еуразия университетті.



55. Тәуелсіз Қазақстан

1. Анықтама: Ешкімге бағынышты емес, жеке дара егемен мемлекет.

2. Хронологиялык кезеңі: 1991жылы 16 желтоқсанда.

3. Мақсаты: Өзінің егемендігін алып, экономикасы, әлеуметтік жағдайы дамыған, бәсекелес мемлекеттер қатарына кіру.

4. Сипаты: Азат,тең,біртұтас,демократиялық әлеуметтік зайырлы мемлекет.

5. Мемлекетті басқарушы ұйымдары:

5.1. Президенті- Назарбаев Нұрсылтан Әбішұлы 1991 жылы сайланды.

5.2. 1995 жылы референдумында президент қайта сайланды.

5.3. 2005, 2011 жылы президенттіке қайта сайлануы болды.

6. Заң шығарушы орган: Парламент, Сенат, Мәжіліс палатасы.

7. Тәуелсіздік шежіресі: Рәміздер, Атазаң, Ұлттық қауіпсіздік, Қарулы күштер:

7.1. Қарулы күштер: құрлықтағы әскер тобы, әскери әуе күштері, әскери теңіз флоты, президенттің тікелей өз қарамағындағы әскер тобы Ұлан.

7.2. Республикалық қарулы күштерінің жоғарғы бас қолбасшысы Президент.

8. Сыртқы саясат: 200ге жуық елмен қарым-қатынаста, шекаралас елдермен тату қарым қатынаста.



56. Тәуелсіз Қазақстанның Ата Заңы

1. Анықтама: Әр мемлекеттің қалыпты өмір сүріп, тұрақты дамуы үшін өз заңдарын бекітеді.

2. Қазақстан Конституциясының қабылдануы:

2.1. Мерзімі-1993 жылы 28 қаңтарда тұңғыш конституция қабылданды.

Ол 21-тараудан 4 бөлімнен тұрады.

2.2. 1995жылы 30 тамызда ҚР-ң жаңа Конституциясы референдум нәтижесінде қабылданып және ол мемлекеттің және қоғамның өміріндегі қандай да бір маңызды мәселе бойынша бүкіл халықтың дауыс беруі және бүкіл халықтың пікірін сұрауын оңдады.

2.3. ҚР-ғы басқарушы орган-президенттік. Президент жеті жылға сайланады.

2.4. Қ.Р Конституциясы 9 бөлімнен 98 баптан тұрады.



  1. Бөлім – Жалпы ережелер.

  2. Бөлім – Адам және Адамзат.

  3. Бөлім - Президент.

  4. Бөлім – Парламент.

  5. Бөлім – Үкімет.

  6. Бөлім – Конституциялық кеңес.

  7. Бөлім – Сот және сот төрелігі.

  8. Бөлім - Жергілікті мемлекет басқару және өзін өзі басқару.

  9. Бөлім – Қорытынды және өтпелі заңдар.

3. Қазақстан демократиялық, құқықтық, әлеуметтік мемлекет

3.1. Демократия дегеніміз грек тілінен халық билігі деген мағынаны білдіреді.

3.2. Құқықтық мемлекет: адамдардың құқықтары мен бостандықтары ең басты орында.

4. Ата Заңда – мемлекеттің ең басты қазынасы- адам және оның құқықтары мен бостандықтары.

5. Қазақстан Конституцияның екінші бөлімі адам және адамзатың құқықтары мен бостандығына арналған.

6. Ежелден бері қалыптасқан заң үлгілері “Қасқа жол”, “Ескі жол”, “Жеті жарғы”.



57. Қазақстан Республиканың мемлекеттік рәміздері

1. Анықтама: Рәміздер – әрбір елдің саяси егемендігінің белгісі.

2. Хр. кезеңі: 1992 ж 4 маусым.

3. Ту – бейбіт өмірде тыныштықтың, күш қуаттың, ал соғыс жағдайында ерліктің, батылдықтың, қайғы-қасіреттің белгісі.

4. Тудың хр кезеңі ХІІ ғ (Қытайда).

5. Түскен жобалар саны – 600.

6. Туға сипаттама:

6.1. Көк түс – адалдықтың, тазалықтың, ынтымақтың, бірліктің көрінісі. «Көк» – сөзі, шығыс деген мағынасын білдіреді.

6.2. Күн бейнесі – өмірдің, береке-байлықтың белгісі. Шеңбер – өміршендіктің нышаны.

6.3. Қыран бүркіт – күш-қуаттың, қырағылықтың, биіктіктің, көрегендіктің бейнесі.

6.4. Тудағы ұлттық өрнек (қошқар мүйіз) – қазақтарда Х ғ қолданылған өнердің жарқын бейнесі, ұлттың ерекше бейнесі. Ту ұстау құрметі – батырларға тән.

6.5. Туларды зерттейтін ғылым – вексиология.

7. Елтаңба – «Қазақстан» ел аты ретінде мәдени рәміз болып саналады.

7.1. Геральдика дегеніміз – елтаңбатану (герб) ғылымы, елтаңбаны деректеме ретінде зерттейтін қосалқы тарихи пән.

7.2. Елтаңбаның авторлары: Ж. Мәлібеков, Ш. Уалиханов. Оның алдында 245 жоба мен 67 суреттеме қаралған.

7.3. Киіз үй – ата-бабаларымыздың басты баспанасы.

7.4. Елтаңбадағы шаңырақ – отбасындағы амандық, береке-бірлік, тату өмір, қоршаған орта, әлемдік сәулет өнерінің тамаша үлгісі, ортақ отанымыздың тыныштық, тұрақтылық, беріктілік ұғымдарымен байланысты. Ата-бабаларымыз шаңырақты айрықша қастерлеп, қадір-қасиет тұтқан.

7.5. Елтаңбадағы қанатты тұлпар – алтын қанаттары астықтың алтын масақтарын бейнелейді, олай болса ол молшылықтың, тіршіліктің нышаны деуге де болады. Ал оның мүйізі – айбындылықтың, күштіліктің, беделдіктің белгісі.

7.6. Қазақ ұғымында «жылқы» – қасиетті жануар, адамның өмірлік серігі, азығы, сұлулықтың, тектіліктің, еркіндіктің, жылдамдықтың, күш-қуаттың нышаны.

7.7. Елтаңбадағы «бес бұрышты жұлдыз» – мемлекетіміздің бес құрлыққа ашықтығын, еркін еліміздің ертеңі еңселі, ел өркениетін бұдан да биік нысанаға көтеруге шақырады. Бес саны ақиқат пен әділдіктің белгісі.

7.8. Кеңестік дәуірде Қазақстанның елтаңбасы 2 рет бекітілді (1925 ж ҚазАКСР елтаңбасы, 1937 ж ҚКСР елтаңбасы).

8. Әнұран – белгілі бір халық жайлы, оның арманы, болашағы туралы сипаттима. Қазақстан Республикасының жаңа әнұраны – «Менің Қазақстаным» (2006 ж). Авторлары: сөзі – Ж. Нәжімедденов, Н. Назарбаев, әні – Ш. Қалдаяқов.



58. Ұлттық теңге – мақтанышымыз

1. Анықтама: «Ақша» – қандай да бір затты сатып алу үшін қолданатын, заттық құнын білдіретін, металдан, қағаздан жасалған белгілер немесе бірлік.

2. Әр ұлттың ақша бірлігінің атаулары:

2.1. АҚШ – доллар, Жапония – иен, Өзбекістан – сом, Ресейде – рубль, Қытайда – юань.

3. Теңге – ұлттың мақтанышы.

3.1. Хр кезеңі 1993 ж 15 қарашада айналымға енді.

3.2. Шығу тарихы: 1990 ж ағылшынның «Харрисон» атты фирмасына тапсырыс берілді.

3.3. Ұлттық теңгені жасауға кеткен уақыт – 2 жыл.

3.4. Бейнеленген тарихи ескерткіштер мен ұлы қайраткерлер (теңгелікте). Кітапта – 184 бет.

4. Теңгенің жасалу ерекшелігі:

4.1. Металл және қағаз ақша түрінде.

4.2. Көзге көрінбейтін сапа белгісінің саны – 18.

5. Нумизматика – табылған теңге, ақша жасауға қолданылған материалдар бойынша ақша айналымның тарихын зерттейтін ғылым.

6. Нумизматиканың негізін салушы – веналық коллекционер, оқымысты И.И. Эскель (1734-1798 ж).



59. Астана – Қазақстанның басқаласы

1. Бозоқ (Бұзоқ) – ортағасырлық қала.

1.1. Бозоқ – ерте орта ғасырдағы қазіргі астананың ежелгі атауы.

2. Тарихи маңызы:

2.1. Солтүстіктен Есіл бойымен, одан Нұра, Қорғалжын, Сарысу бойына, оңтүстікке апаратын керуен жолдарының торабында орналасқан.

2.2. Бозоқ қалашығы Х-ХІІ ғғ ірі және саяси қолөнер орталығы болған.

2.3. Қалашықтың атқарған қызметі – жолаушылар мен керуендер түнейтін орын.

3. Астана – ел мақтанышы.

3.1. Кеңес үкіметі кезінде Целиноград деп аталған.

3.2. 1950 ж ортасында тың және тыңайған жерлерді игеру кезінде даму орталығына айналған солтүстік облыстың бірі.

4. Алматыдан Ақмолаға астананың көшіру туралы шешімдер:

4.1. 1996 ж 6 шілде – астананы көшіру туралы шешім қабылданды.

4.2. 1997 ж 10 желтоқсан – Ақмола Қазақстанның астанасы болып ресми түрде жарияланды.

4.3. 1998 ж 6 мамырда елбасы Назарбаев Ақмола қаласын Астана деп атауға жарлық шығарды.



4.4. 1998 ж 10 маусымда ресми түрде жаңа астананы тұсаукесер тойы болып өтті.

60. Бүгінгі Қазақстан

1. Қазақстан – біздің Отанымыз.

1.1. Қазақстан – егемен тәуелсіз ел (1991 ж 16 желтоқсан).

1.2. 1992 ж 2 наурызда БҰҰ-ға мүше болды.

1.3. ЕҚЫ-ң төрағасы.

2. Жер көлемі жөнінен – 9 орында. (2 млн 724,9 мың шаршы шақырым).

2.1. Азия аумағының 6,1% алып жатыр.

3. Қазақ халқының саны – әлемде 70 орында.

3.1. Дүние жүзіндегі қазақ халқының саны – 12 млн.

3.2. Қазақстаннан тыс шетелдерде тұратын қандас бауырларымыздың саны – 3,5 млн адам.

3.3. Қазақтар түркі тілдес халықтың ішінде саны жағынан – 4-ші орында.

4. Антропологиялық сипаты – азиялық нәсілдің тұрандық тармағына жатады.

5. Тілі – алтай тілінің түркі тілдік тобына, оның ішінде қыпшақ бөліміне кіреді.

6. Діні – ислам дінінің сунниттік тобы.

7. Қазақстанда тұратын этнос өкілдерінің саны – 130-ға жуық.

7.1. Ең көбі орыстар – 30%, украиндар – 3,7%, өзбектер – 2,5%.

8. Қазба байлықтары – Менделевтің кестесіндегі элементтердің республикада 99-ы табылған, 70-інің қоры зерттеліп, 60-тан астамы өндіріске қосылған.

8.1. Вольфрам қоры бойынша – бірінші, хромит, фосфор кені бойынша – екінші, марганец кені бойынша – үшінші орында.

8.2. Минералдық қоры бойынша әлемде 6 орында Қазақстанда 400-ден аса көмір орындары, мол мұнай қоры бар.

9. Қазақстан халықаралық қатынаста:

9.1. Әлемнің 145 мемлекетімен сыртқы байланысын жүргізген. Басты әріптесі Ресей мен ҚХР т.б. мемлекеттер.

9.2. Қазақстан Батыс пен Шығыстың мәдениетін, тарихы, дінін біріктіруші мемлекет.

9.3. Қазақстан ЕҚЫҰ төреағалық етумен беделі зор.

9.4. ҚР-да ел болашағы – жастардың білім алуына барлық жағдай жасалған.



10. Қазақстанда 84 қала, 200 кені, 2036 ауылдық округ, 7684 ауылдық мекендер бар. Қазақстан тұрғындарының 56% - қалада, 44% - ауылдық жерлерде өмір сүреді.
Каталог: images
images -> 6 Хромтау гимназиясы тәрбие жұмысының жылдық жұмыс жоспары Азаматтық-патриоттық, құқықтық және полимәдениеттік тәрбие
images -> БАҒдарламасы қазақ филологиясы кафедрасы Орал-2014
images -> БАҒдарламасы қазақ филологиясы кафедрасы Орал-2014
images -> АҚПараттық хат қҰрметті әріптестер!
images -> Абай Құнанбайұлы (1845—1904)
images -> Автобиография кандидата в депутаты районного маслихата по избирательному округу №5
images -> «Қазақстан тарихы» пәнінен «6М020300-тарих» мамандығына арналған жазбаша емтихан сұрақтары 1 блок
images -> Мазмұны Қазақстандағы жоғары білім, Ғылым және МӘдениет
images -> Үлгілік оқу жоспары
images -> Сембі Жансая Хасанқызы Қазақ тілі мен әдебиеті


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет