Қазақстан тарихы



бет11/12
Дата20.11.2016
өлшемі1,37 Mb.
#2143
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12

48. 1920-30 ж білім мен мәдениет

1. Мақсаты: Халық арасында ағарту жұмысын жаппай міндетті оқу жүйесін енгізу 1930 ж (15-50 жас аралығын қамту).

2. Қаралған мәселе: 1930 ж 27 тамыз «Мектеп жасындағы балаларға міндетті 4 жылдық бастауыш білім алуы тиіс» қаулы.

3. Қазақстандағы ағарту жұмысының жағдайы:

3.1. Қазақ халқының сауаттылары 25% болған, оның ішінде 10% сауатты қазақтар еді

3.2. Оқуды жалғастыруға мүмкіншілік болмады (Мұғалім жоқ, оқу құралдары жетіспеді, аштық, жоқшылық, т.б.).

4. Жазу: 1929 ж араб әрпінен латын әрпіне, 1940 ж латын әрпінен кирилицаға көшті.

5. Халық ағарту ісіндегі өзгерістер (1930 ж ІІ жартысында):

5.1. Мектеп, интернат ашты.

5.2. Техникумдардың саны – 118-ге жетті.

5.3. 1928 тұңғыш жоғарғы оқу орны – Қазақ педагогика институты ашылды.

5.4. 1931 ж Алматыда медицина институты.

5.5. 1934 ж Қазақ мемлекеттік университеті ашылды.

5.6. 1990 соғыс қарсаңында Қазақстанда 20 оқу орны жұмыс істеді.

6. Ғылым мен мәдениет өзгерістері (1920 ж) – «Қазақстанды зерттеу қоғамы». Қоғамның мақсаты – Қазақстанның тарихын, табиғатын, этнографиясын, экономикасын зерттеу.

6.1. Зерттеу қоғамының мүшелері – А.Ф. Рязанов, Ә. Диваев, М. Тынышбаев, М. Дулатов, А.П. Чулошников.

6.2. «Қазақстанды зерттеу қоғамы» бөлімдері ашылған қалалар: Петропавл, Көкшетау, Орал, Семей.

6.3. Геология ғылымы – қазба байлықты зерттеу, еңбек сіңірген академик – Қ. Сәтбаев.

6.4. Қазақстандағы зерттеу аймақтары: Қарағанды, Екібастұз, Ембі.

7. Қазақ әдебиеті:

7.1. Әдебиет қайраткерлері - А. Байтұрсынов, Ж. Аймауытов, М. Дулатов, М. Жұмабаев, С. Сейфуллин, Б. Майлин, І. Жансүгіров, М. Әуезов, Ғ. Мүсірепов.

8. Саяси билікте қалыптасқан жүйе – тоталитарлық, 1937-38 ж репрессия кезеңі (жаппай қудалау, жазалау).

8.1. Мәдениет, әдебиет қайраткерлеріне тағылған айыптар – «жапон шпионы», «халық жауы», «тыңшылар».

8.2. Тоталитарлық жүйенің құрбандары – ұлт мүдесін қорғаған аса білімді, адал қазақ жанашырлары, зарылар.

8.3. Қолданған жазалар – қудалау (отбасы мүшелерімен), қамау, ату жазасын.

9. Қазақ өнерінің қалыптасуы:

9.1. Әйгілі өнер қайраткерлері – А.В. Затаевич, орыс зерттеушісі (ән-күй өнерін жанақтаушысы). Этнограф 15 жылдық экспедициясынан – «Қазақ халқының 1000 әні», «Қазақтың 500 әні мен күйі» деген жинақтар шығарған.

9.2. Қазақ әншісі – Әміре Қашаубаев, 1925 ж Парижде, 1927 ж Германияда болып, әнімен әлемді тәнті етті.

9.3. Белгілі талантты, драмашы режиссер, артист – Жұмат Шанин (1891-1937) алғашқы спектакль «Алтын сақина», «Еңлік-Кебек» пьесасы.

9.4. Қазақ халқының белгілі суретшісі – Әбілхан Қастеев, Хлудовтың шәкірті.



49. Ұлы Отан соғыстың басталуы

1. Хр кезеңі – 1941 ж 22 маусым-1945 ж.

2. Мақсаты: «Барбаросса» жоспары бойынша КСРО-ны қысқа мерзімде жаулап алып, жерін шикізат көзіне, халқын оны өндіретін күш ретінде пайдаланғысы келді.

3. Сипаты – Кеңес халқы тарапынан әділетті, сондықтан да «Ұлы Отан соғысы» деп аталды.

4. Ұлы Отан соғысы қарсаңында, 1930 ж халықаралық қатынас шиеленісті. Екінші дүние жүзілік соғыстың бастаушысы – Германия болды.

5. Көсемі: Адольф Гитлер 1933 ж Германияда фашистік партияда сайлауда жеңіске жетіп, қатал фашистік тәртіп орнатты.

6. Қазақстан Ұлы Отан соғысы жолдарында.

7. Қазақстанның майданға арналған арсеналы:

7.1. Қарағанды шахтерлері 4 жыл – 34 млн тонна көмір.

7.2. Ембі – жанармайды 39% арттырады.

7.3. Электр қуатын өндіру 2 есеге өсті.

7.4. Ыбырай Жақаев – күріштен, ал Шығанақ Берсиев – тарыдан рекорд жасады.

7.5. Жазылбек Қуанышбаев – төл алудан ең жоғарғы көрсеткіш берді.

7.6. 1941-42 ж – 220 зауыт, фабрика, цехтар көшірілп әкелінді.

7.7. Қорғасын өндіруден – КСРО бойынша бірінші орынға шықты, әрбір үш оқтың бірі Қазақстаннан жіберілді.

7.8. Ерлігі алтын әріппен жазылған батырларымыздың қорғаған қалалары: Мәскеу, Сталинград, Ленинград, т.б.

7.9. Әрбір бесінші Қазақстандық майданға аттанды.

8. Кеңес Одағы батыры атағын бір мәрте алғандар – 497 қазақстандықтар, ал 97-сі қазақтар, барлығы КСРО бойынша 11600 дей адам Кеңес Одағының Батыры атағын алды.

9. Ұлы Отан соғысының Кеңес халқының тарихында алатын орны зор.

10. Қазақстандықтар КСРО-ға төнген қауіпте атсалысып, фашистік Германияның тізе бүгуіне үлес қосты.



50. Қазақстандықтар Ленинград және

Мәскеу үшін шайқастарда

1. Мәскеу үшін шайқас. Хр кезеңі – 1941 ж қараша айы.

2. Қазақстаннан аттанған дивизия – 316 атқыштар дивизиясы, басқарған генерал-майор И.В. Панфилов.

3. Мәскеу үшін шайқасқан белгілі қазақ батырлары: Б. Момышұлы, Мәлік Ғабдуллин, Т. Тоқтаров, Р. Елебаев.

4. Ленинград үшін шайқас. Хр кезеңі – 1941 ж қыркүйек-1944 ж, «900 күн қоршауда қалған қаһарман қала».

5. «Өмір жолы» – қаланы жау әскерлері қоршап, тек Ладога көлінің мұзы арқылы салынған жалғыз бір жол.

6. Ленинград қаласындағы Қазақстанның ерліктері:

6.1. Азық-түлік, оқ-дәрімен қамтамасыз етілді.

6.2. Қазақстаннан 310, 314 атқыштар дивизиялары аттанды.

6.3. Шығыстың қос жұлдызы – Ә. Молдағұлова мен М. Мәметова ерлікпен қаза тапты.

6.4. С. Баймағанбетов – кеудесімен жау пулеметінің үнін өшірді.

6.5. Нәтижесінде: Ленинградты жаудан қорғауды, олардың даңқты есімдері күрес шежіресінде мәңгі қалды.



51. Ұлы Жеңіске қосылған үлес

Аты аңызға айналған қазақтың даңқты батырлары:

1. Әлия Молдағұлова

1.1. Сипаты – қаһарман қазақ қызы, Кеңес Одағының батыры.

1.2. Хронологиялық кезеңі: 1924-1944ж.

1.3. Туған жері: Ақтөбе обл. Қобда ауданы Бұлақ ауылы.

1.4. Ата-анасы: Сарқұлов Нұрмұхаммед және Молдағұлова Маржан.

1.5. Шын аты – Ілия (майдандас достары Лия деп атаған).

1.6. Білім жолы:

а) Санкт-Петербургтеггі 9 мектепті оқыды.

ә) 2 Мәскеуде 91 мектептің 4-сыныбын бітірді.

б) 3Ленинградтағы 46 мектеп-интернатта орналасты.

а) Ресейдің Рыбинск авиатехникумын бітірген.

г) Өз еркімен Қызыл Армия қатарына алынып мергендер мектебін үздік бітіріп шығады.



    1. Ерліктері: Балттық жағалауындағы фронтта жау әскерінің 30-дан аса сарбаздары мен офицерлерінің көзін жояды.

1.8. Тарихтағы орны: Кеңес Одағының батыры.

1.9. Атағы: Ленин орденімен марапатталды.

1.10. Қорытынды: өзінің халқы үшін аянбая соғысып Псков облысында, Новосокольники ауданында ерлікпен қаза тапты.

2. Мәншүк Мәметова

2.1. Сипаттама: Кеңес одағының Батыры.

2.2. Туған жылы: (1922-1943) жылы Гурьев облысы Орда ауданында туылғын.

2.3. Шын есімі – азан шақырып қойған аты Мәнсия.

2.4. Ата-анасы: әке-шешесінен ерте айырылып 5 жасында немере ағасы Ахмет Мәметов және әйелі Әмина асырап алған.

2.5. Білімі: Медицина институты.

2.6. Ерліктері: Ұрыстарда өзінің асқан мергендігімен, батылдығымен көзге түсті.

2.7. Неваль қаласы үшін болған шешуші ұрыста ақтық демі қалғанша пулеметпен оқ боратып шайқасты.

2.8. Тарихтағы орны: Кеңес Одағының батыры, қаһарман қазақ қызы.

3. Бауыржан Момышұлы

3.1. Сипаты: Ұлы Отан соғысының даңқты жауынгері, гвардия полковнигі, қазақтың көрнекті жазушысы.

3.2. Хронологиялық кезеңі: 1910-1982 жыл.

3.3. Туған жері: Жамбыл облысының Жуалы ауданындағы Көлбастау мекені.

3.4. Білімі:

а) 1928 жылы Шымкенттегі жетіжылдық интернатты бітірді.

ә) 1932 жылы Ленинград финанс академиясы жанындағы курсты бітірді.

б) 1950 жылы Кеңес әскері Бас штабының жанындағы жоғарғы әскери академияны бітірді.

3.5 Қызметтері:

а) Mектеп мұғалімі.

ә) Mилиция бастығы.

б) Қызыл әскер қатарында взвод, рота командирі, полк штабы бастығының көмекшісі.

в) 316-атқыштар дивизиясын жасақтап, майданға аттанды.

г) Мәскеу түбіндегі шайқасқа қатысты.

ғ) Панфилов атындағы 8-гвардиялық дивизиянын батальон, Полк командирі, соғыстың соңғы жылдарында дивизияны басқарды.

д) 1950-1956 жылы әскери академияда сабақ берген және тұрақты әскери қызмет атқарған.

е) 1956 жылы демалысқа шығып, шығармашылық қызметпен aйналысқан.

3.6. Еңбектері:

а) “Бір түннің тарихы”.

ә) “Біздің семья”.

б) “Москва үшін шайқас”.

в) “Артымызда Москва”.

г) “Генерал Панфилов”.

ғ) “Ел басына күн туса”.

3.7. Тарихтағы орны: Кеңес одағының батыры, қазақстанның халық қаһарманы.

3.8. Б. Момышұлы туралы:

а) Қазақфильм киностудиясы “Ел басына күн туса” атты көркем фильм түсірді.

ә) Мәскеу академиялық театры “Волкаламск тас жолы” cпектакльн қойды.

3.9. Орден мен медальмен марапатталған

а) Қызыл ту.

ә) Еңбек қызыл ту.

б) Халықтар достығы.

в) 1-дәрежелі Отан соғысы.

г) 2 рет Қызал Жұлдыз.

ғ) Құрмет белгісі.

д) Қазақстанда ауылдарға, көшелерге республи-каллық әскери балалар мектебіне есімі берілді.

3.10. Қорытынды: Бауыржан Момышұлы есімі, оның жасаған ерлігі, соғыс туралы еңбектері есте қалады.

52. Тың игеру

1. Хр кезеңі: 1954-1965 ж.

2. Себебі: соғыстан құлдырыған халық-шаруашылығы қалыпқа келтіріп, азық-түлік мәселесін шешу.

3. Қабылдаған жоспар – «Тың және тыңайған жерлерді игеру» – 1954 ж ақпан-наурыз пленумында.

4. Мақсаты:

4.1. Еуразиялық кең байтақ жерлерін жыртып, оны егіс алқабына айналдыру, елде астың өндіруді одан әрі ұлғайту.

4.2. КСРО халықтарын және басқа мемлекеттерден тың игеру деген желеумен адамдарды көптен көшіріді.

5. Тың игерілген аймақтар, облыстар:

5.1. Оңт Сібір, Қазақстан, Орал, Еділ бойы, Солт Кавказ.

5.2. Қазақстанның 6 облысына – Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Көкшетау, Торғай, Павлодар, Ақмола.

6. Тың жерлерді игеру барысында – 1954 ж Қазақстанда 6,5 млн жер жыртылды. 1954-65 Қазақстанда 25 млн гектар жерге егін егілді.

7. Тың жерлерге берілген жеңілдіктер:

7.1. 2-5 жылға ауылшаруашылық салғын босатылды.

7.2. 10 мың сом несие тұрғын үй салуға, 1500-2000 сом мал сатып алуға тегін беріледі.

7.3. Әрбір отбасы мүшелеріне 150-200 сом, ал отбасы басшысына 500-1000 бір реттік көмек көрсетілді.

8. Тың игерудің маңызы:

8.1. Отан қоймасы алтын дәнге толып, астың мәселесі шешілді.

8.2. Ұлт аралық қатынастар дамыды.

9. Тың игерудің зардаптары:

9.1. Жайылымдық жерлер тарылды, Қазақстанға тың игеру жылдарында 2 млн астам ұлт өкілдері келіп қоныстанды.

9.2. Көп көлемдегі жер жыртылып, оның бетіндегі гумус деп аталатын құнарлы бөлігі желге ұшып, жер эрозияға ұшырады.

9.3. Көптеген аймақтарға орыс атаулары берілді.



53. Ғарышты игеру

Тоқтар Оңғарбайұлы Әубәкіров

1. Туған жылы: 1946 ж. 26 маусым.

2. Туған жері: Қарағанды обл, Қарқаралы ауданы, 1-ші Май ауылы.

3. Шыққан тегі: Әкесі – Оңғарбай, шешесі – Қамия. Арғын.

4. Білімі:

4.1. Ресей Федерациясындағы Армавир жоғары әскери ұшқыштар училищесін бітірген (1969 ж).

4.2. Мәскеу ұшқыш сынақшылар мектебін (1976).

4.3. Мәскеу авиация институтын бітірген (1979).

5. Қызметтері:

5.1. 1969-75 жж Кеңес Одағы әскери-әуе күштерінің Қиыр шығыс әскери округінде ұшқыш, звено командирі, эскадрилия командирінің орынбасары.

5.2. Теміртау құйма механикалық зауытында токарь.

5.3. Мәскеудегі А.И. Микоян атындағы Тәжірибелік-контрукторлық бюроның ұшқыш-сынақшысы.

5.4. 1992-93 жылдары Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 1-ші орынбасары.

5.5. 1993-94 жж Қазақстан Республикасы Ұлттық Аэроғарыштық агенттігінің бас директоры.

5.6. Ғылым және жаңа технология министрінің орынбасары.

5.7. 1994-95 жж Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің депутаты – Қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы болды.

5.8. 1996 жылдан Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі.

6. Ғарышқа ұшуы:

6.1. Т. Әубәкіров 1988 жылы Кеңес Одағында тұңғыш рет әуеде, қонбай ұшаққа 2 рет жанармай құйдыру арқылы Солтүстік полюске ұшу сапарын ерлікпен орындады.

6.2. 1989 жылы 1-ші болып авиатасушы крейсердің алаңқайшысы «Миг- 29к» реактивті ұшағын үлкен шеберлікпен дәл қондырды.

6.3. Сондай-ақ ол реактивті ұшақтың 50-ден аса жаңа түрін сынақтан өткізді.

6.4. 1991 жылы 2-ші сәуірде Кеңес Одағының Ғарышкерлер дайындау орталығында ғарышқа ұшу дайындығына кірісіп, сол жылы 2 қазанда Байқоңырдан «Союз ТМ-13» кемесімен ғарышқа ұшты.

7. Ғарыштағы уақыт 7 күн 22 сағат 12 минут.

8. Меңгерген ғылым салалары:

8.1. Биотехнология.

8.2. Металлургия.

8.3. Медицина.

9. Қорытынды: А.И. Микоян атындағы авиаконструкторлар бюросына қызметке қабылданып, ғұмырының ең қиын сәттерін бастан кешірді. Бұл тұста Тоқтар үшін өмір мен өлім ылғи қатар беттесіп отырыпты.



Каталог: images
images -> 6 Хромтау гимназиясы тәрбие жұмысының жылдық жұмыс жоспары Азаматтық-патриоттық, құқықтық және полимәдениеттік тәрбие
images -> БАҒдарламасы қазақ филологиясы кафедрасы Орал-2014
images -> БАҒдарламасы қазақ филологиясы кафедрасы Орал-2014
images -> АҚПараттық хат қҰрметті әріптестер!
images -> Абай Құнанбайұлы (1845—1904)
images -> Автобиография кандидата в депутаты районного маслихата по избирательному округу №5
images -> «Қазақстан тарихы» пәнінен «6М020300-тарих» мамандығына арналған жазбаша емтихан сұрақтары 1 блок
images -> Мазмұны Қазақстандағы жоғары білім, Ғылым және МӘдениет
images -> Үлгілік оқу жоспары
images -> Сембі Жансая Хасанқызы Қазақ тілі мен әдебиеті


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет