Қазақстанда нарықтық экономикаға көшудің алғашқы кезде үш кезеңі белгіленді


Орта Азия Республикалары аумағын межелеу



бет11/36
Дата13.12.2021
өлшемі110,59 Kb.
#100053
түріБағдарламасы
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   36
Байланысты:
каз тар

Орта Азия Республикалары аумағын межелеу


Орта Азия Республикалары аумағын межелеу – Ресей отаршылары жойған ұлттық мемлекеттілікті жаңғырту барысында Орта Азия республикаларының жерлерін белгілеу үшін 1917 – 25 жылдары атқарылған іс-шаралардың нәтижесі.

Соның ішінде қазақ халқын жер-суымен бір құрылымға біріктіру мақсаты '1917 жылы желтоқсанда өткен Екінші жалпықазақ съезінде көтеріліп, оған қатысушылар: “Бөкей елі, Орал, Торғай, Ақмола, Семей, Жетісу, Сырдария облыстары, Ферғана, Самарқанд облысындағы һәм Алтай губерниясындағы іргелес болыстардың жері бірыңғай, іргелі халқы қазақ-қырғыздың тұрмысы, тілі бір болғандықтан өз алдына ұлттық-жерлі автономия құруға” қаулы алды. Оны жүзеге асыру үшін Алаш үкіметін құрды. Алайда Алаш автономиясын Кеңес үкіметі мойындағысы келмеді. 1918 жылы ақпанда құрамына оңтүстіктегі қазақ аймақтары кіретін Түркістан автономиясы (Қоқан) да большевиктердің қарулы күштерінің арқасында құлатылды.

Оның орнына 1918 жылы 1 мамырда РКСФРқұрамындағы Түркістан Автономиялық Кеңестік Республикасы дүниеге келді. Дегенмен қазақ халқын Кеңес өкіметі жағына шығару мақсатындаВ.И. Ленин 1919 жылдың 10 шілдесінде “Қырғыз (Қазақ) өлкесін басқаратын революциялық комитет туралы уақытша ережеге” қол қойды. Комитет мүшелігіне алғашында А.Байтұрсынов, Ә.Жангелдин, Б.Қаратаев, т.б. еніп, әкімшілік орталығы Орынборда орналасты.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   36




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет