Қазақстанда су тапшылығын шешу жолдары



Дата29.12.2021
өлшемі58 Kb.
#106361
Байланысты:
су тапшылыгы
777, шах книга, 1000 шахматных задач, Решебник, 1 год


1.3 Қазақстанда су тапшылығын шешу жолдары
Көптеген елдерде суға деген көзқарас түбегейлі өзгеруде. Ұлттық әкімшілік органдары кұрылып, оларға сумен камтамасыз ету саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру және су қорларын қолдануды реттеу жүктелген.

Бүгінгі күні республикамызда орын алып отырган су қорларының тапшылығын және көптеген облыстардың өндірістік бағыты ауыл шаруашылығы екенін ескеретін болсақ, тасқын суларды жинауға, көлтабандарды. тоғандарды, бөгеттерді тасқын сулармен толтыруға, көктем-жаз кезінде су жинауға және оны үнемдеп жұмсауға бағытталған баска да шараларды жүзеге асыру мәселесі өткір түрде қойылуы тиіс.

Сонғы жылдарда жаңа тоспалар мен реттегіш бөгеттерді салу жұмыстарына мән берілмей келеді. Алматы, Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстарында пайдаланылып жүрген инженерлік және гидротехникалық құрылымдар профилактикалық және күрделі жөндеуден өтпеген, сейсмикалық тұрғыда күшейтілмеген. Олардың көпшілігі 30 жылдан астам уақыт пайдаланылып келеді. Қазіргі кезде республикада 180-ге жуық су коймалары, су тораптары, гидротехникалык құрылымдар бар.

Көптеген елдердің тәжірибесі, су қорларының дағдарысы, ең алдымен баскару дағдарысынан болатынын айғақтайды, оның негізгі себептері су тұтыну жөніде шешімдер қабылдау кезіндегі салалық тәсілдермен және су пайдалануды реттеудегі тиімсіз экономикалық әдістермен сабақтас. Сондықтан заңда барлық мүдделі тараптардың катысуларын көздейтін тиімді басқарудың кағидаттары, шешімдер кабылдаудың ашықтығы, халықты сумен камтамасыз ету мүмкіндігінін әділдігі, есеп берушілік пен жүйелілік кана емес. сонымен бірге демократиялық негізде су шаруашылығын жүргізу үшін жасалатын жағдайлар белгіленді, соған сәйкес мемлекеттік баскару органдары суларды ұтымды пайдалану мен корғау жөніндегі бағдарламаларды әзірлеу және іс-шараларды жүзеге асыру үшін түрғын халық пен жұртшылықты іске тартуларына болады.

Су қорларын пайдалану тұрғысындағы әлемдік үрдіс экономикалық дамудың өсуіне байланысты ішкі континентальды сумен қамтамасыз ету жүйесіне түсетін салмак ұлғаяды да, таяу онжылдықтар ішінде атап айтқанда тұщы су аса маңызды және өте тапшы табиғи ресурсқа айналатыны туралы айғақтайды. Сондықтан әлем елдерінің алдында су корларының үдемелі жетімсіздігін бағындыру міндеті түр. Су объектілерінің жақсы экологиялык күйін сақтауға және орнықты су пайдалануды қамтамасыз етуге мемлекетгердін қабілеттіліктері, әлеуметтік-экономикалық даму перспективалары мен елдердің қазіргі және келешек ұрпақтарға лайықты жағдайлар туғызу мүмкіндіктерін белгілейді.

Су шаруашылығының казіргі деңгейін жетілдіру үшін барлық гидротехникалық құрылымдарды күрделі жөндеуден өткізіп жаңалап қайта құру қажет. Сонымен катар су шаруашылығының жаңа нысандарын жобалап, құрылысын жүргізуді де қолға алатын уакыт келді.

«Ауыл жылдары» бағдарламасын жүзеге асыруға орай Президент Н.Назарбаев «...су қатынастарын ретке келтіру» және «гидротехникалык кұрылымдарды кайта құруды жүйелі түрде шешу» мәселелерін алға қойды. Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен бекітілген мемлекеттік аграрлық азық-түлік бағдарламасында ауыл шаруашылығында суды пайдаланудың тиімді жүйесін калыптастыру мәселесіне айрықша назар аударылған.Осыған байланысты, алдағы жылдары вегетация кезінде суармалы егіншіліктің суға деген қажеттілігін өтеу үшін қазіргі кезде жұмыс істеп түрған ірі гидромелиоративтік кұрылымдарды және су шаруашылығының каналдарын қайта құру және қалпына келтіру, жаңа мелиоративтік жүйелерді салу, су қорларын корғаудың және тиімді пайдаланудың нормативтік-құқықтық негіздерін жетілдіру мәселелерін трансшекаралық өзендерді пайдаланатын мемлекеттер арасындағы қарым-қатынастарды реттеуді келісім-шарт жолымен шешуге тура келеді.

Жоғарыда келтірілген су шаруашылығының казіргі кездегі және болашақтағы өте маңызды мәселелерін жолға кою, су шаруашылығының жоғары білікті мамандары жеткілікті болғанда ғана жүзеге асатыны кімге болса да аян десек, 2004 жылғы Қазақстан Республикасының жоғары арнайы білімді мамандар дайындаудың «Классификаторының» жобасында осындай мамандарды дайындау карастырылмаған.



Су шаруашылығы үшін жоғары білікті мамандарды дайындай алатын оқу орындары жоқ емес, бар. Сондай оку орнының бірі Тараз мемлекеттік университеті. Бұл университетте су шаруашылығы мамандықтарынын республикалық оқу-әдістемелік бірлестігі құрылған, осы бірлестік және ҚР Су қорлары жөніндегі комитет білім «Классификаторының» жобасын талдай келе Білім және ғылым министрлігіне «Классификаторға» «су шаруашылығы құрылымдары» мамандығын енгізуді және ауыл шаруашылығы ғылымдарының мамандықтары тобында «жерді мелиорациялау, рекультивациялау және корғау» мамандығын қарастырудың қажеттілігін дәлелдеп, ұсыныс жасаған болатын.

Қазіргі кезде бұл мамандықтар бойынша білікті мамандардың жетіспеушілігі сезіле бастады және де осы салада мамандар дайындау республиканың «Елдің ауыл шаруашылыгын дамытудың 2010 жылға дейінгі стратегиясы» мен ҚР мемлекеттік аграрлық азық-түлік бағдарламасының стратегиялық мақсаттарының және міндеттерінің шеңберінде болады. Қазақстан Республикасының білім тұжырымдамасына сәйкес М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінде су шаруашылығы мамандарын дайындайтын жоғары оку орындарының ішінде бірінші рет осы мамандықтарға арналып бакалавриат, магистратура және докторантура бағыттары бойынша білім беру бағдарламалары жасалды.

Қазақстанның кең аумағында гидро-инженерлік жүйелер құрылған мысалы оларға жататындар;- Сырдария өзенінде (Шардара, Қазалы және Қызылорда су тораптары), Ертіс өзенінде және оның салаларындағы (Өскемен, Бүқтырма. ІІІулбі су электр станциялары). Іле өзеніндегі (Капшағай, Тасмурын, Бақанас су тораптары). Шу өзенінде (Тасоткел су коймасы және су торабы) энергетикалық және суармалау жүйелері жобаланып салынған. Аталган гидротехникалық құрылымдар және жүйелер 30 жылдан астам уақыт халыққа кызмет етіп келеді.

Тараз мемлекеттік университетінде «Су шаруашылығы, экология және құрылыс» факультетінің ғалымдарымен Тасөткел, Талас, Қызылқұм және Тентек сияқты ірі суармалы алаптар, Талас, Аса, Шу, Каратал, Іле, Сырдария және олардың салаларындағы су шаруашылығы жүйелері, қалалардың және өнеркәсіптік нысандардың ақаба сулары ғылыми түрде негізделіп, оларды тиімді пайдалану жолдары жайлы ұсыныс жасалды.

Факультет ғалымдары ТМД мемлекеттеріні шеңберінде ауылшаруашылық жерлерін мелиорациялау тұжырымдамасын жасауға катысты. Сонымен қатар Ресей, Өзбекстан, Кырғызстан, Түрікменстан және Тәжікстан ғалымдарымен бірге «Арал теңізінің алабындағы су мен жер қорларын корғау және тиімді пайдалану стратегиясы» бағдарламасы бойынша ғылыми жұмыстарды атқарды. Тек қана соңғы 10 жыл ішінде факультеттің ғалымдарының күшімен 12 монография дайындалып баспадан шықты. 100 авторлық куәлік және патенттер алынды, 500 ғылыми баяндамалар республикалық және шетелдік басылымдарда жарияланды.

Оқытушы-ғалымдар су корлары жөніндегі комитеттен, алаптық су шаруашылығы бірлестіктерімен, су жүйелерінің баскармаларымен, жобалау институттарымен коян-қолтық араласып, қажетті кезде ақыл-кеңес беріп отырады. Университеттің су шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтында, «Жамбылсушар» мемлекеттік мекемесінде, «Казагромелсушар» жобалау мекемесінде филиалдары бар. Шет елдердің бірқатар университеттерімен тығыз қарым-қатынас орнатылған. Олардың қатарында Калифорния университеті (АҚШ), Санкт-Петербург мемлекеттік техникалық университеті, Мәскеудегі табиғатты үйлестіру университеті, Ташкент ауыл шаруашылығын ирригациялау және механикаландыру институты, Қырғыз аграрлық университеті бар.

Биыл бірнеше жылдан бері қолданылып келе жатқан мемлекеттік тапсырыс жүйесіне өзгерістер енгізілгені көпшілікке мәлім. ҚР Білім және ғылым министрлігінін бұл қадамы қолдауға тұрарлық. Оның ең негізгісі -мемлекеттік білім гранттары мен несиелері түрінде берілетін мамандарды дайындауға арналган. Мемлекеттік тапсырыстарды тарату міндетті түрде әрбір жоғары оку орнының материалдық-техникалық базасына және оқытушылық-профессорлық құрамына байланысты жүргізілуі керек. Сонымен қатар, нақты оку орнына мамандар дайындау тәжірибгсі, дайындалған мамандардың сапа көрсеткіштері де ескерілуге тиіс.

Сапалы су қорларына қол жеткізу проблемалары әкімшілік экономикада сақталған қоныстандырудың ұтымсыз схемалары арқылы ұшыға түседі. Кедейшілікті әлеуметтік-экономикалык проблемалардың негізгілерінің бірі екендігін сезіне отырып. үкімет, кедейшілікпен және жұмыссыздыкпен күрес жүргізу жөніндегі бағдарламаны іске асырды, халықты әлеуметтік қорғау тұжырымдамасын, 2003-2005 жылдарда кедейшілік денгейін азайту Бағдарламасын қабылдады. Соған қарамастан, кедейшілікті қалай азайту мен бағдарламалардың нақты мазмұнын көруде үлкен алшақтық бар. Қазіргі кезде кедейшілікті азайтуға байланысты 75-ке жуық бағдарламалар орындалуда, олар орталық деңгейде де, сондай-ак жергілікті деңгейде де тиімсіз үйлестірілген.

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет