Қазақстандағы этногенез және этникалық процестер Қазақстан тарихы



бет1/4
Дата26.09.2023
өлшемі3,89 Mb.
#182499
  1   2   3   4
Байланысты:
Қазақстандағы этногенез және этникалық процестер


Қазақстандағы этногенез және этникалық процестер
Қазақстан тарихы

Оқу мақсаты:
10.2.1.1 Қазақстандағы этникалық процестерді түсіндіру үшін «антропогенез», «этногенез», «этнос» ұғымдарын пайдалану;
Бағалау критериі:
Қолдану
Қазақстандағы этникалық процестерді түсіндіру үшін «антропогенез», «этногенез», «этнос» ұғымдарын пайдаланады;
 
Жоғары ойлау дағдылары
Қазақстан аумағындағы этногенездің кезеңдері мен ерекшеліктерін айқындайды;
Этнос
Этногенез
Антропогенез
1-тапсырма: «Миға шабуыл»
«Этнос», «этногенез», «антропогенез» ұғымдарына ассоциация жасаңыз. Бұл ұғымдардың өзара байланысы қандай?
Этнос - (халық, тайпа, жұрт, ұлт) жалпыға ортақ, сыртқы кескін-кейпі ғана емес, едәуір тұрақтанған ерекше мәдениеті (тілін қоса) мінез-құлқы бар, сол сияқты өзінің бірыңғай екенін және басқа этникалық топтардан бөлектігін түсінетін сана-сезімі бар, оның бұл қасиеті өз атымен (этноним) бекітілген адамдардың тарихи қалыптасқан тұрақты тобы.
Этногенез (грек. ethnos – тайпа, халық, genozіs – шығу тегі) – әр түрлі қауымдық топтар негізінде жаңа құрамдағы туыстас тайпаның немесе халықтың қалыптасуы. Этногенез – қандай болса да халықтар тарихының бастамасы. Ол үнемі даму үстінде болады. Бірде оған жаңа этникалық топтар қосылып, онымен біте қайнасып, араласып кетсе, енді бірде одан кейбір топтар ерекшеленіп, бөлініп те жатады. Мыс., Қазақстан аумағындағы көптеген түркі тектес көшпелі тайпалар бірігіп, біте қайнасып, араласу нәтижесінде қазақ халқы қалыптасқан.
Антропогенез – антропология ғылымының адамның шығу тегін, даму тарихын, оның жеке биол. түр болып қалыптасуын және адамзат қоғамының даму кезеңдерін әрі жаратылыстану, әрі қоғамдық ғылымдарға сүйене отырып зерттейтін негізгі саласы. Бұларды шешуде антропогенез приматология, эмбриология, физиология, психология, геология, археология, этнография, тіл білімі сияқты ғылымдардың нақты деректеріне сүйенеді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет