Қазақстандағы жоғары білімнің дамуы Қазақстанда оқу білім алуы



Дата17.05.2024
өлшемі2,68 Mb.
#202428
Байланысты:
Презентация
тест Асыл, -875782618, -875782618, Документ, Документ, Документ, instr regkz (1)

Қазақстандағы жоғары білімнің дамуы

Қазақстанда оқу білім алуы

Қазақстан жерінде, яғни оның отырықшы аудандарында орта ғасырлардың ерте кезеңінде-ақ (7 – 8 ғ.) көптеген мектептер мен медреселер, діни білім беретін ортадан жоғары оқу орындары жұмыс істей бастаған. Ауылдық мектептер кең-байтақ өлкенің түкпір-түкпірінде орналасқан. Ол жерлерде молдалар ұстаздық еткен. Оқыту ақысы халықтан жиналды. Балалар қыс, күз айларында ғана (жылына 4, не 6 ай) оқыған. Оқу мерзімі 4 жыл, оқуға жеті жастан бастап қабылданған, кейбір ауылдық жерлерде 7 – 9 жастағы балалар бірге оқи берген. Оқу ақысы заттай төленген, жыл аяғында емтихан тапсыру, мектеп бітіргені үшін балаға ресми куәлік беру тәртібі сақталмаған. Сауат ашу жолы араб әріптері мен сөздерін жаттауды, әсіресе құранның араб тіліндегі мәтінін жатқа білуді мақсат етті.

Беріректе Уфадағы “Ғалия” медресесінде Т.Жомартбаев, М.Сералин, Б.Майлин, М.Жұмабаев, Семейдегі Ахмет Риза медресесінде Абай Құнанбаев оқыды. Бұл оқу орындарында дін жолын уағыздайтын пәндерден басқа заңтану, тарих, логика, риторика, география, философия, математика, астрономия, медицина, т.б. зайырлы пәндер оқытылған. Медреселердің жанында кітапханалар болды. Оқу мерзімі шәкірттің алғырлығына, үлгерім қабілетіне байланысты болған. Оқуды тамамдаған шәкірттерге ресми құжат табыс етілді. Киіз үйлерде оқытатын мұсылман мектептері ауылдармен бірге көшіп-қонып жүрген.

Кітаптаң алынған мәлімет.

Білімнің дамуы.

Кеңес өкіметінің алғашқы он жылында Қазақстанда жоғары оқу орындары болған жоқ. Бірақ көптеген қазақ жігіттері мен қыздары Ресей жоғары оқу орындары мен техникумдарында білім алды. 1928 жылы Алматыда алғашқы жоғары оқу орны - Абай атындағы ҚазПИ (қазіргі ҚазҰПУ) құрылды. Көп ұзамай ауылшаруашылық, малдәрігерлік және медициналық институттар, ал 1934 жылы Киров атындағы ҚазМУ (қазіргі әл-Фараби атындағы ҚазҰУ) ашылды. Техникумдар мен училищелер өнеркәсіп, көлік, құрылыс және байланыс мамандарын дайындады. 



Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет