Қазақстандағы санақ деректері бойынша этнодемографиялық өзгерістер. Тапсырма



Дата07.02.2022
өлшемі16,03 Kb.
#91623
Байланысты:
10 Боөж тарих Зайтмахан А


Қазақстандағы санақ деректері бойынша этнодемографиялық өзгерістер".
Тапсырма: контент-анализ
Қазақ халқының Ресейде бол­ғаннан бергі этнодемографиялық тарихи жолын негізінде ірі-ірі үш дәуірге бөлуге болады.
Біріншісі ХVІІІ ғасырдың 30-жылдарынан 1917 ж. дейін; бұл Қазақ­станның Ресейдің отары, қазақтардың этно­демографиялық дамуы отарлық-миграция­лық (соның ішінде қоныстандыру) саяса­тының ықпалында болған дәуір. Сырттан келген көші-қонның, әсіресе Столыпиннің аграрлық саясаты өрістеген, сонымен бірге қазақтардың арасында табиғи өсім төмен, әртүрлі эпидемиялар, жұқпалы аурулар, жұттар көп болған кезең. Осының бәрінің нәтижесінде қазақтардың саны түрлі өзге­рістерге ұшырап, Қазан революциясына дейін өз елінде үлесі едәуір (90%) болға­ны­мен, ХХ ғасырдың екінші онжылдығы соңын­да, аймақтардың тұрғындарының әлі де жартысынан көбі (58,7%) болған, яғни Оңтүстік, Батыс және Орталық аймақтарда қазақтардың басымдығы сақталған, Сол­түстік және Шығыс аймақтарда славян, басқа этнос өкілдері көпшілікке айнала бастаған кезең.
Екіншісі, 1917-1991 жылдар, яғни Кеңес заманы. Бұл қазақтардың талай ашаршы­лық­ты (1918, 1921 және 1931-1933 жылда­ры), қуғын-сүргінді, зорлық-зомбылықты көрген, ұлттық дәстүрлер мен тілге нұқсан келген, әліппенің үш рет өзгерген, сырттан көші-қонның ірі-ірі толқындары елдегі демографиялық ахуалды күрт өзгерткен және тағы басқа да келеңсіз жағдайлардың салдарынан қазақ ұлтының өзі ата қоны­сында азшылыққа айналған тұс. Бұл дәуірді екі үлкен кезеңге бөлуге болады: 1-кезең 1917-1959 жылдар - қазақтардың өз елінде 58,7%-дан,28,9%- ға түскен кезеңі; 2-кезең - 1959-1991 жылдар, қазақтардың біртіндеп үлесі өскенімен (40%), әлі де келімсектерден гөрі аз болған кезең.
Үшінші дәуір - 1991-2009 жылдар, қазақ­тардың өз елінде біртіндеп, көпші­лікке айналуы. Бұл дәуірді де екі кезеңге бөлуге болады: 1-кезең - 1991-1999 жылдар - қазақтардың үлесі республика халқының жартысынан асқан кезең (40%-дан 53,4%-ға жеткен кезең); 2-кезең - 1999-2009 жылдар - қазақтардың өз елінде басым көпшілікке айнала бастаған (53,4%-дан 63,7%-ға дейін өскен) кезеңі. Бұл кезең енді ғана басталды, әрі қарай жалғаса береді.
Енді қазақ халқының этнодемогра­фия­лық даму белестеріне сай, еліміздегі болған көші-қон кезеңдерін байланыстыра оты­рып, ұлтымыздың саны мен құрамын, қыс­қаша болса да, қарастырсак…


Егемен ел болғанымыздан кейін, мың өліп, мың тірілген қазақ халқы дербес дамуға мүмкіндік алып, алыс-жақынын тү­гендеп, Отан туы астына жинала бастады. 2009 жылғы Қазақстандағы халық санағы бойынша, сол жылдың басында өз еліміздегі қазақтардың саны 10 млн.-нан асып түсті. Ал осыдан бірер жыл бұрын шетелдердегі отандастарымыздың саны 5,5 млн.-дай деген дерек болған-ды. Осыған байланысты қа­зіргі таңда қазақтардың жалпы саны (өз еліміздегілер мен шетелдегілерді қоса есептегенде) 15,5-16 млн. деп айтуға толық мүм­кіндік бар. Бұл қазақ ұлтының көп ғасырлар бойы, талай демографиялық апат­тарды бастан кеше отырып, егемендік жағ­дайында өз еліндегі халықтың көпшілігіне айналуы еді.


Е.Бекмаханов 1947 жылы шыққан «ХІХ ғасырдың 20-40 жылдарындағы Қазақстан» деген монографиясында ХІХ ғасырдың 30-40 жылдарында Кіші жүзде 100 мың үй (бес адамнан) - 500 мың адам, Орта жүзде 116,5 мың үй - төрт адамнан - 468 мың адам, Ұлы жүзде 95 мың үй - 550 мың адам бол­ған деп көрсеткен-ді. Яғни, барлық қазақ­тардың саны 1млн. 518 мың болып шығады. Өкі­нішке орай, Е.Бекмаханов үш жүздің қазақ­тарының санын анықтағанымен, олар­дың жалпы санын қорытындыламаған, бұған біздің ойымызша, статистикалық мәлімет­тердің шынайы, нақты болмауына қоса, әр үйде кейде 4, кейде 5, немесе 6 адам деп санағанның өзі де әсер еткен болуы керек деп ойлаймыз. Н.Бекмаханова ХІХ ғасыр­дың 60-жылдарында Қазақстан мен Қыр­ғыз­стан және шекаралас аумақ­тарда 1млн. 643,4 мың қазақ және 353,1 мың қырғыздар мекен етсе, ХІХ ғасырдың 70-жылдарында 2.416,5 мың қазақ және 542,5 мың қырғыз болды.
1959 жылғы санақ қазақтардың үлесінің ең төменгі құлдырау шегі болып саналады. Бұдан кейін қазақтардың табиғи өсімі күрт көтерілді («демографиялық дүмпу» деп те аталады), ал ол халықтың жалпы санының көбеюіне әкелді. Табиғи өсімнің күшеюіне екінші дүниежүзілік соғыстан кейін, әсіресе халық шаруашылығын қалпына келтіріп, да­мыта түскен кезде, тұрғындардың әл-ауқаты жақсарып, денсаулық сақтау, әсіресе аналар мен балаларға, көп балалы отбасыларға деген қамқорлық әсер етті. Сондай-ақ тұрғын үй құрылысының өркендеуі, оқу-білім саласының кеңеюі және т.б. әлеуметтік жағдайлардың жақсаруы да табиғи өсімге күшті әсер етті.

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет