Қазақстандағы туризм Медеу мұз айдыны



бет2/4
Дата18.02.2020
өлшемі353,45 Kb.
#58306
1   2   3   4
Байланысты:
Туризм
Baymuratova-2

Алтынемел тау жоталары

Табиғи-рекреациялық нысандарға Солтүстік Қазақстан аймағындағы КөкшетауБурабайБаянауылЕрейментауШығыс Қазақстан аумағындағы ЗайсанМарқакөл, қазақстандық АлтайОңтүстік Қазақстан жеріндегі Батыс, Солтүстік Тянь-ШаньАлтынемел таулары, Жетісу алабы, Батыс Қазақстандағы ҮстіртМұғалжарКаспий ойысы, Жайық өңірі, Орталық Қазақстандағы ҚарқаралыҚызыларайБектауатаҰлытау, т.б. табиғи нысандар жатады. Сонымен бірге Алматы облысындағы ұлттық саябақтар мен қорықтардың туризмді дамытуда маңызы зор. Оларға Іле-Алатауы ұлттық саябағы, Түрген-Шамалған өзендері аралығындағы шатқалдарТүргенЕсікТалғар, Алматы, ҚаскелеңШамалған елді мекендері жатады. Алтынемел, Көкшетау, Бурабай ұлттық саябақтарында туризмді дамыту мемлекет тарапынан қолдау тауып, дамып келеді. Қазақстан аумағындағы 9 мемлекеттік қорықта да ғылыми-экологиялық туризмді дамытудың алғы шарттары қалыптасқан.





Қарқаралы ұлттық паркі

Тарихи-археологиялық ескерткіштердің туристік-экскурсиялық сапарлардағы орны ерекше. Археологиялық ескерткіштердің кез-келген нысандары туристік-экскурсия жұмыстарында маңызды орын алады. Соның ішінде Жетісудағы Сақ қорғандары, Талхиз қалашығы, Оңтүстік Қазақстандағы Отырар, Сайрам, Батыс Қазақстандағы Сарайшық, т.б. көне қалалардың орнына туристердің қызығушылығы мол. Археологиялық-тарихи ескерткіштердің қазірге дейін жеткен нысандарының ішінде қорғандар мен мазарлардың маңызы зор. Қола дәуір ескерткіштеріне жартастағы петроглифтерді атауға болады. Оларға әйгілі бірегей ғибадатханалар: Аңырақай тауының Таңбалы сайындағы, Көксу өзеніндегі Ешкіөлмес ғибадатханасы, сондай-ақ Шолақ, Кіндіктас, Баянжүрек тауларындағы тастағы суреттер жатады. Біздің дәуірімізге дейінгі 6 – 3 ғасырлардан қалған сақ қорғандары, Бесшатыр қорымындағы жерлеу камерасы және сақ әскері киімін киген “Алтын адам”, 2001 – 2002 жылдары Шығыс Қазақстан облысы Қатонқарағай ауданының Бергіел (Берел) қорғанында табылған “Сақ патшайымы” археол туристік нысандарға жатады. Ортағасырлық Түркістан, Отырар, Тұрбай, Құлан, Мерке, Талхиз, Жаркент қалалары, т.б. елді мекендер қазіргі туристік нысандар болып табылады.



Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесі

Түркістан – қазақ хандығының алғашқы астанасы. Онда Қожа Ахмет Иасауи кесенесі салынған, кесене іші мен айналасына қазақ мемлекетінің негізін қалаған ТәукеТәуекелЖәңгір, Есім, АбылайҚазыбек би жерленген.

Қазақстанда ОтырарСарайшықСайрам, т.б. ортағасырлық көне қалалар туристер үшін тартымды нысандар.





Арыстан баб кесенесі




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет