«Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ Басқармасының



бет4/14
Дата08.02.2022
өлшемі96,03 Kb.
#122016
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Байланысты:
Шар
Махбал (1), Методика 30 сұрақ-жауабымен, Методика 30 сұрақ-жауабымен, Методика 8 30сұрақ-жауап, Методика 30 сұрақ-жауабымен, 1 k shablon 9, Азиза 10 апта бож.docx.pptx, molchanov, Вопрос 1, Antaev-Zh-T-Menedzhment-v-sisteme-obrazovaniya, слайд Абдумавленова Т 2 db9c01bf439d8958587b3cecd08322dc, Способы связи, пСИХ ТЕСТ, 4 лекция ККЗТ, 4 лекция ККЗТ
3. ТӨЛЕМ ТӘРТІБІ
3.1. Осы Шарттың жалға алудың бүкіл мерзіміндегі жалпы сомасы Шарт бойынша бір айға ҚҚС-ті есептегенде/есептемегенде ________________ (_____________) теңге есебінен ҚҚС-ті есептегенде/есептемегенде _______________ (_____________) теңгені құрайды.
3.2. Мүлікті жалдау төлемінің ай сайынғы/тоқсандық сомасы ҚҚС-ті есептегенде/есептемегенде _______________ (_____________) теңгені құрайды.
3.3. Жалға алушы ай сайынғы жалдау төлемін Жалға беруші төлемге қойған шот негізінде Жалға берушінің Шартта көзделген шотына ақша қаражатын аудару жолымен алдағы айдағы Қызметтер (Мүлікті жалға алу) үшін есептік айдың 10-ы (оны) күнінен кешіктірмей/тоқсандық жалға алу төлемін келесі тоқсандағы Қызметтер (Мүлікті жалға алу) үшін әрбір есептік тоқсанның бірінші айының 10-ы (оны) күнінен кешіктірмейтін мерзімде төлейді.
3.4. Электр энергиясы, жылыту бойынша шығындар, өзге коммуналдық, қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемдер, сондай-ақ Мүліктің жұмыс қабілетін қамтамасыз ету үшін қажетті басқа шығындарды Жалға алушы жүргізеді. Бұл жағдайда Жалға алушы Мүлікті жұмыс жағдайында ұстау мақсатында қызметтерді жеткізушімен дербес тиісті шарттар жасауға құқылы. Жалға алушы коммуналдық қызметтемен қызметтер көрсетуге шарттар жасау мүмкін болмаған жағдайда, аталған шығындар осы Шартқа тиісті қосымша келісімдерге қол қою жолымен жалға алу құнына енгізілуі тиіс.
3.5. Қажет жағдайда Тараптар оған Тараптардың уәкілетті өкілдері қол қоятын тексеру актілерін жасайды.
3.6. Жалға берушінің бастамасы бойынша жалға алу төлемінің көлемі бұл туралы Жалға алушыға оны өзгерткенге дейін 10 (он) күнтізбелік күн бұрын хабарлау арқылы тоқсанына бір реттен көп емес өзгертілуі мүмкін.
3.7. Жалға алушы осы Шартқа қол қойған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні бойында Жалға берушінің есептік шотына шартты орындауды қамтамасыз ету ретінде Шарт бойынша Мүлікті орташа айлық жалдау төлемінен есептелетін үш еселік сома көлемінде ақша қаражатын енгізеді.
3.8. Шартты орындауды қамтамасыз ету ретінде енгізілген сома бұл туралы Жалға алушыға хабарлау арқылы мына жағдайларда Жалға берушінің акцептсіз есептен шығаруына (ұстауға) жатады:
- Жалға алушы Шарт бойынша төлеу мерзімін 30 (отыз) күнтізбелік күннен артық бұзса;
- Жалға алушының есептелген тұрақсыздық айыбын, сондай-ақ осы Шарт шегінже Жалға берушіге келтірген шығындар мен залалдарды өтеу қажеттігінде.
3.9. Жалға беруші Жалға алушы шартты орындауды қамтамасыз ету ретінде енгізген соманы Шарттың қолданылу мерзімі аяқталғанда немесе оны мерзімінен бұрын бұзғанда, Тараптар Мүлікті қабылдау-беру актісіне қол қойғаннан кейін берешек, есептелген тұрақсыздық айыбы, сондай-ақ осы Шарт шегінде Жалға беруші көтерген шығындар мен шығыстар, сондай-ақ Жалға берушіге келтірілген залалдар сомасын шегере отырып, 10 (он) жұмыс күнінің бойында қайтарады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет