ҚазақстанРеспубликасыныңБілімжәнеғылымминистрлігі


-лекция: Қазақтың ұлттық ойындары мен мерекелері



бет6/7
Дата20.03.2020
өлшемі475 Kb.
#60400
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
УМК этнология 2 курс 050114 казах.отде
УМК этнология 2 курс 050114 казах.отде

29-лекция: Қазақтың ұлттық ойындары мен мерекелері

Қазақтардың көшпелі тұрмысына байланысты ат ойындарының түрлері көп болған.

Аламан бәйге – ұзын қашықтықтарға ат жарыс (25, 50, 100км) өте ежелгі және кең тараған жарыстардың бірі болған. Алдаман бәйге аса қадірлі, танымал адамдардың астары кезінде ұйымдастырылған. Аламан бәйгеге қатысу үшін бүкіл қазақ елінен, көршілес қырғыз, өзбек, башқұрт елдерінен атбегілер келіп, өздерінің бақтарын сынаған. Аттарға 8-14 жастардағы балаларды отырғызатын болған. Аламан бәйгеде озып келу – үлкен мәртебе саналған, озып келгендерді аса бағалы сыйлықтармен қатар, даңқ пен құрмет күтіп тұрған. Қазақ тарихында аламан бйгеде бірінші келген тұлпар иесіне 100 жылқы, 30 түйе, 500 қой және 100 теңгенің қызыл матасы берілгендігі жөнінде дерек бар. Бәйге барлық тойларда, мейрамдарда, мерекелерде өткізіліп тұрған. Қазақ бәйгесі тегіс жерде, тіке қашықтыққа, айналысқа немесе тұйық шеңберде ұйымдастырылған. 1,2 км-ден 2-кмге дейін үш жастағы жылқылар үшін құнан бәйге, 2,4-4,8 км – дөнен бәйге, 5 км-ден 8 км-ге дейін 5 жастағы немесе одан үлкен жылқылар үшін бәйге ұйымдастырылған. Бұл кезеңдерден өткен бәйге аттарын бірте-бірте аламан бәйгеге дайындаған.

Жорға аттардың жарысы – жорға жарыс тіке 2 км-ден 10 кмге дейін қашықтықта өткізілген. Арнаулы шебер жорғашылар жорғаларды құнан, тай, дөнен кезеңдерінен бастап үйретіп дайындаған. Жорғаларды қазақтар алты түрге дейін бөлген: аяқ жорға, үш аяқ жорға, тайпалған жорға, байпан жорға, су шайқамас жорға, төкпе жорға.

Ірі мерекелерде халық сүйіп тамашалайтын ат ойындарының бірі – сайыс болды. Сайысқа екі сайысшы атқа мініп шығып, тоқал найзамен бірін-бірі аттан құлатқанша сайысқан. Сайыс барысында адамдар ауыр жарақаттар алатын болған, кейде оның соңы кісі өліміне әкеліп, рулар арасындағы бітіспес өшпенділікке соқтырған. Сондықтан да бұл ойын түрлеріне кейін тыйым салынды. Жігіттердің бірін-бірі ат үстінен аударып тастауға тырысуын аударыспақ деп атады.

Көкпар тарту – оңтүстік қазақтарының арасына кең тараған командалық ат ойыны. Екі жақ он-оннан топқа бөлініп, ортада жатқан серке денесін белгілі бір межеге бұрын жеткізу үшін сайысқа түседі. Сайыс кезінде серкені атқа өңгеріп алған қарсыласынан оның екінші қарсыласы жұлып алуға, сосын өзі мәртебеге бірінші болып жетуге тырысады. Мәреге жеткенше бар пәрменімен шапқылаған көкпаршылар бір-біріне көкпарды жалғастырып, неше түрлі айла-шарғыларды қолданатын болған. Аттың құлағында ойнайтын көкпаршылар серкені қарсыласынан денесімен көлегейлеп, жасырып немесе тарамыстай қолдарымен айырылмай екінші сыбайласына беріп үлгерген. Ғасырлар қойнауынан біздің заманымызға дейін келіп жеткен бұл халық ойынымен қазіргі жастардың да сүйіп айналысатыны қуанышты жайт. Мысалы, Сидней Олимпиадасының ауыр салмақтылар арасында күміс жүлдегері, әйгілі боксшы Мұқтархан Ділдәбеков бокске көкпар спортынан ауысып келгені белгілі. Бас аяғы үш-төрт жылдың ішінде Мұқтархан бокс спортының әлемдік жұлдызына айналды. Оған көкпаршы болғаны көмектескен деуге негіз бар.

Жамбы ату – садақтан немесе мылтықтан атпен бар пәрменімен шауып келе жатқан күйде тігілген тиынды атып түсіру. Мұны алтын қабақ деп те атайды. Жарыс өткізу үшін биік бағанаға немесесырыққа күмістен құйылған жамбыны іліп қоятын болған. Кейде жерде тұрып та атуға рұқсат етілген.

Күміс алу. Орта Азия, қазақстан және каваз халықтары арасында кездесетін бұл ойын қатысушыдан ерекше ептілікті, шапшаңдықты, ат үстінде өз денесін және атты айырықша меңгеруді талап еткен. Бұл ойынның мәнісі атпен шауып келе жатқан жігіт жерде телпек ішіне қойылған тиынды іліп алып кетуге тиісті болған.


30-лекция: Қазақтың ұлттық тағамдары

Қазақша ет асқанда ең алдымен жіліктеп бұзылған етті адам санасына қарай мөлшерлейді. Тойға немес қонақ асыға көбінесе қой сойылады. Қой еті жіліктегенде 13 мүшеге бөлінеді. Олар жамбас – 2, ортан жілік – 2, асықты жілік – 2, бел омыртқа – 1, сүбе – 2 (сүбемен бірге құйрықтан жоғарғы 5 қабырға кетеді), қабырға – 2, төс – 1, омыртқа – 1, жауырын – 2, тоқпан жілік – 2, кәрі жілік – 2, бұғана – 1, мойын – 1.



Жал – жылқы етінің ең кәделі мүшелерінің бірі. Ол жылқының шоқтығы мен ауыз омыртқасының арасында, мойын омыртқаны ұстап тұратын желкемен жымдаса бітеді. Жылқы сойғанда терісі сыпырылғаннан кейін жалдың өзін мойын омыртқадан сылып (желкені қоспай) алады. Семіз жылқының жалы үлкен кісінің шеңгеліне әрең сыярлықтай жуан болады. Жалдың шоқтыққа тақау ұшы жуан болып, екінші ұшына қарай біртіндеп жіңішкере береді. Семіз жылқыны халық «Жалы құлағынан асады» деп дәріатейді.

Жая – жылқы етінің аса дәмді мүшелерінің бірі. Жаяны сыйлы қонақтарға асылған етке қосып береді, яғни оны бас табаққа салады. Әдетте жаяны тоңазытып жейді. Сол сияқты оны майын қара – кесек етімен бірге турап, көкөніс қосып жеуге болады. Жая татымына қарай тұз, бұрыш, дөңгелектеп туралған пияз қосылады.

Қазы – жылқының қабырғалары мен белдемелерінің етегіне жиналатын аса шырайлы, майлы еті. Қазы жасау үшін екі бұғана қабырға, екі тілше қабырғажан басқа қабырғалар алынады. Қазыны ішекке тығады. әр қос қабырғаның ішкі жағындағы шеміршегін кесіп тастайды. Ішекке тығу үшін қабырғалардың арасын ажыратып тіліп, әр қабырғаға май мен етін тең етіп бөледі, бірақ ет пен май қабырғадан салынып қалмауы керек. Қазыны ішекке тығар алдында тұздап, 2-3 тәулік тұзын бойына сіңіріп қояды. Содан кейін ішекке тығып, екі басын біріктіріп байлайды. Содан соң сырыққа немесе жіпке 8-10 сағат іліп, жел қақтырады.

Қарта – жылқы етінің ең кәделі мүшелерінің бірі. Жылқы сойғанда ең алдымен қартаны ішіндегісінен босатып, айналдырады да, салқын суға жуып тазалайды. Содан кейін оның ішіне майлы еттерді тығады. Етті дәміне келтіру үшін тұздайды, бұрыш сеуіп, пияз турап қосады.

Қуырдақ – жаңа сойылған малдың өкпе-бауырынан, мойын, төстік етінен, жүрек бүйрегінен, сондай-ақ ішекқарыннан ұсақтап турап әзірленетін тағам. Ол үшін қазанға іш майды немесе құйрық майды турап салып шыжғырып алады да, алдымен үстіне туралған өкпе, жүректі, ішек-қарынды, мойын, төстік, еттерін салып, қазанның отын қатты жағып 15-20 минут қуырады. Содан кейін бауырды салып, үстіне пияз, бұрыш қосып, әбден піскенше қуырады. Тұзды татымына қарай салады.

Сүт тағамдары. Айран – сиырдың, қойдың, ешкінің пісірілген сүтінің бетіне жиналатын маңызы (майлы құрамы).

Қойыртпақ – қатық, айран, т.б. сусындарға сүт қосып ішетін тоқ сусын. Оны жолаушылар торсыққа құйып, қанжығаларына байлап жүрген. Қанжығадағы қойыртпақ көп шайқалады. Соған орай қанша ашыса да, ашуы білінбейді.

Құрт – малдың сүттен дайындалатын ұзақ уақыт сақтауға арналған тағам.

Қымыз – биенің сүтінен дайындалатын денсаулыққа шипалы әрі жұғымды сусын. Қымыз – қазақ халқының ұлттық тағамдарының ішіндегі ең құрметті дастарқан дәмінің бірі. Сары қымыз дертке шипа, денеге күш. Қымыз негізінен жылқы терісінен тігіліп, әбден тобылғы түтінінің ысы сіңген сабада не болмаса ағаш күбіде ашытылады. Қымыз дайындау шеберлігіне, сүттің тегіне, уақыт мезгіліне қарай бірнеше түрге бөлінеді. Осыған орай оның атаулы да алуан түрлі. Оның ең бастылары төмендегілер:

Уыз қымыз – биені алғаш байлығында ашытылатын қымыз. Мұны бие бау деп те атайды.

Бал қымыз - әбден пісірілген және бойына жылқының не қойдың майы сіңген бапты жұмсақ қымыз. Мұндай қымыздың дәмі әдеттегі қымыздан гөрі сары әрі қою болады.

Тест сұрақтары

$$$0001


Қоныстануының саны бойынша Ішкі Орда қазақтарының ең ірі 16 этникалық тобының бірі?

A) Адай


B) Байбақты

C) Кете


D) Беріш

E) Жетіру

{Правильный ответ} =D

{Сложность} = 1

{Тема} = 01

{Семестр} = 2

$$$0002

Мына рулардың қайсысы Кіші Жүздің Әлімұлы туыстас итайпалар тобына жатады?



A) Мекті

B) Төртқара

C) Қаракесек

D) Байұлы

E) Қарасақал

{Правильный ответ} = С

{Сложность} = 1

{Тема} = 01

{Семестр} = 2

$$$0003


Төмендегі этникалық топтардың қайсысы Орта жүз ру бірлестігіне кірмейді?

A) Арғын

B) Уақ

C) Ошақты



D) Қоңырат

E) Керей


{Правильный ответ} = С

{Сложность} = 2

{Тема} = 06

{Семестр} = 2

$$$0004

Ислам дінінің сенімдері бойынша әулиелердің қайсысы қой мен ешкі шаруашылығының пірі болып саналады?



A) Ибрагим ата

B) Сұзұқ ата

C) Шопан ата

D) Қорқыт ата

E) Байдыбек ата

{Правильный ответ} = С

{Сложность} = 1

{Тема} = 07

{Семестр} = 2

$$$0005


Қазақтардың ұлттық ойыны ат шабыстың 50-100 метрге жарысы қалай аталады?

A) Аламан бәйге

B) Жоламан бәйге

C) Керет бәйге

D) Жолыш бәйге

E) Сайрам бәйге

{Правильный ответ} = А

{Сложность} = 2

{Тема} = 07

{Семестр} = 2

$$$0006

Қазақтардағы садақаның соңындағы жылқы сою рәсімі қалай аталады?



A) Тең ат

B) Тұл ат

C) Тес ат

D) Күл ат

E) Кес ат

{Правильный ответ} = Е

{Сложность} = 3

{Тема} = 06

{Семестр} = 2

$$$0007


Қазақтардың салт-дәстүріндегі бел құдалықтың (келінді қалың малсыз беру) басты шарты қалай аталады?

A) Санытай

B) Қалыңсыз

C) Бірекет

D) Қалыңмалсыз

E) Ұрыкес

{Правильный ответ} = С

{Сложность} = 3

{Тема} = 08

{Семестр} = 2

$$$0008

Ата-аналардың екі жақты келісімі бойынша атастыру кезіндегі оқылатын бата қалай аталады?



A) Бата

B) Сура


C) Аят

D) Мерей


E) Құрлындыс

{Правильный ответ} = A

{Сложность} = 1

{Тема} = 02

{Семестр} = 2

$$$0009


Халықтың салт-дәстүрі бойынша жұмысшы күйеуді қалай атайды?

A) Күш күйеу

B) Күшік күйеу

C) Кірме күйеу

D) Күшіп күйеу

E) Кіртем күйеу

{Правильный ответ} = А

{Сложность} = 2

{Тема} = 06

{Семестр} = 2

$$$0010

Қыздың үйінде болатын той қалай аталады?



A) Той малы

B) Ұзату тойы

C) Құрам той

D) Сазық той

E) Қойдық той

{Правильный ответ} = В

{Сложность} = 2

{Тема} = 02

{Семестр} = 2

$$$0011


Киіз үйдің ортасындағы (от жағатын) киелі жердің атауы

A) Ұрпақ


B) Сығанақ

C) Төр


D) Босаға

E) Ошақ


{Правильный ответ} = E

{Сложность} = 2

{Тема} = 02

{Семестр} = 2

$$$0012

Қазақтарда киіз үйдегі қонақтарға арналған қадірлі орын қалай аталады?



A) Шымылдық

B) Сырмақ

C) Төсағаш

D) Тұстіз

E) Төр

{Правильный ответ} = Е



{Сложность} = 3

{Тема} = 05

{Семестр} = 2

$$$0013


Қазақтардың мейрамдарға киетін қолдан тігілген көйлегі қалай аталады?

A) Бау


B) Көйлек

C) Шолақ


D) Жең

E) Шапан


{Правильный ответ} = E

{Сложность} = 2

{Тема} = 01

{Семестр} = 2

$$$0014

ХІІІ ғ. қазақтарlың киімінің қатарына енген бас киім қалай аталады?



A) Тақия

B) Қалпақ

C) Бөрік

D) Тымақ


E) Ішік

{Правильный ответ} = D

{Сложность} = 2

{Тема} = 01

{Семестр} = 2

$$$0015


Келіннің бас киімінің атауы?

A) Желек


B) Замақ

C) Белдік

D) Санақ

E) Сәукеле

{Правильный ответ} = Е

{Сложность} = 2

{Тема} = 13

{Семестр} = 2

$$$0016

Ш.Уәлихановтың айтуы бойынша қазақ әйелдерінің ең сүйікті зергерлік бұйымы?



A) Сырға

B) Шығышршық

C) Тұмарша

D) Тік жаға

E) Алқа

{Правильный ответ} = A



{Сложность} = 1

{Тема} = 10

{Семестр} = 2

$$$0017


Алғашында қазақтар шығарған, артынан көршілес түркімендермен, өзбектермен, ирандықтармен көшіріліп алынған білезік қалай аталады?

A) Жұмыр білезік

B) Жалпақ білезік

C) Жүзік сақина

D) Үзік сақина

E) Самақ білезік

{Правильный ответ} = А

{Сложность} = 2

{Тема} = 02

{Семестр} = 2

$$$0018

Шектен жасалған қазақтардың шұжық тағамы қалай аталады?



A) Қазы

B) Сүр


C) Жамбас

D) Қарта


E) Жілік

{Правильный ответ} = D

{Сложность} = 1

{Тема} = 02

{Семестр} = 2

$$$0019


Қазақтардың мал ішкі құрылыстарынан жасалған сүйікті тағамының атауы?

A) Бешбармақ

B) Сорпа

C) Қуырдақ

D) Тұздық

E) Іркіт


{Правильный ответ} = С

{Сложность} = 2

{Тема} = 09

{Семестр} = 2

$$$0020

Қазақтардың қымызға қой сүтін араластыру арқылы жасаған сусын қалай аталады?



A) Қою сүт

B) Ірімшік

C) Маяқ

D) Қойыртпақ



E) Сүзбе

{Правильный ответ} = D

{Сложность} = 1

{Тема} = 02

{Семестр} = 2

$$$0021


Қазақ халқының жыл басы қай кезден басталады?

A) Ақпан


B) Наурыз

C) Қаңтар

D) Маусым

E) Шілде


{Правильный ответ} = B

{Сложность} = 1

{Тема} = 13

{Семестр} = 2

$$$0022

Қазақтардағы келіннің бетін ашу рәсімі қалай аталады?



A) Шашу

B) Төркіндеу

C) Күндік

D) Жайулық

E) Беташар

{Правильный ответ} = Е

{Сложность} = 2

{Тема} = 09

{Семестр} = 2

$$$0023


Ұлы Жүздің туыстас тайпалар бірлестігінің ең ірісін ата?

A) Дулат


B) Албан

C) Суан


D) Шапырашты

E) Жалайыр

{Правильный ответ} = Е

{Сложность} = 1

{Тема} = 10

{Семестр} = 2

$$$0024

Қазақ халқының қайтыс болған адамның туыстарына көңіл айту рәсімі қалай аталады?



A) Көңіл айту

B) Жоқтау

C) Бет жырту

D) Естірту

E) Ас

{Правильный ответ} =А



{Сложность} = 2

{Тема} = 08

{Семестр} = 2

$$$0025


Келіннің алдын-ала еншісі қалай аталады?

A) Аяқу


B) Киіт

C) Құда


D) Ілу

E) Жасау


{Правильный ответ} = Е

{Сложность} = 1

{Тема} = 10

{Семестр} = 2

$$$0026

Төмендегі инструменттердің қайсысы соғу арқылы дыбыс шығарады?



A) Домбыра

B) Қобыз


C) Дауылпаз

D) Асатаяқ

E) Қоңырау

{Правильный ответ} = С

{Сложность} = 3

{Тема} = 10

{Семестр} = 2

$$$0027


Мына күйлердің қайсысы Қорқыттың күйі емес?

A) Торғыл танда

B) Керналғау

C) Қамтыс

D) Сапдын

E) Қоңыр


{Правильный ответ} = Е

{Сложность} = 1

{Тема} = 12

{Семестр} = 2

$$$0028

Қазақтың тойды ашарда айтатын әні?



A) Той бастар

B) Жар-жар

C) Танысу

D) Көрісу

E) Қоштасу

{Правильный ответ} = A

{Сложность} = 2

{Тема} = 10

{Семестр} = 2

$$$0029


Ішкі Орданың Жетіруға кіретін ең кіші этникалық туыстас тайпалар тобы?

A) Керейіт

B) Табын

C) Тама


D) Рамадан

E) Жағалбайлы

{Правильный ответ} = Е

{Сложность} = 1

{Тема} = 06

{Семестр} = 2

$$$0030

Ұлы Жүздегі Бақтияр руының ең үлкен тайпасы?



A) Шымыр

B) Сыйқым

C) Жаныс

D) Ботпай

E) Байсун

{Правильный ответ} = С

{Сложность} = 1

{Тема} = 08

{Семестр} = 2

$$$0031


Ежелгі тайпалардың қайсысы ежелгі түріктер болып табылады?

A) Сарматтар

B) Ғұндар

C) Үйсіндер

D) Қаңлылар

E) Аландар

{Правильный ответ} =

{Сложность} = 3

{Тема} = 02

{Семестр} = 2

$$$0032

«Түрік» сөзінің бастапқы мағынасы қалай аталады?



A) Тап

B) Этнос (халық)

C) Руханият

D) Жауынгерлік

E) Тайпа

{Правильный ответ} = A

{Сложность} = 2

{Тема} = 02

{Семестр} = 2

$$$0033


Конфуцийдің сөздері бойынша бәрінің де бастауы болып табылатын не?

A) Жер


B) Су

C) Аспан


D) Күн

E) От


{Правильный ответ} = С

{Сложность} = 3

{Тема} = 04

{Семестр} = 2

$$$0034

Біз Андронов мәдениетінің адамдарын қай нәсілге жатқызамыз?



A) Монғолдық

B) Үнді-ирандық

C) Үнді-европалық

D) Африкалық

E) Европалық

{Правильный ответ} = В

{Сложность} = 2

{Тема} = 07

{Семестр} = 2

$$$0035


Қазақтардың арғы ата-бабалары болып қай тайпа табылады?

A) Скифтер

B) Майялар

C) Ямдар


D) Печенигтер

E) Қыпшақтар

{Правильный ответ} = Е

{Сложность} = 2

{Тема} = 08

{Семестр} = 2

$$$0036

Төмендегі ұлттардың қайсысы монғолдық нәсілге жатпайды?



A) Қазақтар

B) Ирандықтар

C) Қырғыздар

D) Ұйғырлар

E) Қытайлықтар

{Правильный ответ}=В

{Сложность}=2

{Тема} = 06

{Семестр} = 2

$$$0037


Қай ел цыгандардың отаны болып есептеледі?

A) Индия


B) Қытай

C) Иран


D) Аравия

E) Африка

{Правильный ответ} = А

{Сложность} = 2

{Тема} = 07

{Семестр} = 2

$$$0038

ІХ ғасырда Америкаға европалық ұлттардың қайсысы қоныс аударуға бастама болып, қоныс аударушылардың ең үлкен тобы болды?



A) Ирландықтар

B) Ағылшындар

C) Еврейлер

D) Шотландықтар

E) Немістер

{Правильный ответ} = A

{Сложность} = 3

{Тема} = 02

{Семестр} = 2

$$$0039


Славян халықтарының қайсысы орыс ұлтының арғы тегі болып табылады?

A) Древляндар

B) Тиверлер

C) Аниттер

D) Улиитер

E) Склавиндер

{Правильный ответ} = В

{Сложность} = 3

{Тема} = 05

{Семестр} = 2

$$$0040

Галль тайпалары қай ұлт тобына жатады?



A) Германдықтар

B) Кельттер

C) Скандинавтар

D) Норманндар

E) Угорлар

{Правильный ответ} = В

{Сложность} = 1

{Тема} = 02

{Семестр} = 2

$$$0041


Европалық ұлттардың қайсысы Оңтүстік Американың жергілікті емес қоныстанушылары болып табылады?

A) Немістер

B) Ағылшындар

C) Орыстар

D) Испандықтар

E) Итальяндықтар

{Правильный ответ} = D

{Сложность} = 2

{Тема} = 02

{Семестр} = 2

$$$0042

Ежелгі Римдіктер қай тілде сөйледі?



A) Латын

B) Семгиттік

C) Германдық

D) Грек


E) Кельт

{Правильный ответ} = А

{Сложность} = 1

{Тема} = 01

{Семестр} = 2

$$$0043


Кімдерді тарихи әдебиеттерде үнділіктердің ата-бабалары деп атайды?

A) Шумерлерді

B) Семгиттерді

C) Арийлерді

D) Вавилондықтарды

E) Парфяндықтарды

{Правильный ответ} = C

{Сложность} = 1

{Тема} = 09

{Семестр} = 2

$$$0044

Төмендегі ұлттарды финн-горлық топқа жатқызады?



A) Карелдер

B) Орыстар

C) Қалмақтар

D) Татарлар

E) Шведтер

{Правильный ответ} = A

{Сложность} = 2

{Тема} = 03

{Семестр} = 2

$$$0045


Ежелгі үнділердің тілі?

A) Дравидтік

B) Семгиттік

C) Арамейлік

D) Изумерлік

E) Хеттік

{Правильный ответ} = A

{Сложность} = 2

{Тема} = 09

{Семестр} = 2

$$$0046

Өмір ағымы бойынша скифтер кімдер болды?



A) Жерөңдеушілер

B) Малшылар

C) Аңшылар

D) Терімшілер

E) Саудагерлер

{Правильный ответ} = В

{Сложность} = 1

{Тема} = 08

{Семестр} = 2

$$$0047


Қазақстан аумағындағы ең ірі ежелгі тайпа?

A) Исседондар

B) Аримасттар

C) Аргиппейлер

D) Сақтар

E) Сарматтар

{Правильный ответ} = D

{Сложность} = 2

{Тема} = 09

{Семестр} = 2

$$$0048

Европа ұлттарының қайсысы африканерлердің негізін қалады?



A) Немістер

B) Ағылшындар

C) Француздар

D) Голландықтар

E) Даниялықтар

{Правильный ответ} = D

{Сложность} = 2

{Тема} = 09

{Семестр} = 2

$$$0049


Солтүстік Американың қай жерлерін апач тайпасы мекендеді?

A) Ұлы жазықтарды

B) Ұлы көлдерді

C) Атлант мұхитының жағалауын

D) Тынық мұхитының жағалауын

E) Прерияларды

{Правильный ответ} = А

{Сложность} = 1

{Тема} = 12

{Семестр} = 2

$$$0050

Ежелгі қазақтардың наным-сенімі?



A) Суға табынды

B) Әруахқа табынды

C) Малға табыну

D) Жерге табыну

E) Политеизм

{Правильный ответ} = В

{Сложность} = 2

{Тема} = 08

{Семестр} = 2

$$$0051


Ежелгі викингтер кімдер еді?

A) Теңізде жүзушілер

B) Көшпенділер

C) Саудагерлер

D) Жерөңдеушілер

E) Малшылар

{Правильный ответ} = А

{Сложность} = 1

{Тема} = 09

{Семестр} = 2

$$$0052

Славян понтеонындағы басты құдай?



A) Свары

B) Велес


C) Перун

D) Род


E) Куппала

{Правильный ответ} = С

{Сложность} = 1

{Тема} = 06

{Семестр} = 2

$$$0053


Неміс халқының негізін салған қай герман тайпалары?

A) Готтар

B) Англдар

C) Франктар

D) Вандалдар

E) Юттар

{Правильный ответ} = А

{Сложность} = 2

{Тема} = 07

{Семестр} = 2

$$$0054

Төмендегі тілдердің қайсысы славяндық тіл тобына жатпайды?



A) Орыс

B) Серб


C) Болгар

D) Румын


E) Украин

{Правильный ответ} = D

{Сложность} = 2

{Тема} = 07

{Семестр} = 2

$$$0055


Солтүстік Америкадағы ірі үндіс тайпалары ирокездерде қандай дін гүлденді

A) Тотемизм

B) Анимизм

C) Фетишизм

D) Магия

E) Мантика

{Правильный ответ} = А

{Сложность} = 1

{Тема} = 08

{Семестр} = 2

$$$0056

Кімдерді гректер өздерінің ата-бабалары деп санайды?



A) Микендіктерді

B) Ахейлерді

C) Трояндықтарды

D) Криттіктерді

E) Дарийлерді

{Правильный ответ} = В

{Сложность} = 1

{Тема} = 08

{Семестр} = 2

$$$0057


Төмендегі ұлттардың қайсы түрік халықтар тобына жатады?

A) Қытайлықтар

B) Тәжіктер

C) Үнділер

D) Чуваштар

E) Осетиндар

{Правильный ответ} = D

{Сложность} = 1

{Тема} = 02

{Семестр} = 2

$$$0058

Мына елдердің қайсысы араб тілінде сөйлемейді?



A) Сирия

B) Ливан


C) Иран

D) Египет

E) Алжир

{Правильный ответ} = С

{Сложность} = 1

{Тема} = 08

{Семестр} = 2

$$$0059


Қай тайпа римдіктердің ата-бабалары болып саналады?

A) Дактар



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет