ҚазақТЫҢ этикасы мен эстетикасы астана



Pdf көрінісі
бет4/145
Дата04.11.2023
өлшемі2,51 Mb.
#189323
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   145
Байланысты:
etika-i-estetika-kazahov
20201028, Я против наркотиков, тапсырма 9 - психология
 
Ынтымақ-бірлік туралы 
Ырыс алды-ынтымақ. 
Бірлік болмай,
Тірлік болмас. 
Алтау ала болса,
Ауыздағы кетеді.
Төртеу түгел болса,
Төбедегі келеді. 
Ынтымақ түбі — игілік.
Тірлік, тірлік түбі — бірлік.
Татулық — табылмас бақыт. 
Бірлігі жоқ ел тозады,
Бірлігі күшті ел озады. 
Игілік басы – ынтымақ. 
Жақсылық, жамандық, достық, қастық туралы 
Жақсы — ай мен күндей,
Әлемге бірдей. 
Күн ортақ, ай ортақ, жақсы ортақ. 
Жақсы туса — ел ырысы,
Жаңбыр жауса — жер ырысы. 
Жақсы болсаң — жақын көп. 
Досы көпті жау алмайды,
Ақылы көпті дау алмайды. 
Досыңның көзінде болғанша,
Көңілінде бол. 
Жолдасы көптің қолдасы көп.
Жолдас қадірін жорықта білерсің. 
Батырлық, ерлік туралы 
Отан үшін отқа түс — күймейсің. 
Ел үмітін ер ақтар,
Ер атағын ел сақтар. 
Ерлік білекте емес, жүректе.
Айласыз батыр алдырар. 
Жігіт — ел үшін туады,


25 
Ел үшін өледі. 
Батыр туса — ел ырысы,
Жаңбыр жауса — жер ырысы. 
Болат қайнауда шынығады,
Батыр майданда шынығады. 
Шын ер жеңсе — тасымас,
Жеңілсе — жасымас. 
Еменнің иілгені — сынғаны, 
Ер жігіттің екі сөйлегені — өлгені. 
Жауға жаныңды берсең де,
Сырыңцы берме. 
Өжет адам өлімді жеңеді.
Елінді сүйсең, ерлік істейсің. 
Еңбек туралы 
Ер дәулеті — еңбек.
Еңбегіне қарай өнбегі. 
Еңбек ерлікке жеткізеді,
Ерлік елдікке жеткізеді. 
Ердің атын еңбек шығарады. 
Жан қиналмай, жұмыс бітпес,
Талап қылмай, мұратқа жетпес. 
Еңбек түбі — береке. 
Ер қадірін ел біледі,
Зер қадірін зергер біледі. 
Еңбек етсең, емерсің.
Еңбегі аздың өнбегі аз.
Өнер-білім туралы 
Ақыл — тозбайтын тон,
Білім — таусылмайтын кен. 
Білім — қымбат, білу — қиын.
Өнерлі өрге жүзеді. 
Өнерлінің өрісі ұзақ.
Өнер — ердің қанаты. 
Ақыл көпке жеткізеді,
Өнер көкке жеткізеді.
Өнерлінің қолы алтын,
Өлеңшінің сөзі алтын. 
Өнерлі бала сүйкімді. 
Оқусыз білім жоқ,
Білімсіз күнің жоқ. 


26 
Өнер — ағып жатқан бұлақ,
Ілім — жанып түрған шырақ. 
Өнер — таусылмас азық,
Жұтамас байлық. 
Білімдіге дүние жарық, 
Білімсіздің күні ғарып. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   145




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет