Қазақтың ұлттық ойындары



бет2/3
Дата08.06.2018
өлшемі83,53 Kb.
#41162
1   2   3

«Атқаума»

Ойынға таңдалған алаңның ортасына алты ұл бала шығады және үш-үштен екі топқа бөлінеді. Біреуі сол жақ қолмен оң жақ қолды ұстайды. Екі ұл бала қолдарымен орындық сияқты жасап айқастыра ұсталынады, қайда үшінші бала отырады. Оның көздерін орамалмен жауып байлайды және “атқаума, атқаума” атты сөздерімен белгіленген орынға дейін апарады. Сол жерде екеуінің біреуі ойын сөздерін айтады: “Ақ сандық, көк сандық!”

Көздері орамалмен байланған бала жауап береді:

 “Көк сандық, аспанда не көрдің?

Жауап: “Жұлдыз көрдім!”

Сұрақ: “Жерден не көрдің?”

Жауап: “Аң көрдім!”

Екі бала: “Мында сусыз қыр,

                  Мында адам бар,

                  Мында көл бар!” – деп, қолдарын босатады. Егер қолда отырған бала жерде құлап жатса, онда олар жеңді, ал егер аяқта тұрып қалса, ол жеңеді. Ойын шарттары бойынша, ұтылған жақ жеңгеннің барлық сұраныстарын жасайды. Ойын екінші топпен қайталанады. Ойын шаршағанша дейін жалғасады.



«Атынды ата»

Бұл ойынды жастар кештерінде жиі ойнайды. Бұл үшін көзді жауып, байлап тұратын орамал және ұзындығы 1-1,5 м таяқ керек. Қатысушылар көп болғанымен ойын қызықты болады.

Жиналғандар қолдарынан ұсталынып шеңберге тұрады. Ортаға көздерін жауып байланған ойнаушы шығады. Ол кез келгенді таяқпен көрсетіп: “атынды ата” – деп айтады. Бұл, таяқтын басқа шетінен ұстасып, танымды болмау үшін өзгерген дауысымен әркез атты айтады. Егер “көзі көрмейтін” таяқпен тигізгенді дұрыс айтса, онда ол сонымен бірге орынымен ауысады, ал егер қателессе, онда қала береді.

«Қара сиыр»

Кіші және орта жастағы оқушылар ойнайды. Қатысушылардың саны 3-тен 10-ға дейін. Әдетте ойында қара затты (ескі бас киімді, құммен бірге қапты) қолданады.

Ойын жазылуы: бұл ойнаушылар көзді жауып, тығыз шеңберді құрап тұрады. Басқарушының ұсынысы бойынша бір ойнаушы шеңберден шығып, өзімен бірге затты алып, тығылу керек. Ойнаушылардың тапсырмасы – тығылған затты табу. Затты тапқаны туралы қатты бақырып хабарлайды және бәрі табылғанның қасында жиналады. Зат иесі бұны қорғайды, ал қалғандары оны алдау жолдарымен алып қоюға тырысады. Кім алып қояды, сол жүргізуші болады және затты тығуға кетеді, ал қалғандары көздерін жауып, тығыз шеңберге тұрады. Ойын жаңадан басталады.Ережелер: 1) затты ұстағанда қорғаушыға қарсы дене күшін қолдауға болмайды және мүлдем тиісуге болмайды; 2)  басқарушының белгісінен кейін іздеуге болады.

«Таяқ жүгірту»

Ойын қыс уақытында қарлы алаңда жүргізіледі. Қатысушылар саны 5-тен 20-ға дейін. Орта және үлкен жастағы оқушылар ойнайды. Әрбір қатысушы қалың ағаштан (қайын және т.б.) жасалынған, ұзындығы 1-2 м таяқты (найза) өзіне жасайды. Ағаштан бір шеті шүкірленеді және кептірленеді. Ойнаушылар қардан қалыңдығы 20-40 см, биіктігі 1,5-2 м қабырға жасайды.

Жүргізуші жіребе бойынша тандалады және ол ойнаушылардың ретін орнатады. Бірінші ойнаушы өзінің найзасын 3-5 қадам қашықтығынан (келісу бойынша) қарлы қабырғаға лақтырады. Жүргізуші ең соңғысы болып лақтырады. Ойнаушылардың тапсырмасы – найзаны қарлы қабырғаға тигізу және сол қабырға арқылы найзаны шамасына қарай алысқа лақтыру. Ең алысқа лақтырған ойнаушы жеңімпаз атанады.Ережелер: 1) ойнаушылар таяқты найзаны сияқты ортасынан ұстап, жүгіріп келіп лақтырады;2) лақтыру сызығынан басуға болмайды;3) жеңімпаз келесі турда бірінші лақтырады.

«Әуе таяқ»

Ойынды далада өткізеді. Қатысушылар саны 2-ден 20-ға дейін. Орта және үлкен жастағы оқушылар ойнайды. Ойынға ойнаушылардың саны бойынша (ұзындығы 80 см, диаметрі 2-3 см) тегіс таяқтар керек.Ойнаушылар екі жұпқа немесе екі құрамаға бөлінеді. Басқарушы бірінші жұпты немесе құрамалардың бірінші ойнаушыларын шақырады. Шақырғандардың біреуі белгіленген сызықтан 3-4 м артқа қарай жылжып жүгіріп келіп өзінің таяғын жоғарырақ алға қарай лақтырады. Содан кейін екінші ойнаушы өзінің таяғын лақтырып, бірінші ойнаушының таяғына тигізуге ыңталасады. Егер тигізсе, онда 1 ұпай беріледі, кейін екінші жұп шығады. Екінші турда ойнаушылар жұптарында рөлдерімен ауысады. Ең көп ұпай жинаған құралы жеңімпаз аталады.

Ережелер: 1) әрқайсысы қарсылас тигізбеу үшін өз таяқтарын жоғары және алысқа қарай лақтыруға тырысады;2) таяқты лақтырғанда, белгіленген сызық арқылы басуға болмайды. Басып кеткен ұтылады немесе лақтыруды қайталайды.

 «Бөрік теппек»

Ойын қазақ жастарының арасында кең дамыған. Өзінің атына сәйкес, ойнаушылар алдымен өз бас киімдерін кім алысқа дейін итеретін. Қазіргі уақытта кішкене тастарды немесе ауыр нығыздалған допты итереді. Ойынның ескі аты сақталған. Қатысушылар саны 2-ден 30-ға дейін, жасыл алаңда, тек қана бозбалалар ойнайды. Заттар саны – ойнаушылар саны бойынша тұрады. Оң жақ флангынан кезекпен заттарды қолмен немесе аяқпен шама жеткенше дейін алға қарай итереді. Бәрінен жақын лақтырған бүкіл заттарды жинап алуы міндет және ойнаушыларға тарап беріп ойыннын шығады. Осының бәрін екінші бәрінен жақын лақтырған ойнаушы да жасайды. Ойын бір жеңімпазды анықтағанша дейін жалғаса береді.Ережелер: 1) итерген кезде немесе лақтырған кезде сызықты өтуге болмайды;2) лақтырудын алыстағы сызықтан басталып, заттын жерге құлаған орнына дейін өлшенеді; 3) келісімдік бойынша лақтырады немесе итереді.

 «Сақина салу»

Ойында саны 10-ға жететін жастар қатысады.

Қатысушылар шеңбер бойынша қатарға отырады. Алақандарын бір-біріне қысып, қолдарын алдында, тізе үстінде ұстайды. Жүргізуші (жіребе бойынша) шеңбер ортасында тұрып, өз алақандар арасында сақинаны (тиынды) салып, өз алақандарымен сақинаны олардың алақандарын ашып салған сияқты боп, солай бүкіл қатысушыларды өтеді. Сақинаны біреуге салып, ол бірнеше қадамға артқа қарай кетіп: “қайда менім сақинам?” – деп айтады. Сұрақты естіген соң, сақинаның иесі тұру керек. Оң жақта отырған көршінің тапсырмасы оны (сақина иесін) ұстау керек. Егер сақинаға ие болып жүрген ойнаушыны көршісі ұстай алмаса, онда көршісін жазалайды, ал егер сақина иесі тұра алмаса, онда оны өзің жазалайды. Жаза әр түрлі болуы мүмкін: жеңімпазды арқасына отырғызып жүріп келу, бір аяқпен секіру, билеу, ән айту және т.б. Жазаланған тапсырманы жасағаннан кейін жүргізуші болады және ойын жалғаса береді.

Ережелер. 1. сақинаны көрінбейтін қылып салып жіберу керек, ал сақинаны алған ойнаушы білдірмеу керек;2. айтып жіберуге болмайды.

«Сиқырлы таяқ»

Қатысушылар саны 40-қа дейін жетеді. Кіші және орта жастағы балалар ойнайды. Ойынға ұзындығы 1м таяқ керек. Диаметрі 4-5 м шеңбер сызылады. Ойнаушылар шеңбер сызығы бойынша тұрады және кезек бойынша нөмірлерді алады. Үлкен шеңбердің ішінде диаметр 2-3 м шеңбер сызылады. Жүргізуші (жіребе бойынша) таяқты (егер мекеме ішінде ойнайтын болса, онда таяқ нығыздалған доптармен немесе басқа заттармен қосып тұрғызады) жерге тығады. Таяқты сақтау үшін “күзетші” тағайындалады, қайсысы кіші шеңберге тұрады. Жүргізуші шеңберлерден тыс тұрып, өз еркіні бойынша ойнаушының нөмірін айтады. Айтылған “күзетшіні” қимыл-әрекеттерімен назарына бөгет жасап таяқты ұстап алу керек. “Күзетші” кіші шеңберде оны ұстап алып оны соғу керек. Егер ойнаушы таяқты ұстап алса, оған ұпай беріледі және орнына қайта келеді. Егер оны “күзетші” ұстап алып оны соқса, онда олар рөлдерімен ауысады. Жүргізуші ойнаушыны екі рет шақыра алады. Кімдер көп ұпай жинады, сол жеңімпаз аталады.

Ережелер: 1) жүргізуші нөмірді қатты және нақты дауысын шығарып айтады;

                2) таяқ ұсталынған болатыны, егер ойнаушы оны кіші шеңберден  шығарған болса.

 «Қарагие»

Ойын далада немесе спорттық алаңда өткізіледі. Қатысушылар саны 3-тен 8-ге дейін жетеді. Ұл балалар, ер жасөспірімдер немесе бозбалалар ойнайды. Әрқайсысында ағаштан жасалынған (қайын және т.б.), ұзындығы 3-4 м, бір шеті шүкірленген найза-таяғы болу керек. Ойнаушылар саны бойынша сонымен қатар таяқтар мен қалпақтар (ескі бас киімдер, түрлі түсті қаптар және т.б.) болу керек.Ойын жазылуы: ойнаушылар бір сапқа тұрады. 15-20 м арақашықта қарама-қарсы сызық сызылады, оған әрбір ойнаушыға қарам-қарсы қалпақтары немесе басқа заттар киілген таяқтар тығылады. Жүргізушінің (басқарушының) белгісі бойынша оң жақ флангтағы ойнаушы найзаны нысанаға (өзінің қалпағына) лақтырады. Кейін қасында тұрған ойнаушы лақтырады, сосың келесі ойнаушы және т.б. Ойын үш рет өткізіледі. Кім нысанаға үш рет тигізген болса, сол жеңімпаз аталады.Ережелер: 1) нысанаға тигізбеген ойыннан шығады;2) найзаны тек қана сигнал бойынша лақтырады. Бұны жасамаған ойнаушы ойыннан шығады.



«Монданақ»

Осы ойын қазақ жастарының арасында кең тараған. Қатысушылар саны 10-нан 40-қа дейін жетеді. Ойнаушылар орамалды қолданады.

Ойын жазылуы: ойнаушылар жақын арақашықтықта қазақша отырып, екі қолды тізе астында ұстап, шеңберге отырады. Шеңбер ортасында жүргізуші орналасады. Басқарушы жүргізуші көрмегендей ойнаушылардың біреуіне орамалды береді, ал бұл оны тізе астына тығып, басқарушының “бастадық” бұйырығы бойынша орамалды қасында отырғанға бере қояды. Орамалды алған ойнаушы жүргізуші көрмегендей келесі ойнаушыға береді. Ойнаушылардың бәрі ән айтады: “Қайда кетті монданақ? Анда кетті моданақ. Мында кетті монданақ.” Жүргізуші орамалды іздейді. Ол арқасымен қарап тұрғанда, орамалды ұстап тұрған ойнаушы оның арқасынан ақырын соғып жіберуі рұқсатталады. Жүргізуші ойнаушыдан орамалды тапса, сонымен бірге рөлдерімен ауысады.Ережелер: 1) жүргізушінің басынан орамалмен соғуға болмайды;2) табылған орамалды әрі қарай беруге болмайды.

 «Бестас»

Ойын, еңбек құралдары: ағаш, тас, сүйектер қызмет еткен уақытында, Қазақстан аумағында көшпенділі тайпалар арасында кең тараған. Бұл үлкендердің ең басты сауығы болды. Қазақстанның көптеген облыстарында ойын үйлену той дәстүріне кіретін. Егер күйеу жігіт жағынан ойнаушы жеңіске жететін болса, онда келің үшін қылындықты бермейтін, ал егер келің жақтағы өкілі жеңіске жетсе, онда күйеу жігіт қалындық төлейді.

Осы ойынның бірнеше варианттары бар. Қазіргі уақытта жастар арасында кең таралғаны төменде айтылады.

Ойын далада, бөлмеде, спортзалында өткізіледі. Қатысушылар саны 5 адамға дейін жетеді. Осы үшін 5 домалақ тас (асықтар) керек.

Ойын жазылуы: ойынға қатысу кезегі жеребімен анықталады. Барлығы шеңбер бойынша орналасады. Ойынды бірінші бастайды және ережені бұзбағанша дейін ойнай береді. Сосың ойынға екінші кіріседі, кейін үшінші және т.б. Бір қолмен ойнайды.

1 әрекет: ойнаушы едеңге 5 тасты лақтырады, біреуі тандап оны бір қолмен жоғары лақтырады және осы лақтырған қолмен едеңде жатқан бір тасты қолға алып, алдын ала лақтырылған тасты лақтырған қолмен ұстап алады, яғни бір алақанда екі тас болады. Едеңнен алынған тасты жеке қояды. Сосың қайтадан бір тас жоғары лақтырылады және екінші, екйін үшінші және төртінші едеңде жатқан тастарды дәл солай бір қолмен жинап алады.

2 әрекет: тастар жан-жаққа лақтырылады. Бір тас жоғары лақтырылады, едеңнен лақтырылған қолмен енді екі тас көтеріледі және осы лақтырған қолмен лақтырылған тасты ұстайды.Сосың келесі екі тас осылай едеңнен көтеріледі.

3 әрекет: тастар жан-жаққа лақтырылады. Біреуі жоғары лақтырылады, енді едеңнен үш тас көтеріледі. Екіншеде қалған бір тас көтеріледі.

4 әрекет: бүкіл тастар қолда. Біреуі жоғары лақтырылады, қалғандары едеңге қойылады, ал лақтырылған тас қолға ұсталынады. Кейін біреуі жоғары лақтырылады, едеңнен төрт тас көтеріледі және лақтырылған тас ұсталынады.

5 әрекет: бір тас жоғары лақтырылады, қалған төрт тас қолда болады. Ойнаушы лақтырылған тасты ұстағанша, көрсету саусағымен 3 рет немесе 5 рет (келісім бойынша) едеңге тигізеді.

6 әрекет: төрт тас квадрат бұрыштары бойынша (20х20 см жақын) орнатылады. Біреуін жоғары лақтырып жіберіп, ойнаушы бүкіл жердегі тастарды жинап алып, лақтырылған тасты лақтырған қолмен ұстап алу керек.

7 әрекет: тастар жан-жаққа лақтырылады. Біреуі жоғары лақтырылады, қалғандары бір-бірден, басқа қолдын алақанына жиналады және лақтырылған тас лақтырған қолмен ұсталынады.

8 әрекет: тастар жан-жаққа лақтырылады. Біреуі жоғары лақтырылады, бір тас едеңнен көтеріледі және лақтырылған тас ұсталынады. Ойнаушының қолында екі тас болады. Біреуін ойнаушы жоғары лақтырады, ал екіншісін едеңде жатқанымен ауыстырады және лақтырылған тасты ұстап алады. Осылай лақтырып, ол тастарды бір жерге жинайды. Ақырғы тасты лақтырып ұстаумен төрт тасты қолға жинайды.

9 әрекет: 1 әрекет жасалынады, бірақ лақтырылған тасты ұстаған кезде қалғандары бір-біріне соғылмау керек.

10 әрекет: 1 әрекет жасалынады, бірақ лақтырылған тасты ұстаған кезде ол едеңнен тасқа соғылу керек.

11 әрекет: сол жақ қолмен үлкен және ортаңғы саусақтарға тіреліп ойнаушы арықты жасаған сияқты. Оң жақ қолмен сол жақ қол арқылы тастарды лақтырады. Біреуін тандап, сол жақ қол арқылы жоғары лақтырады, сосың “арық” арқылы өткізеді. Осы әрекетте ереже бар: ойнаушы лақтырылған тастан басқа тағы бір “үлкен” (“нәби”) тасты тандайды. Бұл ен алыс немесе ең жақын тас болуы мүмкін, бұл туралы ойын алдында келіседі. Ол “арықтан” ең соңғы болып өткізіледі.

12 әрекет: алдынғы бүкіл әрекеттерді бітіріп, ойнаушы өзіне екі әдіспен ұпайлар қосады.

Бірінші әдіс: бес тасты жоғары лақтырады, сосың оларды алақан сыртымен ұстайды, тағы да бір рет лақтырады және оларды үстінен ұстайды. Әрбір тас 10 ұпайға бағаланады. Егер ойнаушы бүкіл бес тасты ұстаса, онда ол елу ұпай алады.

Екінші әдіс: ойнаушы қолын сыртқа шығарып, бүкіл тастарды жоғары лақтырады, сосың алақанын ашып, оларды астынан ұстайды. Әрбір тас үшін 10 ұпай алады.

Ережелер: 1) ойнаушылар тастарды едеңнен алған кезде, басқа тастарды қолмен тигізбеу керек. Егер ереже бұзылса, ойынды келесі ойнаушы жалғастырады;

                   2) әрқашан ойнаушы қай жерде қателесті, сол жерден ойынды жалғастырады.



«Жігіт қуалау»

 Қатысушылар саны 10-нан 40-қа дейін жетеді. Орташа және үлкен жастағы оқушылары ойнайды. Ойынға орамалмен екі жалауша керек.

Ойын жазылуы: бір-бірінен 15-20 м қашықтықта екі сызық өткізіледі. Біреуіне 5 м қашықтықта екі жалауша қойылады. Ойнаушылар екі құрамаға бөлінеді, капитандарды тандайды. Құрамалар жалаушаларға қарама-қарсы бір-бірден сызық алдында қатарға тұрады.Жеребе бойынша “жігіттер” және “қуғыншылар” құрамын анықтайды. “Жігіттер” капитаны орамалды алады. Тұрақталған белгі бойынша құрамалардың бірініші ойнаушылары өздерінің жалаушаларына жүгіреді. “Жігіттін” тапсырмасы – жалауша алдында орамалды лақтыру, жалаушаны айналып артқа жүгіріп келу. “Қуғыншының” тапсырмасы – жалаушаға дейін жүгіріп келіп, орамалды қолға алып және кері жолда “жігітті” қуып жетіп оны орамалмен соғу. Егер бұл жете жасалса, ол жеңімпаз аталады, кері жағдайда “жігіт” жеңеді. “Құғыншы”, “жігітті” жете алмаса, жылдамдығын түсірмей орамалды келесі “жігітті” қуатын құрама бойынша жолдасына беріп жібереді. Ойынды орындарымен ауыстырып екі рет өткізеді. Кімде көп жеңімпаздары бар құрама жеңіске жетеді.

Ережелер: 1) ойнаушылар жалаушаны оң жақтан айналып өтеді;2) келесі ойнаушыларға сызық арқылы ерте шығуға болмайды. Олар тек алдындағы ойнаушыны қолмен, не орамалмен тигізсе ғана жүгіріп шыға алады.

Ойын варианты.Ойнаушылардың тұрулары сол. Тек бір жалауша қолданады.

Ойын жазылуы: басқарушы бір құраманың бірінші ойнаушысына орамалды береді. “Алға” бұйырығы бойынша қарсыластар сөре сызығынан жалаушаға жүгіреді. Орамалмен жүгірген ойнаушы қарсыласты осы орамалмен соғып кетуге, жалаушаға дейін жүгіруге, жалаушаны айналған кезде орамалды тастап кетуге және қайта келуге тырысады. Қарсылас орамалды жерден көтеріп алып, қашқанды соғу үшін қуып жетуге тырысады.

 «Түйілген орамал»

Ойынға мектеп жасындағы балалар қатысады. Бұл үшін ортасынан байланған ақ орамал керек.Ойын жазылуы: қатысушылар шеңберге тұрады. Ойынды басқарушы немесе жүргізуші бастайды. Шеңбер ішінде орналасып, ол орамалды әркез ойнаушаға лақтырады және өзі сонын артынан қуалайды. Орамалды ұстағаннан кейін, ойнаушы орамалды басқарушы (жүргізуші) ұстап алмастай басқа ойнаушыға жылдам беру керек. Ойнаушылар орамалды әр уақытта бір-біріне беребереді. Орамалды жіберіп алған жүргізуші болады. Жүргізуші орамалды өзі ұстап алып, жаңа жүргізушіні қоя алады. Ойын біткеннен соң орамалды бір ретте түсірмеген ең жақсы ойнаушылар белгіленеді.Ережелер: 1) ойнаушылар орамалды тек қана үстінен береді. Бұл ережені бұзған  жүргізушімен бірге рөлімен ауысады;2) орамалды берген кезде ойнаушылар шеңберден шықпау керек, содықтан оны белгілеп қою керек; 3) орамалды лақтыруға да болады. Егер жүргізуші ұстап алса, онда оның орнына кім лақтырды, сол барады.

 «Жаяу көкпар»

«Көкпар» деген сөз «көк қасқыр», «көк бөрі» деген сөздерден шыққан. Қасқыр көшпенділі-шаруалардың бірінші жауы болғандықтан, олар бұрында көбінесе  қасқыр аулауға шығатын. Сәтті аулаудан келе жатқанда, олар кім бірінші ауылға өлтірілген аңды әкелетін жарысуын жасайтын. Бұл жарыс кейін ұлттық ойын “көкпарға” ауысқан, қайда іскерлік, батылдық, бәйгедегі күш және басқа салт атты түрлерінде символизацияланған.Ойын орыны – спорт немесе жасыл алаң. Қатысушылар саны 10-нан 30-ға дейін жетеді. Ойнайтын орта және үлкен жастағы мектеп оқушылары. Ұлдар және қыздар бөлек ойнайды. Ойын үшін “көкпар” (нығыздалған доп) керек.Ойын жазылуы: алаңның бір жағында сөре сызығы сызылады (немесе белгіленеді). 50 м қашықтықта бұған параллельді сызық өткізіледі, қайда “көкпарды қояды.” 500-1000 м-де мәре сызығы орналасқан.Ойнаушылар екі құрамаға бөлініп, сызық бойымен біреуі арқылы тұрады. Басқарушының белгісі бойынша бәрі алға “көкпарға” қарай жүгіреді. “Көкпарға” ие болған әрі қарай жүгіреді. Бұны, қуып жеткен “көкпарды” алып қойып, әрі қарай жүгіре береді. Әрқайсысы алдында “көкпармен” жүгіріп келе жатқанды қуып жетіп мәре сызығына дейін жылжиды. Қай құраманың ойнаушысы “көкпарды” мәре сызығына бірінші әкелсе, сол құрама жеңімпаз аталынады.Ережелер: 1) “көкпарды” бірінші алған ойнаушы өзінің құрамасынан ойнаушыға бере алады;2) киімінен ұстауға, итеруге және алған кезде добалдай әдістерді қолдануға болмайды.3)  егер қарсылас ойнаушыны қуып жетсе және оны қолмен тигізсе, “көкпар” оған беріледі. Құрама бойынша ойнаушыға “көкпарды” алдына қарай лақтыруға болады. Кім бірінші “көкпарды” қолмен тигізді, сол “көкпарды”алады. Күшті, жылдамдықты, ой-қабілетін дамытаты.Құралдары: сөре, мәре, “көкпар” (нығыздалған доп), алаңды белгілеу үшін борлар.Төрешілік үшін 2 адам керек.

  «Ат үстінен тартыс»

Ойын жасыл алаңда өткізіледі. 3-5 жаяу және бір салт атты қатысады. Ойын жүргізушінің бұйрығы бойынша 30 шаршы метрден көп емес алаң тандалады. Оның ортасына қатысушылар шығады. Жаяу ойнаушылардың тапсырмасы – салт аттыны ат үстінен құлату. Жағдайлар бойынша жаяу ойнаушыларымен құрылған ат үстіндегі ойнаушыға белгіленген шекаралардан шығуға болмайды. 10-15 минут уақыт беріледі. Егер осы уақытта ойнаушылар ат үстіндегіні құлата алмаса, ойынға келесі құрама қіреді.Қатысушыларға жылқыны итеруге немесе құлатуға болмайды, тек қана ат үстіндегіні құлату керек.Еңбек үрдістерінен, яғни адамдардың тәжірибелік әрекеттерінен ойындар мен сауықтар пайда болған туралы теориясы сөзсіз болып келеді. Ойындар халықтың тұрмысын, рухани және еңбек әрекеттерінің көптеген жақтарын көрсететін, және де бұлардың көбінің көшпенділі ортада пайда болуы аз деңгейінде емес әсер етті және көшпенді-шаруалардың материалдық мәдениетін және көзқарас ерекшеліктерін көрсететін. Уақытымен қоғамның материалдық өмірдің өзгеруімен ойын мазмұны мен түрі өзгереді.Ойындар, сауқтар және дағдылар көмегімен жастарда денелік және ойлық мүмкіншіліктері жасалынатын, яғни олар өмірде керек болатынына үйренетін. Қоғамның шаруа әрекетімен байланысты (мысалы, жамбы ату, аударыспақ, бәйге, қазақша күрес және басқа) ойындары кең функциясын жасайтын.



«Аяқ астындығы жіп»

Дайындық: 2-4 құрама 2 м қашықтықта бір-біріне параллельді бір қатарға тұрады, қатардағы ойнаушылар арасында қашықтық 1 м кем емес. Әрбір ойнаушы өз орнын дөңгелекпен белгілейді. 6-8 м қашықтықта әрбір қатарға қарама-қарсы бір тұрысты немесе таяқты қояды. Қатар алдында тұратын ойнаушыларға секіргіш (немесе ұзындығы 2 м жіп) беріледі.Ойын жазылуы: белгі бойынша ойнаушылар секіргіштермен бірге өзінің тұрыстарынан дейін жүгіреді, оны айналады және өзінің қатарына келіп, секіргіштін бір шетін алдында тұрған ойнаушыға береді. Секіргішті екі шетінен ұстап, олар өз қатары бойынша, біреуі сол жақтан, басқасы оң жақтан жүгіреді және секіргішті бүкіл қатардағы  ойнаушылардың аяқ астынан өткізеді. Қатардағы ойнаушылар секіргіш арқылы секіреді. Жұп жіпті қатардын аяғына дейін өткізеді, сосың ойынды бастаған бірінші ойнаушы қатардын аяғында қалады, ал екінші ойнаушы секіргішпен бірге өзінің тұрысына дейін жүгіреді, оны айналады, қатарына қайтып келеді және секіргіштін бір шетін келесі, алдында тұрған ойнаушыға береді. Екеуі олар тағы да бүкіл қатардын аяқ астынан секіргішті өткізеді.Қатарда тұрған ойнаушылардың бәрі секіргішпен тұрысқа дейін және құрама жолдасымен бірге бүкіл қатардан бәрі өтпегенше дейін ойын жалғаса береді. Ойынды бастаған ойнаушы секіргішті қолына алғанда, ол оны жоғары көтереді және “Тік тұр!” бұйрығын береді. Бүкіл қатар “тік” тұрады. Айып ұпайлары жоқ, жіппен аяқты тигізбеген және ойынды ерте бітірген құрама ойнаушылары жеңімпаз атанады.Ережелер: 1) әрқашан, алдында тұрған ойнаушы секіргішпен тұрысқа дейін жүгіргенде, қатардағының бәрі бір орынға алға жылжиды;2) егер секіргішті аяқ астынан өткізіп жатқан ойнаушылар оны жіберсе, онда олар қай жерде айырылды, сол жерден қайтадан бастау керек;3)  егер секіргіш арқылы секіріп жатқан ойнаушы аяқпен секіргішті тигізсе, онда ол айып ұпайланады.

 «Секіруден секіру»

Дайындық: ойнаушылар екі тең құрамаға бөлінеді, әрқайсысы екі қатарға тұрады. Екі қатар 2 м қашықтықта бір-біріне параллельді тұрады. Ойнаушылардың жұптары едеңнен 50-60 см қашықтыққа созып, қысқа секіргіштердін шеттерінен ұсталынады. Жұптар арасындағы қашықтық – 1 м.Ойын жазылуы: басқарушының белгісі бойынша әрбір қатардың бірінші жұптары секіргіштерді жерге жылдам қояды және біреуі оң жақтан, басқасы сол жақтан өз қатары бойынша оның аяқ жағына жүгіреді. Қатардың аяқ жағынан олар кезек бойы олардың қатарында тұрған бүкіл жұптардың секіргіштері арқылы секіріп өтеді. Өз орындарына келген соң, олар тоқтап, жерден өз секіргішін алады және оны созып, 50-60 см биіктігіне көтереді. Олар секіргішті көтергеннен кейін, қатардағы екінші жұп ойнаушылары өз секіргіштерін жерге қойып, бірінші секіргіш арқылы секіреді және де бағанағындай өз қатарын аяқ шеңіне дейін жүгіріп кері қайтады, өз орнына дейін бүкіл секіргіштерді секіріп өтеді, орнына тұрған соң өз секіргішін көтеріп, оны тартады. Дәл осылай қалған жұптар жасайды.Секіргіштерді секіріп жүгіруді бірінші бітірген құрама жеңімпаз атанады.Ережелер: 1) алдынғы жұп өз секіргішін көтерген кезде ғана келесі жұп жүгіруді бастайды;2) ойнаушылар қайсысына қатардың қай жағы жақын жағымен жүгіреді;3) қатысушылар секіргіш арқылы екеуі біруақытта немесе бір-бірінен кейін мүмкін, өздерінің шешімі бойынша;4) секіргіштерді жерге түсіруге болмайды. Олар 50-60 см биіктігінде болу керек. Қателер үшін айып ұпайлар беріледі.



«Ұзындыққа секірумен эстафета»

Дайындық: сөре сызығы залдың бір жағында өткізіледі. Бұдан 6-8 см қашықтықтан екі сызықпен иені 1 см сызықша белгіленеді, ал сызықша арқылы 1-3 м қашықтықта 3 дөңгелек сызылады. Әрбір дөңгелекке бір-бір жалауша, немесе таяқша қойылады.Ойнаушылар 3 құрамаға бөлінеді және 3 қабырға бойы «П» әріпі түрінде сапқа тұрады. Құрамалардың бірінші нөмерлері сөреге тұрады.

Ойын жазылуы: басқарушының бұйрығы бойыншы ойнаушылар сөреден алға қарай жүгіреді, бөгет сызығын жүгіріп өтеді, өз дөңгелектеріне жүгіріп келеді, жалаушаны (таяқшаны) жоғары көтереді, сосың дөңгелекке қайта қояды және бөгет сызығына қарамай құрамаға қайта орнына келеді. Ойнаушылардың қайсысы жалаушаны ерте көтерсе, сол өз құрамы үшін ұпай жеңеді. Сосың алдын ала сөреде дайындалу қалпында тұрғанға белгі бойынша келесі ойнаушылар жүгіреді. Бүкіл ойнаушылар бөгет сызығын өтуіне қатыспағанша дейін ойын жалғаса береді. Көп ұпай жинаған құрама жеңіске жетеді.Ойынды меңгергенде, әрбір ойнаушының нөміріне белгі бермеуге болады, ал ойынды үзіліссіз өткізуге болады. Бұл жағдайда бір ойнаушылар жалаушаны алғанда, бөгет сызығын жүгіріс барысында өтіп, өздерінің сөреде дайындық қалпында тұрған екінші ойнаушыларына жылдам жүгіреді және оларға жалаушаны береді. Екіншілер алға қарай жүгіріп, бөгет сызығын өтеді және дөңгелекке жалаушаны қойып, артқа жүгіріп келеді және сөреде тұрған үшіншілердін қолдарынан тигізеді, содан кейін үшіншілер жалаушаға жүгіреді және т.с. Бір ойнаушылар жалаушаны алады, басқалары оны орнына қояды. Бәрі секіру мен жүгіріске қатысып болғаннан кейін, ойын аяқталады. Бәрінен ерте және аз қате жіберген құрама жеңімпаз атанады.

Ережелер: 1) сөреден жүгіру тек қана белгіленген сигнал бойынша. Ерте жүгіріп шыққан, жеңілген деп саналады. Үзіліссіз жүгіріс жағдайында сигнал тек ойын бастаушыларына ғана береді; 2) сөреден кеткен бір ойнаушылар кеткен кезде, басқалар олардың орынын алады;3) қайтып келген саптағы өз орнына тұрады.



Каталог: uploads -> doc -> 0041
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0041 -> Сабақтың түрі: Жаңа тақырыпты меңгерту. Сабақтың тегі: Кіріктірілген сабақ
0041 -> Сабақ №2 Ақшаның пайда болу тарихы. Ақшаның қызметі мен ерекшеліктері. Ақшаның түрлері Сабақ мақсаты
0041 -> Сабақтың тақырыбы: Мағжан Жұмабаевтың
0041 -> Сабақ жоспары Қазақстан тарихы
0041 -> Сабақтың мақсаты: Білімділік: оқушыларға жаңа мәтінді меңгерту, жаңа сөздерді дұрыс қолдана білу
0041 -> Сабақ тақырыбы Қазақ хандығы жерлерін Хақназар хан кеңейте алды ма?


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет