Қазіргі қазақ әдебиеті


«Қойлыбайдың қобызы» поэмасы



бет3/6
Дата09.11.2016
өлшемі1,24 Mb.
#1377
1   2   3   4   5   6

1.3 «Қойлыбайдың қобызы» поэмасы

«Қазақ лирикасында үлкен көркемдік жаңалық ашып, соны әсемдік арналарды негіздеп, әсіресе Еуропа, орыс әдебиетіндегі ізденістерді, бағыттарды ұлттық топыраққа батыл да еркін ендірген Мағжан эпикалық жанрда поэманың ықшам формаларын қалыптастырды. Бір қарағанда, тақырыптық тұрғыдан алғанда, алып-жұлып, әкетіп бара жатқан ерекшелік көрінбейтін секілді: «Қойлыбайдың қобызы», «Қорқыт», «Түркістан», «Оқжетпестің қиясында», «Батыр Баян» – аңыз, тарихи белгілі оқиғаларға, «Жүсіп хан», «Өтірік ертек» – шығыстық сюжет, мысал, тұспалға құрылған. халықтық аңыз, тарихи дерек үлкен көркемдік идея тұрғысынан қайта құйылып, ежелгі әңгіме, миф сарындары өзге құбылып, жаңа сипаттағы эстетикалық игіліктер жасалды [2, 102 б.].

Мағжан өлең болсын, поэма болсын, көбіне өткен заманды аңсап отырады. «Қойлыбайдың қобызы» поэмасында да Қойлыбай бақсының өнерін сүйсіне жырлайды. Қазақтың бақсысына дейін ардақ тұтады.
Қалың Найман ішінде Бағаналы,

Қазақта бақсы асқан жоқ Қойлыбайдан.

Қойлыбай жын жүгендеп, пері мінген,

Алдында жорғалаған шашты шайтан.


Қойлыбайды осылай таныстырып алып, оның қасиеті паш болған бір астан әңгіме қозғайды.
Бір асқа жиылыпты Найман таман,

Бай, биі, батырлары балпаң басқан.

Бәйгеге екі жүздей ат жіберіп,

Күрес сап жиылған жұрт ұрандасқан.

Ерігіп аңғал батыр, маңғаз байлар:

«Бәйгеге қобызың қос» деп сұрасқан.

Қолқасы қалың Найман қалаған соң,

Қойлыбайың бәйгеге қобыз қосқан.


Екі жүздей жүйрік атпен бірге шабатын ол не қылған қобыз?
Бас болып батыр Барақ қалаған соң,

Қойлыбай сонда айтады, шақырып ап,

Ыңғайлы бір бозбаланы өз қасына.

«Ат шабатын жерде бір сексеуіл бар

Жарып өскен жапанның жартасына.

Қобызды сексеуілге байлап таста,

Мен сенем жын Қақаман жолдасыма».
Қобыз сексеуілге байланды. Оны сексеуілмен қоса жұлып алып келетін – бақсының жын-шайтан жолдастары. Олар: жалғыз көзді жынның пері Қақаман, аға жын – Нәдір пері, шайтанның шу асауы – Шайлан.
Бір кезде ат келетін мезгіл жетті,

Боз бала ат алдынан шауып кетті.

Сол уақыт жай отырған Қойлыбайды,

Аруақ қалшылдатып, дірілдетті,

Аузынан қанды көбік бұрқ-бұрқ етіп,

Жап-жалаңаш қылышты қобыз етті.

Көздері қып-қызыл боп қанға толып,

Сарыны сар даланы күңірентті.

Бір мезгіл екпіндетіп, долдандырып,

Бір мезгіл жыны буып күбірлетті.

Қалың құмды қап-қара бұлтқа қосып,

Қызыл жел құйындатып, дірілдетті.

Жан-жақты ың-жың, у-шу дауыс қаптап,

Шапқылап жын-перілер дүбірлетті.


Бұл – Қойлыбайдың бақсылық қасиеті толық көрінетін тұс. Жай көз алдаушы емес, шын бақсылық өнердің жұрт алдында дәлелденуі. Негізі, қазақ ұлтында осы секілді аңыз әңгімелер көп кездеседі. Қойлыбай бақсы секілділер көп болған. Бұл – соның бір мысалы. Ислам діні талабы бойынша жындармен жұмыс істеуге тыйым салынған. Діннен хабары жоқтар ондай адамдарға қасиеті бар деп табынуы мүмкін.
Сол кезде ат келетін құба жонды,

Түтіндей будақ-будақ бір шаң жапты.

Сол шаңның ортасында бір сексеуіл.

Ербеңдеп, ойнақ салып келе жатты.

Екі басы жерді ұрып кезек-кезек,

Сабалап қырды жол ғып жаралапты.

Байланған сексеуілге қобыз берік,

Көз ашқанша жиынға келіп қапты.

Сексеуілді қопарып алып келіп,

Қақаман жұбатады ерке қартты.


Қойлыбай жын жолдастарының көмегімен қобызын бәйгеден оздырды. Поэма соңын Мағжан былай аяқтайды:
Ертеде ел бар екен қалың Найман,

Қазақта бақсы асқан жоқ Қойлыбайдан…

Жарасқан бай мен биі, батыр, бақсы,

Алыста елестейсің заман қайран!..

Құдай-ау, албастының ойнағындай,

Мынау сұм заманға кез қылдың қайдан?

Шіркін-ай кер заманды күл қылар ем,

Бата алсам Бағаналы Қойлыбайдан.


Осылайша ақын Қойлыбай бақсыны еске алып, бұрынғы заманды сағынады, бүгінгісінен түңіледі. Бұл сарын Мағжанның басқа поэмаларында, өлеңдерінде де кездеседі.

Қойлыбай бақсының өмірде болған, болмағаны туралы Б.Қанарбаева Ә.Марғұланның «Ежелгі жыр-аңыздар» кітабынан бірнеше деректер келтіреді.

«Қазақ сахарасында ежелгі заманның асқан данасы, Қорқыттың толғау айту дәстүрін, оның күйін, дарынын, нақыл сөздерін мұра етіп, біздің заманымызға жеткізген жыраулар, ойшыл адамдар аз болмаған. Солардың бірі – Қойлыбай» [3, 196 б.].

«Ежелгі жыр-аңыздар» кітабында Қойлыбай қобызын тартатын өзен «Қойлыбай өзені» деп аталып кеткендігін автор айта кетеді. Сонымен бірге сол кітаптан Ә.Марғұланның Қойлыбай туралы аңызын келтіреді. «Қойлыбай бақсы қобызын ат бәйгесіне қосуды тілек етеді. Барлығы 300 сәйгүлік, ылғи атақты жүйрік, асқан тұлпар қосылады. Бірақ атсайысшылар Қойлыбайдың қобызын жаратпайды. Қобызды ұстап алып, бір жуан терекке арқанмен байлап қояды… Сол кезде сұрапыл боран соғып, қобыз ағашты түбімен жұлып ала жөнеледі. Қайтарында бәйгенің алдынан келеді» [3, 197 б.].

Екінші аңыз бойынша, Қойлыбай өзінің жындарының көмегімен алты қанат ақ орданы жерден көтерген.

Үшінші – 1924жылы Ташкенттен шыққан «Тарту» жинағындағы «Бақсы» деп аталатын аңыз. Бұл екінші аңызға ұқсайды.

Төртінші аңыз – С.Сейфуллиннің шығармалар жинағының 6-томындағы «Бақсы сарыны». Онда Қорқыттың жындарын шақыратыны, дәу перілердің дастарқаннан нан алып, отырғандарға үлестіретіні, Қорқыттан кейінгі үлкен бақсы Қойлыбай екені айтылады. Бірақ Қойлыбайдың бәйгеге қобыз қосқаны айтылмайды.

Бесінші аңыз Ш.Уәлихановтың шығармалар жинағының екінші томында бар. Мағжан поэмасындағы сюжет осы нұсқамен сәйкес келеді.


1.4 «Қорқыт» поэмасы

«Қорқыт» поэмасы бұрынғы өмір мен өлім тақырыбына жазылғанымен, ақын идеясы ол емес. Поэмада Қорқыттың өлімнен қашып, соңында әр өмірдің соңы өліммен аяқталатынын түсініп, қобызын сарнатып өткені айтылады.

«Қазақ аңыздарындағы терең философиялық маңызы бар сюжеттің бірі – Қорқыттың өліммен күресуі, оған көп заман жолықпай дауа іздеуі. Қорқыт тіршіліктің тұрақсыз өзгергіш түріне күйзелген. Өліммен күресу сюжеті әсіресе қазақ пен Алтай елінің аңызында өте жоғары сарынмен айтылады» [3, 192б.].
Аяңдап алдыменен тауға жүрді,

Асқарға «Өмір не?» деп сұрау берді.

Жаны тас, жүрегі тас тау не десін,

Өзінен «Өмір не?» деп сұрады енді.

Бұрылып таудан ақырын орман барды,

Оған да «Өмір не?» деп сұрау салды.

Ежелден ой білмеген меңіреу орман

Қақиып қарағайы аң-таң қалды.

Сұраса суға келіп: «Не, - деп, - өмір?» –

Беті құр соғылғаннан жыбыр-жыбыр.

Желге айтып еді, ол жынды не деуші еді,

Басы жоқ, аяғы жоқ сыбыр-сыбыр.

Күн анау ешбір үнсіз алас ұрған,

Ай да бір - өгіз де бір аузын буған.

Қылмыңдап қар қатындай көзін қысқан,

Жұлдыздар тазарта ма жүректі удан.


Осылай Қорқыт табиғаттан жауап ала алмаған соң, Күншығысқа аттанады. Онда алдынан:
«Өлімнен құтылмайсың қашқанменен,

Мынау көр – сенің көрің, Қорқыт жазған!»


деген жазуы бар көр шығады. Қорқыт батысқа бет бұрады. Онда да алдынан жаңағы сөз шығады. Аяғында күңіреніп Алтайына келсе:
Ел мынау баяғыдай малын баққан,

Малындай алдындағы жусап жатқан:

Қайғысы, қуанышы бәрі де ойсыз…

Сиырдай бірі өкіріп, бірі шапқан.


Жұрттың өліммен жұмысы жоқ, тіршілік жүріп жатыр.
Өмірде жүрген жерін қанды ор ғып,

Шеше алмай жан жұмбағын шерлі Қорқыт.

Жұбанды қолындағы қобызымен,

Көрге де қобызымен кірді Қорқыт.


Поэмада Қорқыт бейнесі осылай түйінделеді. Ол қарағайдан жасаған қобызына мұңын шағып өтті. Ал ақын мақсаты не? Ол Қорқыт секілді өлімнен қашайын деп отырған жоқ.
Ақын – жел, есер, гулер жүйрік желдей,

Ақын – от, лаулап жанар аспанға өрлей.

Қиялы, жан жүрегі – ойнаған от.

Ақынды аласұртар тыныштық бермей.

Жай адам қияға ондай қол сермей ме?!

Ақынға аз нәрсе ауыр ой бермей ме?!

Қиялмен арманға ұшқан, сағым құшқан

Жүйрік жан алдында ылғи көр көрмей ме?!


Мұнда ақын «Жүйрік жан алдында ылғи көр көрмей ме?!» деуі арқылы сол кездегі заман құбылысын аңғартады. «Қайда барсаң Қорқыттың көрі» дегендей, қазақ байғұс бодандықтан құтылмайтын болды-ау деген идеясын білдіреді.

«Қазақстанға Кеңес өкіметінің орнауы – білімде, ғылымда, өнерде т.б. табыстарға халқымыздың қолын жеткізді. Шеллинг қағидасы тұрғысынан қарасақ, бұл - әдемілік, орыс халқының қазақ халқына жасаған жақсылығы. Жақсылық – бостандыққа тән, бірақ керісінше қазақ халқын бостандығынан айыру арқылы келіп отыр. Сондықтан ақын күңіренеді, күйзеледі. Қиялымен қазақ халқын бостандығынан айырмай, тарихын, мәдениетін, тілін, дінін ұмыттырмайтын, жақсылыққа кенелтетін, «өлтірмейтін» қоғам іздейді, Қорқыттың «мәңгілік ғұмыр іздеуін» шығармасына нысана етіп алуы Мағжан философиясының асқақтығын көрсетеді» [3, 195 б.].


Құшақтап қарағайын сарнаса ақын,

Толғанып, жасын төгіп, зарланса ақын,

Шеткерек тұрып біраз тыңдағайсың,

Баспалап, төніп, жаншып келме жақын, -


деп, өзінің не жайлы айтып отырғанын дұрыс ұғынуын сұрайды.
1.5 «Жүсіп хан» поэмасы

«Жүсіп хан» поэмасы әзербайжан жазушысы С.Ф.Ахундовтың (1812-1878) «Алданған жұлдыздар» повесінің негізінде жазылған.

Поэмада екі ханның екі түрлі хандығы қарама-қарсы суреттеледі. Біріншісі – Аббас хан,
Елін бақпай, тақ баққан,

Бар жұмысы – тек жатқан

Алтын сарай ішінде.

Әйел жиған үйірлеп,

«Әйел» деген күбірлеп,

Өңінде де, түсінде.

Арамтамақ Аббас хан,

Өз құлқына тап басқан,

Уәзір жиған өзіндей.
Осы жолдардан Аббастың қандай адам екені белгілі. Сол Аббас ханға балшысы он күннен соң өлім кеп тұрғанын хабарлайды. Хан жұлдызшының басын алмақ болады. Жұлдызшы жұлдызды алдаудың, жолын ойлайық деп құтылады. Хан төңірегіндегілер амалын таба алмайды. Сонда жұлдызшы ханға орнына уақытша біреуді хан қоюды ұсынады. Уәзір, қазы, қолбасы, жендеттер әр түрлі сылтаумен бас тартады. Сонда балшы базарда ер жасайтын Жүсіп дегенді қояйық дейді. Жүсіптің хан болғандағы өмірі:
Үлде-бүлде киінді,

Семірді, жеді, тойынды.

Үйренді тақтың тәртібін.

Көні кепкен сұр кедей,

Біраз күн сөйтіп ләм демей,

Басқаннан соң қарқынын

Бастады Жүкең бір істі:

Ел билеуге кірісті.

Жақтап жарлы, жалшыны.

Сыпырғандай тезекті

Өңшең залым кезептен

Еңбекші елді аршыды.

Уәзірді жер аударды.

Қазының басын алдырды.

Машайығын, молдасын,

Қойқаңдаған қолбасын

Абақтыға салдырды…

Елді сорған сұмдардың

Қырықтырды басын түймедей.

Байларды айдап жиғызды,

Тұмылдырық кигізді.
Жүсіп бұқара қамын ойлаушы болса да, оның мына қантөгісі құптарлық іс емес. Мағжан Жүсіп бейнесі арқылы сталинизм дәуірін әшкерелеп отыр. Поэманы жазған жылдары ақынның өзі ескішіл, байшыл ақын атанып, қуғынға ұшырай бастайды. 1924 жылы Мәскеуде қазақ жастары Мағжан шығармаларын теріске шығарған қаулы қабылдап, Қазақстанға жібереді. Қаулы 1925 жылы 14 қаңтарда «Еңбекшіл қазақ» газетінде жарияланады. «Жүсіп хан» поэмасы да сол жылы «Шын ертек» деген атпен осы газетке шығады.

Ақын Жүсіп бейнесі арқылы сол кездегі Кеңес өкіметі саясатын сынап отыр. Жүсіп кедей болса, Кеңес өкіметі де кедей, жұмысшылардан құрылды. Жүсіп байларды тұмылдырықтаса, елді сорғандардың басын түймедей қырықтырса, Кеңес өкіметі де қазақ байларын кәмпескелеп, жер аудартып, халыққа қарсы қойды, «халық жауы» деп талай азаматтарды құрбан қылды.

Сөйтіп, оныншы күні таңында Аббас хан маңындағылар Жүсіп ханды өлтіріп, Аббас хан қайтадан тағына отырады.

Р.Нұрғали: «…Жүсіпханда» тұлға мен тобыр, мансап пен ұждан диалектикасы бар», – дейді [2, 102 б.].




1.6 «Тоқсанның тобы» дастаны

1927 жылы «Еңбекші қазақ» газетінде «Тоқсанның тобы» поэмасы жарияланады.

М.Базарбаев: «Мағжанның ең соңғы ірі туындыларының бірі – «Тоқсанның тобы». Бұл поэмада ақын жаңа өмір жолына үңіле қарап, оған шын көңілімен ден қойғанын мойындайды. Бүкіл халықтың жаңа тұрмыс құруға бет алғанын, өзі де оған қосылатынын айтады. Тоқсан деп көпшілікті жүздіктің онын емес, тоқсанын қолдаймын дейді» [1, 30 б.].

1927жылы поэмада қосымша ретінде Шаймерден Тоқжігітұлының «Тоқсан тобы туралы» деген мақаласы басылды. Онда Мағжанның бұрынғы жолы партия жолынан басқа болғанмен айта келіп, «Бір ғана «Тоқсан тобын» жазғанмен, Мағжанның тоқсан жағына шыққанын әйгілеп, жариялап айқайлауға да болмайды. Мағжан қазақ еңбекшілерінің ақын-жыршысы болды деп қуануға да болмайды», – деп түйіндейді [7, 412 б.]. Және бұл мақаланы партиялық тапсырмамен жазғанын да ескертеді. Бұдан сол кездегі көркем шығармадан бастап, мақалаға дейін партиялық нұсқаумен жазылып отырғанын аңғарамыз. Тіпті, Мағжанның бұл поэмасына Голощекиннің өзі де пікір білдіріпті. Оны Ш.Тоқжігітұлы мақаласында келтіреді: «Бұл туралы өлкелік партия комитетінің хатшысы Голощекин жолдас конференцияда не деді? «Қазақстанның октябрь мерекесіндегі күйі» деген кітабында не деп отыр: «Қазақ ақыны ұлтшыл Жұмабайұлы ауылда не боп жатқанын көргеннен кейін «Тоқсан тобы» деген өлеңді былай жазады:


Тоқсаннан сонау он аулақ,

Сонау оннан мен аулақ,

Мен тоқсанмен біргемін.
Мінекей, Октябрь төңкерісінің екпіні, Кеңес құрылысының күйімен патшалық дәуірдің тепкісінде езіліп, шала-жансар боп қалған қазақ жұртының көзге түскен халге жетуі, өсуі қандай сыңарезу байшыл ақындарды да ойға түсіріп, бағытын өзгертіп отыр» [7, 416 б.].

Осы секілді пікірлерден жиырмасыншы жылдардағы әдеби сынның саясат құралы болғанын аңғарамыз. Мағжанның «Тоқсанның тобы» поэмасы социалистік реализм әдісімен жазылған. Ақын амалсыз кедейге жатпайтын ондарды былай бейнелейді:


Кімдер жоқтан бастайын,

Қысқа қайырып саспайын,

Танаудан тізіп санайын.

Жалпы айтқанда, жоқ жауыз,

Жатып сорар жалмауыз,

Еңбекші момын маңайын.

Пара алатын арбалар,

Атымен обыр ұлық жоқ.


Мұндағы жалмауыз бен ұлық – ақ патша және оның ел билеушілері.
Сары обырдың серігі:

Жеті басты жебірі,

Қарғылы құтпан болыс жоқ.

Буаз бие қарынды,

Пара алмаса, арынды,

Баяғының биі жоқ.

Ұлыққа тамақ табатын,

Арсалаңдап шабатын,

Ауылнай атты күшік жоқ.

Үйірлеп малай жалдайтын,

Жалдамайтын, жалмайтын,

Еңбексіз обыр сасық жоқ.

Көлемі күйек сәлделі

Ишан атты пасық жоқ.

Түкірік жағып көзіне

Жұртты улайтын сөзімен

Өгіз көзді молда жоқ, –
деп бүкіл би-болыс, бай, молдаларды ұнамсыз етіп көрсетеді. Алдыңғы өлең, поэмаларына бұл шығармасы қарама-қайшы келеді. Мысалы, «Қойлыбайдың қобызы» поэмасында:
Жарасқан бай мен биі, батыр, бақсы,

Алыста елестейсің заман қайран, –


деген болатын.Ал тоқсан дегені – кедейлер қауымы.
Бұл жиында кімдер бар?

Жалпы еңбекші, жарлы бар.

Тап талтүсте таланып,

Тірі күйі тоналып,

Соғым болған сорлы бар.
Сөйтіп, Мағжан да қолдан «үстем тап» пен «езілуші тап» жасайды. Өзінің көпшілік жағында екенін білдіреді.
Ұзын сөздің түйіні –

Бұл тоқсанның жиыны.

Жүзден тоқсан түгел бар.

Жүзден тоқсан – еңбекші.

Он тоқсанға көнбекші.

Көнбесе жаныштар жігер бар,

Жырладым елді жалпылап.

Жасырман, жүзді жоқтадым,

Тоқсанға енді тоқтадым,

Толғанып, ойлап талқылап, –


деп, бұрынғы жолдан шығып, заман ыңғайына бейімделгені, мойынсұнғаны аңғарылады.
1.7 «Өтірік ертек» поэмасы

«Өтірік ертек» поэмасын Мағжан суретші Арлаудың «Мысық, тышқан» деген он төрт суреті бойынша жазғанын ескертіп кеткен. «Өтірік ертекте» мысал, тұспал әдісімен берілген әлеуметтік тартыстар сыры бар» [2, 102 б.].

Мұнда да ел билеуші және көпшілік, тізе батырушылық негізгі мәселе болады.

Тышқандарды жеп жүрген мысық бір күні қарны ашқанда мешітке барып қулық істейді.


Мейірімі мол, тәңірі ие,

Мынау мешіт үйінде.

Ант ішемін атыңмен,

Тіпті арамдық етпен деп,

Тұмсығына шертпен деп,

Енді тышқан затының!

Сүттей аппақ ниетпен

Бір өзіңе ант берем:

Енді өмірімде ет жемен!

Ұшыраса аш тышқан

Етімнен кесіп ет берем.
Мысықтың осы сөзіне сенген тышқандар той жасап, елшілер мысыққа достықтың белгісі деп тарту апарғанда, мысық оларды қырып салады. Мағжан мысық арқылы сол кездегі қазақ елін жарылқаймыз деп, артынан зобалаң салған қызыл империяны көрсетіп отыр.

Сөйтіп, тышқандар мысықпен соғысып, мысықты хандары зынданға салдырады. Ертеңіне дарға аспақ болғанда мысық құтылып кетеді. Көпшілік ханның ақымақтығынан көреді.


Хан қырағы данам деп,

Ханның тілін алам деп,

Қырылды ғой ел бейбақ!

Қой, хан деуді қоялық!

Ханның көзін жоялық!

Мысық та жау, хан да жау.

Біреуі оның тыстан жау,

Біреуі оның іштен жау;

Жаудың ісі – ел талау…
Осылай жұрт ақылдасып, мысықпен тағы соғысып, жеңіп, ханмен бірге қосақтап айдайды.

Мағжан сыртқы жау, ішкі жау деп сол кездегі қазаққа ниеті дұрыс еместерді әдейі астарлап айтып отыр. Қазақтың ішінен шыққан жаулар репрессия кезінде талайлардың өліміне себепкер болды.


Соныменен хан, мысық,

Кетті қаңғып қан құсып,

Қуанышта қалың жұрт

Деп: «Бұғаудан босандық!»

«Жасасын, – деп, бостандық!»

Қол соғылды шарт та шұрт.


Мағжанның айтайын дегені осы жолдардан көрінеді. Поэманың идеясы – бостандық.
Екі жауын осынау

Қылған кейін қанталау

Қалың тышқан – қалың ел, –
деп поэмасын аяқтайды. Көпшілік жұмылып, бірлесе қимылдаса, талаушы, қанаушыдан құтылуға болады дегенді айтқысы келді.
1.8 «Оқжетпестің қиясында» поэмасы

«Оқжетпестің қиясында» поэмасы 1923 жылы жазылған. Поэма Кенесарыға арналған.


Арқада Бурабайға жер жетпесе,

Алашта Кенекеме ер жетпейді.

Көкшеде күңіренген Кенем қайда?!

Дәриға, жүрегімді дерт өртейді.


«Мағжанның «Оқжетпестің қиясында» поэмасының тууына Көкшетаудағы «Кенесары үңгірі» деп аталатын жер аты себепкер болса керек. Екіншіден, Мағжан Кенесарының ұрпақтарымен қоян-қолтық араласқан адам». [3, 175 б.].
Мағжан да сол үңгір туралы айта кетеді:

Алашта талай-талай ерлер өткен,

Ерлерде Кенекеме кім бар жеткен?

Сүйремей елін өрге, көрге сүйреп,

Ер емес «ершіктер» ол елді еңіреткен, –
деп, шен-шекпенге елін сатқан «ершіктер» болғанын ескертіп, ары қарай:
Жалғыз-ақ Кенекем ғой қайрат қылған,

Қазақты құтқарам деп қалың өрттен…

Бір кезде Кенекемді ойлар билеп,

Бір өзі Бурабайда кезіп кеткен,

Артында Оқжетпестің үңгір тау бар,

Сол тауда бірнеше күн мекен еткен, –


деп, Кенесарыны ардақ тұтады. Кенесары көтерілісіне әділ баға береді. Ал, С.Сейфуллин «Көкшетау» поэмасында Кенесарыны ел талаушы етіп көрсеткен.
Сол құзда жатқан мошап үйілісіп,

«Жат болған» Көкшетауға күйінісіп.

Шаппақ боп, дуан менен таудағы елін,

Күштерін жиып, тастай түйінісіп, –


деп, Кенесары орыстардың қолында бекініске айналған Көкшетау дуанын тартып алу үшін қол жиды дегенді айтады. Кенесары көтерілісін халық бостандығы үшін деп бағаламайды.

Кенесарының ел талау жағына келсек, Б.Қанарбаева мынадай деректерге сүйенеді: «Көтерілісті терең зерттеп жазған тарихшы, профессор Е.Бекмахановтың пікірінше оның өзіндік себептері болған. Мәселен, көтерілісті қазақ руларының бәрі бірдей қолдамаған.

Екіншіден, үнемі ат үстінде жүрген Кененің қолын азық-түлік, қару-жарақпен жасақтайтын тегеурінді тылы болмағандықтан, елден зекет жинаған, оны бермегендердің аулын да, малын да шауып алып отырған. Кенесарының қолында болып қайтқан тыңшылардың бірі орыстарға берген мәліметінде «Кенесарының қолы тым жүдеу, арам өлген жылқының етімен қоректенеді» дейді» [3, 177 б.].

Сонда, Кенесары қарақшылықпен айналысқан жоқ, ел мүддесі үшін жүргендіктен, елге сүйенеді, бермеген соң тартып алуға мәжбүр болады.

Поэмадағы қария – аруақ, пір. Мағжан Кенесары бейнесін ашу үшін және идеясын жеткізу үшін әдейі кірістірген. Ол Кенесарыға былай деп тіл қатады:
Кенежан, берірек кел, сырттан балам,

Ел үшін елсіз жерде жортқан балам.

Сақтайтын көзден-тілден сендей ерді,

Ата – пір, қасиетті мен қарт бабаң.

Өз қолыммен төменнен тартып алдым,

Қияда күтіп сені сансыз заман.


Мағжанның аруақты алып отырғаны: бұрынғы кезде қазақ аруаққа, пірлерге қатты сиынған. Олар туралы неше түрлі аңыздар да бар. Пір Кенеге тағы былай дейді:
Алаштың алдын қара тұман жапқан,

Мынау орыс обыр ол еміп жатқан.

Заман азған шағында адам азбақ,

Көп ерлер жаумен бірге елін шапқан.

Кенежан, елің қалды жау қолында,

Алып кет алашыңды осы жақтан.

Жау қалың: азғантай ел, азғантай сиақ,

Болғай ед аруақ жар, құдай панаң.

Мерт болсаң мақсұтыңа жетпей егер,

Сол сағат мен осы жерде тасқа айналам.

Алашта тағы сендей ер тууын,

Төбеде тас боп шөгіп күтіп қалам».


Мағжан қазақ елінің тағы да отарлануын пірге айтқызып отыр. Оқиға ХІХ ғасырда болғанымен, Мағжан өз заманынан жақсылық күтпейді.
Арыстан Алатауда мерт болғанда,

Оқжетпесте тұрған қарт тасқа айналды.

Содан бері бірталай заман өтті,

Алашты улай-улай жаман өтті.

Тұлпар-тулақ, ел арып, аруақ боп,

Сарыарқа сайран жердің сәні кетті.

Жолбарыстар жортатын сар далада,

Қорсылдаған доңыздар мекен етті.

Жалғыз-ақ Оқжетпестің қиясында,

Шөккен қарт Күншығысқа түзеп бетті,

Көп заман талмай-тозбай тау басында,

Алаштан Кенекемдей бір ер күтті.

Құдай-ау, мәңгілікке қарғамасаң,

Кенедей енді неге ер тумайды?!

Кене жоқ, ізін басар іні де жоқ,

Дәриға, жүрегімді дерт улайды, –


деп, Кеңес өкіметі кезінде Мағжан осылай түңілді. Қашан Кенесарыдай ер туып, қазақ бодандықтан құтылады деп армандады. Мағжан осы поэмасын жазып, зарлағаннан кейін 63 жылдан соң желтоқсан оқиғасы бұрқ етті.
2 Ж. Аймауытов романдары
2.1 Ж. Аймауытовтың «Ақбілек» романы

Жоспар:


1) Роман тақырыбы, идеясы;

2) Ақбілек, Қарамұрт, Бекболат бейнелері;

3) Мұқаш, Балташ, Ақбала бейнелері;

4) Мамырбай, Бозінген, Алтынай, Өрік, Ұрқия бейнелері;

5) Романның көркемдік ерекшеліктері.
Роман тақырыбы, идеясы

«Ақбілек» романы – кезінде жеке кітап болып басылып үлгермеген шығарма.

Романда азамат соғысы кезіндегі қазақ даласындағы аласапыран жағдай, әлеуметтік тартыстар, жеке адамдар тағдыры сөз болады. «Мұнда феодалдық-рушылдық ортада жікшілдік тартыстардан қорлық көрген қазақ қызының жаңа заман шындығын пайдаланып, өз бақытын табуы, тең құқылы азамат болуы бейнеленеді», – дейді С. Қирабаев[9, 14 б.].

Ақтар қашып, қызылдар қуып, қазақ елі тыныштықтан айрылған заманда көптеген қиянат, зорлық-зомбылықтар болып жатты. Әсіресе қазақ қызының бұрын болмаған қорлыққа ұшырауы – ауыр сын. Оны жеңіп шығу үшін қайрат-жігер, төзім керек болады. Романдағы басты кейіпкер өмір ауыртпалығын осындай қасиеттері мен білім арқасында жеңіп шығады.



Ақбілек, Қарамұрт, Бекболат бейнелері

Негізгі кейіпкер Ақбілек – роман басында уайым-қайғысыз жүрген ерке қыз. «Мамырбайдың Ақбілегі, Ақбілегі – жас түлегі, айы-күні – сұлу қызы, алтын сырға, күміс шолпы сылдырлатып, былдырлатып, ақ көйлегін көлеңдетіп, қызыл, жасыл көрпелерін қағып үйге әкелген ед» [9, 145 б.].

Ақбілек екі кештің арасында бақытсыздыққа ұшырайтынын қайдан білген. Тауды паналап жүрген қашқын ақтар Мұқаштың көрсетуімен Ақбілекті тауға алып кетеді.

Бірінші рет көріп тұрған өңшең орыстардың ортасында Ақбілек қара мұрт орысқа назар аударады. «Олар күліп жаңылдап отырғанда, төрде жатқан ұзын бойлы, аққұба, қара мұрт орыс оянып, қырынан жатып, Ақбілекке көз салды. Ол өзгелердей сөйлескен де, күлген де жоқ, көп күліп жатқанда, біреу сазарып отырса, оның жаны жұмбақ қой. Жұмбақ нәрсе адамды құштар қылмақ қой. Әлде өзіне бастас қылғысы келді ме, немесе одан бір жылы сөз күтті ме, болмаса әйелге біткен жеңсікқойлық мұны да жеңді ме, әйтеуір қапаста қапаланып, жалынарға жан таба алмай отырған Ақбілектің көзі еріксіз қара мұртқа түсті».

Ақбілектің қара мұртқа үмітпен қарауы одан бір көмек күткендікті білдіреді. Проф. Қ.П.Жүсіп өз дәрісінде осыны Л.Толстой айтқан «жан диалектикасы» деп түсіндірді.

Кейін өзі үшін екі орыстың жекпе-жекке шыққанын естігенде Ақбілекті мақтаныш сезімі билейді: «Алды-арты тұйық, қараңғылық, не болары белгісіз… сонда да Ақбілек тірі, Ақбілек сұлу… Ол елден асты. Қазақ тұрсыз, атағын орыс естіп, іздеп келіп, алып қашты… орыс біткен бұған бола қырқысты…» [9, 160 б.]. Ақбілек бұл істің Мұқаштан келгендігін білмегендіктен осылай ойлады.

Ақбілек басында орыстарды құбыжық көргенімен, кейін оларға үйренісуге тура келеді. «… анасын, ауылын ойлап, аузына дәм салмай, аштан қатып, бүк түсіп көрсе де, әрі-беріден соң шыбын жаны түскір шыдатпады, мезгілсіз өле алмады. Өмір шіркін неден сонша тәтті болды екен! Адам дегеніңіз «Басқа түссе, баспақшыл» болады екен. Абақты екеш абақтыға да, зынданға да, соғысқа да жүре-жүре адамның еті үйреніп көндігіп кетеді деседі, өлім жазасына бұйырылғанын естіген адам да тамақ жеп, ұйқы ұйықтап, өмір сүруден безе алмайды деседі. Дүниеде адамнан көнгіш мақұлық бар дейсіз бе? Ақбілек те бірте-бірте тұтқынға еті өлгендей, бойы үйренгендей болды» [9, 170 б.].

Жазушы осында жалпы адам баласының өмірдің кез келген жағдайына көндігетінін айтып отыр.

Ақбілектің көзқарасынша Қара мұрттың өзіне бәйек боп, жас баладай күтуі ерсі, таңсық. Қазақ ғұрпында еркектің әйелге олай кішіреймейтінін білетін Ақбілек Ќара мұрттың мінезін оғаш көреді. ¦лттыќ ерекшелікті кµреміз.

Ақбілек жас болса да ширақтығымен өзін қара мұрттың мылтығынан аман алып қалады.

– Мені өлтірме! Қасықтай қанымды қи! Мен саған тағы керек болмасымды қайдан білесің? Мен түсімде саған еріп қала барып жүр едім. Сен бұл жолдан аман-есен қайтасың, елге аман барасың…- деді [9, 173 б.].

Ақбілектің қасқырларды көргенде ойына бірден от жағу келмейтіні нанымды берілген. Қолындағы таяғын сермеп, айналып жүргенде аяғы күлге тиіп кетіп, шоқ шашырағанда ғана есіне от түсуі жазушылық шеберлікті білдіреді.

Еліне қарай кетіп бара жатқан Ақбілектің сезімін жазушы психологиялық параллелизммен шебер жеткізеді: «Асуға шыға бергенде, артына бір қарады. Аяқ астында томардай томпиып қостар тұр. Анау тау жылғасындағы ағаш, анау көгал, анау сай-сала, анау орқаш-орқаш тас Ақбілектің адамгершілігін аяққа таптаған, абыройын төккен жер. Оларға көзі түскенде күйінген, өкінген, жиренген - әйтеуір өзегін өртеген бір жаман сезім пайда болды. Төрдегі таза төсенішті былғап кеткен күшікті желкесінен ұстап, өз тезегіне өзінің тұмсығын тигізсең, қандай жеріп, қыңсылап, кейін шегінеді. Артына қарағанда, Ақбілек те сол күшік тәрізді болды. Қарағысы келмеді, теріс айналды» [9, 177 б.].

Осы үзінді роман жанрының психологиялық екенін айқындай түседі. Намысы тапталғаннан кейінгі қыздың қорлануын жазушы бейнелі суретпен көз алдымызға дәл келтіреді.

Ақбілектің аяғы ауыр екенін жазушы әуелі нақты айтпайды, жанамалай білдіреді. «… тағы бір өрге шыққанда аяғы қорғасын құйғандай ауырлап кеткен тәрізденді; сүйектері сынып бара жатқандай болды. Ақ сүйек ойнағанда ор қояндай орғып, бір қажымайтын аяғы түскірге не болды? [9, 177 б.]. Қыз тәжірибесіз болғандықтан екіқабат екенін білмейді. Қыздың аяғының ауырлап кетуі – деталь. Жазушы Пушкиннің «бәрін айтпау» деген қағидасын ұстанған.

Жолда бір ауылға тоқталғанда да қыз кедейдің үйіне барғанды қалайды. Себебі көпшіліктің көзіне күйсіз қалпында түскісі келмейді, бейсауат жүрісінен де қысылады. Мұнда да қыздың байыптылығы, ақылдылығы білінеді. Аулына келе жатып Ақбілек өз-өзінен жирене бастайды: «Енді бұрынғы нәрестедей уыз денесі былғанып, арамданып қалған тәрізді, бұрынғы кіршіксіз, аппақ кеудесіне енді қара құзғын ұя салып кеткен тәрізді; күнә-сұмдықты білмейтін ақ жүрегі арамдықтың неше атасын біліп, бұрынғы қыз басы қатын боп қалған тәрізді: бұл былғанған дененің кірі, жанның күнәсі өмірі тазармайтын тәрізді. Өз аулының тауына, жеріне жақындаған сайын таза жерді басуға өзінен-өзі ұялып, атылып өліп кетпей, қара мұрттың мылтығына бекер-ақ жармасқан екем деген өкініш пайда болды; ит жалап кеткен ыдыстай, өзінің денесін де арам деп білді…» [9, 194 б.].

Бұл монолог Ақбілектің ішкі арпалысын, тартысын білдіреді.

Ақбілек аулына келгенде біраз уақыт ауыл адамдары оған бәйек боп, жаны ашитындай, сыйлайтындай көрінеді. Ақбілек «жұрттың көзқарасы маған өзгермепті, менен ешкім жиренбейді екен» деген ойда болады.

Сіңлісі Сара мен інісі Қажікенді күтіп, бауырмалдығын көрсетеді.

Бірақ Ақбілекте басқа қайғы пайда болады. Әкесі бұрын қызы дегенде өліп тұратын болса, енді қарамайтын, сөйлемейтін болған. Онсыз да қорланып жүрген Ақбілекке әкенің суып кетуі ауыр тиеді. «Әкесінің қабағы қашан жадырар екен, қашан жылы қарар екен, қашан тіл қатар екен?» – деп сарылып, сарғайып күтеді. Жар дегенде жалғыз әкем мені жек көрсе, енді мен кімге сыямын?» деп қайғырды» [9, 242 б.].

Ақбілек қанша қайғырғанмен, әкесі қарамайды, қызы да күдерін үзіп, үй шаруасымен айналысады.

Жеңгесі Ұрқия Ақбілекке жұрттың «орыстар не істеді екен, орыстан кейін не боп қалды екен?» деп ойлайтынын айтады. Ұрқияның өз ойы да осы болатын. Ақбілек жеңгесіне бастан - аяқ баяндап береді.

«Оңаша болса: жеңгесі Қарашат жайынан оны-мұны сұрап қояды. Ақбілек дүние көрген кісі боп, кейде қарамұрттың қылықтарын асыңқырап айтатын да болды. Өткен күндер бір түрлі жиренішті болса да, айта-айта жиренішті жақтары ұмытылып, сұлу жақтары көбейіп, ертегі тәрізденіп кетті». [9, 244 б.].

Кеше ғана арын таптап жұртқа масқара қылған қарамұрт туралы Ақбілектің кексіз, тамсанып әңгімелеуі туралы Б.Майтанов былай дейді:« Ажал тырнағынан құтылғанына қуанған Ақбілектің Қарамұртты мүлде естен шығара алмауын көрсетуде көлгірсушілік жоқ» [10, 37 б.].

Қайткенде де Ақбілек Қарамұртқа ызаланбайды. Тіпті Бекболат келгенде де оның саусақтарын Қарамұрт саусақтарымен салыстырады. Сөйтіп жүргенде аяғы ауыр екені білінеді. Ақбілекке бұл жаңа дерт болады.

Ақбілекке өгей шешесі Өрік қатты өштеседі. Әсіресе аяғы ауыр екені білінгенде қуанғаннан жүрегі жарыла жаздайды. «Бұ хабарды естігенде, Өрік өлген байы тіріліп, екі баласы қолына тигендей қуанды. Дүниеде әйел бір-бірімен өштеспесін. Әйел өштессе, аяу дегенді білмейді. Қайдағы жараның аузын жұлып алатын нәзік, жанды жерді аңдиды. Әйел шақса, шаяннан бетер шағады. Әйел өмірі кешірмейді» [9, 279 б.].

Жазушы әйелдер психологиясын жетік біледі. С.Шаймерденов үнді жазушысы Тагордың «Күйреу» романын аударғанда былай депті: «Мен өзім оқыған классикалық әдебиетте әйел жанын дәл осы Тагорша терең түсініп, нәзік те, шебер суреттей білген жазушыны білмеймін» , – дейді. Жүсіпбекті Тагордан кем түседі дей алмаймыз.

Ақбілек ұзақ азаптанып, Көркембай кемпірдің жаман үйінде ұл босанады. Бірақ оған қуанатын Ақбілек емес. Аналық сезімін туғанға дейін көрген азап, қорлығы тұмшалап тастағандай. Кемпірге баланың көзін жоғалт дейді.

«Ақбілек те Ескендірден (сәбиін білмей тұрып) қашқан. Ұяттан қашқан. Моральдық фактор үстемдік көрсеткен. Бәрінен бұрын өзін сүйген. Өзін аяған, әкесін, жақынын аяған. Ақбілек бейнесі сонда да тартымды. Оған себеп – жазушының ұлттық орта, психология талаптарын айқын сезіне біліп, кейіпкерін жағдай мен мінез бірлігі тұрғысынан сенімді түрде суреттеуі» [10, 38 б.].

«Жығылған үстіне жұдырық» дегендей Бекболат та «екіқабат екенің рас болса, түңілейін» деп хат жазады. Әйтпесе ол Мамырбайдың бермеймін дегеніне қарамай Ақбілекке үйленбек боп жүреді. «Бір қайғының үстіне бір қайғы жамылып, Ақбілек ең соңғы алданышынан айрылғандай, ойын қара тұман басты; кешегі баладан неге өліп кетпедім екен деген ой тағы келді. Өзін бұл дүниеге керексіз, артық адамдай көрді» [9, 283 б.].

Бұдан кейінгі Ақбілектің өмірі бес жыл өткен мезгілден кейін шегініс арқылы Кәмиламен диалог арқылы баяндалады.

Ауылдағы жанашыры жеңгесі Ұрқия болса, қалаға оқуға келген соң туған жеңгесі Мағиша қамқоршы болады.

Ақбілек Семейде, Орынборда төрт жылдай оқиды. Басқа қыздар секілді жігітпен қыдырмайды. Жеңгесінің ақылын тыңдайды. Жеңіл жүріске салынып кетпей, білім алып шығады. Ол салмақтылық, шыдам, ерік-жігер көрсетеді..

Ақбілек әуелі Ақбала деген оқығанға көңілі кетіп, екеуі үйленбек боп жүреді. Бірақ Ақбала Ақбілектің жағдайын естігенде бас тартады. Балташ деген оқыған жігіт Ақбілектің басынан өткенін білсе де үйленеді.

«Сенің өткен күндегің маған керек емес, адамшылығың керек. Өткенге сен жазалы емессің», – дейді Балташ [9, 313 б.]. Ақбілек Балташпен некеге тұруға барғанда баяғы Қарамұртты көреді. Ақбілек оған кештім дегендей басын изейді. Қарамұрттың да өкінген сыңайы байқалады. Ал Ақбілек Балташқа ешнәрсе сездірмейді. Сыр сақтай білетіндігі, кейбір нәрселерді айта беруге болмайтынын жас та болса байыптай алатыны аңғарылады.

Ақбілек Балташпен еліне бара жатып жолда бір ауылға түседі. Кірген үйлері Бекболаттікі боп шығады. «Бекболатпен жолыққан күндер замат көз алдына елестеп өтті. Әйтсе де өткен күнге өкінген жоқ. Бұрынғы арман қылатын тұрмыс енді аяқ астында қалғандай, өзі басқа бір жаңа, жарық дүниеге көшкендей. Бір жоғары көңіл пайда болды. Бекболат бұрынғыдай емес, сақал, мұрты да көбейіп, бет-аузы да ажымданып, бойы да аласарып, қораш боп қалғандай көрінді» [9, 319 б.]. Жазушының Ақбілекті Қарамұртпен, Бекболатпен кездейсоқ кездестіріп отыруы Л.Толстойдың «Соғыс және бейбітшілік» романындағы кейіпкерлердің бір -біріне жолығып қалып отыруларына ұқсайды. Толстой да Наташа мен Андрей Болконский, Болконский мен Анатоль Курагин, Пьер Безухов пен Долоховтарды өмірлерінің әр түрлі соқпақтарында ойламаған жерден кездестіріп отырады. Бұл тәсіл кейіпкерлердің өмірге деген көзқарастары өзгеріп, өздері не биіктеп, не төмендегендерін дәлелдеу үшін қажет болған.

Ақбілек бұрын үйінде жүргенде Бекболатқа қосылсам деп, көз алдына бақытты тұрмысты елестетуші еді. Енді уақыттың өзі оларды қайта жүздестіріп, Ақбілектің жоғарылап кеткенін, Бекболатты менсінбейтіндей халге жеткенін көрсетіп отыр.

Кезінде қорлық көріп, Ұрқиядан басқаға керек болмай кеткен Ақбілек енді оқыған, жар тапқан әйел боп келе жатыр. «Ақбілек Алтайға шыққанда, баяғы апасын өлтіретін, өзінің абұйырын алатын, өгей шешенің қорлығын шегетін, Көркембай кемпірдің көр үйшігінде жаны көзіне көрінетін, алай-түлей, қараңғы күндер барса келмеске біржола кеткендей, анау алыста, етекте біржола қарасы өшкендей боп көрінді. Ақбілек бейнеттен, қорлықтан, күнәдан құтылып сонау жеті қат көктегі ғарышқа апарып, жүрегін алтын легенге салып жуғандай, анадан жаңа туғандай тәрізді. Оның жүрегін жуып, тазартқан леген – аяулы жаны, Қаратаудай қайратты, ай мен күндей ғылым еді» [9,

320 б.].

Бұл үзінді – роман идеясы, түйіні. Ақбілек оқудың арқасында жаңа адам боп өзгерді, көзі ашылды, жар тапты. Бұрынғы күйіктен із де қалмады.

Ескендірдің өз баласы екенін білгенде Ақбілекті аналық сезім балқытады, өлтірмей алып қалғанына Ұрқияға риза болады. Кейін өз қолына алмақ болады. «Кезінде көзін құрттыға санаған Қарамұрт пен өзінен туған баласы – Ескендірге деген махаббат – аналық ұлы мейірім шуағы. Қасірет тозағының аспанынан бақыт жұлдызы шыға ма? Әкесін сүймей, оның перзентін шаттық көру қандай ғажап! Түсініп бағыңыз. Адам жаны неліктен төзімді, неге жұмбақ? Небір қияметті көтеретін адам жүрегі қандай берік?! Қаншама қайшылық бір адамның жанына қалай сыймақ? Керемет қасіреттен кейін баянды қуаныш табыла ма? Бүгінгі қуаныш кешегі қасіретпен қайтіп үйлеспек? Ақбілек тағдыры алдымен осы тақылеттес жан жүйе болмысына тән кермек сауалдарды алға тартуымен нанымды» [10,

38 б.].


Жазушы Ақбілек бейнесіне қатысты оқиғалардың бәрін логикалық, психологиялық дәлелдермен бере білген. Ақбілек бейнесін С.Қирабаев пікірімен қорытуға болады: «Әрине, Ақбілектің бұл күйге жетуі оңай бола салған дүние емес. Жазушы оның қайшылықты тағдырын жеңілдетпей,үлкен психологиялық образ дәрежесіне көтере білді.» [9, 15 б.].

Автор кейбір кейіпкерлердің өзін сөйлетіп, кім екендіктерін өздеріне айтқызады. Соның бірі – Қарамұрт. Қарамұрт байдың баласы, әскер академиясын бітірген, құл-құтанға бағынбаймыз деп қашқандардың бірі. «Мал-мүлкімді талады, кісімді өлтірді, қызымды алып кетті деп, бізді бұзық адам көріп, қазақтар жазғырады-ау… аң сықылды жайылған қазақ, біздің неғып мұндай күйге түскенімізді қайдан білсін?» [9, 150 б.].

Ол да өздерін ақтайтын дәлелдер келтіреді. Жетіскеннен тау паналап жүргеміз жоқ дейді. Өңшең еркек болғандықтан бізге де әйел керек болды дейді. Оның бір дұрыс ісі –Ақбілекті көпке ортақ етпей, өзі иемденуі, сол үшін өлімге бас тігуі. Бір оғаш ісі – кетерде Ақбілекті атып кетпек болуы. Алдыңғысы – адамшылығы болса, кейінгісі – тасжүректігі. Адам өлтіру тауық өлтіргендей болып кеткендігі. Ол өзін емес, заманды айыптайды.

Бекболат та өзі туралы өзі баяндайды. «Қара торы, орта бойлы, қошқар тұмсық, түлкі мұрт шүңірек көз жігітпін» [9, 149 б.].

Бұрын бір байдың, осы күні орта шаруаның баласы екенін, Ақбілекті елден таңдап айттырғанын, қалыңдығына жасырын келе жатқанда Ақбілекті әкетушілердің оғы тиіп жараланғанын айтады. Ауруханада жатып Ақбілекті ойлайды. «Ол осы күнде не күйде екен? Әлде тұтқында екі көзі жаудырап, жасын бұлап жүр? Әлде орыстар өлтіріп тастады? Әлде бір сары орыспен құшақтасып отыр? Әлде бәрі жабылып … деген ойға келгенде, шауып келе жатып, биік жардың ернеуіне төніп қалған кісіше, денесі шіміркеніп, жүрегінің астыңғы жағындағы бір нәзік қыл үзіліп кете жаздағандай болды» [9, 196 б.].

Жазушы Бекболат басындағы үрейленуді бейнелі түрде көз алдымызға елестетеді. Бекболат Ақбілекті алғаш көргенін есіне алады: «Маңдайы қасқиып, мойны қаздиып, көзі мөлдіреп, ерні үлбіреп, үріп ауызға салғандай жұтынып тұр еді-ау! Тал бойында бір міні жоқ, жаңа шығып келе жатқан сүйріктей еді. Шашбауын сылдыр еткізіп, сып етіп түрегелгені, тізесімен ақ көйлегін серпе тастап, аяңшыл бедеудей кербездене аяқ басқаны, дауысы күмістей сыңғырлап тәп-тәтті күлгені, … нәп-нәзік торғын қолымен қолтықтап көтеріп аттандырғаны, – бәрі-бәрі сондағыдай сайрап көз алдына келді» [9, 200 б.].

Ақбілектің сұлулығы, сымбаттылығы, нәзіктігі, әдептілігі, ақылдылығы, Бекболаттың көз алдынан кетпейді. Таразы басына сезімі мен жұрт талқысы қатар салынады. Қандай шешім қабылдарын білмей, біраз құбылады. Бәрін сарапқа салады: «Орыстардың талқысынан қалған қызды бұл ала ма? Алмай ма? Дүйім елге әйгілі боп, абиұры кеткен қызды қалай алады. Екі сөздің бірінде құрбы-құрдас бетіне басады ғой. Бірақ құдайшылыққа келгенде Ақбілек сорлыда не жазық бар? …Ел өсегінен қорқып, шынымен алмай кетпегі ме? Қой, өмірде қызық болмас. Өзге қызды алса да, оның суреті көз алдынан кетпес. Өмір бойы өкінер де жүрер» [9, 201 б.]. Сөйтіп Бекболат қабырғасымен кеңесіп, Ақбілектің жолында бәріне көнуге тоқтайды. Мұнда Бекболаттың ішкі тартысы көрінеді.

Ақбілектің хабарын зарығып күтеді, табылғанын естігенде қуанғаннан оның орысқа масқара болғанын ұмытып кетеді, боранда адасып кетіп табылғандай болады.

Досы Ақбергенге де соңғы байламын айтады. Ақбілекпен де кездесіп қайтады. Бірақ аяғы ауыр екенін естігенде қазақшылығынан аса алмайды.

Кейін Ақбілектер жолда Бекболаттың үйіне тоқтағанда Бекболаттың Балташтан төмендігі, оқымағандығы білініп қалады.

«Ақбілек трагедияның ішкі жаны болса, Бекболат – сыртқы кескіні. Бекболат – оқиғаның дүмпуі, жаңғырығы, қасіреттің зардабы, жағдаяттың қисынсыз құрбаны. Бекболат еш нәрсеге айыпты емес. Бірақ ол кінәлі жандай абыржиды» [10, 46 б.].


Каталог: fulltext -> transactions
transactions -> Казахстан республикасының Ғылым және білім министрлігі
transactions -> Азамат Тілеуберді
transactions -> Қырықбай Аллаберген тарих және баспасөЗ Қазақ мерзімді баспасөзінде тарихтың «ақтаңдақ» мәселелерінің жазылуыбаспасөзінде тарихтың
transactions -> Екінші кітап
transactions -> МӘШҺҮР – ЖҮсіптің лингвистикалық КӨЗҚарастары оқу құралы Павлодар Кереку
transactions -> МӘШҺҮр тағылымы жинақ 2 Том
transactions -> Е. Жұматаева жоғары мектепте оқытудың біртұтас дидактикалық ЖҮйесінің теориясы монография Павлодар 2012 Кереку


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет