Қазіргі қазақ тілі лексикологиясы бойынша курстық жұмыс



бет3/4
Дата23.02.2023
өлшемі54,11 Kb.
#169859
1   2   3   4
Байланысты:
М.Әуезовтың «Абай жолы» шығармасы тілінің лексикологиялық ерекшелігі
әдебиттік оқу, Шантасова Айдана м-21 (копия)-1-1-1, Көңіл-күй дәптері
Барымта - ру аралық тартыстың бір көрінісі. Романда барымта оқиғасы көп, Абылғазы, Балағаз барымтасы, Базаралының Тәкежан жылқысыны барымтасы т.б.
Құн төлеу – қазақтың әдет – ғұрып жүйесінде жазалаудың кең тараған түрі . Құнды – кісі өлтіргені үшін төлеген. Дәркембай қарт Құнанбай Меккеге жүргелі жатқанда, одан Қодардың жазықсыз өлтірілгенін айтып, құн төлеу туралы Жігітек атынан сөз сөйлейді. 
Қалың мал алу – Абайға Ділдәні айттырғанда төленген мал немесе Әйгерімді аларда айттырылған жақтың берген қалың малын қайтару, бұл ырым Салиқа қыз дауында, Үмітай, Керімбала, балбала тағдырын суреттегенде кездеседі. 
Көп әйел алу -Шариғат заңнамасы Шариғат бойынша мұсылман дінін ұстанған пенде 4 әйел алуға толық құқығы бар. Ақын Абайдың атасы Өскенбай бес әйел алған. «Абай» энциклопедиясында: «Зердеден кейінгі төрт тоқалынан Өскенбай тоғыз ұл көрген» деп жазылған. Әкесі Құнанбайдың да төрт әйелі болған: Күнке, Айғыз, Ұлжан, Нұрғаным. Абайдың үш әйелі болған: Ділдә, Әйгерім, Еркежан. Абайдың сүйікті інісі Оспанның да үш әйелі болған: Еркежан, Зейнеп, Торымбала. 
Бітім үшін бала алысу - ескі дәстүрде дауласқан екі жақ бір - бірімен бітіскен жағдайда қыз беріп, қыз алысу немесе кешегі жауының үйіне тәрбиелеп алу үшін бала беру бар болған. Құнанбайдың Бөжейге асырап алу үшін кішкентай қызы Кәмшатты беруі. (104-бет, Жолда)
Әмеңгерлік – әйелге бүкіл рудың меншігі ретінде қарау әдет – ғұрыпта қатал сақталып келген әмеңгерліктен көрінеді. Бұл әдет – ғұрып бойынша қалың малы төленген әйел немесе қалыңдық ері (күйеуі) өлген жағдайда ерінің өзімен туыс аға – інісінің біріне немесе ең жақын деген өзге бір туысына тұрмысқа шығуы тиіс болған. Мысалы, Абайдың сүйікті жары Әйгерім бала кезінен мамайдың бір жігітіне айттырылып қояды. Қалыңдықтың айттырылған жігіті өлгеннен кейін әмеңгерлік бойынша жігіттің ағасына, егде тартқан біреуге беріледі. Бірақ Абай Әйгерімнің ол адамға жылап кете баруына жол бермейді. Әйгерімнің әкесіне қалың малын түгел төлейді, ал күйеу жағының барлық шығынын өтеп, қанағаттандырады. 
«Абай жолы» - ғасырлық туынды. Төрт томды эпопеялық көлемді роман қазақ қоғамының ғасырлық, әлеуметтік, тұрмыстық, отбасылық ғұмырын мейлінше дәл, айқын, адал бейнелейді. Бұл шығармадағы оқиғалар күн демей, түн демей толассыз өтіп жатады, бірін-бірі қуалай аққан дария толқындарындай сабақтас қалпында көрініс табады. Біз шығармадан мәңгілік толас таппайтын жақсылық һәм жамандықтың, ізгілік пен зұлымдықтың шайқасын көреміз, рухани қорымызды байыта түсеміз. Абайдың өмірінен үлгі аламыз. Мұхтар Абайдың жеке басына түскен қиындықтан, жеке бас трагедиясынан халық трагедиясын көтере білді. Данышпан Абайдың бала, жас Абайдан хәкім, дана Абайға дейінгі өмір кезеңін қамтитын бұл шығарманың қазақ әдебиетінен алар маңызы зор. «Абай жолында» қазақ қоғамының алуан түрлі топтары кең қамтылып, сан қырлы көрініс тапқан. Сонымен қатар романда қазақ халқының тұрмысы, діні, жалпы дәстүрлері: жаз жайлауға көшу, аза тұту, ас беру, жұт, болыс сайлаушы, дауға билік айту, аң аулау мен табиғи көріністері көркем айшықталған. «Абай жолы» - жай ғана тарих емес, көркемдік ойдың көрігінен өткен, бүкпесіз бейнеленген өмір шындығы, халықтың тағдыры, өткені мен келешегі жайында терең толғаныс. Абай – тұтас бір тарихтың дүниеге келуіне себепкер болған тұлға. Жастайынан көңілді баурап алатын көне жыр, ескі әңгіме, аталы сөзді жадына тоқып өскен бала Абай өте зерек алғырлығымен ерекшеленеді. Ол үш жасында-ақ үлкен адамша сөз сөйлеуі оның қоғамнан ерек, заманынан озық туғанына дәлел. Мұхтар Әуезов Абайды әрі ақын, әрі қайраткер, әрі ойшыл ретінде, қай қырынан болсын ұрпаққа үлгі бейнесін оқырманға жақын бейнеледі.

2. Абай лексикасы
2.1. «Абай жолдары» эпопеясының тілдік ерекшеліктерін зерттеудің қысқаша тарихы
Абай шығармалары тіліндегі лексика-морфологиялық ерекшеліктерді саралай келе ақын өмір сүрген кезеңдегі қазақ әдеби тілінің де жағдайын жан-жақты қарастырған. Суреткер қолданған лексикалық, грамматикалық қатпарларды әр қырынан талдап береді. Онда жаңадан жасалған, көнені жаңартқан, мүлде тың қолданыстардың себеп-салдарын анықтап, ұлы ақынның шығармашылығын даралай түсетін тұстары ерекше зерделілікпен баяндалады. Сөйтіп, «Абай — қазақтың қазіргі әдеби тілінің негізін қалаушы» деген тұжырымды тілдік деректермен бекіте түседі. Абайдың жазба әдеби тілдің негізін салудағы орнын анықтай отырып, ол өмір сүрген дәуір мен ортаның ара қатынасын, сол дәуірдегі әдеби тіл мен кітаби тіл байланысын жан-жақты талдайды.
«Абай жолы» эпопеясының тілі - Абай шығармалары тілі мен ортақтастығы, әсері. Абай шығармалары халықтың ауызша және жазба ескерткіштерінде сақталған көне қазақ мәдениетінен, шығыс мәдениетінің ұлы шығармаларынан - тәжіктің, азербайжанның, өзбектің классик, поэзиясынан, орыс сол арқылы Еуропа мәдениетінен нәр алған. М. Әуезов көрсеткен осы «үш ұлы қайнар бұлақтың» ізі оның өз шығармаларында да, әсіресе, «Абай жолында» сайрап жатыр. Жазушы «сөздік жағынан менің романдарымның Абай өмір сүрген тарихи дәуірге сәйкес ерекшеліктері мол. Оның үстіне мен Абайдың өз шығармаларының сөздік қорынан да мейлінше пайдаландым» дегенді сірә кемеңгер ақынмен өз арасындағы сол рухани ортақтықтан шығарып айтса керек. Абай шығармаларында да, эпопеяда да халқымыздың 19 ғасырдың 2-жартысындағы өмірі суреттеледі. Абай да, Әуезов те сол кезеңдегі көне қазақ мәдениетін, яғни халық тілі байлығын, әсіресе, ондағы байырғы құбылыстарды, шешендік нақыл сөздерді, мақал-мәтелді, билер айтысындағы түрлі көне және дәстүрлі сөз қолданыстарды, афоризмдік орамдарды, аңшылыққа, халқымыздың тақпақ пен тапқыр жауаптарында қалыптасқан ежелгі тілдік дәстүрді, ас беруге, қыз ұзатып келін түсіруге, өліктің артын күтуге, той-томалақ түрлеріне, әр алуан этнограф., заттықаласырухани мәдениетке байланысты лексик. қабаттардың қай-қайсысын да қажетінше қамти пайдаланды. Абай заманында Орта Азия мен Араб шығысының классик ақындарының шығармалары кеңінен тараған. Бұларды, яғни шығыс мәдениетінің ұлы шығармаларын - Рудаки шығармалары тілінің данышпан қарапайымдылығын, Фирдауси ғазелдеріндегі әуезді ырғақты, Низами мен Руми жырларының өн бойынан айқын сезілетін дыбыстық, сондай-ақ, жеке сөз түріндегі қайталауларды, синтаксистік егіздеулерді, ассонанс пен аллитерациялық тәсілдер, Сағди мен Хафиз өлеңдерінің сырт әуенділігі мен саздылығын барынша жетік білді. Шығыстың көркем сөз өнерінде кеңінен тараған садж, тавзе, ил-тизом, таносуб, иштиқоқ тәсілдерін өздерінің шығармаларында Абай да, Әуезов те жиі пайдаланды. Олардың тіліндегі садж тәсілінің, яғни жеке лексемалардағы дыбыстық қайталаулардың, ырғақты сөз орамдарының кейбір үлгілері, мыс., төмендегідей:


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет