Қазіргі қазақ тілі ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені



бет85/137
Дата05.02.2022
өлшемі2,55 Mb.
#24445
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   137
Бейнелеуіш сөздер. Еліктеуіш сөздер есіту қабілеті арқылы пайда болатын түсініктердің аттарын білдірсе, бейнелеуіш сөздер табиғатта кздесетін белгілі-белгілі елес, құбылыстарды көзбен көру қабілеті арқылы туатын түсініктердің аттарын білдіреді. Мысалы, Ырғалып қарға қарқ етті, ірімшік аузынан салп етті деген сөйлемдерді алайық. Мұндағы қарқ деген сөз –қарғаның дауыстауынан естілген дыбыстың атын аңғартатыны, соған сәйкес, еліктеуіш сөз сол түсініктің атауы болатыны жоғарыда айтылды. Ал осы салалас сөйлемнің екінші жартысындағы салп деген сөз дыбысты емес, қарғаның аузынан ірімшіктің жерге қарай түсіп бара жатқан я түскен кезіндегі көрініс елесін, сол көріністің бейнесін білдіреді.
Бейнелеуіш сөздер іс-әрекеттің тек сыртқы бейне-көрінісін ғана емес, әрі шапшаң болатынын да білдіреді. Бұл сөздерге де белгілі-белгілі көріністің, іс-қимылдың бейнесі негіз болады. Мысалы, бірдеме елең етті, от жалт етті дегендердегі елең, жалт деген сөздер белгілі көріністің бейнесін де, олардың тез болу ерекшелігін де білдіреді. Еліктеуіш сөздер сияқты, бейнелеуіш сөздер де қосарланып қолданылады да, солар арқылы бейнеленетін құбылыстардың бірнеше рет қайталанғанын білдіреді. Мысалы, елең-елең, жалп-жалп, қылт-қылт т.б. Еліктеуіш сөздер сияқты, бейнелеуіш сөздердің де қайталанған екінші сыңарының ашық дауысты дыбысы қысаң дауысты еріндікке айналып, іс-қимылдың бейнесінің бірде олай, бірде бұлай болып алмасып отыратынын білдіреді, мысалы, жалт-жұлт, қалт-құлт т.б. Еліктеуіш сөздер сияқты, бейнелеуіш сөздердің де түбіріндегі болуы сол сөздердің мағыналарына әсер етеді. Мысалы, От жалт етті және от жылт етті дегендердегі жалт деген сөзден көру қабілетінің күшті екендігі аңғарылса, жылт деген сөзден көріністің әлсіз болатыны аңғарылады.
Еліктеуіш сөздер сияқты, бейнелеуіш сөздердің де түбіріндегі дауысты дыбыстардың жуан я жіңішке болуы олардың мағынасында айырмашылық болатындығын аңдатады, мысалы, жалп-жалп етеді мен желп-желп етеді дегеннің, осыдан туған жалпылдайды және желпілдейді деген сөздердің мағыналары тең емес. Алғашқыда күшті, дөрекі, епсіз бейне байқалса, соңғыда әрі нәзік, әрі майда бейне елестейді. Сөйтіп, бейнелеуіш сөздер деп табиғаттағы құбыстар мен заттардың және неше алуан жан-жануарлардың сыртқы сын сипаттары мен әрекет қимылдарын көру қабілеті қабылданған бейне көріністердің атауларын, яғни атаулары ретінде қызмет ететін сөздерді айтамыз.
Еліктеуіш сөздердің дыбыстық ерекшеліктерін сөз еткенде, үш түрлі мәселе ескерілуге тиіс:
дыбыстық құрамы, буын жігі, айтылу ырғағы.
Еліктеу сөздердің дыбыстық құрамында, демек, олардың дыбыстарының тіркесуінде белгілі бір ізге түсіп қалыптасқан, әрі орнықты, әрі жүйелі заң бар деуге болады. Оған еліктеу сөздердің мысалы, мынадай үлгілері айғақ.

  1. Арс, барс, гүрс,дүрс т.б

  2. сарт,сырт, морт, т.б

  3. жап, жып, лап, лып т.б

  4. зырқ, зірк, күрк, жарқ т.б

  5. даң, дүң, тың, күмп, күңк, жалп, желп т. б.

  6. баж, бұж, гүж, ақ, сақ т.б.

  7. гу, ду, зу т.б.

Бұл үлгілерде көрсетілген еліктеу сөздер, әрине, негізгі түбір формалар, Мысалы: алш, былш, ыз, тыз, ыс тәрізді көптеген туынды сөздердің жасалуына негіз болған (мысалы, алшы, алшаң, ызың, ызыл, ысқыр, кісіне т.б.), сондай-ақ, әуелгі түбірлері туынды сөздермен біте қайнасып ажырамайтын болып кеткен формалар да көп. Мысалы: салдыр-гүлдір, балдыр-былдыр, тырбаң сияқтанған сөздердің түбірлер жеке қолданылмайды.
Еліктеуіш сөздердің морфологиялық сипаты. Еліктеуіш сөздер сыртқы морфологиялық құрылысына қарай, жалаң да, күрделі де балады. Жалаң еліктеу сөздер негізгі және туынды болып екі салаға бөлінеді. Негізгі еліктеу сөздер деп айналадағы табиғат құбылыстарын есту арқылы қабылданған дыбыстардан және көзбен көру арқылы қабылданған елес-көріністердің бейнелерінен пайда болған түсініктердің атаулары, демек, сол дыбыстар мен бейнелердің атаулары есебінде қызмет ететін түбір сөздерді айтамыз. Мұндай негізгі еліктеу сөздер, практикалық тұрғыдан алғанда, қазіргі кезде тиісті морфологиялық бөлшектерге сараланбайтын бір тұтас тұлға сияқтанып келеді. Мысалы: ар, ыр, борс, дүрс, елп, жалт, жарқ, морт, мүлт, салп, селк, шалп т.б.
Туынды еліктеу сөздер деп негізгі (түбір) еліктеу сөздерден де және басқа атауыш сөздерденде тиісті жұрнақтар арқылы жасалған еліктеу сөздерді айтамыз. Мысалы: алшаң, елпең, кірбең, тарбаң т.б Сөйтіп, туынды еліктеу сөздер түбір еліктеу сөздерденде, өзге атауыш сөздерден де жасалады.
Туынды еліктеуіш сөздер жасайтын жұрнақтар мыналар: 1.–ң,-ың,-ің,-аң,-ең жұрнағы.
а) Негізгі еліктеу сөздер. Мысалы: мынандай сөздер: арс-аң, жымп-ың, жайқа-ң т.б
ә) Кейбір атауыш сөздер:мысалы: ала-ң, ағар-аң, дал-аң,домала-ң т.б
б) Кейбір жеке дара қолданылмайтын формалар. Ондай формалар бейнелеу етістіктеріне де және басқа есімдерге де негіз болған. Ол формалар қазіргі кезде жеке-дара түбір есебінде қолданылмайды.
2. –лаң,-лең,-алаң,-елең жұрнақтары кейбір етістіктерге жалғанып туынды еліктеу сөздер жасайды.Мысалы: бұр-алаң, иір-елең т.б.
Күрделі еліктеу сөздер деп жалаң еліктеу сөздердің я негізгі, я туынды формаларының не қайталануы не қосарлануы арқылы жасалған түрлерін айтамыз. Мысалы: арс-арс, жалт-жалт, лап-лап,жарқ-жұрқ, шап-шұп, қоқаң-қоқаң, арбаң-ербең т.б
Еліктеу сөздерден өзге сөз таптарына тән басқа да жаңа сөздер жасалады. Осындай туынды сөздер жасайтын басты жұрнақтар мыналар:

  1. –ыл,-іл (дүріл,гүріл,тарсыл, сыртыл т.б)

  2. –ыр,-ір (жалтыр, тақыр, т.б)

  3. –ақ,-ек,-ық,-к (елбек, бұрқақ, жалпақ,т.б)

  4. –ғыр, -гір (дүңгір, қаңғыр т.б.)

  5. –қыр,- кір (бақыр, кекір, жекір т.б.)

  6. –ыра,-іре (елбіре, салбыра, үлбіре т.б.)

  7. –ырай, -ірей (бүкірей, бақырай, кекірей т.б.)

  8. –ый, -ій (арби, ерби, арси т.б.)

  9. –й, -ай, -ей (арбай, едірей, қиқай т.б.)

10.–да, -де (арбаңда, ербеңде т.б.)
Еліктеу сөздерден басқа туынды сөздер тудыратын өзге өнімсіз жұрнақтар да бар. Мысалы: кісіне, құжына, пысына етістіктерін алсақ, олар –ына (-іне) жұрнағы арқылы кіс, құж, пыс деген еліктеу сөздерден жасалған. Қазіргі кезде жеке-дара сөз ретінде қолданылмайтын кейбір түбірлер көптеген туынды есімдер мен туынды етістіктердің жасалуына негіз болуымен қатар, туынды еліктеу сөздердің жасалуына да негіз болады. Мыс.: қоқиған, қоқсыған, қоқшиған деген есімдердің де, қоқым, қоқыс, қоқай, қоқақ деген еліктеу сөздердің де бастапқы түбірі – қоқ деген форма.
Еліктеуіш сөздердің синтаксистік қызметі. Еліктеуіш сөздердің синтаксистік қызметін сөз еткенде, екі түрлі мәселе баяндалуға тиісті: оның бірі – еліктеу сөздердің өздерінен басқа қандай сөздермен тіркесетіні, екіншісі –еліктеу сөздердің сөйлемде қандай мүше болып қызмет атқаратыны. Ал бұл мәселе жайында айтылатын қағидалар мынадай:
1. Еліктеуіш сөздің жалаң түрі мен күрделі түрінің қай-қайсысы болса да өздеріне тән атау формада тұрғанда бірен-сарандаған жағдайда ғана болмаса, тек етістіктермен тікелей тіркеседі. Бірақ еліктеу сөздер етістік атаулының бәріне бірдей тіркесе бермейді. Оның жалаң түрі де, қосарланған түрі де, ет көмекші етістігімен еркін тіркесе береді. Мыс.: Жанып жатқан от майлы көбік тамғанда, пыс етіп, борс етіп сөне қалып, қайтадан тез лап етіп жанды.
1.Еліктеу сөздер толық мағыналы дербес етістіктердің бәрімен де бірдей тіркесе бермейді, олардың ішінен тек өздерінің мағыналарына орайласатындармен ғана еркін тіркеседі. Мыс.: Машина кілт бұрылды.
2.Еліктеу сөздер етістіктерден өзге сөздермен некен-сақтап қана тіркеседі де, сын есім, үстеу, шылау сияқты сөз таптарымен тіпті тіркеспейді. Мыс.: Күңгірт сөйлеген шаңда-шұң дауыс шықты.
3.Еліктеу сөздердің сөйлемде қандай мүше қызметін атқаруы олардың өздерінен басқа қандай сөздерге тіркесуімен байланысты. Өйткені, жоғарыдағыдай, шаң-шұң дауыс шықты дегендегідей, зат есімдермен тіркесіп, орын жағынан олардан бұрын тұрып қолданылатын шаң-шұң тәрізді еліктеу сөз, әрине, анықтауыш болады. Ал еліктеу сөздер негізінде етістіктермен тіркесетін категория болғандықтан, олардың негізгі синтаксистік қызметі де сын-қимыл пысықтауыш екендігі күмәнсіз. 4.Дербес мағыналары бір негізгі етістіктермен тіркескенде, еліктеу сөздер қимыл мен іс-әрекеттің сын-сипатын білдіреді де, әрқашан пысықтауыш мүше болады. Мысалы: Абай кілт бұрылып жалт қарады. 5. Еліктеу сөздер субстантивтеніп есім формаларында жұмсалуы мүмкін.Мысалы: Осы сөзден соң Жігітек екі ұдайылықтан, былқ-сылқтан арылып, сөзді бір арнаға түйген-ді. Осы сөйлемдегі субстантивтеніп, шығыc септік формасында жұмсалған былқ-сылқтан деген еліктеу сөз толықтауыш болады.

Каталог: dmdocuments
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 15 сағ. Емтихан 4 Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Әдеби өлкетану Преподаватель Ақболатов Айдарбек Ахметұлы Вопросы: Вопрос №1
dmdocuments -> 2009ж. «Қазақ филологиясы» кафедрасы
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 5 сағ. СӨЖ 15 сағ. Емтихан Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Жаратылыстану математикалық факультет
dmdocuments -> Барлығы – 45 сағат
dmdocuments -> 2007ж. Қазақ тілі мен әдебиеті және оқыту теориясы кафедрасы
dmdocuments -> Қазақ филологиясы кафедрасы 050205
dmdocuments -> Барлығы – 90 сағат


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   137




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет