Қазіргі қазақ тілі



бет1/11
Дата11.03.2020
өлшемі163,51 Kb.
#59977
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
Биринши модуль


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ ПАВЛОДАР МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫ
ЕРҒАЛИЕВ ҚУАНЫШ СОВЕТҰЛЫ


ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚ ТІЛІ

Тест тапсырмалары 1-кітап

Павлодар 2014



УДК 811.512.122(075.8) ББК 81.2 Каз я73

Е 65


Баспаға Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтының Ғылыми кеңесі

ұсынған.

Пікір жазғандар: филология ғылымының докторы, профессор А.Қ.Тұрышев филология ғылымының кандидаты, доцент Ы.Б.Шақаман

Е 65 Ерғалиев Қ.С.

Қазіргі қазақ тілі. Тест тапсырмалары. –Павлодар: ПМПИ баспасы, 2014.
ISBN 978-601-267-274-9

1-кітап. -2014. –150 б.

ISBN 978-601-267-275-6

Әдістемелік оқу құралында қазіргі қазақ тілінің фонетика, лексикология, сӛзжасам мен морфология, синтаксис, орфография, пунктуация салалары мен жалпы тіл білімі, шешендік ӛнер және тіл мәдениеті пәндерінен тест тапсырмалары жинақталған. Жинақ іштей бір және бірнеше жауапты, сәйкестік пен хронологияға негізделіп құрылған тест тапсырмалары болып жіктелді. Ол тіл ғылымындағы жаңа тұжырымдар мен кӛзқарастарды басшылыққа ала отырып құрастырылды.

Тест тапсырмалары қазақ тілі мамандарын дайындайтын жоғары оқу орындарының филология факультетінің студенттеріне, мектеп мұғалімдері мен оқушыларына қажет құрал болып табылады.
УДК 811.512.122(075.8) ББК 81.2 Каз я73



ISBN 978-601-267-275-6

ISBN 978-601-267-274-9

© Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты, 2014

© Ерғалиев Қ.С., 2014


Алғы сөз

Ғылым мен техника дамып, білім беру жүйесін қазіргі озық әлемдік талаптарға сәйкестендіру заманында оқу үрдісіне түрлі ӛзгерістер енгізілуде: сабақ берудің жолдары, әдістері мен әдістемелері қайта қарастырылуда, сабақ барысында түрлі техникалық құрал-жабдықтардың мүмкіндіктерін барынша толық пайдалану талабы күшейтілуде, білім алушылардың ӛздігінен білім алуына баса кӛңіл бӛлінуде, т.б. Осыған орай, студенттер мен оқушылардың алған теориялық білімдерін тексеруге де назар аударылып, түрлі сынақ алу жолдары ойлап табылуда. Солардың оңтайлысы әрі тиімділерінің бірі – тест тапсырмалары.

Тест білім алушылардың белгілі бір пән (сала, тақырып) бойынша қаншалықты терең теориялық білім алғанын анықтап қана қоймайды, ол игерген білімді әрі қарай пысықтап, бекіту мақсаттарын да кӛздейді. Студенттер мен оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін дамытып, интеллектуалды тұлға ретінде қалыптасуларына әсер етеді. Аталған оқу- әдістемелік құрал осы мақсат тұрғысынан және қазіргі қажеттіліктен құрастырылып отыр.

Тест тапсырмаларының жинағы тӛрт бӛлімді қамтитын екі кітаптан тұрады. Ол тіл ғылымындағы жаңа тұжырымдар мен кӛзқарастарды негізге ала дайындалды.

Бірінші кітапта қазақ тілінің салалары – қазіргі қазақ тілі фонетикасы, лексикологиясы, сӛзжасамы мен морфологиясы, синтаксисі, орфографиясы, пунктуациясы, шешендік ӛнер және тіл мәдениеті, жалпы тіл білімі мәселелері


  • бойынша 100 сұрақты қамтитын бір жауапты тест берілген.

Екінші кітапқа бірнеше жауапты (200 сұрақ), сәйкестікке негізделген (200 сұрақ) және хронология (150 сұрақ) бойынша құрылған тест тапсырмалары енген. Онда білім алушылардың сабақ барысында ӛткендерін жан-жақты тексеруге, пысықтауға түрлі тапсырмалар ойластырылған. Мәселен, жинақта зерттеуші-ғалымдар, олардың еңбектерін, ғылыми айналымға енгізген қағидалары, ой-тұжырымдары мен терминдерін, әр ұғымның анықтамасын білу немесе оларды хронология бойынша орналастыру, ережені мысалмен сәйкестендіру, т.б. қарастырылған. Сондай-ақ онда салт-дәстүр, әдет-ғұрып пен қазақ халқының тұрмыс-тіршілігін қамтитын сұрақтар да орын алған.

Жинақ қазақ тілі мамандарын дайындайтын жоғары оқу орындарының филология факультетінің студенттері мен мектеп оқушыларына арналған еңбек болып табылады. Сондай-ақ ол оқытушылар мен мұғалімдердің оқу үрдісінде пайдаланатын кӛмекші оқу-әдістемелік құралы қызметін де атқара алады.


І БӨЛІМ


БІР ЖАУАПТЫ ТЕСТ ТАПСЫРМАЛАРЫ
Қазіргі қазақ тілі фонетикасы


  1. «Грамматика турецкая, персидская, киргизская и узбекская» (1875) атты еңбектің авторы

  1. И.Лаптев

  2. М.А.Терентьев

  3. В.В.Радлов

  4. Н.Ильминский

  5. Л.З.Будагов




  1. «Краткая грамматика казах-киргизского языка» (1894-1897) атты еңбектің авторы

  1. И.Лаптев

  2. П.М.Мелиоранский

  3. В.В.Радлов

  4. Н.Ильминский

  5. Л.З.Будагов




  1. «Материалы к изучению киргизкого наречия» (1860) атты еңбектің авторы

  1. И.Лаптев

  2. М.А.Терентьев

  3. В.В.Радлов

  4. Н.Ильминский

  5. Л.З.Будагов




  1. «Қазақ тілінің дыбыс жүйесі» еңбегінің авторы

  1. А.Байтұрсынұлы

  2. Ә.Жүнісбеков

  3. І.Кеңесбаев

  4. С.Мырзабеков

  5. Ж.Әбуов




  1. «Сингармонизм в казахском языке» атты еңбектің авторы

  1. Е.Омаров

  2. Ә.Жүнісбеков

  3. М.Жүсіпұлы

  4. Ж.Әбуов

  5. І.Кеңесбаев




  1. «Қазақ-қырғыз тіліндегі сингармонизм заңы» атты еңбектің авторы

  1. Х.Досмұхамедұлы

  2. Ғ.Бегалиев

  3. Қ.Басымұлы

  4. Қ.Кемеңгерұлы

  5. Т.Шонанов




  1. «Фонетическая запись казахского текста» атты еңбектің авторлары А) А.А.Реформатский, Н.Ф.Яковлев

В) Ж.Аралбаев, З.М.Базарбаева С) Ж.Әбуов, А.Жүнісбеков

D) І.Кеңесбаев, Ғ.Мұсабаев Е) М.Жүсіпов, С.Б.Әлиева




  1. Вокализм дыбыстарына жататын қатар

  1. а, ә, ұ, ү, ӛ, о, ы, і, е

  2. и, у, э, ë, ю, я, ъ, ь

  3. в, ф, х, ц, ч, щ

  4. р, л, й, м, н, ң, у

  5. б, в, г, ғ, д, ж, з, п, ф, к, қ, т, ш, с, х, һ, ц, ч




  1. Гуттураль дыбыстары

  1. а, о, ұ, ы

  2. ә, ӛ, ү, і, е

  3. р, л, й, м, н, ң, у

  4. б, в, г, ғ, д, ж, з

  5. п, ф, к, қ, т, ш, с, х, һ, ц, ч




  1. Гуттураль фонемаларынан тұратын сӛз

  1. білім

  2. қызмет

  3. орамал

  4. пияз

  5. әсемпаз




  1. «Л»-ды кейде қалай атайды?

  1. аффрикат дыбыс

  2. дифтонг дыбыс

  3. дифтонгоид дыбыс

  4. гуттураль фонема

  5. латераль фонема




  1. Латераль фонемасына жататынды белгілеңіз

  1. л

  2. и, у

  3. ю

  4. в, ф

  5. ц, ч

  1. «Ц, ч» дауыссыздарын кейде қалай атайды?

  1. латераль фонема

  2. дифтонг дыбыс

  3. дифтонгоид дыбыс

  4. гуттураль фонема

  5. аффрикат дыбыс




  1. Айтылу жолына қарай эксплозив дыбысқа жататындар

  1. х, һ

  2. и, у

  3. ц, ч

  4. в, ф

  5. о, ӛ, е




  1. Дифтонг дыбыстар

  1. и, у

  2. о, ӛ, е, ë

  3. ю

  4. в, ф

  5. ц, ч




  1. Айтылу жолына қарай фрикатив дыбысқа жататындар

  1. в, ф

  2. м, н, ң

  3. ц, ч

  4. р, л

  5. к, г, қ, ғ




  1. Дифтонгоид дыбыстар

  1. ю

  2. й, у

  3. о, ӛ, е

  4. в, ф

  5. ц, ч




  1. Тек салдырдан тұратын дыбыс

  1. дауысты

  2. қатаң

  3. үнді

  4. ұяң

  5. діріл




  1. Тек езулік дауысты дыбыстардан тұратын сӛз

  1. қабыл

  2. нӛсер

  3. тау гүл

  4. ӛнер

  5. ой




  1. Орыс тілінен енген дауыссыздар

  1. ю, я, в, ф, х

  2. в, ф, х, ц, ч

  3. в, ф, х, ц, ч, й, д

  4. ю, е, я, э

  5. ь, ъ




  1. Трифтонг дауысты дыбыс

  1. ю

  2. я

  3. у

  4. э

  5. е




  1. Шұғыл дауыссыз дыбыстар

  1. п, б, т, д, қ, ғ, х, һ

  2. п, б, м, н, ң, ч

  3. ц, ч, л, й, у

  4. а, ә, і, ы, ұ, ү, е, о, ӛ

  5. р, һ




  1. Үн мен салдырдың қатысынан жасалатын дыбыс

  1. дауысты дыбыс

  2. үнді мен ұяң

  3. қатаң мен ұяң

  4. дауысты мен үнді

  5. шұғыл дауыссыздар




  1. І.Кеңесбаевтың дауыссыз дыбыстарды айтылу орнына қарай жіктеуі

  1. 3

  2. 8

  3. 5

  4. 2

  5. 7




  1. А.Байтұрсыновтың қазақ тілінде кӛрсеткен дыбыс саны

  1. 26

  2. 42

  3. 18

  4. 16

  5. 24




  1. Дауыссыз дыбысқа тән сипат

  1. буын құрайды

  2. созуға болмайды

  3. сӛзде кездеспейді

  4. айтылуы бӛлек

  5. жазылады




  1. Дауысты дыбысқа тән сипат

  1. созуға келмейді

  2. буын құрайды

  3. тасымалданбайды

  4. сӛз басында ғана келеді

  5. дауыссызбен үндеседі




  1. «Қою» сӛзіндегі дыбыстар саны

  1. 5

  2. 6

  3. 7

  4. 4

  5. 3




  1. «Қиял» сӛзіндегі дыбыс саны

  1. 5

  2. 6

  3. 7

  4. 4

  5. 3




  1. «Фрикатив» терминінің қазақша баламасы

  1. жуан

  2. шұғыл

  3. діріл

  4. ызың

  5. жіңішке




  1. «Гуттураль» деген терминнің қазақша баламасы А) жіңішке

В) жуан С) ызың

D) шұғыл Е) дауысты




  1. «Эксплозив» деген терминнің қазақша баламасы

А) буын В) ызың С) діріл

D) шұғыл Е) үндестік




  1. Ашық буынды сӛз

  1. қайың

  2. терезе

  3. ақпан

  4. буын

  5. ақыл




  1. Ашық буынды сӛз тіркесі

  1. валюталық шектеулер

  2. құпия қазына

  3. сатып алу мүмкіндігі

  4. ата-баба мұрасын алу

  5. қоғамдық меншікті сақтау




  1. Буын түрлерін «ашық, тұйық, бітеу» деп ең алғаш жіктеген ғалым

  1. А.Байтұрсынов

  2. Ы.Алтынсарин

  3. Қ.Жұбанов

  4. Х.Досмұхамедұлы

  5. І.Кеңесбаев




  1. Қазақ тілінде буын түрін алтыға жіктеген ғалым

  1. А.Байтұрсынұлы

  2. Қ.Жұбанов

  3. Н.Сауранбаев

  4. І.Кеңесбаев

  5. С.Мырзабеков




  1. Буынды бастаушы дыбыс

  1. эксплозив

  2. имплозив

  3. фрикатив

  4. альвеоляр

  5. аблатив




  1. Буынды аяқтаушы дыбыс

  1. имплозив

  2. эксплозив

  3. фрикатив

  4. альвеоляр

  5. аблатив




  1. Сӛздегі дауыстының санына қарап буын санын анықтайтын буын жігі теориясы

А) экспираторлық В) антикалық

С) сонорлық

D) фонологиялық Е) сингармониялық


  1. Буын жігін буын ішіндегі дауыссыздардың күшті бас, күшті соңғы дыбысына қарап табуға болатын теория

А) антикалық

В) экспираторлық С) сонорлық

D) фонологиялық Е) сингармониялық


  1. І.Кеңесбаев қолданылған буын жігінің теориясы А) антикалық

В) экспираторлық С) сонорлық

D) фонологиялық Е) сингармониялық




  1. Буынның жылысуындағы сӛз

  1. қалам

  2. қаламы

  3. қаламға

  4. қаламмен

  5. қаламның




  1. Буынның жылысуындағы сӛз

  1. қатты

  2. атты

  3. ақылы

  4. санасы

  5. дарынды




  1. Буынның ығысуындағы сӛз

  1. қорытынды

  2. қақпан

  3. бӛрене

  4. киоск

  5. Сарыарқа




  1. Екпін түспейтін қосымшасы бар сӛз

  1. бармаймын

  2. бармақ

  3. барсам

  4. барды

  5. барған




  1. Екпін түспейтін жалғау

  1. сӛз тудырушы жұрнақ

  2. тәуелдік жалғау

  3. септік жалғау

  4. кӛптік жалғау

  5. жіктік жалғау




  1. Екпіннің екінші буынға түсуі

  1. келемін

  2. келмеген

  3. келейін

  4. келсін

  5. келейік




  1. Екпіннің екінші буынға түсуі

  1. бармаспын

  2. бармақпын

  3. барайын

  4. барайық

  5. қанағат




  1. Екпін түспейтін қосымша

  1. бұйрық рай қосымшалары

  2. кӛптік жалғау

  3. септік жалғау

  4. тәуелдік жалғау

  5. шартты рай




  1. «Қазақ тілінде сӛз екпіні жоқ» деген тұжырымды ұстанған ғалым А) Қ.Жұбанов

В) М.Жүсіпұлы С) І.Кеңесбаев

D) С.Мырзабеков Е) Ә.Жүнісбеков




  1. Ілгерінді ықпалға бағынған сӛз

  1. тас жол

  2. кӛк бауыр

  3. кӛк ала

  4. жазса

  5. колхозшы




  1. Ілгерінді ықпал түрі қатысқан сӛз

  1. ала қап

  2. кӛк ала

  3. Жанпейіс

  4. әкел

  5. сен келдің




  1. Ілгерінді ықпал түрі қатысқан сӛз

  1. жалғанған

  2. жанбады

  3. аш бала

  4. сӛзшең

  5. ӛмүршең




  1. Ілгерінді ықпалға бағынған сӛз

  1. кӛзсіз

  2. жас гүл

  3. жүз шақты

  4. Досжан

  5. адамгершілік




  1. Сӛз аралығындағы кейінді ықпал

  1. сіз дәрігерсіз

  2. доп ойнау

  3. кӛпірдің жиегі

  4. Жамалдың үйі

  5. үй іші




  1. Кейінді ықпалға бағынған сӛз

  1. Тасболат

  2. Жанпейіс

  3. ат жарыс

  4. Қамысбай

  5. бес жыл




  1. Кейінді ықпал түрі қатысқан сӛз

  1. қой қора

  2. қара ала

  3. таусыз

  4. кім келді

  5. парасат




  1. Кейінді ықпалға бағынған сӛз

  1. кӛзсіз

  2. Есжан

  3. Кеңесбек

  4. кім келді

  5. он қап




  1. Кейінді ықпалға бағынған сӛз

  1. жанға

  2. Есжан

  3. ес жоқ

  4. жанашыр

  5. кӛре кел




  1. Кейінгі ықпалға бағынған сӛз

  1. қос жан

  2. әкел

  3. бес бет

  4. кӛшсе

  5. даналық




  1. Тоғыспалы ықпалды сӛз

  1. дүйсенбі

  2. Аманкелді

  3. Бозжан

  4. кім келді

  5. бүгін




  1. Тоғыспалы ықпалды сӛз

  1. сенбі

  2. бес жыл

  3. ақ ешкі

  4. сәнқой

  5. апар




  1. Тоғыспалы ықпалды сӛз

  1. Сәтбаев

  2. жазса

  3. он қап

  4. қашса

  5. ертең

  1. Буын үндестігіне бағынбайтын біріккен сӛз

  1. бүкілодақтық, бірыңғай, қыстыгүні

  2. құрбақа, аққұтан, аққу

  3. ӛнеркәсіп, арасалмақ, кӛпмүше

  4. қарақұс, келіссӛз, арақатынас

  5. Айтқожа, Айғыз, Тұрсынзада




  1. Тіл үндестігіне бағынған сӛз

  1. мейірбан

  2. құтқару

  3. ӛнерпаз

  4. кітабым

  5. қызмет




  1. Тіл үндестігіне қатысты сӛз

  1. әсемпаз

  2. саудагер

  3. ӛзгерген

  4. тілмаш

  5. арбакеш




  1. Тіл үндестігіне бағынбайтын сӛз

  1. қарыздар

  2. парақор

  3. жәдігӛй

  4. ділмар

  5. асхана




  1. Ерін үндестігіне бағынбайтын сӛз

  1. ӛлім

  2. басшы

  3. ӛмір

  4. ӛлең

  5. түйе




  1. Ерін үндестігіне бағынбай тұрған сӛз

  1. орындық

  2. ораққа

  3. осыны

  4. ұғымтал

  5. кӛзбе-кӛз




  1. Ерін үндестікті сӛз

  1. отарқа

  2. орамал

  3. мұрындық

  4. мазмұндама

  5. мәжнүн




  1. Фонеманы зерттейтін сала

  1. морфонология

  2. морфология

  3. фонология

  4. аллафон

  5. лексикология




  1. Фонеманың дыбыстан ерекшелегі

  1. сӛздің мағынасын ӛзгертеді

  2. сӛзге жаңа мағына үстейді

  3. ортақ дыбыстарды белгілейді

  4. сӛзге үстеме мағына қосады

  5. жеке дыбысты белгілейді




  1. Сӛздер мен морфемаларды бір-бірінен мағына және форма жағынан ажыратуға септігі бар тілдің ең кішкене функционалды единицасы

  1. фонема

  2. графема

  3. орфография

  4. орфоэпия

  5. графика




  1. Бір морфеманың құрамында сингармодистрибуциялық жағынан әр түрлі, бірақ тең позицияларда кездесетін сингармодыбыс

А) сингармоинвариант В) сингармовариант С) сингармовариация

D) сингармовариат Е) сингармофонема




  1. Фонетика саласының термині

  1. метатеза

  2. диафора

  3. гипостазис

  4. волапюк

  5. архаизм




  1. Фонетика саласының термині

  1. адстрат

  2. абсолютив

  3. аблатив

  4. абруптив

  5. актант




  1. «Силлабология» терминінің білдіретін мағынасы А) дұрыс жазу

В) дыбыс жүйесі туралы ілім С) дұрыс айту

D) буын туралы ілім



Е) дыбыстық тілді мүмкіндігінше дәл беру үшін қолданылған жазу


  1. Бунақта қатар келген екі дауыстының кейінгісінің түсуі

  1. эпентеза

  2. аферезис

  3. метатеза

  4. элизия

  5. гаплология




  1. Сӛйлеу тілінде кейбір сӛздердің алдынан дыбыс қосылып айтылуы

  1. протеза

  2. эпитеза

  3. эпентеза

  4. элизия

  5. гаплология




  1. Тілдегі кейбір сӛздердің соңындағы дыбыстардың түсіп қалуы (қысқартылып ықшамдау)

  1. апокопа

  2. диэреза

  3. гаплология

  4. эпентеза

  5. метатеза




  1. «Сары май» сӛзі қандай фонетикалық құбылысқа ұшырайды?

  1. эпитеза

  2. метатеза

  3. гаплология

  4. редукция

  5. апокопа




  1. Апокопа құбылысына жататын сӛз

  1. рұқсат

  2. орамал

  3. бӛрене

  4. газет

  5. қақпан

  1. Сӛз ішіндегі дыбыстардың не буындардың ӛзара орын ауысуы

  1. метатеза

  2. диэреза

  3. гаплология

  4. эпентеза

  5. апокопа




  1. «Сепкіл» сӛзі қандай фонетикалық құбылысқа ұшырайды?

  1. гаплология

  2. диэреза

  3. метатеза

  4. эпентеза

  5. апокопа




  1. Протеза құбылысына жататын сӛз

  1. бӛрене

  2. цифр

  3. ораза

  4. жеребе

  5. әпке




  1. Редукция құбылысына жататын сӛз

  1. мына жер

  2. орамал

  3. кереует

  4. леген

  5. түндік




  1. Аферезистік құбылыс

  1. сӛздің алдынан бір дыбыстың қосылуы

  2. қатар келген дауыстының алдыңғысының түсіп қалуы

  3. қатар келген дауыстының кейінгісінің түсіп қалуы

  4. сӛздің соңынан бір дыбыстың қосылуы

  5. екі дауыссыздың арасынан дауысты дыбыстың қосылуы




  1. Дыбыстың сӛздің соңынан қосылуы

  1. эпентеза

  2. протеза

  3. эпитеза

  4. элизия

  5. редукция




  1. Гаплология құбылысына ұшырайтын сӛз

  1. қара ала

  2. балалар

  3. лаж

  4. қақпан

  5. секпіл




  1. Эпентеза құбылысына ұшыраған сӛз

  1. қара ала

  2. ораза

  3. кӛпене

  4. дәрігер

  5. араластыр




  1. Гаплология құбылысына ұшырайтын сӛз

  1. бӛрене

  2. түндік

  3. ӛкпе

  4. не істейсің

  5. парасат




  1. Протезалық құбылыстағы сӛз

  1. үстел

  2. бӛрене

  3. текстер

  4. газет

  5. трактор




  1. Метатезалық құбылысқа ұшырайтын сӛз

  1. лай

  2. бүгін

  3. кәкпір

  4. түндік

  5. Рүстем




  1. Екі дауыссыз дыбыстың ортасына дауысты дыбыстың кірігуі

  1. эпентеза

  2. протеза

  3. элизия

  4. эпитеза

  5. аферезис




  1. Қайсыбір тілдегі сӛздерді басқа графикалық жүйе арқылы жазу А) транскрипция

В) транслитерация С) аккомодация

D) конвергенция

Е) диссимиляция


  1. Тілдің тарихи даму барысында әртүрлі екі фонеманың бір фонеманың бойына сіңісіп, ұласып кетуі

А) диэреза

В) транслитерация С) аккомодация

D) конвергенция Е) диссимиляция


  1. Диссимиляция құбылысына жататын сӛз А) Рүстем

В) Алдаберген С) орамал

D) балалар Е) тәжірибе




  1. Қазақ тілі дыбыс жүйесіндегі акцентті-фонемалық теорияның ӛкілі А) Ж.Әбуов

В) Ә.Жүнісбеков С) М.Жүсіпұлы

D) Қ.Жұбанов Е) С.Әлиева




  1. Қазақ тілі дыбыс жүйесіндегі сингармониялық теорияның ӛкілі А) Ж.Аралбаев

В) Ә.Жүнісбеков С) І.Кеңесбаев

D) Қ.Жұбанов

Е) К.Бейсенбаева


  1. Қазақ тілі дыбыс жүйесіндегі сингармофонологиялық теорияның ӛкілі А) Ж.Аралбаев

В) Ә.Жүнісбеков С) М.Жүсіпұлы

D) Қ.Жұбанов

Е) С.Мырзабеков



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет