Қазіргі қазақстандағЫ Әйелдер мен ерлерге қатысты саясат



Pdf көрінісі
бет4/56
Дата13.10.2023
өлшемі1,9 Mb.
#185333
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   56
Байланысты:
Жай мектеп Алгебра 4 kz, ZAEEPIQFYNBQ21112023062036
 
 
ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ӘЙЕЛДЕР МЕН ЕРЛЕРГЕ ҚАТЫСТЫ САЯСАТ 
3
гендерлік теңдік стратегиясы» болып табылады. 
Аталмыш 
стратегияда 
төмендегідей 
басты 
мақсаттар атап көрсетілген: 
1.
Ерлер мен әйелдердің құқықтары мен 
мүмкіндіктерінің нақты теңдігін қамтамасыз 
ету; 
2.
Қоғамдық-саяси өмірде гендерлік теңдікке 
қол жеткізу; 
3.
Экономикада гендерлік теңдікке қол жеткізу; 
4.
Гендерлік білім; 
5.
Құқықтық және гендерлік ағарту ісі; 
6.
Ерлер 
мен 
әйелдердің 
репродуктивтік 
денсаулығын нығайту; 
7.
Қоғамда жынысқа байланысты зорлық-
зомбылыққа жол бермеу; 
8.
Отбасында гендерлік теңдікке қол жеткізу; 
9.
Отбасын нығайту 
және 
отбасындағы 
тәрбиенің рөлін күшейту; 
10.
Гендерлік-сезімтал 
қоғамдық 
сананы 
жетілдіру. 
Біздің ойымызша, бұл стратегияның Қазақстанда 
гендерлік теңдікке қол жеткізу жолындағы
маңызы зор, себебі ол белгілі бір бағдарлар мен 
үлгілерді ұсынады. Бірақ өкінішке қарай онда 
көзделген 
мақсаттарға 
жетудің 
жолдарын 
нұсқайтын айқын көрсеткіштер, құрылымдар мен 
міндеттерді орындау уақыттары көрсетілмеген. 
Оның сыртында бүгінгі таңда қазақстандық 
қоғамда қазіргі Қазақстанда гендерлік қатынастар 
трансформациясының берік беталысы ретінде
неотрадиционализм 
құбылысының 
қайта 
жандануы байқалады. Ал ол стратегияға қол 
жеткізуге шектеу қояды. Өкінішке қарай көбінесе 
әйелдерге қатысты болып келетін эмансипация 
олар үшін ықтимал рөлдер мен өмір салттарының 
аясын кеңейтсе де, Қазақстан мемлекетінің қазіргі 
гендерлік саясаты ерлерге көп көңіл бөлінбейтін
жағдайға алып келуде. Әлі күнге дейін
«асыраушы ер азаматтың» рөлі нормативтік үлгі 
болып табылады және де ол үлгі әкелер мен 
ерлердің үй шаруасын атқаруға, балаларды 
бағып-қағу мен оларды тәрбиелеуге тең 
дәрежеде ат салысуын талап етпейді. «Жауапты 
әке 
міндетін» 
жүзеге 
асыру 
жолында 
институционалдық 
қолдаулардың 
жоқтығы 
баланың дүниеге келуі отбасындағы гендерлік 
рөлдердің дәстүршілдігінің себебіне айналуына 
әкеліп соғуда. Сонымен қатар кәсіби, отбасылық 
және ата-аналық міндеттерді ұштастыра білуге 
қолайлы 
шарттарды 
қамтамасыз 
етуге
бағытталған 
әртүрлі 
деңгейдегі 
тиімді 
механизмдер мен сараланған бағдарламалардың 
(тату отбасын жұмыс орнымен қамтамасыз ету
балаларға қамқорлықтың қол жетімді және 
сапалы инфрақұрылымын жасау) жоқтығы тек 
әйелдерді ғана отбасы мен жұмыс арасындағы 
теңгерімді іздестіретін субъектіге айналдырып 
отыр. Ал бұл жағдай біріншіден ананың 
әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан алғандағы 
қауіп-қатерін жоғарылатса, екіншіден отбасын 
қамтамасыз ету ісі мен балаларға деген күнделікті 
қамқорлыққа 
ата-ананың 
тең 
деңгейде 
қатыспауының орныға беруіне әкеліп соғады.
Осыған 
байланысты 
бұл 
зерттеу
қазақстандықтардың гендерлік саясатты жүзеге 
асырудың 
басты 
бағыттарына 
деген 
көзқарастарын анықтауды мақсат тұтты. Зерттеу 
барысында біз мынадай сұрақтарға жауап іздедік: 
Қазақстандықтар қазіргі Қазақстан қоғамындағы 
ерлер мен әйелдердің жағдайы жөнінде не 
ойлайды? Қазақстанда ерлер мен әйелдер үшін 
теңсіздіктің қандай белгілері бар? Республика 
азаматтары үшін қандай гендерлік мәселелер 
ерекше өзекті болып табылады? Өздерінің 
гендерлік құқықтары мен еркіндіктерін жүзеге 
асыру үшін олар қандай шаралар қажет деп 
біледі? 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   56




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет