Қазіргі сабаққа қойылатын талаптар



Дата17.03.2017
өлшемі59,35 Kb.
түріСабақ
Қазіргі сабаққа қойылатын талаптар (жас мамандарға көмек)

Сабақ –оқу процессінің басты бөлімі. Қазіргі таңдағы мектептерде қойылатын талаптардың күрделенуімен бірге сабақтар талаптары да нақтылана, айқындала түсуде. Бұл талаптарды негізгі төрт топқа бөліп қарастыруға болады. Тәрбиелік, дидактикалық, психологиялық және гигиеналық. Бұлай топқа жіктеудің мәні оқу-тәрбие процесінде бұл талаптардың өзара тығыз байланысытылығында және бір-бірін толықтырып, ықпал етіп отыратындығында.



Дидактикалық талаптар: сабақтың ұқыпты, айқын, дұрыс ұйымдастырылуы, оқушылар алдындағы тақырыптың дұрыс таңдап алынуы, білімдік және тәрбиелік мақсаттармен қатар сабақтың нақты тапсырмаларын ұтымды жүргізіп пайдалануға әсер етеді. Сабақ жоспарын жасаған уақытта мұғалім сол өтілетін тақырыбының мазмұнына сай әдісін дұрыс таңдай білуі тиіс.

1. Ауызша (әңгіме, кеңес, дәріс, кітаппен жұмыс)

2.Көрнекілік (суретпен сипаттау, картамен жұмыс)

3. Зертханалық, тәжірибелік жұмыстар. Бұл жүйе білім алудың негізгі түпнұсқасына негізделген. Егер балалардың есту қабілеті арқылы ақпараттың 20 пайызын, көру қабілеті арқылы, 40-60 пайызын қабылдай алатынын ескерсек, бұл әдістердің тиімді екеніне дау жоқ.



Технологиялық талаптар: Мұғалім өзі сабақ беретін сыныбындағы оқушылардың ойлау қабілетін, есте сақтауын, айтып жеткізуін, сабаққа ынта, көңіл қоюын, ерік-жігерін, т.б. психологиялық қабілеттерін біліп, ескеруі қажет. Оқушы мен мұғалімнің психологиялық жағдайы сабақ үрдісінде ерекше әсерін тигізеді. Сондықтан мұғалім өз бойындағы әр түрлі психикалық, эмоциялық көңіл-күйлеріне ерік бермей өзін тежеп ұстауы қажет. Оқушылардың жеке басын танып, зерттеу арқылы сабақ үстінде оларды мадақтап, қолдап, көмек беріп және сол сияқты сабаққа үнемі қатысып отыруын ескеру мұғалімнің назарынан тыс қалмауы қажет.

Гигиеналық талаптар: Сынып бөлмесіндегі гигиеналық талаптардың сақталуы, қалыпты температура мен жарықтың мол түсуі – бала денсаулығының кепілі. Мұғалім оқушыларға шектен тыс физикалық немесе миға, жүйкеге салмақ салатындай ауыр тапсырмаларды бермеуі керек. Ақыл-ойдың тежелуі мен зорығуы сабақтың бір сарында болуына әкеп соқтырады.

Сабақтың үш мақсаты:



Білімділік: оқушыларды білім, білік, дағды жүйесімен қаруландыру.

Тәрбиелік: оқушылардың ғылыми дүниетанымын, тұлғаның адамгершілік қасиетін, көзқарастары мен сенімін қалыптастыру.

Дамытушылық: оқыту кезінде оқушылардың танымдық қызығушылығын, шығармашылық қабілеттерін, жігерін, көңіл-күйін, тілі, жадысы, ынтасы, қиялы мен қабылдауы сияқты танымдық қабілеттерін дамыту.

Сабақтың негізгі компоненттері:

1. Ұйымдастырушылық – сабақ бойы сыныпты ұйымдастыру, оқушылардың сабаққа дайындығы, тәртіп.

2. Мақсаттылық – оқушылар алдына сабақ мақсаты мен оның жеке кезеңдерінің мақсатын қою.

3. Ынталандырушылық – оқылатын оқу материалдарының берілген тақырып бойынша да, жалпы курс бойынша да маңызылығын анықтау.

4. Коммуникативтілік – мұғалімнің сыныппен қарым-қатынас деңгейі.

5. Мазмұндық – оқылатын, бекітілетін, қайталанатын, өзіндік жұмыстар және т.с.с. материалдарды таңдау.

6. Технологиялық – сабақ типіне, берілген тақырыпқа, берілген сыныпқа арнап тиімді оқыту түрін, әдісі мен тәсілдерін таңдау.

7. Бақылау – бағалаушылық – сабақтағы оқушы іс-әрекетін бағалауда оны белсенділікке ынталандыру, танымдық қызығушылығын дамыту үшін пайдалану, қолдану.

8. Аналитикалық (талдау) – сабақты қорытындылау, сабақтағы оқушылар іс-әрекетін талдау, сабақты ұйымдастыру бойынша өз әрекетінің нәтижесін талдау.

Мұғалімнің сабаққа дайындалуы.

Сабаққа дайындық барысындағы мұғалім әрекетінің алгоритмі.

1. Сынып оқушылдарының ерекшелігін есепке алу:

- сынып деңгейі;

-оқушылардың пәнге қызығушылығы;

-сыныптың жұмыс қарқыны;

-білім, білік, дағдыны қалыптастыру;

-әр түрлі жұмыс әрекетіне қарым-қатынасы;

-оқу жұмысының әр түріне, сонымен қатар дәтүрден тыс жұмыс түрлеріне қатысы;

-оқушылардың жалпы тәртібі;

2. Жеке ерекшеліктерді есепке алу:

-жүйке жүйесінің типі;

-тіл табысушылығы;

-көңіл-күйінің өзгеруі, эмоционалдығы;

-оқушылардың жаңа материалдарды қабылдуына басшылық жасауы;

-көңіл-күйдің төмендеуін жеңе білуі;

-өз білімі мен біліктілігіне сенімділігі;

-импровизация жасай білуі; 3. Сабақты жақсы өткізуге мүмкіндік беретін ережелерді сақтау.


Жалпы ережелер:


1) Сабақтың тақырыптағы, тақырыптың жылдық курстағы орнын анықтау, сабақтың жалпы міндеттерін бөлу;

2) Сабақ тақырыбына қатысты үш түрлі: ғылыми, ғылыми-көшілік, әдістемелік кітаптарды таңдап алу, олардың мазмұнымен танысу;

3) Оқу бағдарламасын қарап шығу, түсіндірме хатты қайта оқу, берілген тақырып бойынша стандарт талаптарын оқып шығу, сабаққа байланысты мұғалімнен не талап етілетінін анықтау;

4) Оқулық материалын еске түсіру, тірек білім, білік, дағдыны бөліп алу;

5) Сабақ міндеттерін нақтылау, басты міндетті бөліп алу, оны оқушыларға түсінікті, олар қабылдай алатындай етіп тұжырымдап жоспарға жазу;

6) Сабақта оқушыны нені түсінуі керек, нені есте сақтау керек, нені біліп, сабақтан нені үйренуі керектігін анықтау;

7) Сабақ міндеттеріне сәйкес сабақ мазмұнын жіктеп алу, жаңа материалдарды игеретін тиімді тәсілдерді таңдап алу;

8) Оқушылардың дәптерлері мен тақтада не және қалай жазылатынын ойластыру;

9) Сабақты тұтас құбылыс ретінде қарастыра отырып, көзделген сабақ барысын сабақ жоспрарына жазу.

Сабақты жоспарлау және мұғалімнің оны дайындау кезеңдері:


1. Бөлім немесе тақырып бойынша сабақтар жүйесін жасау, құрастыру;

2. Бағдарлама негізінде, әдістемелік құралдар, оқулық және қосымша әдебиеттер бойынша сабақтың үш мақсатын анықтау;

3. Сабақтағы оқу материалының тиімді мазмұнын анықтау, оны бірқатар тірек бөлімге бөлу, дидактикалық өңдеу;

4. Сабақта оқушы түсініп, есте сақтауы тиіс негізгі материалды бөліп алу;

5. Сабақтың оқу міндеттерін тұжырымдау;

6. Сабақ құрылымын жасау, оның типін, тиімді әдістер мен тәсілдерін анықтау;

7. Пәнаралық байланыс пен сабақта оны пайдалану әдістерін анықтау;

8. Сабақтың дидактикалық құралдарын таңдау;

9. Мұғалімнің тақтаға сызып, жазатындары мен оқушылардың тақтада немесе дәптерлерінде орындайтын ұқсас жұмыстарын жоспарлау;

10. Үйде және сыныпта алған білімді бекіту, білімді жинақтау және жүйелеу түрі мен әдісін таңдау;

11. Сабақты қорытындылау түрін ойластыру;

12. Белгіленген талаптарға сәйкес сабақ жоспарын жазу.




Негізгі бөлім былай беріледі:


№ Сабақ Күні:

Тақырып:


Мақсаты:

Тапсырмалар: -оқытушылық

- дамытушылық

- тәрбиелік

Құрал жабдықтар:

1.

2.




Сабақтың жеке кезеңдері.

Мысалға:


Ұйымдастыруға – 1 мин.

Өзіндік жұмысқа – 10 мин.

Жаңа тақырып – 20 мин.

Фильмді демонстрациялау – 5 мин.

Бекіту – 7 мин.

Үйге тапсырма – 2 мин.

Әдебиеттер (беті көрсетілу керек).

Өткізілген сабаққа мұғалімнің талдау жасау алгоритмі:


1. Қандай талаптар басшылыққа алынды?

2. Тақырыптағы сабақтардың өзара байланысы қалай есепке алынды?

3. Оқушылардың ерекшелігі: нашар және жақсы оқитын оқушылар ерекшелігі қалай есепке алынды?

4. Сабақтың үш мақсаты қалай анықталды?

5. Оқушылардың іс-әрекеті қалай жоспарланды?

6. Сабақтағы оқу материалдары дұрыс таңдалды ма?

7. Мұғалім мен оқушылардың әдіс-тәсілдері өзін ақтады ма, егер жоқ болса, неге?

8. Қолданылған техникалық оқу құралдары мен көрнекіліктер өзін ақтады ма, егер жоқ боса, неге?

9. Оқушылардың танымдық қабілетінің дамуына не ықпал етті?

10. Оқушылардың өзіндік жұмыстарының педагогикалық құндылығы неде?



11. Сабақ барысы: не көзделіп, қалай өтті?

Достарыңызбен бөлісу:


©www.engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет