Азықтың ауыз қуысында қорытылуы. Сілекейдің қасиеті


-жұмыс. Жануарлардың дене қызуын өлшеу амалдары



бет30/31
Дата04.02.2022
өлшемі1,43 Mb.
#130664
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31
Байланысты:
практикалық саб.5 физио
азастан республикасы білім ж не ылым министрлігі, 1The role of ICT for students, 9-kl Mat.sauattylygy
4-жұмыс. Жануарлардың дене қызуын өлшеу амалдары.
Дене қызуын өлшеу қажеттілігі: 1. Жіті немесе созылмалы эксперименттерге арналған жануарларда; 2. Ота жасалған жануарлардың ішкі ағзасын бақылау мақсатында; 3. Жылу алмасу және қалыпты жылуды өзгертетін әсерді зерттеу үшін.
Ауылшаруашылық және зертханалық жануарлардың дене қызуын өлшеу үшін әртүрлі өлшемдегі сынаптық ветеринарлық термометр қолданылады. Термометрді тік ішекке енгізіп (құстарда клоакаға) резеңке құбыр арқылы жануар терісіне бекітіп, қыстырады. Қолданар алдында термометрді сілкіп, спиртпен сүртіп вазелин майын жағады. Зертханалық жануарлардың дене қызуын өлшеу кезінде термометрдің шыны бағанына шектеуші ретінде резеңке сақина кигізеді.
Ағзаның дене температурасының динамикасын зерттеу. Терінің түрлі бөлімдерін және тереңірек орналасқан тіндердің температурасын өлшеу үшін бірнеше датчикпен жасақталған ТЭМП - 60 немесе ТЭМП-1 электротермометрлері қолданылады. Бұл термометрлердің артықшылығы аса күшті сезімталдығы (0,01 ˚ке дейін) кемшілігі - өте баяу және жаңа көрсеткішке келтіріп орнату көп уақыт алады.
Кенеттен болмаған, бірақ салыстырмалы түрде жылдам өзгеріске ұшыраған температураны белгілеу үшін, сондай-ақ, дененің нақ оқшауланған жерлерінде немесе микро-нысандарда термопарлар қолданылады, олар шағын тұрақты уақытқа және кіші жылу сыйымдылыққа ие. Термопарларды сондай-ақ құстардың дене температурасын өлшеуде пайдаланылады. Ауылшаруашылық жануарлармен құстардың дене температурасы мен ішкі ағзаларының температурасын қашықтықтан өлшеу үшін радиометрикалық құрылғылар жобаланып жасалған.
5- Жұмыс. Жануарлармен аңдарда дене температурасы тік ішете, ал құстарда клоакада, ветеринариялық, медициналық арнайы сынапты не болмаса электронды термометрлер арқылы өлшенеді.
Дене температурасын өлшер алдында, термометрді сілкіп көрсеткішін «0» әкеледі, содан соң, залалсыздандыратын ерітіндімен сүртеді, сынап бар ұшына вазелин жағады да малдың тік шегіне аздап бұрап кіргізіп 10 минут аралығында ұстайды. Алынған көрсеткішті дәптерге жазып алады.









Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет