Б. А. Джаамбаева Философия Оқулық



Pdf көрінісі
бет6/36
Дата14.03.2020
өлшемі1,78 Mb.
#60171
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   36
Байланысты:
treatise20490
treatise20490

 
3.2. Натурфилософия 
 
Натурфилософия  (Сократқа  дейінгі  кезең  философиясы)  «фюзис» 
мәселесін  қарастырады.  Оның  ӛкілдері  адам  мен  ғарыш,  дүниенің  алғашқы 
пайда болуын және оның құрылымын зерттейді. Ғарыш мәңгі тірі табиғаттың 
жетістігі,  ал  адам  –  «микроғарыш»  болып  табылады.  Бұл  дәуірде 
философияның  қалыптасуына  милет,  элей  мектептерінің  ӛкілдері 
пифагорлықтар,  атомистер  және  ӛзге  ойшылдардың  да  бірқатары  іс-
әрекеттерін жүзеге асырады.  
Милет  мектебі  –  Грециядағы  алғашқы  философиялық  мектеп.  Милет 
мектебінің  ӛкілдері  Фалес,  Анаксимандр,  Анаксимен  барлық  заттардың, 
денелердің  генетикалық  бастамасын,  түпнегізін  Құдайлардың  құдіретінен 
іздемейді,  олардың  ӛзіндік  ішкі  мазмұнынан  іздейді.  Генетикалық 
бастаманың,  түпнегіздің  табиғаты,  бір  жағынан,  зат  тәріздес  болса,  екінші 
жағынан,  ақыл-ойдан  да  қашық  емес,  сондықтан  ол  Құдайлармен  пара-пар 
құбылыс. 
Милет  мектебінде  қалыптасқан  философиялық  дәстүрді  ілгері  қарай 
дамытқан Эфес қаласынан шыққан саяси қайраткер, ғұлама ойшыл Гераклит 
(шамамен  б.д.д.  544-483  жж.)  болды.  Оны  іліміндегі  терең  ойлары  үшін 
«тұңғиық» деп атаған. Негізгі еңбегі: «Табиғат туралы». Бұл еңбектің 130-дай 
фрагменттері ғана сақталып, бізге дейін жеткен. 
Б.д.д.  (VII-VI  ғғ.)  Грекиядағы  саяси  және  экономикалық  қолайлы 
жағдай  философиялық  ойлаудың  жақсы  дамуына  оң  ықпал  етті.  Дәл  осы 
уақытта алғашқы қоғамдық құрылыстан құлиеленушілік кезеңге кӛшу жүзеге 
асты.  Әлеуметтік-мемлекеттік  ұйым  полис  (грекше  қала-мемлекет) 
азаматтардың  этикалық  кӛкжиегін  айқын  кӛрсетті.  Мемлекет  нормаларына 
сай  мемлекет  бостандығы  жеке  адамның  бостандығының  кепілі  болды. 
Сондықтан колониялардығы бостандық пен ӛзге жақпен байланыстың жақсы 
болуына  орай  философиялық  ой  алғашқы  болып  Грекияда  емес  Милетте, 
Шығыста  –  Кіші  Азияда  және  Оңтүстік  Италияда  жақсы  дамыды.  Содан 
кейін  ғана  Грекияның  ӛзінде  дамыды.  Тағы  да  бір  себеп  Жерорта  теңізіне 
жақын қалалар бар әлеммен ғана емес, ойкумендер сыртындағы дүниемен де 
тығыз мәдени қарым-қатынаста болды. Сондықтан оның тұрғындары әр түрлі 
бағыттағы  сауда-саттық,  қолӛнер  және  соғыс,  мәдени  және  ғылыми 
білімдерді жақсы игерді.  
Натурофилософия  (Сократка  дейінгі  кезең)  Фюзис  мәселелерін, 
алғашқы  фундаменталды  ақиқатты  қарастырған.  Оның  ӛкілдері  әлемнің 
алғашқы  негізін,  құрылымын,  ғарышты  және  адамды  қарастырған.  Ғарыш 
мәңгі тірі және мінсіз табиғат ісі, ал адам оның бӛлшегі микрокосмос болып 
табылады.  Философияның  осы  даму  кезеңінде  Милет,  Элей  мектептері, 
пифогорлықтар, атомистер және т.б. ойшылдардың кӛзқарастары дамыды.  

Грекиядағы  алғашқы  философиялық  мектеп  –  Милет  мектебі.  Бұл 
бағыт  «иондық  натурфилософия»  ӛкілдері  –  Милеттен  шыққан  Фалес, 
Анаксимандр, Анаксимен. Милет – Кіші Азияның экономикалық жағынан ең 
дамыған  бӛлігі.  Алғашқы  негіз  мәселесін  олар  аңғырт  материализм  және 
стихиялық диалектика жағынан қарастырған. 
Бұл  ойшылдар  тұңғыш  рет  адамзат  тарихында  ғаламды  үйлесімді, 
ӛзінен-ӛзі  дамитын,  ӛзін-ӛзі  реттейтін  жүйе  ретінде  түсіндірді.  Иондық 
философтар дүние әлемін ешқандай Құдай, ешқандай адам жаратқан жоқ, ол 
мәңгі  ӛмір  сүреді  деп  есептеді.  Бұлай  қабылдау  жаратылыс  туралы  діни-
мифологиялық  түсінуден  адамның  ақыл-ойы  арқылы  (космосты)  дүние 
болмысын  түсінуге  ұмтылған  алғашқы  қадам  болды,  яғни  мифтен  логосқа 
жасалған алғашқы қадам.  
Фалес  (б.д.д.  624-547  жж.)  Цицеронның  айтуынша  алғашқы  болып 
барлығының негізі су деп айтқанымен, ол басқаны меңзеді. Оны «Грекияның 
алғашқы  философы»  деп  алғашқы  антик  философтары  Диоген  Лаэртский, 
Аристотель, Плутарх, Страбон, Плиний және тағы басқа философтар айтқан. 
Фалеске сүйенсек, барлығы байланысты және үнемі ӛзгеріс, даму процесінде 
болады дейді. Антик философтары бұл ұғымды әркімге түсіндіріп беру әдет 
емес  деді.  Бірақ  бір  субстанция  туралы  жобалады.  «Алғашқы  ылғалды»  ол 
аморфты, ағымдағы «материяның түйіні» ретінде анықтады.  
Фалестің  шәкірті  Анаксимандр  (  б.д.д.  585-525  жж.)  бұл  мәселені 
тереңірек  қозғады.  Фалес  «Алғашқы  негіздің»  қалай  және  неліктен  пайда 
болатынын ойламаған. Анаксимандр одан жоғарырақ кӛтеріліп, барлығының 
негізі  ретінде  материалдық  қалыптан  айырылған  мәңгі,  шексіз  (апейрон), 
алғашқы  негіз  (архе)  болады  деді.  Ол  дүниенің  алғашқы  негізі  туралы 
идеяны әлдеқайда тереңірек жетілдірді. 
Анаксимандрдың  ізін  басушы  –  Анаксимен  (б.д.д.  585-525  жж).  Ол 
дүниенің  бір  негізі  барлығын,  ол  ауа  екендігін  кесіп  айтады.  Ол  ауа 
табиғатының 
күрделілігін, 
ұшқырлығын, 
әлемде 
болып 
жатқан 
қозғалыстармен  байланыстырады.  «Алғашқы  негізді»  Анаксимен  «әлем 
материясы»  және  «бейнесіз  қуат»  деп  айтады.  Сонымен  Анаксимен 
барлығының  себебін,  әлемнің  кӛпқырлылығын  алғашқы  негізбен 
байланыстырады.  Оның  барысында  бӛлшек  пен  бүтін  қатынасын  және 
кӛптеген теориялық мәселелерді кӛтеріп, парасаттылықпен шешімін табады. 
Милеттіктер әлемді біртұтас жанды ретінде қарастырғанымен олар тірі 
мен  ӛлі,  психикалық  пен  физикалықты  ажыратпаған,  принципиалды 
ерекшелікті  бӛлмеді.  Олар  ӛліні  тек  тіршілік  азық  деп  қараған.  Ол  – 
гнлозоизм,  антикалық  философияға  тән.  Ал  жандыны  олар  жай  ғана 
алғашқы негіздің кӛрінісі деп қарастырған.  
Гераклит  –  (б.д.д.  544-480  жж.)  Эфестен  (Кіші  Азияның  батыс 
жағалауындағы  қала)  шыққан.  Лақап  аты  –  Қараңғы,  милеттіктердің  ойын 
ары  дамытып,  динамикалық  заттың  универсалдылығын,  яғни  пайда  болу, 
даму,  жоғалу  түсінігін  қарастырды.  Ол  дүниенің  тұрақсыздығын,  үнемі 
қозғалыс  пен  ӛзгерісте,  дамуда  болатындығын  айтты.  Дәл  иондықтардың 
еңбегі  сияқты  біздің  заманымызға  Гераклиттің  философиялық  еңбектерінен 

қысқа  үзіктері  ғана  жетті.  Ол  үш  бӛлімнен  тұратын  «Табиғат  жайлы» 
кітабының  авторы  екені  белгілі.  Онда  бірінші  бӛлім  Табиғат,  екінші  бӛлім 
Мемлекет  туралы,  үшінші  бӛлім  Құдай  жайында  айтылады.  Платон, 
Аристотель,  Дногеннің  айтуынша  бәріненде  оның  афоризмдері  белгілі:  бәрі 
қозғалады, тынбайды, бәрі ағады, ӛзгереді және т.б. 
Гераклит  қарама-қарсылықтардың  бірінсіз-бірі  ӛмір  сүрмейтіндігін 
дәлелдеп  шықты.  Ол  дүниенің  тұрақсыздығын,  оның  үнемі  қозғалыс  пен 
ӛзгерісте,  жалпы  дамуда  болатынын  айқындап  берді.  «Ӛзендегі  суға  екі  рет 
түсе  алмайсың,  ӛйткені,  ол  ағып  жатыр»  дейді.  Мұның  ӛзі  барлығы  ағып, 
үнемі  дамуда  болады  деген  пікірді  білдіреді.  Гераклит  қарама-
қарсылықтардың 
бір-бірінен 
ажыраспайтынын, 
бір-біріне 
ӛтетінін, 
алмасатынын,  бірін-бірі  толықтыратынын,  бірі  жойылса,  екіншісі  де 
жоғалатынын айқындап берді.  
Гераклиттің пайымдауынша, дүние толық және әрқашан ӛзгеріс үстінде 
болады.  Оның  бастамасы  –  от:  бәрі  от  бейнесінде  және  бәрі  қоюлану  және 
сұйылу  жолымен  бір  күйден  екінші  күйге  ауысып  отырады.  «От  –  бұл 
қажеттілік  пен  қажетсіздік,  контраст  және  гармония,  бәрі  араласу  нәтижесі 
болады.  От  –  мәңгілік  қажеттілік  пен  тойымдылық  және  қарбалас  пен 
тұрақтылық».  От  Гераклит  үшін  проматерия  ғана  емес,  үнемі  болатын 
ӛзгерістің белгісі. Бүкіл тірінің метаморфозасы, мәңгілік ӛзгеріс символы.  
Гераклит  тұрмыс  негіздерін  қарастырғанда  «Орталық  философияны» 
ұстанған. Оның «Мәңгілік оты» тіршілік негізі, тән мен дене орталығы, оның 
«Мәңгілік оты» тіршіліктің субстанционалды негізі, ол материя мен рухтың 
бірлігін  ұсынады.  Ол  материя  мен  сананы  бір-біріне  қарсы  қоймайды. 
Керісінше  гилозоизм  барлық  тіршіліктің  жандылығын, олардың  тұтастығын 
және бірге дамуын кӛрсетеді. 
Гилозоизм  позициясы  тұрғысынан  қарағанда  Гераклит  бірлікті, 
тіршілік  дамуындағы  ӛзара  байланысты  негіздеді.  Бізге  жеткен  үзік-үзік 
еңбектерінде ол материя мен логостың синтетикалық бірлігінен гӛрі материя 
туралы  кӛп  айтады.  Инерцияға  немесе  толық  беруді  қаламағандықтан 
материализмге  қатысты  әдебиеттің  басым  бӛлігі  «Таза  суға»  жіберілген. 
Гераклит  гилозоизмі  екені  күдік  тудырмайтын,  терең,  мұқият  жүргізілген 
талдауларды В. Асмус, А. Лосев, Г. Югай зерттеулерінен кӛрінеді.  
Гераклиттің  ағымдық  диаликтикасында  тіршілік  шексіздігі  және 
материя атап айтылады. Бұл дүниені Құдайлардың ешқайсысы және адамның 
ешқайсысы  жаратпаған  дүние  болды,  бар  және  мәңгі  от  болып  «жанып 
тұрады». Ол дүниенің ӛзгерісі дамуының негізінде оның бірлігі және күресі 
болғандығын  ойша  түсінген.  Ерте  христиандық  жазушы  Оригеннің 
пайымдауынша  Гераклит  «қарама-қайшылықтар  күресі  –  тұрмыстық  негізі 
болып  табылатындығын  мойындайды,  әрі  негіздеп,  оны  дамытты».  Қарама- 
қайшылықтар  бір-бірімен  алмасып  тұрады:  «суық  зат  жылынады,  суық  зат 
жылиды, дымқыл құрғайды, құрғақ суланады».  
Сонымен  Гераклит  түсіндіруі  бойынша  заттардың  шынайы  табиғаты 
мынадай:  мәңгілік  қозғалыс,  үнемі  ауытқулардың,  қарама-қайшылықтардың 

алмасуы  заттарға,  тіршілікке  тән.  Дүние  біртұтас,  онда  бәрі  тығыз 
байланысты.  
Гераклит алғашқы болып тағы бір философиялық принциптің іргетасын 
қалаған.  Гераклит  бұл  дүниедегі  барлық  нәрсе  қажеттілікпен  және  тағдыр 
заңдылықтарына бағыну арқылы жүзеге асады деп пайымдаған. Адамдардың 
логості  зерттеуі  оларға  дүниеде  болып  жатқан  құбылыстарды  түсінуге 
мүмкіндік  береді.  Гераклиттің  үйретуінше  «Логос  –  Дана  Ақыл  –  ол  дүние 
шындығы».  Адамдардың  кӛпшілігі  логосқа  тән  ойланбайды.  Тек  қаны  таза, 
иманды адамдар ғана және ең жақсы адамдар, тек қана солар ортақ ақиқатты 
және логос дүниені басқаратындығын мойындап соған сенеді. 
Гераклит үшін таным тек факт жинау емес, заттардың ақиқатын іздеу, 
оны  табу  бәрінің  қолынан  келмейді.  «Логостық»  дүние  басқаруына 
қарамастан  кӛптеген  адамның  ойы  Логоспен екіге  айырылады.  Олар  заттың 
ақиқатын  білу  (даналық,  философиялық  білім)  қажеттілігін  білгірлік  және 
тапқырлықпен  шатастырады.  «Білгірлік  ақылды  кӛбейтпейді.  Басқаша 
айтқанда,  Гесиод  пен  Пифагор  және  Ксенофан  мен Гекатей  бәлкім  басқаша 
болар еді».  
Басқаша  айтқанда  Гераклит  философияның  негізгі  принцицпі  – 
релятивизмге  (салыстырмалылыққа)  барынша  тығыз  жақындаған.  Ол 
жалпы  байланыс,  яғни  қарама-қайшылықтар  арасындағы  байланыс  жайлы 
нақты айтқан, толық және жарты, қилысатын және қилыспайтын, келісу және 
келіспеу  осының  бәрінің  түбі  бір.  Ол  заттар  мен  құбылыстардың  жалпы 
байланысының:  «бүтін  және  бӛлшек,  бірігу  және  ажырау,  үндестік  және 
әртүрлілік,  жалқыдан  жалпы,  жалпыдан  жалқы  құралатынының  толық 
анықталғанын» айтады.  
Диалектика  балаң,  стихиялы,  ғылыми  негізделмегеніне  қарамастан 
Гераклитті диалектиканың негізін салушы дейміз.  
Гераклитті  диалектиканың  негізін  салушы  деп  айтуға  толық  негіз бар. 
Бұл  сұраққа  бірінші  болып  пифагорлық  діни  мистикалық  мектебінің 
жақтаушылары  жауап  берген.  Бұл  бағыт  Элладада  (Оңтүстік  Италиядағы 
Кротоне  қаласы)  қалыптасқан.  Осы  уақытта  осы  мектептің  негізін  салушы 
Самос тұрғыны Пифагор (б.д.д. 580-300 жж.) Диоген Лаэртскидің айтуынша
үш  шығарма  жазған:  «Табиғат  жайлы»,  «Тәрбие  жӛнінде»,  «Қауым 
туралы».  Ол  ӛзін  ең  алғаш  рет  «философ»  атаған  және  «космос»  сӛзін 
«ғалам»  деген  сӛзбен  байланысты  хаосқа  байланыссыз  деген  ұйғарым  иесі. 
Ӛзін тұңғыш «философ» (даналықты сүюші) атаған алғашқы ойшыл космос 
ұғымын  ғалам  сӛзімен  синоним  ретінде,  хаос  ұғымына  антоним  ретінде 
қолданды. Сонымен космосты біртұтас, «сан мен үйлесім» заңына бағынған 
әлем  ретінде  сипаттайды.  Космос  осы  дүниенің  нақ  ӛзі,  ол  тұтас  болып 
қарастырылады және ол заңдылықтарға бағынады.  
Пифагордың пайымдауынша дүние тірі шар тәріздес отты дене. Ауаны, 
энергияны,  қуатты,  бостықты  жұтады.  Ол  ауа,  бостық  ішке  кіріп  заттарды 
бӛледі.  Барлығының  негізі  ретінде  Пифагор  санды  алған,  гректерше  ӛлшем 
ретінде  есептелген.  Кейінгі  Пифагорлықтар  сан  барлық  ӛлшемнің  бастауы 

екенін  анықтады.  Сан  шек  ретінде  қарастырылады.  Сан  –  шексіздіктің 
(рәсімделмеген заттар) рәсімнің бастамасы болып табылады. 
Алғашқы  пифагорлықтар  әлемнің  біртұтастығын  және  әр  қилылығын 
негіздегісі  келді.  Ол  әлемдік  гармония  үйлесімділікті  қамтамасыз  ететін 
мызғымас заң және ӛзара қарым-қатынас арқылы жүреді. Оны олар  «аздық 
кӛпте,  кӛптік  аздықта»  деп  пайымдады.  Олар  математикалық 
заңдылықтармен  түсіндіріліп  отырды.  Тіршіліктің  алғашқы  бастамасы  сан 
кӛпке  жинақталады.  Онда  дыбыстық  үйлесім  принциптері  мен  барлық 
ӛлшемнің бастамасы бар, олар математикалық заңдылықпен анықталады.  
Иондықтардың  кӛзқарастарын  тағы  Элей  мектебінің  (б.д.д.  V  ғ.) 
жақтаушылары  дамытты.  Ксенофан,  Парминид,  Зенон,  Мелисс  бұлардың 
Сократқа  дейінгілердің  кӛпшілігі,  элеаттықтар  жаратылыстану  ғылымының 
мәселелерімен  айналыспады,  болмыс  туралы  ілімді дамытты,  классикалық 
грек  онтологиясының  іргетасын  қалады.  Сократтықтарға  қарағанда 
элейліктер  дүние  жаратылыстану  ғылымымен  айналыспай  кӛбіне  болмысты 
тереңдетті.  
Анаксимандрдың  шәкірті  Ксенофон  (б.д.д.  580-487  жж.)  ӛлең  түрінде 
бірнеше  еңбек  жазды,  соның  бірі  – «Табиғат  жайлы»  поэмасы,  ол  тапқыр, 
«Гомер  ӛтірікшінің  жаласын  ашушы»  деген  лақап  ат  алған.  Ксенофон 
«барлық  миф  (аңыз)  –  ӛтірік»  деп  айтты.  Оның  нақты  зерттеуі  –  әлем 
тұтастығы.  Оның  ілімінің  негізгі  пункті:  «Бар  болу  бірлікте»  екенін 
мойындау.  Бәлкім,  Ксенофон  тұтастық  деп  жаратушыны  да  және  тұтас 
әлемдік  денені  де  қарастырған.  Басқаша  айтқанда  Құдай  ол  дүниедегі 
тыныштық  нышаны.  Дүние  –  мәңгілік,  аяқталуы  мүмкін  емес.  Жаратушы 
адамдардан  ӛзгеше  және  мәңгілік,  шар  тәріздес  тұтас,  ӛзгереді,  қозғалады, 
жаралады,  шарықтайды  және  бәсеңдейді.  Мұның  бәрі  алма  кезек  болады, 
болмыстың  негізін  ақыл-ой  (логос)  арқылы  түсінуге  болады.  Ал  сезім  бізге 
ақиқаттың баламасын ғана береді, ол алдамшы пікір. 
Ксенофанның  болмыс  туралы  ілімін  тереңірек  Парменид  (б.д.д.  540-
480  жж.)  жетілдірді.  Плутархтың  айтуынша,  сезім  алдамшылығын  жоққа 
шығармайды(табиғатта  саңылау  болмайды).  Дүние  жалғыз,  онда  жекелеген 
заттардың кӛптігі жоқ (тек бірлік бар, кӛптік жоқ). 
Парменид  алғашқы  болып  философиялық  анализге  болмыс  түсінігін 
енгізген.  Ол  тіршілікті  үлкен  біртұтас  шар  тәрізді  дененің  ортасында 
қалыптасқан  деп  есептеді.  Әлем  біртұтас  оның  ішінде  бӛлек  заттар  мүлдем 
жоқ. Табиғатта саңылау болмайды, дүние жалғыз онда жекелеген заттардың 
кӛптігі жоқ (Тек бірлік бар, кӛптік жоқ). 
Парменид пайымдауынша, тіршілік бар нәрсе, жоқ нәрсе болмайды. Бар 
зат  –  жоқ  заттың  қарама-қайшылығы.  Ӛйткені  бүкіл  әлем  біртұтас  және  ол 
тұрақты, ӛзгеріссіз. Сондықтан ол мәңгілік және ешкім жаратпаған. Тек қана 
ӛзгеріссіз тіршілік жоқ, ол ӛзгермелі.  
Парменид – «болмыс бар», «болмыс емес жоқ», болмыс – бар болу, не 
нәрсе жоқ – (болмау, жоқтық) ӛмір сүрмеу» деді. Болмыс тұтастай болмауға 
қарама-қайшы  ұғым.  Қаншалықты  әлем  жалғыз  болса,  қозғалмау,  ӛзгермеу 
оның  негізгі  сипаты  болып  табылады.  Сондықтан  ол  мәңгілік,  оны  ешкім 

жасаған жоқ. Тек жалғыз, ӛзгермейтін болмыс ақиқат, ал ӛзгергіштік, кӛптік 
елес қана (иллюзия). 
Парменидтың айтуынша тіршіліктің ӛткен шағы, болашағы болмаған, 
ол  мәңгілік  осы  шақ.  Тіршілік  бейнесі  толық  сфера  тәріздес.  Ол  ойша 
тіршілікті тек ой ӛрісіне байланысты ол уақытша ӛзгермейтін құбылыс. Оны 
бӛлуге  болмайды.  Ойлаудың  ӛзі  тіршілік.  Болмыс  ӛзгермейді,  қозғалмайды, 
егер  қозғалыста  болса  ӛзгермелі  болса  ол  болмыс  емес.  Болмыс  пішіні 
егінсіз.  
Біз  сезіммен  танимыз  бірақ  тек  оймен  аяқтаймыз.  Ой  сезімді  басып 
озады. Сезім бізді алдауы мүмкін. Оның айтуынша, ақиқат ойлауда, ал сезім 
бізді адастырады. Ой бізге болмыс тұрақты, ал басқаның бәрі алдамшы деп 
пайымдайды. Біздің ойымыз – әрқашан зат туралы ой. Бұл заттан болмысты 
ажыратуға  болмайды.  Ой  –  бұл  әрқашан  болмыс.  Басқаша  айтқанда, 
«ойлану» рационалды жолмен жүзеге асады.  
Оның  ілімдері  Зенонның  апорияларында  жалғасын  тапты,  Самостық 
Мелисс  тезистерінде  «Ешнәрсе  жоғалмайды.  Жоқтан  бар  пайда 
болмайды, бар ешқашан жоғалмайды» деген ой айтылады.  
Парменидтің сүйікті шәкірті Зенон (б.д.д. 480-430 жж.) оның ілімін ары 
қарай  дамытқан.  Оның  ойынша  зерттеп-білу  ғана  дұрыс,  ал  сезіну 
қиындықтар  туғызады.  Мұны  айта  отырып,  Зенон  дүниеде  нақты  ақиқаттан 
бӛлек  диалектикалық  қарама-қайшылықтар  барлығын  айтқан.  Ол 
пифагорлықтардың уақыт және кеңістік жайындағы ойларына қарсы болған. 
Ол  ӛзінің  «Ахилл  және  тасбақа»,  «Дихотомия»,  «Ұшқан  оқ»,  «Стадион» 
апорияларында олардың математикалық кӛзқарастарын айыптаған. Ал оның 
жоққа  шығаруларын  сатылы  принциппен  түсіндірген.  Мұның  бұл  еңбектері 
оның диалектикалық танымға қосқан үлкен үлесі болды. 
Зеноның қарсыласының қатесін табу арқылы ақиқатқа жету ӛнерін айта 
кеткен жӛн. Аристотель оны диалектиканың негізін салушы деген. 
Ол  диалектиканың  негізі  қарсылықты  ойлауда  жатқандығын  дұрыс 
түсіндіреді.  
Сонымен элеаттықтардың принциптерінің негізі, тіршілік тұтастығы, ал 
ӛзгеріс  дұрыс  емес  деген  ойы  ӛріс  алған.  Олар  біртұтас  дүние  әрдайым 
қозғалыста  деп үйреткен.  Ол  үшін  сезімдерден  бӛлек нақты  ойлайтын  және 
алдамшы сезімдерді жеңіп ақиқатқа жете алатын ой ӛрісті болуы керек дейді.  
Олар ойлау мен сезінудің айырмашылығын кӛрсетіп айтты. Одан бӛлек 
элеаттықтар ойлау мен сезінуді бір түсінік ретінде қарастырады, нәтижесінде 
мифологиялық  ойлаудан  абстракты  ойлауға  ауысу  жүзеге  асты.  Жалпы 
айтқанда,  олардың  кӛзқарастары  болмыстың  метофизикалық  түсінігі 
қарастырды.  
Атомистер  элеаттықтардың  онтологияның  натурфилософиясын  ары 
қарай  дамытты.  Олардың  атом  туралы  түсінігі  ХІХ  ғ.  дейін  философия  мен 
ғылымда үстемдік етті. 
Атомистикалық  теорияның  негізін  салушы  элейлік  Левкипп  (б.д.д. 
500-440  жж.).  Оның  білімдері  бізге  басқа  антикалық  философтардың 
айтуынша  жетті.  Оның  еңбектері:  «Ой  туралы»,  «Ұлы  диакосмос».  Ол 

еңбектерінде  негіз  бен  негізсіздік,  дүние  қалыптасуының  тең  әрекеті 
мәселелері қарастырылды.  
Левкиппке  дейін  грециялық  ойшылдар  қозғалыс  ұғымын  түсіндіре 
алмаған.  Ол  енгізген  бостық  түсінігі  атомдар  бос  кеңістікте  қозғалады  деп 
болжауға  кӛмектесті.  Олардың  арасында  диалектикалық  байланыс  бар 
делінді.  Левкипптің  түсінігінше  атом  –  ең  кіші  бӛлшектенбейтін,  ӛз  кӛлемі, 
орны бар  және  бос  кеңістікте  қозғалады.  Олар  ӛте  кішкентай  болғандықтан 
оны тек елестетуге болады. Атом  – барлық заттардың қалыптасуының және 
ыдырауының басты себепкері.  
Демокрит  (б.д.д.  460-370  жж.)  логикалық  атомистік  ілімнің  негізін 
салушы. Ол ӛзінің ұстазын толықтыра отырып атомдар ӛзгермейді және олар 
салмағы,  кӛлемі,  түрі  жағынан  әр  түрлі  деді.  Олар  тӛртбұрышты, 
үшбұрышты, 
дӛңгелек 
болуы 
мүмкін, 
осыған 
байланысты 
зат 
айырмашылығы  болады.  Бірақ  оны  заттардың  сапалық  қасиеттеріне 
жатқызбады. Атомдардың ӛзгермейтіндігі, мәңгілігі және үнемі  қозғалыста 
болатындығы  маңыздырақ  болған.  Ол  атомдардың  ӛмір  сүру  тәртібі.  Ол 
қасиеттер  атомдардан  атомдарға  соқтығысу  арқылы  беріледі  және  дамуға 
алып келеді. Диоген Лаэрцияның айтуынша, Демокрит «бүкіл әлем атомдық 
негізде  құрылған  және  осы  атомдар  күрделі  денелер  мен  тұтас  әлемдер 
құрған»  деген.  Бос  кеңістікте  қозғалып  атомдар  жер,  су,  ауа,  от  және 
денелерді  түзген.  Ол  қозғалыстың  үш  формасын  атап  кӛрсетеді,  олар: 
хаотикалық,  вихревтік  және атом қозғалысы.  Әлемдегі  әрекеттер қажеттілік 
пен  атомнан  құралған  денелердің  (алдын  ала  анықталған)  детермирленген 
Вихревтік механикалық қозғалысы нәтижесінде жүзеге асады. 
Демокрит ӛте күрделі түсініктердің қалыптасуына ықпал еткен. Ол жан 
тыныштығы, адам мен Құдайлар байланысын айтқан. 
Заттардың ақиқатына жету үшін тек ойдың кӛмегіне жүгінуге болады. 
Демек,  ойдағы  нәрсені  тек  оймен  білуге  болады.  Оны  білудің  басты  шарты 
ретінде дене атомдары мен адам сезімдерінің біріккен жиынтығы әсер етеді. 
Ой да, сезім де тылсымнан келетін бейнелерден туындайды. 
  
Сонымен, бұл атомистік ілім элеаттықтардың сұрақтарына жауап 
береді. Ол бірлік пен тұтастың, заттардың пайда болуы мен жоғалуы жайын 
айтқан,  ал  оны  Парменид  пен  Зенон  оны  мәңгілік  ӛзгеріссіздікке 
байланыстырғысы  келеді.  Тағы  атомизм  қозғалыс  проблемасын  бастапқы 
атомдарға байланысты шешкен.  
 
3.3. Орта классика: адамның «ашылуы» (софистер, Сократ және 
оның дәстүрі) 
 
Антикалық философияның дамуы (б.д.д. V-ІV ғ. ) экономикалық даму 
мен  адамдар  заң  алдында  тең  деген  ұғыммен  сәйкес  келеді.  Шынында, 
афиндық  демократия  тек  азат  туған  еркектерге  ғана  арналды.  Әйелдерге, 
кӛшушілерге және құлдарға қатысы болмады. Құлдар саны антиялық қоғамда 
ӛте кӛп болды,олар жұрттың 65 пайызын құрады. Және ұдайы соғыстар мен 
құл  сатудың нәтижесінде  олардың  саны ӛсіп отырды. Құлдар  үй және  тегін 

күш иесі ретінде Пергам, Антиохия, Александрия және тағы басқа қалаларда. 
Бұл қоғамның иелері заңсыз болып есептелінді. 
Осы  уақытқа  Элоданың  саяси  және  мәдени  орталығы  солтүстіктен 
контенинтальды қалаларына ауысты. Ең дамығаны Афина болды, ол Теңіздік 
одақтың  орталығы  және  демографияның  тал  бесігі  болды.  Құлиеленушілік 
демократия  тек  адамдардың  заң  алдындағы  теңдігі  саясында  ғана  емес, 
соттың  қатысуымен  де  байланысты  болды.  Ол  үшін  білімді  және  тіршілікті 
түсіне  ажырататын,  саясат,  ӛнер,  философиядан  хабары  бар  және  сендіре 
алатын болуы тиіс. 
Софистика – жай кездейсоқ құбылыс емес, ертедегі Греция мәдениеті 
мен  философиясында  заңдылық  тәрізді.  Оның  пайда  болуы  алдында 
айтылған себептерге ғана емес, ескі натурфилософия қажет болды. Ол ескі 
натурфилософияны софистер аяқтады және олар скептицизмді, субъектизмді, 
реалитивизмді  теориялық  тұрғыдан  қарастырған.  Олар  тұрмыс  мәселелерін 
екінші орынға жылжытып, философияны адамға тура қаратты. 
Софистер барлығының теңдігін айтқан. Кімнен туылғанына қарамастан 
барлығымыз  табиғаттан  жаратылғанымызды.  Олар  адам  тәрбиесін  бәрінен 
жоғары  қойып,  олар  адамгершілік  қасиет  туа  бітпейтінін,  ол  қанға 
байланысты  еместігін,  ол  үшін  ұмтылу,  қалау  керектігін  айтқан. 
Қайырымдылық  –  дегдарлыққа  тәуелді  емес  екендігін,  ол  –  білімге, 
мінсіздікке  ұмтылудан  пайда  болатынын  айтты.  Олар  шәкірттерінен  оқу 
ақысын 
алып 
оларға 
математикалық, 
риторика, 
дипломатия, 
юриспруденцияны оқытқан. Бұл қылығымен софистер жоғары тап ӛкілдерін 
таңғалдырды.  Ӛйткені  білім  алу  тек  үстем  топ  ӛкілдерінің  қолынан  келген. 
Олар  бостандықты  қазым  ұстанымдарына  қарсы  қойды.  Софистер 
ағартушылық  қызмет  атқарды.  Олардың  негізіне  келешек  еуропалық  оқуды 
салған. Сопылар (софистер) грек  ағартушылары қызметін атқарды, болашақ 
еуропа ағартушыларының дәнін егіп, мәдениетінің негізін қалады. 
  
Софистер бағыты біркелкі болмаған. Софистерді үлкен және кіші 
деп  екіге  болген.  Әр  топ  әрқилы  мәселелерді  қарастырған.  Бірақ  бәрінің 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   36




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет