Б. М. Демеуова әлем халықтарының тамақтану дәСТҮрлері мен мәдениеті


Молдовандықтар әдісімен дайындалған жас үрмебұршақ



Pdf көрінісі
бет38/45
Дата23.10.2023
өлшемі0,87 Mb.
#187686
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   45
Байланысты:
Демеуова-Б.М.-Әлем-халықтарының-тамақтану-дәстүрлері-мен-мәдениеті
В қызықты математика, 9 мамыр, f6204ad479ec250
 
Молдовандықтар әдісімен дайындалған жас үрмебұршақ 
Қыздырылған зәйтүн майына немесе өсімдік майына туралған пияз бен 
қөқ бұрышты қуырасыз. Бұған майда туралған помидор, балдыркөк пен 
петрушка және тұз, қара бұрыш, қант қосып тұздық пісіресіз 20 минут. 
Кастрюльге жарты литр су құйып, тұз салып қайнатасыз. Тазаланып 
туралған үрмебұршақты осы қайнап жатқан суға салып жартылай 
жұмсарғанша пісіресіз де дайындап қойған тұздықты құясыз. Тағы жарты 
сағаттай пісіресіз. 
Бұған керегі – 1 стакан май, 1 пияз, 1 тәтті бұрыш, 1 тал балдыркөк, 1 
бума петрушка, 1 кг жас үрмебұршақ, бұрыш, қант пен тұз қалағаныңызша. 
Молдованның жаңғақ тұздығындағы үрмебұршақ 
Ұрмебұршақты жуып,5-6 сағат суға жібітіп қоясыз да сәбіз, петрушка, 
пияз қосып пісіріп аласыз. Сүзіп, суын сорғытып қоясыз. Үрмебұршақты 
бөлек ыдысқа салып, тұз қосып сарымсақ үгітілген жаңғақ тұздығын құйып 
дәмдейсіз. 
Тұздыққа грек жаңғағын тазалап, үгітесіз де сүтке жібітілген ақ нан 
қосып ет тартқыштан өткеізесіз. Осы массаны тарелкаға салып, қасықпен 
араластырып, үгітілген сарымсақ қосып, өсімдік майын құя отырып әбден 
араластырасыз. Тұздықты жақсылап араластырасыз да тұз бен лимон 
шырынын қосасыз. 
Бұған керегі – 3 стакан үрмебұршақ, 1 сәбіз жарты петрушка тамыры, 2 
пияз. Тұздыққа – 20 түйір грек жаңғағы, 3 бадана сарымсақ, жарты стакан 
өсімдік майы, 100 г ақ нан, 1 ас қасық лимон шырыны, бұрыш пен көктер, тұз 
қалағаныңызша. 
 
Молдованның ет қосқан түсті капуста запенкасы 


51 
Түсті капустаны суық суға жуып, гүл шоғыларына бөліп, 5-7 минут 
ыстық суға пісіріп алып сүзесіз де суын сорғытып қоясыз. Шұнғылдау ыдысқа
май жағып, кепкен нан себелеп, оған жаңағы пісірген капустаны саласыз. Етті 
жуып, ет тартқыштан өткізесіз, бұған пияз бен сәбіз, шикі картоп қосып 
өткізесіз, бұған пияз бен сәбіз, шикі картоп қосып өткізесіз, бұған пияз бен 
бұрыш қосып аздап майға қуырасыз. Капустаның үстіне осы құырылған 
фаршты, тағы да капуста қабатын саласыз, одан соң тағы ет фаршын, сосын 
капуста қабатын саласыз, қаймақ құйып, кепкен нан ұнтағын себелеп, май 
бүркіп духовкаға қойып пісіресіз. 
Дайын болған запеканаканы духовкадан алып, тарелкаларға бөліп 
салып, қаймақ құйып, майда туралған аскөк пен петрушка себелеп дастарқанға 
әкелесіз. 
Бұған керегі – 2 шоқ түсті капуста, 400 г ет, 4 пияз, 1 сәбіз, 4 ас қасық 
сары май, 2 жұмыртқа, жарты стакан қаймақ, 1 ас қасық нан ұнтағы, бұрыш 
пен көктер, тұз қалағаныңызша. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   45




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет