Б. С. Майқанов ю. А. Балджи б. Ж. Айтқожина



Pdf көрінісі
бет7/26
Дата06.12.2019
өлшемі4,27 Mb.
#53068
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   26
Байланысты:
index
planir zemlep kurs lekcij na kaz yaz 2, Орман кейс

 
Тұқының,  көксеркенің,  шортанның,  мөңкенің  қабыршақтарын 
зерттеу  нәтижесінде  біз  олардың  микроскопиялық  құрылысын 
құжаттадық. 
 
 
 
 
 
 
 
 
Тұқының  қабыршағына  келетін  болсақ,  біріншіден  басқа 
қабыршақтар сияқты ол да ол екі бөлікке бөлінген, біреуінің құрылымы 
тегіс және нәзік, өйткені балық терісінде орналасады, ал жоғары шеттері 
қалың  және  дөрекі  құрылысты,  сонымен  қатар  пигменттелген  болады. 
Екіншіден,  қабыршақтың  орта  тұсына  қарай  қабыршақ  сызықтары 
өтетін нүктесі немесе орны бар, оларды склериттер деп атайды.   
 
Жоғарғы  шеттері  микроскоппен  қарағанда  тегіс,  бұрыштары  жоқ 
сопақша  құрылысты  екенін  көреміз.  Ал  төменгі  шеттерін  зерттеген 
кезде,  үзік-үзік  құрылысты  тік  бұрышты  үзінділердің  бір-бірімен 
жалғасуы тәрізді көріненін байқадық, 23-суретте көрсетілген. 
 
 
 
23 

сурет. Тұқы қабыршағының құрылысы 
Қ
абыршақ 
алатын орын 

 
67 
 Көксерке  қабыршағының  өзіне  тән  айырмашылық  ерекшеліктері 
бар  (24-сурет),  бірақ  визуалды  зерттегенде  ол  көрінбейді.  Мұнда 
қабыршақтың  екіге  бөлінген  шекарасы  айқын  көрінеді.  Зерттеліп 
отырған  қабыршақ,  өзге  қабыршақтарға  қарағанда  жоғарғы  бөлімінің 
құрылысы  тісті  болуымен  ерекшеленеді,  ал  төменгі  бөлімі  тұқының 
қабыршағына  қарағанда  өзгеше  жапырақшалар  түрінде,  бір-бірімен 
тығыз  байланыста,  бірақ  бірінің  үстіне  бірі  жабылмаған  және 
салынбаған бейнеде келтірілген. Сонымен бірге олардың пішіндері алун 
түрлі болып, осы жағдайда маңызды болып саналады.  
 
 
 
24

 сурет. Көксерке қабыршағының құрылысы 
 
Шортан  қабыршағы  құрылымының  өзіндік  құрылысы  бар.  Оның 
жоғарғы  шеттері  зерттеліп  отырған  өзге  қабыршақтардан  формасы 
бойынша айырмашылығы бар, ұшталған жоғарғы шеттері ромб түрінде 
көрсетілген.  Сонымен  қатар  қабыршақ  орталығынан  вертикальды 
тәжілер өтпейді, соның себебінен барлық қабыршақ біртекті құрылымды 
болады.  Төменгі  шеттеріне  келетін  болсақ,  ол  жапырақшалар  түрінде 
ұсынылған,  25-  суретте  бірі-бірін  ішінара  жауып  және  де  пішіндері 
бойынша біркелкі емес екендігін көреміз. 

 
68 
 
 
25

 сурет. Шортан қабыршағының құрылысы 
 
Визуалды қарағанда мөңкенің қабыршағы тұқының қабыршағымен 
ұқсас,  дегенмен  тұқыныкімен  салыстырғанда  жоғары  шеттерінің 
құрылымы  ромб  тәрізді  (шортандыкіне  ұқсас),  ал  төменгі  шеттері,  26-
суретте  бейнеленгендей,  бір-бірімен  жалғасқан  тік  бұрышты  
құрылымдар болып келеді. 
 
 
26 

 сурет. Мөңке қабыршағының құрылысы  
 

 
69 
Осылайша, 
біз 
анықтаған 
жануарлар 
қылдарының, 
құс 
қауырсындарының  және  балық  қабыршағының  түрлік  ерекшеліктерін 
суреттер ретінде құжаттадық, олар жаңа,  өйткені қазіргі уақытқа дейін 
Қазақстан  Республикасында  жоғарыда  аталған  айғақтық  заттардың 
сипаттамасы тек сызба-нұсқа түрінде ғана болған. 
 
2.5.5  Мал өлексесін соттық сараптау 
 
Соттық-ветеринариялық 
жарып-союдың 
ерекшеліктері. 
Жануарлар өлген кезінде, сондай-ақ лажсызданған сойылған кезінде сол 
немесе өзге тұлғалардың кінәсі туралы сұрақ туындауы мүмкін. Мұндай 
жағдайларда жарып-сою соттық-ветеринариялық сипатқа ие және кейбір 
арнайы нысаншылдықпен бірге алып жүріледі. 
Ол  тергеуші  органдар  ұсынысы  бойынша  жүргізіледі.  Сонымен 
қатар  олардың  өкілдері,  сондай-ақ  айғақ  куәгер  (тінту,  хаттау  ісіне 
қатыстырылатын  бөгде  адам)    қатысуы  керек.  Сонымен,    кез  келген 
жануарлардың  өлімі  соттық-іс  ретінде  қаралып,  ал  жарып-сою 
хаттамасы,  кейіннен  іс  сотта  қаралғанда  әдеттегі  паталогоанатомиялық 
жарып-сою  хаттамасынан  соттық-ветеринариялық  құжатқа  айналуы 
мүмкін екендігін есте сақтау қажет. Соттық-ветеринариялық жарып-сою 
техникалық  жағынан  патологоанатомиялық  жарып-союдан  аздаған 
айырмашылықтары  бар,  дегенмен  оған  спецификалық  сипат  беретін 
бірқатар ерекшеліктері болады.  
I.  Патологоанатомиялық  және  соттық-ветеринариялық  жарып-
союдың заңдық негіздері әртүрлі. Біріншісі анықтау мақсатында- жануар 
өлімінің себебін, клиникалық диагнозды, сонымен қоса қолданған емнің 
дұрыстығын  тексеру,  ал  екіншісі  –  аталғандардан  басқа,  айқындау 
мақсатында,  қосымша  адамдардың  жануарлар  өліміне  қатыстылығын 
тексереді. 
II.  Патологоанатомиялық  жарып-сою  кезінде  аурудың  өтуі  туралы 
деректер көптеген жағдайда объективті және сондықтан өзінің көп бөлігі 
бойынша сенім білдіреді. Ал соттық-ветеринариялық жарып-сою кезінде 
дәлелдер әдейі бұрмалануы мүмкін.  
 
 
 
 
 
 
III.  Соттық-ветеринариялық  жарып-сою  кезінде  тек  қана  өлім 
себебі  емес,  өлімнің  туындау  жағдайы,  сонымен  қатар  өлім  туған 
уақытты анықтауға тура келеді.  
 
 
 
 
 
 
IV.  Соттық  жарып-союды  сарапшы  ретінде  тағайындалған 
ветеринарлық  дәрігер  жасайды  және  дәрігерге  тергеу  органдары 
бірқатар сұрақтар қояды:  
1.  Жануар өлімінің себебі неде? 
 
 
 
2.  Жануардың өлген уақыты? 
3.  Жануарлар негізгіден басқа аурулармен ауырған ба және қандай? 
4.  Жануарларға  уақытылы  ветеринариялық  көмек  беру  арқылы, 
оларды құтқарып қалуға болар ма еді? 

 
70 
5.  Егер  жануарлар  өлтірілген  болса,  онда  немен,  қандай  құралмен 
өлтірілген? 
Сол кездегі мән жайға байланысты басқа да сұрақтар қойылады. 
 
 Соттық  жарып-сою  кезінде,  өзгелердегі  сияқты,  инфекцияның 
таралуының алдын-алу ережелері қатаң сақталады.  
Өлексені  жатқан  жерінде  қарау.  Жануарлар  өлімінің  туындау 
жағдайы ісін айқындауда, себептерін анықтау, өлексені жатқан жерінде 
қарау,  сонымен  қатар  қоршаған  аумақты  тексеру  көп  көмегін  тигізеді. 
Сол  себепті  бұл  жағдайды  жануар  өлексесін  қарайтын  кез  келген 
ветеринарлық маман ескеруі қажет: кейбір келеңсіз жағдайларда жануар 
кенеттен  өлсе,  өлімнің  себебі  белгісіз  болса  және  осыған  орай 
жануарлардың зорығып өлуі туралы немесе қызметкерлердің жануарды 
дұрыс  қарамауы  және  салғырттық  жағдайлары  қарастырылуы  мүмкін. 
Келесідей сұрақтар туындауы мүмкін, мысалы, шаруашылықта кешкісін 
сау  болған  жануарлардың  таңертеңгі  уақытта  өлексесі  табылса, 
жайылымда  бір  немесе  бірнеше  жануарлардың  кенеттен  өлуі  және  т.б. 
осындай  жағдайлар  қарастырылады.  Аталған  жағдайларда,  өлексені 
қарау және жарып-сою жергілікті әкімшілік өкілдерінің, полиция немесе 
тергеу  органдарының  қызметкерлері  және  айғақтық  куәгерлердің 
қатысуымен жүргізіледі.  
 
 
 
 
 
 
Өлексені  қарау  кезінде  оның  жатқан  қалпына,  дене  тұрысының 
өзгешелігіне,  байланған  жануарлар  болса  бекіту  әдісіне  (шынжырмен), 
зақымдалулар  бар  болған  жағдайда  оның  сипатына  және  жақын  жерде 
бөлінділердің (құсық массалары, қан, көбік және т.б.) болуына, сонымен 
бірге  бөгде  құралдардың  бар  жоқтығына  назар  аударады.  Барлық 
табылған  айғақтар  жан-жақты  қаралып,  соңғысының  нәтижесі  арнайы 
қарау  хаттамасына  енгізілуі  тиіс.  Қатысушылардың  пікірі  бойынша, 
келешекте  өлім  жағдайы  мен  себебін  анықтауға  көмегін  тигізетін  және 
сақтауға  келетін  заттардың  барлығы  хаттамада  белгіленіп,  тергеу 
органдарына  сақтауға  немесе  қосымша  зеттеулер  жүргізу  үшін 
зертханаға жіберіледі.  
Өлгеннен  кейінгі  өзгерістер  және  олардың  соттық  мағынасы. 
Жануар  өлексесінде  дамитын,  өлгеннен  кейінгі  өзгерістерге  өлексенің 
мұздауы,  сіресуі,  қанның  ұюы,  өлексе  гипостаздары  және  іріп  шіруі 
жатады. Соттық жарып-сою кезінде барлық өзгерістер мұқият қаралып, 
жарып-сою  хаттамасына  тіркелуі  қажет.  Өзгерістердің  сипаты  мен 
дамуының  ерекшеліктері  жануардың  негізгі  ауруын  айқындауға  негіз 
бола алады, бұдан басқа, өзгерістердің даму дәрежесі жануардың өлген 
уақытын  анықтауда  септігін  тигізеді.  Жануар  өлген  уақытынан  бастап 
өлексені  жарып  сойғанға  дейінгі  уақытты  анықтауда,  аталып  өткен 
өлекседегі өзгерістердің маңызы зор, соған қоса өлексе жатқан орынмен, 
қоршаған  орта  әсері  және  аурудың  белгілері  жануар  түрі  мен 
қоңдылығы,  ауру  сипаты  ескеріледі.  Сонымен  қатар,  жазғы  уақыттарда 
жануарлардың  өлу  уақытын  шыбынның  жетілу  сатыларына  қарап 

 
71 
анықтауға  болады.  Егер  өлексенің  табиғи  тесіктерінде  шыбындардың 
тек  жұмыртқалары  табылса,  онда  өлген  кезден  бір  тәуліктен  көп  емес 
уақыт  өткенін  бірдіреді.  Ұсақ  балаңқұрттар  1-2  тәуліктен,  ірілері  2-5 
тәуліктен, қуыршақ сатысы 6-7 тәуліктен кейін пайда болады. 20-22 
0
С 
температурада  шыбындардың  толық  дамып  жетілуі  22  күнге 
созылатыны белгілі. Осыған орай, өлген жануарлардағы қуыршақтарды 
жинап,  олардың  ересек  шыбындарға  айналу  мерзімін  бақылап, 
қуыршақтарды  жинаған  уақыттан  бастап  шыбынға  айналу  уақытын  22 
күннен  алып  тастау  арқылы,  жануар  өлімінен  неше  күн  өткенін 
анықтауға болады. 
 
 
 
 
 
 
 
Салқындау.  Жануар  өлгеннен  бастап,  өмірлік  маңызды  функция 
ағзадағы  жылу  бөлу  қызметі  тоқтатылады  және  физикалық  зандарға 
сәйкес  ағза  температурасы  қоршаған  орта  температурасымен  теңеседі. 
Әрі  қарай  өлексе  беткейінен  ылғалдың  булануы  нәтижесінде,  өлексе 
температурасы  қоршаған  орта  температурасына  қарағанда  2-3
0
С 
төмендеуі  мүмкін.  В.Е.Евтихиевтің  жүргізген  тәжірибесінде  өлген 
жануарлар  ұшалары  (жылқы  және  ит)  ауаның  орташа  температурасы 
7,1
0
С болғанда, өлген соң бір тәулік ішінде 1
0
С-ға және 2-ші тәуліктерде 
сағатына  0,2
0
С-ға  төмендеп  отырған.  Өлекселердің  толықтай 
салқындауы,  яғни  өлексе  температурасының  ауа  температурасымен 
теңесуі  жылқыларда  63  сағаттан  соң  және  иттерде  46  сағаттан  кейін 
байқалған.   
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Ұша температурасының төмендеуі қисық сызық бойынша жүреді: 
неғұрлым  қоршаған  орта  мен  ағза  температурасы  айырмашылығы  көп 
болса, соғұрлым өлексе температурасы тез төмендейді, және керісінше, 
айырмашылық  аз  болса,  төмендеу  уақыты  да  ұзағырақ  болады. 
Қоңдылығы жоғары, ірі жануарларда салқындау үрдісі, ұсақ және арық  
жануарларға  қарағанда,  баяу  жүреді.  Қою  жүн  жамылғысы  өлексенің 
салқындауына  көп  кедергі  келтіреді.  Күшәла,  стрихнин,  синиль 
қышқылымен уланған жануарларда да салқындау, басқа да себептерден 
өлген жануарларға қарағанда баяу жүреді.  
 
 
 
 
Салқындау  жылдамдығына    әсер  ететін  көптеген  факторлардың 
нәтижесінде, осы белгілері бойынша жануар өлімінің уақытын  шамамен 
алғашқы 2 күнде анықтауға болады, соның өзінде нақты емес.    
 
Ескерту.  Температураны  ұзын  шыны-сынапты  термомертмен  тік 
ішек арқылы немесе тетіктері бар термоэлектрлік құралдармен, мысалы, 
температураға байланысты қарсылығын ауыстырып отыратын термо бу 
немесе металл сым арқылы анықтауға болады.   
 
 
 
 
Өлексенің  сіресуі.  Өлгеннен  кейін  жануарлардың  барлық  бұлшық 
еттері  босайды,  бірақ  аздаған  уақыт  өткен  соң  олардың  бұлшық  еттері 
тығызданып,  қатаяды,  бұлшық  еттері  тартылып,  өлексені  бір  қалыпқа 
келтіреді,  өлексе  қалпын  тек  физикалық  күш  қолдану  арқылы  өзгерте 
алады.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Өлексенің  сіресуі  аяқтарынан  басталып,  кейін  шайнау  бұлшық 

 
72 
еттеріне,  мойын  және  дене  бұлшық  еттеріне  тарайды.  Сіресу  үрдісінің 
басталу  уақыты  0,5-6  сағат  аралығында  болады,  көп  жағдайда  15-20 
сағаттан  кейін  сіресу  дененің  барлық  бұлшық  еттерінде  байқалады. 
Өлгеннен  кейін  24  сағаттан  соң  бұлшық  ет  тығыздығы  өте  жоғары 
болады,  кейіннен  жұмсара  түседі.  Сіресу  организмге  қалай  тараса,  сол 
ретпен жоғалады. Бұлшық  еттердегі  сіресуді  күшпен  кетірген  жағдайда, 
өлексе қайтып бастапқы қалпына келмейді. 
 
 
 
 
 
Өлексе  сіресуінің    басталу  уақыты  мен  айқындану  дәрежесі, 
көптеген ішкі және сыртқы әсерлерге байланысты.    
 
Қоршаған  ортаның  температурасы  жоғары  болса,  өлекседе  сіресу 
үрдісі  ерте  басталады,  бірақ  тез  қайта  қалпына  келеді;  төменгі  
температура кезінде сіресу үрдісі баяу жүреді және ұзағырақ сақталады, 
жоғары  температураға  қарағанда.    Ауа  құрғақтығы  сіресу  үрдісін 
тездетеді,  ылғалдылық  –  баяулатады.  Қоңдылығы  жоғары,  бұлшық 
еттері жақсы дамыған жануарларда жіті аурулармен ауырғанда, сонымен 
қатар  жануарлар зорығып өлгенде сіресу үрдісі айқын байқалады және 
ұзақ сақталады. Сіресу ұзақққа созылса, ол кеш басталады. Ал көтерем 
жануарларда сіресу ерте басталып тез өтеді.   
 
 
 
Қайта  даму  қалпындағы  бұлшық  еттер  сіресуге  ұшырамайды. 
Тырысып  бүрісу  (сіреспе,  стрихнинмен  улану)  белгілерімен  өтетін 
аурулар мен уланулардан өлген мал өлексесі өте жылдам сіреседі, анық 
байқалады және ұзақ уақытқа дейін сақталады.  
 
 
 
 
Өлексенің  жылдам    сіресуіне  кейде,  ветеринария  тәжірибесінде 
қолданылатын кейбір дәрі-дәрмектер әсерін тигізеді. Мәселен, вератрин, 
пилокарпин,  атропин,  камфора  секілді  препараттар  сіресу  процесінің 
пайда  болуын  жеделдетеді.  Ал  хлоралгидрат,  кокаин  препараттары 
керісінше процессті баяулатады. Жануар өлімі қан кетуден  және электр 
тоғы әсерінен болған кезде  сіресу жылдам басталады. 
 
 
 
 Өлексе  сіресуінің  мүлде  болмауы  немесе  әлсіз  ғана  білінуін 
инфекциялық  аурулар  кезінде,  мысалға,  сібір  жарасында  байқауға 
болады.  Дегенмен, кейбір ғалымдар бұл ауру кезінде сіресу процесінің 
болмауын жоққа шығарады, ал  И.Н. Ланге кейіннен А.А.Раевский сібір 
жарасынан  өлген  жануарлар  өлексесінің  1  сағаттан  кейін  бұлшық  ет 
сіресуі  басталғанын  және  13-15  сағат  уақытқа    жалғасқанын  байқаған. 
 
Жануар  жүрегі  бұлшық  етінің  сіресуі  жануар  өлімінен  кейін  1-2  
сағаттан соң басталады және 2 тәуліктей сақталады. Жүрек, әсіресе оның 
сол  жақ  қарыншасы,  нығызданып,  жиырылады  да  артериялар  босап 
қалады, веналар мен капиллярлар, жүректің оң жағы (асфиксия кезінде) 
қанға толы болады.     
 
 
 
 
 
 
 
Қайта  жаңарған  жүрек  бұлшық  еті,  жаңару  немесе  қабыну 
жағдайындағы  қаңқа  бұлшық  еттері  тәрізді  сіреспейді,  немесе  әлсіз 
байқалады.  Мұндай  жағдайда  жүрек  қуысы  қанға  толы,  босаңсыған,  ал 
бұлшық еті болбыр болады.   
 
 
 
 
 
Қанның  ұюы. Жануар өлгеннен кейін қан ұю процесі басталады. 

 
73 
Алайда ол әрдайым біркелкі байқала бермейді, ол айтарлықтай дәрежеде 
қан  құрамындағы  көмір  қышқылының  мөлшеріне  байланысты.  Қанда 
көмір қышқылының мөлшері көп болса, қан мүлде ұйымауы да мүмкін. 
Асфиксия  жағдайында  өлгенде  осындай  көрініс  болады.  Өлгеннен 
кейінгі қан ұйындылары күңгірт-қызыл түсті  және консистенциясы өте 
болбыр  болады.      Жүрек  қуысынан  және  қан  тамырларынан  қан 
ұйындыларын  алған  кезде,  олар  көшірме  түрінде  болады.  Кейде 
серпімді,  екі  түсті  немесе  ақ  ұйындылар  түрінде  кездеседі.  Ақ 
ұйындылардың  пайда  болуын  кейбір  авторлар  агонияның  ұзақтығымен 
байланыстырған.  Негізінен  бұл  қанның  баяу  ұюының  көрсеткіші,  яғни 
эритроциттердің шөгуінен кейінгі ұюы болып табылады. 
Өлекседегі  гипостаздар.  Жүрек  жұмысы  тоқтағаннан  кейін, 
ұйымаған  қан,  ұлпа  сұйықтығы  және  лимфа  өлексенің  төменгі  жатқан 
жағына  ағып,  өлексе  гипостаздарын  түзеді.  Гипостаздар  теріде  және 
төмен  орналасқан  ішкі  органдарда  байқалады.  Кейіннен  гипозтаздар 
пайда болған орындарда гемоглобинді эритроциттерден шығару процесі 
жүреді.  Жанындағы  ұлпалар  мен  сұйықтықтарды  күрең-қызыл  түске 
бояп,  гемоглобин  тамырлардан  шығарылады.  Бұл  процесс  өлексе 
имбибициясы  деп  аталады.  Өлексе  имбибициясы  жүректе  айқын 
көрінеді,  имбибиция  нәтижесінде  эндокард  күңгірт-шие  түске боялады. 
Өлексе гипостазы және тері, тері асты клечаткасы имбибициясы  өлексе 
дақтарын туғызады. Пигменттелген терісі бар жануарларда, оларды тек 
тері  асты  (терісін  алған  соң)  клетчаткасында  және  конъюктивасында 
байқалады.   
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Дақтар  арқылы  жануар  агония  кезінде  немесе  өлгеннен  кейінгі 
уақытта  қай  бүйірімен  жатқанын  анықтау  өлексе  дақтарының  және 
гипозтаздардың  соттық мағынасы болып табылады. Алайда, егер өлген 
жануарды бірден басқа бүйіріне аударса, онда бастапқыда пайда болған 
дақтар  жоғалып,  аударылған  бүйірінде  қайта  дақтар  пайда  болады. 
Жекелеген  жағдайларда  дақтардың  түсіне  қарап,  өлім  себептерін 
болжауға    мүмкіндік  туады.  Мысалы,  көміртек  тотығымен  уланғанда 
өлексе дақтары ашық-қызыл түсті, ал күкіртті сутекпен уланғанда олар 
қара түсті болады.  
 
 
 
 
 
 
 
 
Өлексе  дақтарын  соғылулар  кезінде  пайда  болатын  қан 
құйылулардан  ажырата  білу  керек.  Соғылу  кезінде  ұлпалардың  ісінуі 
байқалады,  тамырлар  мен  ұлпалардың  бүтіндігі  бұзылады,  қан 
ұйындылары  пайда  болады.  Қан  құйылулардың  шекалары  айқын 
білінеді және өлексенің жатқан жағынан басқа да кез келген орындарда 
кездеседі. Өлексе дақтары көлемі үлкен, шекаралары айқын емес, дақтар 
тек  өлексенің  жатқан  бүйірінде  орналасады,  қан  құйылулар 
байқалмайды  және  дақтар  маңындағы  ұлпалар  мен  тамырлар  бүтіндігі 
бұзылмаған болады.    
 
 
 
 
 
 
Өлексенің  жатуына  байланысты  оның  қуыстарында  –  құрсақ, 
кеуде,  жүрек  қапшығында  транссудат  (өлгеннен  кейінгі  сұйықтық) 

 
74 
жиналады.  Бастапқыда  трассудат  аз  және  ақшыл-қызғылт  түсті  болып 
келеді.  Өлексе  қанша  ұзақ  жатса,  транссудат  соғұрлым  көп  жиналады 
және  түсі  қызыл,  кейіннен  күңгірт-қызыл  түске  айналады.  Көп  уақыт 
бойы  жатқан  ірі  жануарлар  өлекселеріндегі  транссудат  мөлшері  1-2  л 
жетеді.  Сұйықтық  мөлшері  мен  түсіне  қарап,  жануар  өлімінің  мерзімін 
болжауға болады.  
 
 
 
 
 
 
 
 
Өлексе  қуыстардағы  транссудатты  қаннан  және  геморрагиялық 
экссудаттан    ажырата  білу  керек.  Өлексе  транссудаты  арнаулы 
элементтер  болмағандықтан,  ол  түссіз  болады  және  ұйындылар 
кездеспейді. Қан мөлдір емес және ұйындылары болады. Геморрагиялық 
экссудат  лайлы,  мөлдір  емес,  қабыну  процестері  дамыған  аймақтардың 
серозды қабығы бұдырланған, қан құйылулар табылады.    
 
 
Өлексенің  ыдырауы.  Соттық-ветеринарлық  сараптау  объектісі 
болып  табылатын  жануарлар  өлексесі  көп  жағдайларда  жоғары  немесе 
төмен  дәрежелі,  ыдырау  күйінде  болады.  Ыдырау  үрдісі  жануар 
ұлпаларында  кездесетін  ферменттер  әсерінен  немесе  әртүрлі  аэробты 
және  анаэробты  микроорганизмдер  әсерінен  дамиды.  Ферменттер 
әсерінен  ыдырау  аутолиз  деп  аталады.  Аутолиз  бен  микробтық 
ыдыраудың  дұрыс  анықталуының  соттық  тәжірибеде  маңызы  зор, 
себебі:  1)  үнемі  бұл  үрдістерді  жануардың  тірі  кезінде  дамыған 
өзгерістерден  ажырату  керек;  2)  олар  жануар  өлімінен  кейінгі  өткен 
уақытты  анықтауға  көмегін  тигізеді.  Сонымен  қатар  қоршаған  орта 
температурасын  ескеру  керек:  температура  жоғары  балған  сайын, 
ыдырау тез өтеді. Тері асты клечаткасында майы көп ірі жануарлардың 
ішкі органдары, ұсақ және қоңдылығы төмен жануарларға қарағанда тез 
ыдырайды.   
 
 
 
 
 
 
 
 
Аутолиз  өлексенің  бүкіл  дене  бойында  байқалады,  бірақ 
ферменттерге бай ағзаларда айқын көрінеді, яғни ұйқы безінде, әлсіздеу 
–жүректе, бауыр, бүйрек, сүйек бұлшық еттерінде. 
 
Аутолитикалық  үрдістер  нәтижесінде  алдыңғы  қарындардың
 
кілегей  қабаты  бөлініп,  азық  массаларында  қалады.  Өңештің  кілегей 
қабаттары  оңай  алынып,  асқазан  кілегей  қабаттары  –  шыны  тәрізді, 
болбыр  болады.  Асқазанда  эрозиялар  мен  асқазан  қабырғаларының 
перфорациясы байқалады. Аутолиз жануардың тірі кезіндегі үрдістерден 
реактивті  өзгерістердің  (тамырлы  реакция,  қабыну)  болмауымен 
ерекшеленеді. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Жүрек,  бауыр  мен  бүйректегі  аутолитикалық  үрдістер  дәнді 
дистрофия  кезіндегідей  өзгерістермен  сипатталады.  Бұл  кезде  мүше 
құрылысы  тегістеледі,  ұлпалар  болбыр,  түсі  сұр,  ыстық  сумен 
қайнатқандағыдай  болады.  Гистологиялық  кесінділерде  ядролар  мен 
цитоплазма  бөлшектері  нашар  боялады,  кей  жағдайларда  бұзылады. 
Дәнді  дистрофиядан  аутолиз  кезіндегі  өзгерістер  мүше  ұлғаюының 
болмауымен, 
сонымен 
қатар 
ыдырау 
үрдісінің 
басталуымен 
ерекшеленеді.    
 
 
 
 
 
 

 
75 
 
Өлекседегі ыдырау  белгілері: 1)  күкіртті  сутек,  индол  және  басқа 
газдардың  бөлінуінен  пайда  болатын  шіріген  иіс;  2)  шіру  кезінде 
гемоглобинмен  бөлінетін  күкіртті  сутек  қосылуы  нәтижесінде  пайда 
болатын сульфогемоглобин жиналуы әсерінен, тері мен ішкі мүшелердің 
жасылдануы;  3)  асқазан-ішек  жолдарында,  қуыстарды,  тері  асты 
клечаткасында, паренхиматозды мүшелерде жиналатын газдардың пайда 
болуы нәтижесінде, мүшелер көпіршіктеніп, өлексе ісінеді. 
Өлгеннен  кейінгі  ісінуді  жануар  тірі  кезінде  тимпанияда,  асқазан 
мен  ішек  метеоризмінде  болатын  ісінуден  ажырата  білу  қажет.  Тірі 
кезінде  ісіну  органдардағы  қанның  қайта  бөлінуімен  сипатталады.  Бұл 
кезде  бауыр  анемиялы,  ал  өкпе  керісінше  гиперемияланған  болады. 
Жүректің оң жақ бөлігінде, сол жақ бөлігіне қарағанда қан көп.  
Өлексені  жарып-сою  құжаттамасы.  Әр  соттық-ветеринарлық 
жарып-союға  сәйкес  құжат  –  акт  толтырылады,  ол  актта  өлекседе 
табылған  өзгерістер  жазылады  да,  жануар  өлімі  туралы  қорытынды 
беріледі.    
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Соттық-ветеринарлық сараптау актісі үш бөлімнен тұрады: кіріспе 
немесе бастапқы, сипаттау  (суреттеу) және қорытынды.   Акттың 
кіріспе,  немесе  бастапқы  бөліміне,  бірқатар  жалпы  сұрақтар 
қарастырылады.  Онда:  1)соттық  жарып-союды  жүргізетін  адам;  2) 
жарып-союға қатысатындар; 3) жарып-сою өткізілетін уақыты мен орны
4)  жарып-сою  жүргізілуінің  негіздемесі;  5)  сараптауға  жататын  объект 
(жолдама құжаттарға сәйкес жануар түрі, оның жынысы, түсі, белгілері, 
жасы  және  т.б.)  атауы;  6)  алдын  ала  белгілі  барлық  мәліметтер  мен 
жарып-сою үрдісінің жүргізілу барысы көрсетіледі.   
 
 
 
Жарып-союға  дейін  сарапшы-дәрігер  алдын  ала  деректерді  талап 
етуге  құқылы.  Ол  жануар  бұған  дейін  ауырған  ауырмағынын  және 
ауырса қанша уақыт, оны емдесе, кім және қашан емдегенін біліп алуы 
керек.  Егер  жануар  емделсе  немесе  ветеринарлық  дәрігер  қарауында 
болса, сарапшы сұрауы бойынша, ветеринарлық дәрігер жануар өліміне 
қатысты  барлық  жағдайлар  туралы  жазбаша  немесе  ауызша  түрде 
түсініктеме беруге міндетті.    
 
 
 
 
 
 
Акттың  сипаттау  (суреттеу)  (хаттамалы)  бөлімі  маңыздырақ 
және  мұнда  табылған  дәйекті  мәліметтер  жайлы  толық  сипаттама 
беріледі. Ол суреттеу (баяндау) сипатта болу керек. Алдымен өлексенің 
жолдама  құжаттарында  көрсетілген  мәліметтермен:  жануардың  түрі, 
тұқымы,  жынысы,  түсі,  жасы  және  т.б.,    сәйкестендіру  жүргізіледі. 
Барлық 
мәліметтер 
жолдама 
құжаттармен 
салыстырылып 
қарастырылады.  Құжаттар  мен  фактілік  мәліметтердің  келіспеушілігі 
жайында  арнайы  ескертпе  жасалады.  Осыдан  кейін,  өлексенің  жалпы 
түрін сипаттайды.  
Сырттай  қарау  аяқталғаннан  кейін  жарып-союға 
және ішкі мүшелерін, қуыстарын қарауға кіріседі.   
 
 
Оларды суреттеу реті келесідей:    
 
 
 
 
 
1. Өлшемі: а) үлкендігі; б) салмағы; в) көлемі.   
 
 

 
76 
 
2. Пішіні: а) жалпы түрі мен сипаты; б) бөліктер ара-қатынасы; в) 
шеттерінің сипаттамасы. 
 
 
 
 
 
 
 
 
3.  Беткейі:  а)  түсі,  мөлдірлігі,  қанның  мөлшері  мен  тамырлардың 
толу  дәрежесі;  б)  беткейінің  ылғалдылығы;  в)  беткейінің  пішіні  – 
төмпешіктер мен ойықтар; г) қабығының алынуы.   
 
 
 
4.  Консистенция:  а)  жалпы  мүшенің;  б)  жеке  бөліктері  немесе 
аумақтарының.   
 
 
 
 
 
 
 
 
 
5.  Ішкі  құрылымы:  а)  паренхиматозды  мүшелерде  –  мүшелердегі 
кесінді беткейі (3а, б, в; 4 бойынша сипаттау) – құрамы: мөлшері, қуыс 
қабырғаларына  қатынасы,  түсі,  мөлдірлігі.  консистенция:  қуыс 
қабырғаларының  3  және  5  бойынша  сипаттамасы.  Мүшелерді  суреттеу 
кезінде өлекседегі (өлгеннен кейінгі) өзгерістерді белгілейді. 
 
 
Соттық-ветеринарлық  жарып-сою  кезінде  тек  катаральді  қабыну, 
ісіну  және  т.б.  сияқты  қорытындылармен  шектелуге  болмайды.  Әр 
жағдайда жарып-сою үстінде табылған өзгерістер объективті суреттелуі 
керек.  Мысалы,  екі  өкпенің  де  алдыңғы  жақтағы  тығыздалған,  қызыл 
түсті, тығыздалған аумақтардан алынған бөліктер суда батады, кесілген 
жердің  беткейінен  лайлы  сұйықтық,  ал  бронхыларынан  –  кілегей 
(катаральды  бронхопневмония)  бөлінеді.  Егер  бір  мүшенің  әртүрлі 
жерлерінде  бірдей  емес  өзгерістер  кездессе,  онда  әр  бөлікті  жеке-жеке 
суреттейді.  Мысалы,  сол  жануарда  өкпенің  артқы  бөліктері  қызғылт 
түсті, құрамында ауасы бар, кесілген бөліктері суда қалқиды, ал кесінді 
беткейінен көпіршікті сұйықтық (ісік) бөлінеді.  
 
 
 
Соттық  жағдайларда  мүмкіндігінше  «қалыпты»,  «көзге  көрінетін 
өзгерістерсіз»  деген  терминдерді  қолданудан  бас  тартады.  Керісінше, 
мүшелерде  байқалған  барлық  өзгерістерді  сипаттайды.  Себебі,  соттық-
ветеринарлық  жарып-сою  актісі  қосымша  сараптауға  жіберіледі,  және 
екінші  сарапшы  маңызды  емес  өзгерістердің  негізінде  жануар  өліміне 
әкелген  себептерді  басқаша  қорытындылауы  мүмкін.  Мысалы, 
сіреспеден өлген жануарларда қабыну үрдістері болмайды, тек өлексенің 
қатаюы  және  тегіс  бұлшық  етті  мүшелердің  қысқаруы  байқалады. 
Сіреспеден  өлген  жылқы  асқазанының  диаметрі  шамамен  10  см-ге 
кішірейеді, және онда әдетте тек қорытылмаған азық қана қалады. Егер 
бұларға тағы клиникалық бақылау өзгерістері, мысалы, бұлшық еттердің 
дірілі,  қосылса,  онда  диагноз  қою  үшін  жеткілікті  негіздеме  болып 
саналады.  Соттық-ветеринарлық  жарып-сою  әрқашан  толық  болуы 
қажет,  яғни  көрсетілген  жарып-сою  кезінде  міндетті  түрде  барлық 
мүшелер  мен  жүйелер,  жарып-сою  басталғанда  диагноз  айқындалса  да 
толығымен зерттелуі керек.   
 
 
 
 
 
 
Акттің  қорытынды  бөлімінде  патологоанатомиялық  диагноз 
қосылады.  Акттың  бұл  бөлімінде  жоғарыда  сипатталған  өзгерістер 
сараланып,  арнайы  терминдермен  белгіленеді.  Мысалы,  өкпедегі 
сипатталған  тығыздалулар  мұнда  катаральды,  крупозды  немесе  іріңді 
бронхопневмония, асқазандағы өзгерістер – гастрит және т.б. болады. 

 
77 
 
Сонымен  қатар,  негізгі  ауру  анықталады,  яғни  тікелей  немесе 
сонымен  тығыз  байланысты  асқынулар  арқылы  жануар  өліміне  әкеліп 
соқтырған  ауру;  негізгі  аурудың  асқынулары,  яғни  негізгі  аурумен 
патогенетикалық  байланысты  патологиялық  үрдістер;  және  жануар 
өліміне  себепкер  болмайтын,  өлексені  зерттеу  кезіндегі  табылған 
қосымша аурулар.  
 
 
 
 
 
 
 
 
Негізгі  ауру  құрамына бәсекелесуші,  қабыстырушы  және  фондық 
аурулар кіруі мүмкін. Бәсекелесуші деп әрқайсысы жеке өлім себебі бола 
алатын  екі  немесе  одан  да  көп  табылған  аурулар  аталады. 
Қабыстырушы  деп  өлімнің  жанама  себебі  болып  келген  ауруларды 
атайды.  Фондық    деп  негізгі  аурудың  патогенезінде  маңызды  рөл 
атқарып,  аурудың  жағымсыз  дамуына  әсер  еткен  ауруды  айтады. 
Сонымен  қатар  негізі  аурумен  сәйкес  келмейтін,  бірақ  содан  бөлінетін 
өлімнің  жанама  себебі  де  белгіленуі  мүмкін.  Мысалы,  негізгі  ауру  – 
лейкоз,  бірақ  өлім  талақтың  жарылуынан  құрсақ  қуысына  қан  құйылу 
нәтижесінде туындаған. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   26




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет